Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Лекциялар Баскару есеп 2.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
920.06 Кб
Скачать

Негізгі әдебиеттер

1. Хорнгрен Ч.Т. Фостер Дж., Ш Датар "Управленческий учет". Питер, 2007.

2. Тайгашинова К.Т., Жапбарханова М.С. Тереңдетілген басқарушылық есеп.Алматы, Экономика, 2008

3. Нұрсейітов Э.О. Ұйымдардағы бухгалтерлік есеп. Алматы, «LEM» баспасы, 2010 жыл.

4. Ержанова А.К., Айтанаева Ә,К., Жұманова Г.Ш., Баянова М.С., Иматаева Ә.Е. Оқу құралы. Алматы: 2009. -304б.

5. Аврова И.А.Управленческий учет / И.А. Аврова.- Москва:Бератор-паблишинг, 2007.- 224 б.

6. Суйц В.П. Управленческий учет: Учебник.- Москва: Высшее образование, 2007.- 71 б.

7. Тайгашинова К.Т. Басқару есебі: Оқу құралы. / К.Т. Тайгашинова; Ауд. М.Қ. Акишев.- Алматы: "LEM баспасы", 2011.- 332 б.

Қосымша әдебиеттер

1. Мырзалиев Б.С. Бухгалтерлік есеп теориясы және тәжірибесі: Оқу құралы. / Б.С. Мырзалиев, А.А. Сәтмырзаев, Р.С. Әбдішүкіров.- Алматы: Экономика, 2008.- 832 б.

2. Сейдахметова Ф.С. Қазіргі замандағы бухгалтерлік есеп: Оқу құралы. / Ф.С. Сейдахметова.- Алматы: LEM баспасы, 2008.- 500 б

3. Нұрсейітов Е.О. Ұйымдардағы бухгалтерлік есеп: Оқулық құралы. / Е.О. Нұрсейітов.- Алматы: Изд-во "Lem", 2009.- 428 б.

4. Проскурина В.П. Бухгалтерлік проводкалар: (ҚР ҚМ 23.05.2007 ж. N185

бұйрығымен бекітілген, "Бухгалтерлік есеп шоттарының үлгілік жоспарының" бөлімдері бойынша бухгалтерлік проводкалар жинағы). / В.П. Проскурина; Ауд. М.Қ.Акишев.- Алматы: ЖШС "LEM" баспасы, 2011.- 292 б.;

5. Халықаралық қаржылық есептілігі стандарттарына сәйкес бухгалтерлік есеп: Оқу құралы. / Садиева А.С., Жуматов М.К., Акимова Б.Ж., Тлеуова Э.М.- Астана, 2010.- 328

Бақылау сұрақтары:

1. Стратегиялық жоспарлау, оның құрылымы

2. Стратегиялық нұсқауларды бағалау критерийлері

3. Стратегияны іске асыру процесінің элементтері

4. Салыстырмалы шығындар дегеніміз не?

5. Стратегиялық басқару есебі үшін кәсіпорынның салыстырмалы қаржылық жағдайының ролі

6. Өндірістік қызметтің тиімділігінің критерийлері қандай?

Слайдтардың тізімі:

1. Стратегиялық жоспарлаудың құрылымы

2. Стратегияны іске асыру процесінің элементтері

5 Тақырып. Бюджеттік жоспарлау, функционалдау көрсеткіштерін бақылау және өлшеу

Лекцияның мақсаты: Бюджеттер туралы түсінік және олардың түрлерін айқындау. Операциялық бюджеттің құрылымын қарастыру. Нөлдік нүктеде бюджетті жасау әдісін үйрену.

Негізгі қарастырылатын сөздер: Ағымдағы бюджеттер. Қаржылық жоспар. Операциялық бюджет және оның құрамы. Бас бюджет. Статикалық бюджет. Икемді бюджет. Нөлдік нүктедегі бюджет. Кешенді шешімдер.

Лекция сұрақтары:

5.1. Бюджеттік жүйе түрлері

5.2. Нөлдік нүкте базасында сметалар құру

1. Бюджеттер кең мағынада екі негізгі бөліктен тұрады: ағымдағы (өндірістік) бюджеттер, яғни шаруашылық субъектінің өндірістік қызметін көрсететін бюджет және қаржылық есеп берудің болжамын көрсететін қаржылық жоспар.

Бюджеттердің өзара байланысы төмендегі 1-суретте көрсетілген:

Операциялық бюджет келесідей жоспарлы құжаттардан тұрады:

  1. Сату бюджеті

  2. Өндіріс бюджеті

  3. Тікелей материалдық шығынның бюджеті

  4. Тікелей материалдық ресурстарды сатып алудың жоспары

  5. Тікелей еңбек шығынның сметасы

  6. Жоспарлы кезң аяғына қалатын өндірістік және тауарлы қорлардың жоспары

  7. Сатылған өнімнің өзіндік құнындағы тікелей және үстеме шығынның сметасы.

  8. Сату өнімінің өзіндік құнының жалпы әкімшілік шығынның сметасы.

  9. Операциялық қаржылық нәтижесінің жиынтық есебі.

Осы екі жоспарда алға қойған мақсаттарына жету үшін бюджеттің екі түрінен жасайды:

А) бас және жеке

Б) икемді және статикалық (тұрақты)

ШС-нің жалпы қызметін қамтитын бюджет бас бюджет деп аталады. ШС-нің әртүрлі бөлімнің сметасы мен жоспарларын жинақтаумен және біріктіруді мақсат етеді.

ШС- нің қызметінің көрсеткішін салыстыру мен талдаудың мақсатына байланысты, олар статикалық (тұрақты) және икемді бюджет екіге бөлінеді.

Статикалық бюджет – бұл ШС-нің нақты іскерлік белсенділік деңгейінде есептелген бюджет, яғни табыстар мен шығыстардың тек бір ғана сату деңгейінен шығатын жоспарды көрсетеді. Бас бюджетке кіретін барлық бюджеттер статикалық болып есептелінеді. Статикалық бюджетті нақты қол жеткен деңгейімен салыстырған кезде, ШС-нің шын (нақты) қызметінің деңгейін ескермейді, яғни барлық нақты нәтижелер сату көлемінің қол жеткен деңгейіне қарамастан, тәуелсіз түрде болжанатындармен салыстырылады. Жоспардан ауытқудың мұндай деңгейін талдаудың нольдік деңгейі болып саналады және бұл талдау төрт деңгейден тұрады.

Икемді бюджет – бұл тек нақты іскерлік белсенділік деңгейі үшін ғана емес, сондай-ақ оның диапазонын анықтау үшін де жасалатын бюджет,яғни сату көлемінің бірқатар баламалы варианттарын қарастырады.

Икемді бюджет (немесе айнымалы бюджет) –бұл өндірілген өндіріс көлеміне қарап, өзгеріп отыратын бюджет. Икемді бюджетті жасау үшін шығындарды айнымалы және тұрақты деп біледі.

Егер статикалық бюджетте шығындар жоспарланса, онда ол икемді бюджетте есептен шығарылады.

1-сурет. Бюджеттердің өзара байланысы.

2. Бюджетті жасағанда қызметтің барлық түрінің әр кезде қайта бағалануы нөлдік нүктеде бюджетті жасау әдісі болып табылады. Қызметтің әр түрінің кейбір деңгейлері бағаланады және таңдалған тәсілдеме қолда бар ақша қаражаттарымен сәйкестендіріледі.

Нөлдік нүктедегі бюджет ұйымның әр бөліктерін “нөлден” немесе “бастан” жоспарлауды талап етеді. Бұл әдіс басшыларға операциялық шығындардың барлық түрін, ұсынылған қызметтердің деңгейін және осы ұсынылған қызметтердің шығындарын есепке алуға мәжбүрлейді. Кей жағдайда нолдік нүктедегі бюджетті таңдау мүмкін емес және қажет емес, бірақ та шаруашылық қызметтің әр түрлі деңгейлерін есте ұстау қажет.

Ұсынылатын қызметтердің әр деңгейінің шығындары ұсынылатын және қажетті қызметтердің негізінде бағаланады.

Нөлдік нүктеде бюджет жасаудың әдісі. Қызмет көрсететін бөлімнің сметаларына бақылау жасауды нолдік нүктедегі бюджеттің бірінші талабы – кешенді шешімдерді дайындау ең тиімдісі болып табылады.

Кешенді шешімдерді басшылық дайындайды және оның жауапкершілігіне байланысты болады.

Кешенді шешімдер мынадай ақпараттардан тұрады:

  • бөлімнің функциялары;

  • бөлім қызметін бағалау критерийлері;

  • қаржыландырудың әртүрлі деңгейіндегі бөлімнің шығындары және қызметінің нәтижелері;

  • осы деңгейлерде бөлімнің жұмыс істемеу нәтижесінде пайда болатын зардаптар.

Екінші талабы – шығындар мен нәтижелерді талдауды пайдаланумен кешенді шешімдердің нақты жіктелуі. Осының нәтижесінде қызметтің түрлері мен жіктелінген жобалардың тізімі жасалынады. Оны жоғары басшылық қажеттілікті және бюджетті бекітуде басымдылықты бағалау мақсатында пайдаланады. Сонымен, ұйымның жақындап қалған бюджеттік кезеңге арналған ақша қаражаттары тиісінше бөлінеді.

Өсім бюджетімен салыстырғандағы нолдік нүктедегі бюджет. Өсімдік қаржылық жоспарлау – бұл нақты нәтижелер немесе алдыңғы бюджеттерге түзету жасау арқылы болашақ бюджетті жасау әдісі. Осының нәтижесінде қазіргі жағдай еш негіздеусіз қабылданады.

Нөлдік нүкте бюджетін жасауда ешқандай топшылау жасалынбайды. Қызметтің әр түрі және шығынның әр түрін бюджетке енгізбей тұрып негіздеу керек.

Бұл әдістердің арасындағы негізгі айырмашылық. Нолдік нүкте бюджеті қаржылық жоспарлаудың кез келген кемшіліктерін анықтауы және сонымен бірге оны жоюы қажет, ал өсім бюджеті олардың болуына қарсылық етпейді.

Бірақ та нөлдік нүкте бюджетін жасау көп шығындарды қажет етеді. Оны өз деңгейінде жүргізбесе, нәтижесінде компанияға ұзақ уақыт пайда әкелетін қызметердің түрлері тоқтатылуы мүмкін.