- •5. Дәріс сабақтарының мазмұны
- •1 Тақырып. Қазіргі жағдайдағы басқару есебі, функциясы мен ерекшелігі
- •Негізгі әдебиеттер
- •Қосымша әдебиеттер
- •Бақылау сұрақтары:
- •Слайдтардың тізімі:
- •2 Тақырып. Шығындарды бағалау
- •Негізгі әдебиеттер
- •Қосымша әдебиеттер
- •Бақылау сұрақтары:
- •Слайдтардың тізімі:
- •3 Тақырып. Қосалқы қызметтер шығындарын өндірістік бөлімшелерге бөліп тарату
- •Негізгі әдебиеттер
- •Қосымша әдебиеттер
- •Бақылау сұрақтары:
- •Слайдтардың тізімі:
- •4 Тақырып. Стратегиялық басқару есебі
- •Негізгі әдебиеттер
- •Қосымша әдебиеттер
- •Бақылау сұрақтары:
- •Слайдтардың тізімі:
- •5 Тақырып. Бюджеттік жоспарлау, функционалдау көрсеткіштерін бақылау және өлшеу
- •Негізгі әдебиеттер
- •Қосымша әдебиеттер
- •Бақылау сұрақтары:
- •Слайдтардың тізімі:
- •6 Тақырып. Өзіндік құнды функционалды калькуляциялау (авс) негізінде сметалар құру
- •Негізгі әдебиеттер
- •Қосымша әдебиеттер
- •Бақылау сұрақтары:
- •Слайдтардың тізімі:
- •7 Тақырып. Жауапкершілік орталық есебі. Трансферттік бағаның құрылуы
- •Негізгі әдебиеттер
- •Қосымша әдебиеттер
- •Бақылау сұрақтары:
- •Слайдтардың тізімі:
- •8 Тақырып. Шешімдер қабылдауды талдау
- •Негізгі әдебиеттер
- •Қосымша әдебиеттер
- •Бақылау сұрақтары:
- •Слайдтардың тізімі:
- •9 Тақырып. «Шығындар - өнім көлемі - пайда» талдауы
- •Негізгі әдебиеттер
- •Қосымша әдебиеттер
- •Бақылау сұрақтары:
- •Слайдтардың тізімі:
- •10 Тақырып. Тәуекелдік пен анықталмаған жағдайларда шешімдер қабылдау
- •Негізгі әдебиеттер
- •Қосымша әдебиеттер
- •Бақылау сұрақтары:
- •Слайдтардың тізімі:
- •11 Тақырып. Шешімдер қабылдау үшін релевантты шығындар мен табыстар
- •Негізгі әдебиеттер
- •Қосымша әдебиеттер
- •Бақылау сұрақтары:
- •Слайдтардың тізімі:
- •12 Тақырып. Жабдықтарды өзгертулер туралы шешімдер қабылдау
- •Бірінші жыл үшін жабдықты ауыстыруды талдау
- •Негізгі әдебиеттер
- •Қосымша әдебиеттер
- •Бақылау сұрақтары:
- •Слайдтардың тізімі:
- •13 Тақырып. Инвестиция шешімдерін талдау
- •1 Кесте. Ақша ағының динамикасы
- •Негізгі әдебиеттер
- •Қосымша әдебиеттер
- •Бақылау сұрақтары:
- •Слайдтардың тізімі:
- •14 Тақырып. Сызықтық программалау
- •Негізгі әдебиеттер
- •Қосымша әдебиеттер
- •Бақылау сұрақтары:
- •Слайдтардың тізімі:
Негізгі әдебиеттер
1. Хорнгрен Ч.Т. Фостер Дж., Ш Датар "Управленческий учет". Питер, 2007.
2. Тайгашинова К.Т., Жапбарханова М.С. Тереңдетілген басқарушылық есеп.Алматы, Экономика, 2008
3. Нұрсейітов Э.О. Ұйымдардағы бухгалтерлік есеп. Алматы, «LEM» баспасы, 2010 жыл.
4. Ержанова А.К., Айтанаева Ә,К., Жұманова Г.Ш., Баянова М.С., Иматаева Ә.Е. Оқу құралы. Алматы: 2009. -304б.
5. Аврова И.А.Управленческий учет / И.А. Аврова.- Москва:Бератор-паблишинг, 2007.- 224 б.
6. Суйц В.П. Управленческий учет: Учебник.- Москва: Высшее образование, 2007.- 71 б.
7. Тайгашинова К.Т. Басқару есебі: Оқу құралы. / К.Т. Тайгашинова; Ауд. М.Қ. Акишев.- Алматы: "LEM баспасы", 2011.- 332 б.
Қосымша әдебиеттер
1. Мырзалиев Б.С. Бухгалтерлік есеп теориясы және тәжірибесі: Оқу құралы. / Б.С. Мырзалиев, А.А. Сәтмырзаев, Р.С. Әбдішүкіров.- Алматы: Экономика, 2008.- 832 б.
2. Сейдахметова Ф.С. Қазіргі замандағы бухгалтерлік есеп: Оқу құралы. / Ф.С. Сейдахметова.- Алматы: LEM баспасы, 2008.- 500 б
3. Нұрсейітов Е.О. Ұйымдардағы бухгалтерлік есеп: Оқулық құралы. / Е.О. Нұрсейітов.- Алматы: Изд-во "Lem", 2009.- 428 б.
4. Проскурина В.П. Бухгалтерлік проводкалар: (ҚР ҚМ 23.05.2007 ж. N185
бұйрығымен бекітілген, "Бухгалтерлік есеп шоттарының үлгілік жоспарының" бөлімдері бойынша бухгалтерлік проводкалар жинағы). / В.П. Проскурина; Ауд. М.Қ.Акишев.- Алматы: ЖШС "LEM" баспасы, 2011.- 292 б.;
5. Халықаралық қаржылық есептілігі стандарттарына сәйкес бухгалтерлік есеп: Оқу құралы. / Садиева А.С., Жуматов М.К., Акимова Б.Ж., Тлеуова Э.М.- Астана, 2010.- 328
Бақылау сұрақтары:
1. Қосалқы өндіріс дегеніміз не?
2. Қосалқы өндіріс шығындарының есебі
3. Үстеме шығыстарды қандай әдістер арқылы бөліп таратады?
4. Өндірістегі жоғалтулар есебі
5. Жоғалтулардың түрлері
Слайдтардың тізімі:
1. Қосалқы өндірістің әрбір цехы үшін шығындардың есебі
2. Үстеме шығыстарды таратудағы әдістер
4 Тақырып. Стратегиялық басқару есебі
Лекцияның мақсаты: Қазіргі басқару есебінің стратегиялық міндеттері, яғни стратегиялық жоспарлаудың құрамдас бөліктерін қарастыру. Сыртқы шешім қабылдауда стратегиялық нұсқауларды бағалаудың критерийлерін үйрену. Стратегиялық басқару есебі үшін кәсіпорынның қаржылық жағдайының ролін айқындау.
Негізгі қарастырылатын сөздер: Стратегиялық жоспарлау. Стратегиялық нұсқаулар. Бағалаудың критерийлері: сәйкестік, орындаушылық, қолайлылық. Салыстырмалы шығындар. Қаржылық жағдай.
Лекция сұрақтары:
4.1. Стратегиялық басқару есебі
4.2. Теңдестірілген есеп ведомосі
1. Қазіргі басқару есебі стратегиялық міндеттерді орындауға бағдарланған, яғни стратегиялық жоспарлаудың сұрақтары маңызға ие. Стратегиялық жоспарлау мыналарды кірістереді.
стратегиялық талдау;
стратегиялық таңдау;
стратегиялық іске асыру;
ахуалды бақылау;
Стратегиялық талдауды жүргізу үшін мыналарды анықтау қажет:
кәсіпорынның мақсаты;
тәуекелділіктің мүмкіндігін анықтау үшін кәсіпорын жұмысының сыртқы шарттары:
кәсіпорынның күшті және әлсіз жақтарын анықтау үшін оның ресурстары;
ықпал ететін акционерлердің мүмкіндігі;
кәсіпорынның ұйымдастыру құрылымы;
Сыртқы шешім қабылдау үшін стратегиялық нұсқауларды іріктеп алу қажет. Кәсіпорынның сәйкес стратегиялық жағдайына қарай жарамдығы жағынан нұсқауларды бағалау қиындық туғызады.
Бағалаудың критериилері мыналар:
-сәйкестік –стратегияның бұл нұсқасы стратегиялық талдаудың нәтижесіне тура келе ме; кәсіпорынның күшті жақтары ескерілген бе; кәсіпорын барлық қолда бар мүмкіндіктерді пайдалана ма және кемшіліктер мен тәуекелділікті жоя ала ма;
-орындаушылық –стратегияны іске асыру үшін кәсіпорынның қолдағы ресурстары;
қолайлылық –шешім қабылдау процесіне қарастырылған адамдарға стратегияның бұл нұсқасының қолайлылығы;
Стратегияны іске асыру процесі бірнеше элементтерден тұрады:
ресурстарды жоспарлау (мысалы, адамдарды, жабдықтарды, қаржылық);
ұйымның құрылымы (мысалы, функционалды, цехтік немесе қалыптамалық (матричная))
бақылау, стратегияның іске асуын қамтамасыз етуге бағытталған; ол белгілі бір деңгейдегі ұйымдастыру мәдениетін, өзіндік бақылауды , бақылау жүйесін және марапаттауды талап етеді;
кәсіпорынның ортасы (кәсіпорынның бақыланбайтын сыртқы факторлардың әсері);
Басқару есебі пайдаланушыларға кәсіпорынның стратегиясы туралы маңызды ақпараттармен қамтамасыз етуі қажет. (стратегиялық жағдайдағы өзгерген ағымдағы көрсеткіштер). Басқару есебінің сыншылары компанияның стратегиялық келешектегі қызметіне баса назар аударуды, есепке өткізу нарығын сипаттайтын көрсеткіштерді және оның бәсекелестерін сипаттайтын көрсеткіштерді енгізуді қажет деп санайды. Бұл сыртқа бағдарланған тәсіл стратегиялық басқару есебі болып саналады. Себебі стратегиялық жоспарлау бойынша пайда кәсіпорын қызметінің ішкі нәтижесі есебінде емес, ол кәсіпорынның салыстырмалы бар және мүмкін болатын бәсекелестері арасындағы жағдайының қандай, яғни сыртқы нәтиже ретінде қарастырылады. Соған байланысты стратегиялық жоспарлау мен бақылауда шығынның, бағаның, сұраныстың, қаржылық жағдайдың салыстырмалы мағлұматтарына назар аудару қажет.
Кәсіпорынның шығындары мен салыстыратын шығындары салыстырмалы шығындар болып есептелінеді.
Тәжірибе жүзінде қажетті мәліметтер алуға мүмкіндік болмағандықтан бәсекелестердің шығындарын бағалау қиындық туғызады. Бірақ кейбір мәліметтерді ашық баспасөзден және сатып алушылар, жабдықтаушылар және басқа адамдардан пікірлесу кезінде алуға болады. Мысалы, бәсекелестің персоналдарының саны туралы, оның жобамен сыйақы мөлшерін. Сонымен қатар оның жарнамаға жұмсаған шығындарын білуге болады, себебі көп жағдайда оның бағасы белгілі болады. Сонымен, осындай мағлұматтарды жинай отырып, бәсекелес туралы жиынтық шығынды есептен шығаруға болады.
Бәсекелестерге қарағанда өзіндік құндағы артықшылық –бұл салыстырмалы шығындардың тек бір ғана өлшеуі. Сондықтан шығындардың динамикасын білу стратегиялық шешімдерді қабылдау үшін салыстырмалы шығындарды жақсы бағалауды қамтамасыз етеді.
Басқару есебінің стратегиялық ролі шешім қабылдайтын адамдарды салыстырмалы баға мен сұраным туралы мәліметтермен күнделікті қамтамасыз ету.
Бәсекелестер нарықтағы көп үлесті иемдену немесе жғары пайда алу үшін баға құру саясатын пайдалану мүмкін. Сондықтан уақыт бойынша бағаның өзгеру тенденциясынанықтау қажет, себебі бәсекелестердің пайдасындағы елеулі өзгерістер бірнеше жылдардағы бағалардағы өзгерістердің тізбегінен болады. Егер бәсекелестер бірнеше өнімдерді сататын болса, онда бағаның индексін есептеп шығаруға болады. Есептеулердің дұрыстығын жиынтық табыспен қайта тексеруге болады.
Оқулықтарда кәсіпорынның қаржылық жағдайы туралы мәліметтер стратегиялық позицияны анықтауда негіз болады деп сирек айтылады. Бірақ стратегиялық басқару есебі үшін кәсіпорынның салыстырмалы қаржылық жағдайы маңызды ролге ие, себебі кәсіпорынның болашаққа стратегиялық позициясын нығайтуға жағдай жасайды.
Мұндай тәсілде клиенттерді табыстар мен шығыстардың көптеген көрсеткіштері, яғни пайдалылығы бойынша бағалайды, мысалы:
-сараланған (дифференцировнный) сату бағасымен, еңбек ақының арнайы жеңілдіктері, шегерімдері және қайтарымдарымен;
- ақырғы есеп айырысуда несие шарттарының артықшылықтары және шегерімдерімен;
- өңдеуге әр түрлі шарттасылған шығындар мен тапсырыстың әртүрлі көлемдері (сақтау, өткізу және т.б)
- клиенттердің талаптарын қанағаттандыратын бұйымдардың нұсқауларымен;
- өткізуден кейінгі қызмет көрсету шарттарымен (техникалық қамтамасыз ету), кепілділігімен және т.б;
- клиентке қызмет көрсетуге қажетті өткізу мен жарнама шығындарымен.
Клиенттер туралы осы айтылған критериилері бойынша ақпараттарға талдау жасау мына сұрақтарға жауап беру үшін қажет:
-бұл кәсіпорынға өнімдерді сату біздің пайдалылық критериімізді қанағаттандыра ма? Қай кезде қанағаттандырады? Қай кезде қанағаттандыра алады? Егер қанағаттандырса, онда қалай?
-қандай клиент немесе нарық сараланымы (сегмент рынка) біздің пайдамызға үлкен салым жасайды? Біз оны қалай қорғай аламыз?
- келесі келісім жасау кезінде біз сатудан кейінгі көрсететін қызметтерге қандай шегерім жасай алатынымызды және сол қызметтердің қандай түрлерін ұсына алатынымызжөнінде?
- біздің үлкен шарттарымыз пайда әкеле ме, немесе көлемінің артықшылығы жарнама қызметіне, таралуы мен шегерім шығындарымен жұтылып кете ме?
- бізге клиент немесе клиенттердің тобынан бас тарту керек пе?
Стратегиялық шешім көп уақыт аралығында бәсекелеске ықпал ету және бағалау негізінде (нарық үлесінің өзгерістері мен пайдалығын болжауға) қабылдануы керек. Бұл өзгерістердің құрылымы көп жағдайда бәсекелестердің ресурстарының өтімділігіне байланысты болады.
Көп жағдайда жаңа өнімдер шығару, жаңа нарықтарға ену, жаңа кәсіпорындар мен басқаларын сатып алу тәуекелділіке түзетілген таза ағымдағы құнның көрсеткіштері негізінде бағаланады деп есептелінеді. Мұндай позиция ұстайтындар материалдық актив болып қабылданатын инвестициялар пайданы әкеледі деп есептейді. Бұл жағдайда бәсекелестік есептелінбейді. Пайда сенімділігі кәсіпорынның стратегиялық жағдайына байланысты болады. Өткізу сферасындағы инвестицияның көбеюі мен кеңеюі бәсекелестікке қабілеттілігінің өзгеруін қарастырады, яғни стратегиялық басқару есебінің талдамалық функциясы болып қызмет атқарады. Бұл жағдайда инвестицияны талдау әр түрлі әдістермен жүргізіледі, яғни сұраныс, нарық үлесі, инвестиция деңгейі, өтімділік және қаржыларды тарту мүмкіндігінің өзара байланыстығын модельдеу.
Жапондық компанияларда жүргізілген соңғы зерттеулер өндірістік қызметтің тиімділігінің негізгі 10 критериін анықтаған:
1. өндіріске дайындау уақыты
2. өндірістік жұмысшылардың еңбек өнімділігі
3. аяқталмаған өндірістің айналымдылығы
4. түсетін шикізаттың сапасы
5. өткізу уақыты
6. қосымша персоналдардың еңбек өнімділігі
7. материалдарды тұтыну
8. дайын өнімдердің айналымдылығы
9. қорлардың есебінің дәлдігі
10. жұмысқа келмеу
Осы критериилердің ешқайсысы шығын көрсеткіштері болып есептелінбейді.
Англияда жүргізілген осындай зерттеулердің нәтижесінде, керісінше негізгі критерийлердің ішінде орынды өндірістік шығындардың, шикізат және үстеме шығындардың үлесі алады.
Осыған байланысты келешекте жапондық компаниялар негізгі көңілді мына көрсеткіштер бөлуді қарастырады: өндірістің икемділігі, жаңа енгізілім және баға. Осы көрсеткіштерді талдау нәтижелерді кәсіпорынның қызметінің тиімділігін арттырудың қаржылық емес факторларын талдауды қамтамасыз етеді.
