- •5. Дәріс сабақтарының мазмұны
- •1 Тақырып. Қазіргі жағдайдағы басқару есебі, функциясы мен ерекшелігі
- •Негізгі әдебиеттер
- •Қосымша әдебиеттер
- •Бақылау сұрақтары:
- •Слайдтардың тізімі:
- •2 Тақырып. Шығындарды бағалау
- •Негізгі әдебиеттер
- •Қосымша әдебиеттер
- •Бақылау сұрақтары:
- •Слайдтардың тізімі:
- •3 Тақырып. Қосалқы қызметтер шығындарын өндірістік бөлімшелерге бөліп тарату
- •Негізгі әдебиеттер
- •Қосымша әдебиеттер
- •Бақылау сұрақтары:
- •Слайдтардың тізімі:
- •4 Тақырып. Стратегиялық басқару есебі
- •Негізгі әдебиеттер
- •Қосымша әдебиеттер
- •Бақылау сұрақтары:
- •Слайдтардың тізімі:
- •5 Тақырып. Бюджеттік жоспарлау, функционалдау көрсеткіштерін бақылау және өлшеу
- •Негізгі әдебиеттер
- •Қосымша әдебиеттер
- •Бақылау сұрақтары:
- •Слайдтардың тізімі:
- •6 Тақырып. Өзіндік құнды функционалды калькуляциялау (авс) негізінде сметалар құру
- •Негізгі әдебиеттер
- •Қосымша әдебиеттер
- •Бақылау сұрақтары:
- •Слайдтардың тізімі:
- •7 Тақырып. Жауапкершілік орталық есебі. Трансферттік бағаның құрылуы
- •Негізгі әдебиеттер
- •Қосымша әдебиеттер
- •Бақылау сұрақтары:
- •Слайдтардың тізімі:
- •8 Тақырып. Шешімдер қабылдауды талдау
- •Негізгі әдебиеттер
- •Қосымша әдебиеттер
- •Бақылау сұрақтары:
- •Слайдтардың тізімі:
- •9 Тақырып. «Шығындар - өнім көлемі - пайда» талдауы
- •Негізгі әдебиеттер
- •Қосымша әдебиеттер
- •Бақылау сұрақтары:
- •Слайдтардың тізімі:
- •10 Тақырып. Тәуекелдік пен анықталмаған жағдайларда шешімдер қабылдау
- •Негізгі әдебиеттер
- •Қосымша әдебиеттер
- •Бақылау сұрақтары:
- •Слайдтардың тізімі:
- •11 Тақырып. Шешімдер қабылдау үшін релевантты шығындар мен табыстар
- •Негізгі әдебиеттер
- •Қосымша әдебиеттер
- •Бақылау сұрақтары:
- •Слайдтардың тізімі:
- •12 Тақырып. Жабдықтарды өзгертулер туралы шешімдер қабылдау
- •Бірінші жыл үшін жабдықты ауыстыруды талдау
- •Негізгі әдебиеттер
- •Қосымша әдебиеттер
- •Бақылау сұрақтары:
- •Слайдтардың тізімі:
- •13 Тақырып. Инвестиция шешімдерін талдау
- •1 Кесте. Ақша ағының динамикасы
- •Негізгі әдебиеттер
- •Қосымша әдебиеттер
- •Бақылау сұрақтары:
- •Слайдтардың тізімі:
- •14 Тақырып. Сызықтық программалау
- •Негізгі әдебиеттер
- •Қосымша әдебиеттер
- •Бақылау сұрақтары:
- •Слайдтардың тізімі:
Негізгі әдебиеттер
1. Хорнгрен Ч.Т. Фостер Дж., Ш Датар "Управленческий учет". Питер, 2007.
2. Тайгашинова К.Т., Жапбарханова М.С. Тереңдетілген басқарушылық есеп.Алматы, Экономика, 2008
3. Нұрсейітов Э.О. Ұйымдардағы бухгалтерлік есеп. Алматы, «LEM» баспасы, 2010 жыл.
4. Ержанова А.К., Айтанаева Ә,К., Жұманова Г.Ш., Баянова М.С., Иматаева Ә.Е. Оқу құралы. Алматы: 2009. -304б.
5. Аврова И.А.Управленческий учет / И.А. Аврова.- Москва:Бератор-паблишинг, 2007.- 224 б.
6. Суйц В.П. Управленческий учет: Учебник.- Москва: Высшее образование, 2007.- 71 б.
7. Тайгашинова К.Т. Басқару есебі: Оқу құралы. / К.Т. Тайгашинова; Ауд. М.Қ. Акишев.- Алматы: "LEM баспасы", 2011.- 332 б.
Қосымша әдебиеттер
1. Мырзалиев Б.С. Бухгалтерлік есеп теориясы және тәжірибесі: Оқу құралы. / Б.С. Мырзалиев, А.А. Сәтмырзаев, Р.С. Әбдішүкіров.- Алматы: Экономика, 2008.- 832 б.
2. Сейдахметова Ф.С. Қазіргі замандағы бухгалтерлік есеп: Оқу құралы. / Ф.С. Сейдахметова.- Алматы: LEM баспасы, 2008.- 500 б
3. Нұрсейітов Е.О. Ұйымдардағы бухгалтерлік есеп: Оқулық құралы. / Е.О. Нұрсейітов.- Алматы: Изд-во "Lem", 2009.- 428 б.
4. Проскурина В.П. Бухгалтерлік проводкалар: (ҚР ҚМ 23.05.2007 ж. N185
бұйрығымен бекітілген, "Бухгалтерлік есеп шоттарының үлгілік жоспарының" бөлімдері бойынша бухгалтерлік проводкалар жинағы). / В.П. Проскурина; Ауд. М.Қ.Акишев.- Алматы: ЖШС "LEM" баспасы, 2011.- 292 б.;
5. Халықаралық қаржылық есептілігі стандарттарына сәйкес бухгалтерлік есеп: Оқу құралы. / Садиева А.С., Жуматов М.К., Акимова Б.Ж., Тлеуова Э.М.- Астана, 2010.- 328
Бақылау сұрақтары:
1. Бақыланбайтын факторларға не жатады?
2. Бюджетті өзгерту үшін қандай қадамдар жасалынады?
3. Сырғымалы бюджет дегеніміз не?
4. Бюджетті құрудағы ауытқулар және олардың түрлері
5. Материалдардың бағасы бойынша ауытқу
6. Еңбекақы бойынша ауытқу
7. Көлемі бойынша ауытқу
Слайдтардың тізімі:
1. Бақыланбайтын факторлар тізбесі
2. Жалпы өндірістік шығындарының ауытқуын талдау схемасы
7 Тақырып. Жауапкершілік орталық есебі. Трансферттік бағаның құрылуы
Лекцияның мақсаты: Жауапкершілік орталықтарының есебін жүргізудің мақсатын қарастыру. Жауапкершіліктің түрлері мен жауапкершілік орталықтары бойынша есепті ұйымдастыру және олардың функциясын айқындау. Трансферттік баға және олардың түрлерін қарастыру. Кәсіпорын қызметінің қаржылық көрсеткіштерін есептеуді үйрету.
Негізгі қарастырылатын сөздер: Жауапкершілік орталығы. Шығындар орталығы. Пайда орталығы. Инвестиция орталығы. Әкімшілік, бухгалтерлік, бюджеттік бақылау, трансферттік баға. Нарықтық және шығынды трансферттік бағалар. Пайдалылық. Өткізілген өнімнің рентабельділігі.
Лекция сұрақтары:
7.1. Жауапкершілік орталықтары есебі.
7.2. Трансферттік бағаның құрылуы
7.3. Бөлімшелер қызметінің қаржылық көрсеткіштері
1. Жауапкершілік орталықтары есебі.
Басқару есебін ұйымдастыруда жауапкершілік орталықтары маңызды орын алады. Олардың жұмыстарының нәтижелілігіне менеджерлер жауапкершілікте болады.
Жауапкершілік орталықтарының есебін жүргізудің мақсаты төмендегідей:
әр жауапкершілік орталықтары бойынша табыс пен шығыстар туралы мәліметтерді жинақтау;
сметадан ауытқуларды анықтау (жауапкершілік орталықтары үшін бекітілген жоспардан);
шығындарды артық жұмсаған кінәлі адамдарды анықтау, шығыстарды жауапты адамдарға жатқызу.
Әкімшілік шығындарды қалай жіктеуді оларды пайда болу орны бойынша және оларды жауапкершілік орталықтары бойынша қалай байланыстыруды өзі шешеді. Бір мезгілде шығындардың есебі жөніндегі сұрақтар да анықталады. Өндірістің технологиясына, шығарылатын өнімнің, жұмыс пен қызметтің соңғы өнімі болып есептелетіндерге байланысты болады. Бұл шешім шығындардың калькуляциялау әдістерін анықтау үшін қажет.
Өнімнің өндіріс циклы бірнеше әр түрлі технологиялық операциялардан тұрады, (олардың әрқайсысына әр адам жалғап береді) сондықтан өнімдер арасында шығындарды бөлу мен есебінің принциптері оларға бақылау жүргізу мен реттеуге тура келмейді. Сондықтан өнімдердің өзіндік құны туралы мәліметтерді біле тұра олардың өндірістің қатысушылары арасында қалай таралуын тура анықтау мүмкін емес (жауапкершілік орталықтары бойынша). Бұл проблема шығындарды жұмсауға жауапты адамдардың іс-әрекетімен шығындар мен табыстар байланысты жағдайында шешіледі. Шығындардың есебін бұлай жүргізу қаржыларды жұмсауда жауапкершілік орталықтары бойынша шығындар есебін жүргізу болып табылады.
Бұл фирманың ұйымдастыру құрылымына байланысты жауапкершілік аймағын бөлу принципіне негізделген. Бұл аймақтар жауапкершілік орталықтары деп аталады. Жауапкершілік орталықтары жұмысына менеджерлер және жауап беретін кәсіпорынның учаскісі болып есептелінеді. Жауапкершіліктің үш түрі бар:
шығындар орталығы, мұнда бақылайтын шығындарға жауапкершілігі бар менджерлер;
пайда орталығы, мұнда менеджерлер сатудан түскен табыс пен шығыстарға жауапты;
инвестиция орталығы, мұнда менеджерлер сатудан түскен табыстар мен шығындарға және инвестициялық шешімдер қабылдауға, себебі олардың көлеміне әсер етеді.
Жауапкершілік орталықтары бойынша есеп:
біртұтас болып есептелінетін ірі кәсіпорында ұйымдастырылады;
дәстүрлі бухгалтерлік есеппен жүргізіледі;
жауапкершілік аймағы анықталған және әр статья бойынша шығыс пен түсімге жауапты менеджерлері анықталған кәсіпорында ғана бұл есеп енгізуі мүмкін.
Жауапкершілік орталықтары бойынша есеп ішкі фирмалық басқару жүйесінде мына функцияларды орындайды:
фирма ішіндегі басқаруда ақпараттық қажеттілікті қанағаттандырады, ол кәсіпорынның әр түрлі деңгейінде шығындар мен нәтижелерді ағымдық бақылау мен бөлімшелер мен менеджерлер қызметін алғашқы талдау нәтижесімен бағалау, басқару механизмінде дабылдық жүйесі ролін атқарады.
Жауапкершілігі орталығы менеджерлеріне жалпы кәсіпорында баланста қамтамасыз ету үшін берілген бостандыққа қарсы салмақты ақпаратты жасау;
Жауапкершілік орталықтары бойынша есеп жүйесі мына негізгі принциптері бойынша ұйымдастырылады:
бақыланатын шығындар статьялар мен түсімдерді анықтау, менеджер өзі бақылайтын және оның мөлшеріне әсер ете алатын шығындар мен түсімдерге ғана жауап беру керек;
құжаттарға шығындар мен түсімдерге жауап беретін менеджерлердің аты-жөнін енгізу;
белгілі бір кезеңге менеджерлер жауапкершілік орталықтары бойынша сметалар жасауға және нақты шығын мен нәтижелер туралы есеп беруге сметалар бойынша міндетті.
Жауапкершілік орталықтары бойынша ішкі есеп беру белгілі бір талаптарды орындауы қажет:
жауапкершілігі орталығы қызметінің нәтижесінің динамикасына әсер ете алатындай жедел болуы қажет;
жоспардан ауытқулар туралы мәліметтерге ие болуы және осы ауытқуларды талдау үшін мүмкіндік жасау;
нақты бір жағдайға шешім қабылдау үшін есептің мазмұны менеджердің жеке жауапкершілігіне сәйкес болуы қажет.
Ішкі фирмалық басқаруда бақылау жүйесін қарастыра отырып оның дамуының үш негізгі жолын бөліп көрсетуге болады:
Әкімшілік бақылау – бөлімше қызметі мен өндірістік процеске кәсіпорын менеджерінің жеке бақылауы;
Бухгалтерлік бақылау – екі жақты жазу принципі бойынша болған фактілерді тіркеу.
Бюджеттік бақылау – шығындарды жоспарлау мен бақылау үшін сметелерды (бюджеттерді) пайдалану.
2. Трансферттік бағаның құрылуы.
ҚР-да нарықтық экономиканың дамуы аралық өнім (қызмет) өндіруші бөлімшелердің арасында, кәсіпорын ішінде жаңа экономикалық қатынастардың пайда болуына ықпалын тигізеді. Бір бөлімшенің дайындаған өнімін басқа бөлімшенің бір заңды тұлғасына табыстауды ұйғарады, яғни трансферттік мәміле орын алады. Тауарлық трансфертте келісім шарт (трансферттік) баға бойынша контрагенттер арасында тікелей тауар айырбасы жүзеге асырылады.
Сатып алу – сату қатынасы ішкі фирмалық байланысқа еніп, трансферттік бағалар оларды өткізудің механизмі болып табылады.
Трансферттік баға – кәсіпорын ішінде бір жауапты орталықтан екінші жауапты орталыққа берілетін, қызметтер мен шала фабрикаттардың құнын анықтау үшін пайдаланылатын баға.
Өндірістің бірінші сатысы – жабдықтау-дайындау қызметіне қарай отырып, көбінесе өндірістік материалдық босалқыларды бағалау үшін трансфертті бағаны пайдалануға болады.
Трансфертті баға есептеу әдісі бойынша екі типке бөлінеді: нарықтық және шығынды.
Нарықтық трансфертті баға. Егер өнімде нарықтық баға болса, онда жоғары бағалау шығында бағаға емес, нарықтық трансфертті бағаға беріледі, сатып алатын жауапты орталық сыртқы сатушыдан гөрі, кәсіпорын ішіне жоғары бағада төлемеуі қажет, сауда орталығы ретінде, ереже бойынша сыртқы сатушыға сатқаннан, көп табыс алмауы қажет. Нарықтық бағаның артықшылығы менеджерлердің өзара қатынасында және біліктілігінде, сату және сатып алу пайда орталықтарында емес, объективті сипат қарастырылады. Бұдан басқа кәсіпорындар өз орталықтарын бизнестің тәуелсіз субъектілеріміз деп санайды. Бұл жағдайда нарықтық бағалар шынайылыққа негізделген ішкі қатынастар жасайды. Шындығында нақты нарықтық баға барлық уақытта бірдей болмайды, бір тауарды әрбір жеткізуші әр түрлі бағада қоюы мүмкін.
Нарықтық негізде баға шешімін қабылдауда саясат қажет.
Шығынды трансфертті бағалар. Көп жағдайда трансферттік бағаның қойылуы үшін анық нарықтық баға болмайды. Сонда шығынды трансфертті баға қолданылады – бұл кәдімгі – стандартты өзіндік құн. Егер оған тек қана нақты шығындар жатқызылса, онда жауапты сату орталығының тиімділікті реттеуде стимулы болмайды, өйткені сатып алу орталығы үшін трансфертті бағаға шығынның тұрақсыздығы автоматты түрде әсер етеді.
Трансфертті баға негінде манылыр қалануы мүмкін:
толық нақты шығындар;
нормативті шығындар;
өзгермелі (маржиналдық) шығындар.
Трансферттік бағадағы пайда үлесі мен шығынның құрамы болып қалуы мүмкін келіспеушіліктерді төмендету мақсатында жоғары жетекшілікпен анықталуы мүмкін. Өзіндік құн формуласын қолданғаннан немесе сыртқы бағаға сүйенгеннен гөрі, келіспеушіліктің әлеуетті бағалар бағасы сатушы мен сатып алушы арасындағы келісім арқылы қойылғаны дұрыс. Уақыт өте сатушы трансферттік бағалау қатынасына байланысты өзінің кәсіпорынның кәдімгі саясатынан кеткісі келеді. Мысалы, сатушы жауапты орталық өз бизнесінен айырылмау үшін, нарықтық бағадан төмен қоюы мүмкін, сонда сатып алушы жауапты орталық уақытша төмен сыртқы бағаны артығырақ пайдаланылады. Бұл жағдайда екі жақта бағаны өзара келісім шарт бойынша қояды.
Егер жауапты орталық менеджерінде өз жұмысында толық бостандығы болмаса, онда мұндай келісімдер жақсы нәтижеге апармайды. Болашақ сатып алушы кез келгенмен іс жүргізбеуі мүмкін, ал әлуетті сатушы нақты тапсырысты орындауға келіспеуі мүмкін емес. Егер осындай жағдайлар туындаса, онда келіспеушілікті шешу үшін трансферттік баға бойынша шешетін механизм қажет.
Өзгермелі шығын негізіндегі трансферттік баға пайдаланылатын бір қатар жағдайларда кәсіпорынның жиынтық пайдасын жоғарлатуға болады. Бірақ, тек сатушы жауапты орталықтар сыртқы нарыққа өз еркімен, яғни дербес шыға алатындай құқыққа ие болғанда ғана жүзеге асады.
Кәсіпорын өзінің трансферттік баға белгілеу саясатында келіссөздер мен төрелік рәсімдердің уақытын барынша қысқартып, жеткіліксіз оңтайландырудың аз тәуекелділігімен объективтілікке, нақтылыққа, әділ болуға ұмтылу арқылы тараптардың мүддесімен санасады. Мысалы, егер А қоймасы Б бөлімшесінің өнімдерін ұдайы сатуды жүзеге асырып отыратын болса, кәсіпорынның жоғары басшылығы Б бөлімшесінің әлдеқайда пайданы көп алуын қаламайды, өйткені шектен тыс төменгі трансферттік баға А-дан Б-ға пайданы қайта бөлуге соқтырады. Бұл екі түрлі критерийлер жеткіліксіз оңтайландырудың тәуекелділігі ерекшелігінде өзара келіспеушілікте болады. Сондықтан да, пайда орталықтарының менеджерлері жиі трансфертті бағалауға кәсіпорынның нақты келуін (әсерін) қаламайды.
Мысалға трансфертті бағаның құрылымына келісімді бағаға қосылған әр түрлі қызмет түрлері мен жабдықтаудан түскен пайданың көлемі қосылуы мүмкін. Трансферттік бағаның маңызды құрылымы болып белгілі бір уақыт аралығында күрделі босалқы қорларын шоғырландыру жатады.
Тәжірибеде трансферттік баға есебінің осы екі әдістен басқа тағы да екі әдісі қолданылады:
нарықтық коньюктураның ықпалымен қалыптасқан келісім шарттық трансферттік бағаның және өнім өндірудің немесе қызмет көрсетудің шығындары негізінде;
дисконттау оперциясы.
Компания бөлімшелерге ұқсас аралық тауар нарығы болмаған кезде келісім шарттық трансферттік бағаның есебін ұйғаратын трансферттік баға белгілеудің 3-ші әдісі жиі қолданылады. Мұндағы формула мынадай:
Трансферттік баға = орташа өзгермелі шығын + сыртқы сатудан бас тартудың нәтижесінде сату бөлімшесінің жоғалтқан маржиналдық табысы
Бұл формула әрі өндіріс қуаты толық қосылса да, толық қосылмаса да қолдануға келеді.
3. Кәсіпорын қызметінің қаржылық көрсеткіштері.
Шаруашылық қызмет көрсеткіштер жүйесімен сипатталады, оның негізін мыналар құрайды: өндірістің техникалық – ұйымдастыру деңгейі, оған өнімнің және пайдаланылған техникалардың сапасы, технологиялық процестердің үдемелілігі, еңбектің техникамен және энергиямен жабдықтануы, шоғырландырудың, мамандандырудың, кооперация мен құрамдастырудың деңгейі, өндірістік циклдың ұзақтығы және өндірістің ырғақтылығы, өндірісті ұйымдастыру мен басқару деңгейі.
Кәсіпорын қызметінің қаржылық көрсеткіштеріне тауарлы өнімнің өзіндік құны, өндірістің, капиталдың (қорлар) жалпы шығындары, өнімдердің пайдалылығы, капиталдың (кәсіпорынның) рентабельділігі, қаржылық жағдайы және төлем қабілеттілігі. Бұл көрсетілген көрсеткіштер кейбір жағдайларда экономикалық талдаудың тиісті блоктарын құрайды. Осы блокты сипаттайтын басқа да көрсеткіштер болады. Мысалы, өнімнің өзіндік құнының блогын алсақ, онда шығындардың барлық статьяларын алуға болады.
Пайдалылық қызметтің қаржылық көрсеткіші ретінде қаржылық нәтиженің қалыптасуын көрсетеді: өнімдерді өткізуден түскен түсімнен бастап, жалпы пайда, басқа өткізулердің нәтижесі, салық салғанға дейінгі кәдімгі қызметтен түскен түсім, салық салғаннан кейінгі кәдімгі қызметтен түскен түсім, таза пайда.
Өткізілген өнімдердің рентабельділігінің көрсеткіштеріне мыналар жатады:
меншікті пайда (түсімнің таза пайдаға қатынасы);
пайданың өзіндік құнға қатынасы;
өткізілген тауарлы өнімдердің бір теңгесіне келетін шығындар.
Бұл көрсеткіштер барлық тауарлы немесе өткізілген тауарлы өнімдерге, сонымен бірге жеке өнімдерге немесе олардың тобына есептелінеді.
Сонымен бірге капиталдың айналымдылығы есептелінеді, оларға мыналар жатады:
негізгі капиталдың айналымдылығы;
негізгі капиталдың қайтарымдылығы;
айналым құралдарының айналымдылығы;
қорлардың айналымдылығы;
өндірістік қорлардың жалпы қор қайтарымы.
Кәсіпорынның қаржылық жағдайы әр түрлі салыстырмалы көрсеткіштермен сипатталады, оларға: айналым қаражатын мөлшерлеу, меншікті айналым қаражаттары және қарастырылған қаражат. Сонымен бірге талдауда маңызды қаржылық көрсеткіштерге кәсіпорынның төлем қабілеттілігі мен оның өнімділігі жатады.
Кәсіпорынның баға саясаты жоспарланған пайданы, өнімдердің бәсекелестігін және оған деген сұранысты қамтамасыз етеді. Кәсіпорынның қаржылық нәтижесіне орташа өткізу бағасының деңгейін факторлық талдаудың үлкен маңызы бар. Баға деңгейінің өзгеруіне мына факторлар әсер етеді: өткізілген өнімнің сапасы, оларды өткізу рыногі, нарық коньюктурасы, өткізу мерзімі, инфляциялық процестер.
Пайда көлемі көп жағдайда өнімдерді өткізуге байланысты емес қаржылық қызметтің нәтижелеріне байланысты болады. Бұл инвестициялық және қаржылық қызметтен табыстар және басқа өткізуден тыс табыстар мен шығыстар.
Инвестициялық табыстарға облигацияларды, депозиттерді, мемлекеттік бағалы қағаздарды алу бойынша пайыздар, басқа мекемелерге қатысудан табыстар, негізгі құралдарды және басқа активтерді сатудан түскен табыстар.
Қаржылық шығыстар бұл облигациялар, акциялар, мекемелерге берілген несиелер бойынша пайыздарды төлеу.
