- •5. Дәріс сабақтарының мазмұны
- •1 Тақырып. Қазіргі жағдайдағы басқару есебі, функциясы мен ерекшелігі
- •Негізгі әдебиеттер
- •Қосымша әдебиеттер
- •Бақылау сұрақтары:
- •Слайдтардың тізімі:
- •2 Тақырып. Шығындарды бағалау
- •Негізгі әдебиеттер
- •Қосымша әдебиеттер
- •Бақылау сұрақтары:
- •Слайдтардың тізімі:
- •3 Тақырып. Қосалқы қызметтер шығындарын өндірістік бөлімшелерге бөліп тарату
- •Негізгі әдебиеттер
- •Қосымша әдебиеттер
- •Бақылау сұрақтары:
- •Слайдтардың тізімі:
- •4 Тақырып. Стратегиялық басқару есебі
- •Негізгі әдебиеттер
- •Қосымша әдебиеттер
- •Бақылау сұрақтары:
- •Слайдтардың тізімі:
- •5 Тақырып. Бюджеттік жоспарлау, функционалдау көрсеткіштерін бақылау және өлшеу
- •Негізгі әдебиеттер
- •Қосымша әдебиеттер
- •Бақылау сұрақтары:
- •Слайдтардың тізімі:
- •6 Тақырып. Өзіндік құнды функционалды калькуляциялау (авс) негізінде сметалар құру
- •Негізгі әдебиеттер
- •Қосымша әдебиеттер
- •Бақылау сұрақтары:
- •Слайдтардың тізімі:
- •7 Тақырып. Жауапкершілік орталық есебі. Трансферттік бағаның құрылуы
- •Негізгі әдебиеттер
- •Қосымша әдебиеттер
- •Бақылау сұрақтары:
- •Слайдтардың тізімі:
- •8 Тақырып. Шешімдер қабылдауды талдау
- •Негізгі әдебиеттер
- •Қосымша әдебиеттер
- •Бақылау сұрақтары:
- •Слайдтардың тізімі:
- •9 Тақырып. «Шығындар - өнім көлемі - пайда» талдауы
- •Негізгі әдебиеттер
- •Қосымша әдебиеттер
- •Бақылау сұрақтары:
- •Слайдтардың тізімі:
- •10 Тақырып. Тәуекелдік пен анықталмаған жағдайларда шешімдер қабылдау
- •Негізгі әдебиеттер
- •Қосымша әдебиеттер
- •Бақылау сұрақтары:
- •Слайдтардың тізімі:
- •11 Тақырып. Шешімдер қабылдау үшін релевантты шығындар мен табыстар
- •Негізгі әдебиеттер
- •Қосымша әдебиеттер
- •Бақылау сұрақтары:
- •Слайдтардың тізімі:
- •12 Тақырып. Жабдықтарды өзгертулер туралы шешімдер қабылдау
- •Бірінші жыл үшін жабдықты ауыстыруды талдау
- •Негізгі әдебиеттер
- •Қосымша әдебиеттер
- •Бақылау сұрақтары:
- •Слайдтардың тізімі:
- •13 Тақырып. Инвестиция шешімдерін талдау
- •1 Кесте. Ақша ағының динамикасы
- •Негізгі әдебиеттер
- •Қосымша әдебиеттер
- •Бақылау сұрақтары:
- •Слайдтардың тізімі:
- •14 Тақырып. Сызықтық программалау
- •Негізгі әдебиеттер
- •Қосымша әдебиеттер
- •Бақылау сұрақтары:
- •Слайдтардың тізімі:
Негізгі әдебиеттер
1. Хорнгрен Ч.Т. Фостер Дж., Ш Датар "Управленческий учет". Питер, 2007.
2. Тайгашинова К.Т., Жапбарханова М.С. Тереңдетілген басқарушылық есеп.Алматы, Экономика, 2008
3. Нұрсейітов Э.О. Ұйымдардағы бухгалтерлік есеп. Алматы, «LEM» баспасы, 2010 жыл.
4. Ержанова А.К., Айтанаева Ә,К., Жұманова Г.Ш., Баянова М.С., Иматаева Ә.Е. Оқу құралы. Алматы: 2009. -304б.
5. Аврова И.А.Управленческий учет / И.А. Аврова.- Москва:Бератор-паблишинг, 2007.- 224 б.
6. Суйц В.П. Управленческий учет: Учебник.- Москва: Высшее образование, 2007.- 71 б.
7. Тайгашинова К.Т. Басқару есебі: Оқу құралы. / К.Т. Тайгашинова; Ауд. М.Қ. Акишев.- Алматы: "LEM баспасы", 2011.- 332 б.
Қосымша әдебиеттер
1. Мырзалиев Б.С. Бухгалтерлік есеп теориясы және тәжірибесі: Оқу құралы. / Б.С. Мырзалиев, А.А. Сәтмырзаев, Р.С. Әбдішүкіров.- Алматы: Экономика, 2008.- 832 б.
2. Сейдахметова Ф.С. Қазіргі замандағы бухгалтерлік есеп: Оқу құралы. / Ф.С. Сейдахметова.- Алматы: LEM баспасы, 2008.- 500 б
3. Нұрсейітов Е.О. Ұйымдардағы бухгалтерлік есеп: Оқулық құралы. / Е.О. Нұрсейітов.- Алматы: Изд-во "Lem", 2009.- 428 б.
4. Проскурина В.П. Бухгалтерлік проводкалар: (ҚР ҚМ 23.05.2007 ж. N185
бұйрығымен бекітілген, "Бухгалтерлік есеп шоттарының үлгілік жоспарының" бөлімдері бойынша бухгалтерлік проводкалар жинағы). / В.П. Проскурина; Ауд. М.Қ.Акишев.- Алматы: ЖШС "LEM" баспасы, 2011.- 292 б.;
5. Халықаралық қаржылық есептілігі стандарттарына сәйкес бухгалтерлік есеп: Оқу құралы. / Садиева А.С., Жуматов М.К., Акимова Б.Ж., Тлеуова Э.М.- Астана, 2010.- 328
Бақылау сұрақтары:
1. «Шығындардың мәні»
2. Шығындардың жіктемесі және мақсаты
3. Шығындар функциясын есептеудің жүйелері
4. Өнімдердің өзіндік құнын қалыптастырудың принциптері
5. Шығындар функциясына әсер ететін шарттар
6. Шығындарды бағалауға әсер ететін факторлар
Слайдтардың тізімі:
1. Басқару есебіндегі шығындардың жіктелуі
2. Топтастырылатын белгілеріне байланысты шығындардың жіктемесі
3 Тақырып. Қосалқы қызметтер шығындарын өндірістік бөлімшелерге бөліп тарату
Лекцияның мақсаты: Әртүрлі әдістер арқылы негізгі өндіріске қызмет көрсеткен қосалқы өндірістің шығындарын бөліп таратуды үйрету. Қосалқы өндірістің шығындарының есебін қарастыру. Үстеме шығыстардың таралу базасын көрсету. Өндірістегі болатын жоғалтуларды қарастыру.
Негізгі қарастырылатын сөздер: Негізгі және қосалқы өндірістер. Үстеме шығыстар. Орналастыру. Үлестіру. Қадамдық әдіс. Тарату әдісі. Бөлу базасы. Жоғалтулар есебі. Нормадан тыс жоғалтулар. Нормативті жоғалтулар.
Лекция сұрақтары:
3.1. Қосалқы қызметтер шығындарын өндірістік бөлімшелерге бөліп тарату.
3.2. Өндірістегі жоғалтулар есебі.
1. Жалпы экономика үшін бөліп тарату функциясының маңызы зор. Кәсіпорын қызметінің нәтижесіне өндірістік бөлімшелердің мақсаты мен міндеттеріне сәйкес және салған салымдарына қарай ресурстарды, алынған пайданы біз бөліп бере аламыз. Басқару есебі үшін қосалқы және қызмет көрсететін өндірістердің негізгі өндірістік шығындарының есебін жүргізу тән, яғни негізгі өндірістің қызметіне қосалқы және қызмет көрсететін өндірістер қатысады. Басқару есебі өз жағынан негізгі және қосалқы өндірістердің барлық шығындарын тіркейді. Бірақ есепті кезеңнің аяғында қосалқы өндірістің барлық шығындарын есептеп шығару қажеттілігі туады да, бухгалтердің алдына оларды қалай есептен шығару сұрағы тұрады. Сондықтан басқару есебі өз жағынан әр түрлі әдістер арқылы негізгі өндіріске қызмет көрсеткен қосалқы өндірістің бұл шығындарын негізгі өндіріске бөліп таратуды жүргізеді.
Негізгі өндіріс пен меншікті күрделі құрылысы тұтынатын және басқа жаққа өткізілетін өнімдерді өндіретін, жұмыс жүргізетін және қызмет көрсететін өндіріс қосалқы өндіріс болып саналады. Бұған бу қазандықтары, газ және электростанциялары, сумен жабдықтау, жөндеу-механикалық цехтары, автокөлік цехтары және басқалары жатады. Қосалқы өндірістің шығындарының есебі 8310 «Қосалқы өндіріс» шотында жүргізіледі, ол мына синтетикалық шоттардан тұрады:
8310 «Қосалқы өндіріс» (қорытындылаушы шот);
8311 «Материалдар»;
8312 «Жұмысшылардың еңбек ақысы»;
8313 «Еңбек ақыдан аударымдар»;
8314 «Үстеме шығыстар».
Қосалқы өндірістің әрбір цехы үшін шығындардың есебі «Цехтардың шығындары» атты тізімдемеде жүргізіледі. Тізімдемеге жазбалар әзірлеме кестелер мен бастапқы құжаттардан жүргізіледі, ол мына төмендегі 1- суретте көрсетілген.
Орналастыру - шығындардың барлық сомасы шығындар бірлігіне немесе шығындар орталығына жатқызылады, мысалы қойманы сақтау шығындары қойма шығындары орталығына тікелей жатқызылады.
Үлестіру (тарату) – шығыстардың сомасы шығындардың бірнеше орталықтарына жатқызылады және оларға үйлесімді таралуы қажет, мысалы жылу, жалға беру, амортизация және т.б.
Үстеме шығыстардың таралу базасы бірнеше болуы мүмкін, бірыңғай ереже жоқ. Мысалы,
Үстеме шығыстар Тарату (үлестіру базасы)
Амортизация Жабдықтардың құны
Кадр бөлімі, буфет Жұмысшылардың саны
Техникалық қызмет Әр бөлімде жұмыс істеген сағаттар
көрсету бөлімі
Ғимаратты сақтандыру Көлемі (алаң)
Жалгерлік және комму-
налдық қызметтер Көлемі (алаң)
|
Тікелей шығындар-
дың орналасуы
1.сервистік
шығындар орталығы
2. сервистік
шығындар орталығы
Сервистік шығын-
дардың тікелей
ортал
ыққа
орналасуы
1. өндірістік
шығындар орталығы
2. өндірістік
шығындар орталығы
3. өндірістік
шығындар орталығы
Өнім бірліктері
шығындардың
таралуы
1- сурет
Қадамдық әдіс қызмет көрсететін (қосалқы) бөлімшелердің қарама-қарсы қызметтерін үлестіру үшін қолданылады.
Бұл шығындарды тура тарату әдісіне қарағанда дәлдеу болып есептелінеді. Тарату циклін қызметтерді тұтынуға қарағанда көбірек көрсететін цехтардан бастайды. Бұл қызметтер қосалқы өндіріс пен өндірістік цехтардың арасында үлестіріледі. Ары қарай келесі қосалқы цехты алып,қадам сайын үлестіруді жалғастырады. Қызмет көрсетуде ең аз үлес алатын бөлімшемен үлестіруді аяқтайды.Қосалқы өндіріс қызметтерін таратудағы қадамдық әдісті қарастырамыз.
1-кесте – Бөлімшелердің қызметтерін тарату үшін мәліметтер.
|
Қызмет көрсететін бөлімшелер |
Негізгі цехтар |
Барлығы |
||
Әкімшілік |
Жөндеу цехы |
Механикалық |
Жинау |
||
Тарату алдындағы шығыстар сметасы, мың теңге |
600000 |
116000 |
400000 |
200000 |
1316000 |
Қызметтерді тарату үшін пропорция: Әкімшілік: |
|
|
|
|
|
Еңбек сағаттарының бюджеттік шығындары |
- |
16000 |
24000 |
40000 |
80000 |
Коэффициенттер |
- |
2/10 |
3/10 |
5/10 |
10/10 |
Жөндеу цехы: |
|
|
|
|
|
Жөндеу сағаттарының бюджеттік шығындары |
2000 |
- |
16000 |
2000 |
20000 |
Коэффициенттер |
1/10 |
- |
8/10 |
1/10 |
10/10 |
кестеде есептеу нәтижесі көрсетілген.
кесте - Қосалқы өндірістің қызметтерін таратудағы қадамдық әдіс
|
Қызмет көрсететін бөлімшелер |
Негізгі цехтар |
Барлығы |
||
Әкімшілік |
Жөндеу цехы |
Механикалық |
Жинау |
||
Тарату алдындағы жалпы өндірістік шығыстар сметасы, мың теңге |
600000 |
116000 |
400000 |
200000 |
1316000 |
Әкімшілік шығындарын тарату (2/10, 3/10, 5/10)х |
(600000)
|
120000 |
180000 |
300000 |
|
Жөндеу шығындарын тарату (8/9, 1/9)хх |
0 |
(236000) |
(209778) 0 |
26222 |
|
Цехтар бойынша үстеме шығындардың барлығы, мың теңге |
|
|
789778 |
526222 |
1316000 |
х Бөлу базасы |
(16000+24000+40000) немесе 8000с.6000/80000=2/10; 24000/80000=3/10; 40000/80000=5/10 |
||||
хх База тең |
(2000+16000), немесе 16000/18000=8/9, 2000/18000=1/9 |
||||
3 кесте Сызықтық теңдіктің жүйесі көмегімен қосалқы өндірісті тарату әдісі
|
Қызмет көрсететін бөлімшелер |
Негізгі цехтар |
Барлығы |
||
Әкімшілік |
Жөндеу цехы |
Механикалық |
Жинау |
||
Тарату алдындағы жалпы өндірістік шығыстар сметасы, мың теңге |
600000 |
116000 |
400000 |
200000 |
1316000 |
Әкімшілік шығындарын тарату (2/10, 3/10, 5/10)х |
(624082)
|
124816 |
187225 |
312041 |
|
Жөндеу шығындарын тарату (1/10,8/10,1/10)хх |
24082 0 |
(240816) 0 |
(192652)
|
24082 |
-
|
Цехтар бойынша үстеме шығындардың барлығы, мың теңге |
|
|
779877 |
536123 |
1316000 |
х Бөлу базасы |
(16000+24000+40000) или 8000с./6000/80000=2/10; 24000/80000=3/10; 40000/80000=5/10 |
||||
хх База тең |
(2000+16000+2000), немесе 2000/20000=1/10, 16000/20000=8/10; 2000/20000=1/10. |
||||
2. Өндірістегі жоғалтулар есебі
Қазіргі өндірістік ортада көптеген компаниялар көп мөлшердегі бөлшектерді қажет ететін өнімдердің көптеген ассортиментін өндіреді. Сондықтан өндірістегі жоғалтулар есебі маңызға ие, себебі жоспарлау, бақылау мен материалдарды басқару жиынтығы бір жағынан, өндірістегі жоғалтулар есебі жайғасымын нығайтуға жағдайлар жасайды, ал екінші жағынан кешенді мәселелер болып табылады.
Өндірістік процесс кезіндегі бос тұрулар әр түрлі себептерге байланысты болады, мысалы жұмыстың уақытша жоқтығынан, материалдардың жетіспеушілігінен немесе жабдықтардың сынуынан.
Тұрып қалу шығындарын жұмысшылардың еңбек ақы шығындарына қосуға болар еді жалдау шығындары сияқты, бірақта мұндай жағдайлар барлық жұмысшыларда болмау себептерінен бұл шешім дұрыс болмайды. Сондықтан тұрып қалу шығындарының бір бөлігі барлық тапсырыстарға есептелінбейді. Өндірістегі календарлық жоспарлаудың дұрыс жасалмауынан немесе тапсырыстың жоқ болуы себептерінен тұрып қалулар болады. Бұл жағдай барлық процеске тиесілі болғандықтан (жеке операцияларға емес) тұрып қалу шығындары барлық операцияларға бөлінуі қажет. Шығындардың деңгейін бақылау мақсатында тұрып қалу шығындарын әр цех бойынша бөлек есептеу қолайлы сияқты (жұмысшылардың тікелей шығындарының орнына). Осындай есептеулер болған жағдайда тұрып қалу шығындары жалпы зауыттық үстеме шығындары есебінде қарастырылады да, әкімшілік олар туралы есепті аз уақыт ішінде алып тұруына болады.
Өндіріс процесінде жоғалтулар болып тұрады. Сұйық заттардың булануы және басқа да қалдықтар нормаға сәйкес болса нормативті болып есептелінеді. Нормадан тыс жоғалтулар – ресурстарды, материалдар мен шикізаттарды тиімсіз пайдаланудан, процесс кезіндегі ақаулардан болатын жоғалтулар.Нормативтік жоғалтулар өнімдердің өзіндік құнына жатқызылатын болса, ал нормадан тыс жоғалтулар кезең шығындары болып есептелінеді және өндірістік кезеңнің аяғында табыстар мен шығыстар шотына есептен шығарылады. Нормативті жоғалтулардағы ақауларды есептеуде ақаулардың кейбір бөлігін сатуға болатындығын ескерген жөн. Ақауларды сатудан түскен табысты өзіндік құн шотының кредит бөлігінде есепке алу қажет. Егер нақты жоғалтулар күтілген мөлшерден аз болса, ол жағдайда нормативтен тыс табыстар пайда болады. Табыстың көлемі де нормативтен тыс жоғалтулардың құны сияқты есептеледі де, өзіндік құннан шегеріледі. Табыстың қосындысы табыстар мен шығыстар шотына жатқызылады.
Нормативті жоғалтулар тауарлар өндірісі шығындарының бір бөлігі ретінде қарастырылады. Бірақ та бізге бұл жоғалтулар өндірістің қай кезеңінде болғанын білу керек. Жоғалтулардың барлығын білу үшін оларды дайын өнімдердің өзіндік құнына енгізу қажет немесе жоғалтулардың бір бөлігі кезең аяғындағы аяқталмаған өндірістің өзіндік құнына жатқызылуы керек.
Егер жоғалтулар процесс аяғына жақындағанда бақылау кезінде анықталса, онда жоғалту құны тек бақылауға түскен сол өнім бірлігінің өзіндік құнына енгізіледі. Өндірістің аяқталу кезеңінде бақылау кезінде ғана нормативті жоғалтулар болады деп есептелінеді. Бұл жағдайда нормативті жоғалтулар кезең аяғындағы аяқталмаған өндірістің өзіндік құнына жатқызылмайды, себебі бұл жоғалтулар бақылауға жеткен бұйымдарға ғана есептелінеді.
Нормативті жоғалтулар болған жағдайда арнайы екі бағана қосылған өнімдер бірлігінің өзіндік құны тізімдемесі толтырылады. Бір бағана- нормативті жоғалтулар мәліметтері, екінші бағана- нормативтен тыс жоғалтулар туралы мәліметтер. Нормативті жоғалтулар дайын өнімдердің өзіндік құнына ғана жатқызылса, ал нормативтен тыс жоғалтулар бөлек шотта есептелінеді және кезең шығындары есебінде қорытынды табыс немесе шығыс шотына есептен шығарылады.
Қосалқы өндірістің өнімдерінің, жұмыс пен қызметтерінің өзіндік құндарын дұрыс есептеу үшін аяқталмаған өндірістің көлемін дұрыс анықтаудың маңызы зор. Оны екі әдіспен бағалайды: нақты өзіндік құнмен және есептеу жолымен.
Аяқталмаған өндірісті түгендеу кезіндегі анықталған жетіспеушілік 8011 «Негізгі өндіріс» шотының кредитінен 1284 «Басқа дебиторлық қарыздар» шотының дебетіне «Құндылықтардың бұзылуынан жоғалтулар мен жетіспеушіліктер» қосалқы шотына есептен шығарылады.
Үдемелі мөлшер мен нормативтер – шығынға қарсы механизмнің негізгі элементі, өндіріс тиімділігін арттырудың, жоспарлауды жетілдірудің, өнімдердің өзіндік құнының есебі мен калькуляциялаудың шарттарының бірі болып табылады.
Материалдардың нормативті саны негізінен бұйымдардың тізбесінде тіркеледі (материалдар шығысының үлестік нормасы). Оларда әр операцияны орындауға қажетті материалдардың саны сипатталады және белгіленеді. Әр өнімге өзіндік айрықша тізбелер беріледі. Материалдарға нормативтік шығыстар нормативтік санды сәйкестік нормативтік бағаларына көбейту арқылы анықталады. Нормативтік бағаларды сатып алу бөлімі белгілейді, яғни бұл бөлім мүмкін болатын жабдықтаушыларды зерттеп, бәсекелестік бағамен сапалы материалдардың қажет мөлшерін жеткізетінін таңдап алады.
Нормативтік бағаларда материалдардың санына қарай шегерімдер, жеткізудің жақсы тәсілдері және несие алудың неғұрлым тиімді шарттары есептелінеді. Сонымен бірге сатушының материалдардың сапалылығына және уақытында жеткізуге сенімділігі есепке алынуы тиіс. Материалдарға нормативтік баға материалдарға деген нақты бағаны бағалауда базаны қамтамасыз етеді.
Еңбек шығындарының мөлшерін белгілеу үшін әр түрлі операциялар үшін барлық қызмет түрін талдау қажет. Әр операцияны талдап, оған қажет уақытты есептейді. Мұндай тәртіп қажет емес элементтерді алып тастауға және өндірісті тиімді жүргізу әдістерін анықтауға мүмкіндік береді. Сонан кейін орташа жұмысшыға жұмысты орындау үшін қажет уақытты (норма - сағатпен) анықтайды. Жабдықтардың бұзылуынан және оларға техникалық қызмет көрсету іс-шараларынан болатын тұрулар норма - сағатқа қосылады. Еңбек ақының нормативтік мөлшерлемесі компанияның саясатына сәйкес белгілененді.
Шығындарды тиімді бақылау олардың пайда болу орындарында реттеумен жүзеге асырылады. Сондықтан өндірістік операцияларды орындау үшін тұтынылатын материалдарға және айнымалы үстеме шығындарға нормативтерді белгілеу қажет.
Шығындар мөлшері үш ірі категорияларға бөлінеді:
негізгі мөлшерлер;
мінсіз мөлшерлер;
ағымдағы жеткізілетін мөлшерлер;
Негізгі мөлшерлер. Оларға ұзақ уақыт бойына өзгермейтін тұрақты мөлшерлер жатады. Олардың басты артықшылығы нақты шығындарды бірнеше жылдар бойына бір мөлшерлермен салыстыруға базамен қамтамасыз етуінде.

Нақты
жұмсалған үстеме шығыстар