Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Лекциялар Баскару есеп 2.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
920.06 Кб
Скачать

Негізгі әдебиеттер

1. Хорнгрен Ч.Т. Фостер Дж., Ш Датар "Управленческий учет". Питер, 2007.

2. Тайгашинова К.Т., Жапбарханова М.С. Тереңдетілген басқарушылық есеп.Алматы, Экономика, 2008

3. Нұрсейітов Э.О. Ұйымдардағы бухгалтерлік есеп. Алматы, «LEM» баспасы, 2010 жыл.

4. Ержанова А.К., Айтанаева Ә,К., Жұманова Г.Ш., Баянова М.С., Иматаева Ә.Е. Басқару есебі. Оқу құралы. Алматы: 2009. -304б.

5. Аврова И.А.Управленческий учет / И.А. Аврова.- Москва:Бератор-паблишинг, 2007.- 224 б.

6. Суйц В.П. Управленческий учет: Учебник.- Москва: Высшее образование, 2007.- 71 б.

7. Тайгашинова К.Т. Басқару есебі: Оқу құралы. / К.Т. Тайгашинова; Ауд. М.Қ. Акишев.- Алматы: "LEM баспасы", 2011.- 332 б.

Қосымша әдебиеттер

1. Мырзалиев Б.С. Бухгалтерлік есеп теориясы және тәжірибесі: Оқу құралы. / Б.С. Мырзалиев, А.А. Сәтмырзаев, Р.С. Әбдішүкіров.- Алматы: Экономика, 2008.- 832 б.

2. Сейдахметова Ф.С. Қазіргі замандағы бухгалтерлік есеп: Оқу құралы. / Ф.С. Сейдахметова.- Алматы: LEM баспасы, 2008.- 500 б

3. Нұрсейітов Е.О. Ұйымдардағы бухгалтерлік есеп: Оқулық құралы. / Е.О. Нұрсейітов.- Алматы: Изд-во "Lem", 2009.- 428 б.

4. Проскурина В.П. Бухгалтерлік проводкалар: (ҚР ҚМ 23.05.2007 ж. N185

бұйрығымен бекітілген, "Бухгалтерлік есеп шоттарының үлгілік жоспарының" бөлімдері бойынша бухгалтерлік проводкалар жинағы). / В.П. Проскурина; Ауд. М.Қ.Акишев.- Алматы: ЖШС "LEM" баспасы, 2011.- 292 б.;

5. Халықаралық қаржылық есептілігі стандарттарына сәйкес бухгалтерлік есеп: Оқу құралы. / Садиева А.С., Жуматов М.К., Акимова Б.Ж., Тлеуова Э.М.- Астана, 2010.- 328

Бақылау сұрақтары:

1. Өз өндірісі немесе сатып алу туралы шешімдер туралы түсінік

2. «Сатып алу» немесе «Өндіру» нұсқаларын таңдау жолдары

3. Баға белгілеу, мәні мен маңызы, белгілеу тәсілдері

4. Ұзақ мерзімді бағаның төменгі шегі

5. Қысқа мерзімді бағаның төменгі шегі

Слайдтардың тізімі:

1. Баға белгілеудің мәні мен маңызы және белгілеу тәсілдері

2. Ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді бағаның төменгі шегі

12 Тақырып. Жабдықтарды өзгертулер туралы шешімдер қабылдау

Лекцияның мақсаты: Жабдықтарды жаңғырту проблемаларын шешуде күрделі қаржы жұмсалымы туралы шешімдер қабылдауды мысалдар арқылы үйрету. Активтердің құндарын қарастыру. Шешім қабылдауда кәсіпорын үшін тиімді жағын табуды үйрету. Маржиналды тәсіл арқылы өнімді өндіру немесе тоқтату туралы шешімдер жасау.

Негізгі қарастырылатын сөздер: Күрделі қаржы. Жабдықтар. Бастапқы құн. Қалдық құн. Жойылу құны. Релевантты және релевантты емес шығындар. Айнымалы шығындар. Тұрақты шығындар. Маржиналды пайда. Маржиналды тәсіл.

Лекция сұрақтары:

12.1. Жабдықтарды өзгертулер туралы шешімдер қабылдау

12.2. Қандай да бір өнім түрін өндіруді тоқтату туралы шешімдер қабылдау

1. Жабдықтарды өзгертулер туралы шешімдер қабылдау.

Жабдықтарды жаңғырту проблемалары, ескірген машиналар мен станоктарды өнімділігі жоғары жаңаларына ауыстыру жедел басқаруға ғана емес, сонымен бірге өндірістің дамуын стратегиялық жоспарлау үшін де қажет. Негізгі құрал-жабдықтар объектілерін сатып алу көп қаражатты қажет етеді, сондықтан мұндай шешім қабылдау үшін алдағы бірнеше жылға болжамды табыстар мен шығыстарды есепке алу керек, яғни жаңа негізгі құрал-жабдықтарды пайдаланудың барлық мерзіміне.

Күрделі қаржы жұмсалымы туралы шешімдер қабылдау (ұзақ мерзімді инвестициялар) – бұл кәсіпорын басшылығының алдында тұрған маңызды міндеттердің бірі. Кәсіпорынның көпшілігі бес, он және одан жоғары уақытқа ұзақ мерзімді жоспарлар дайындайды. Күрделі қаржы шығыстары осы ұзақ мерзімді жоспарлардың интегралды бөлігі болып табылады.

Ағымдағы операциялар өзгеруі нәтижесінде пайда болатын жабдықтарды жаңғыртуда жабдықтарды ауыстыру нәтижелерін жаңа жабдықтардың жұмыс істеуінің барлық мерзіміне бағалау қажет.

Бастапқы құн – бұл активті сатып алу құны, сатып алу бағасын, тасымалдау шығындарын, орнықтыру, құрастыру және т.б. қоса. Қалдық құн бастапқы құннан жинақталған тозуды алып тастағанға тең. Жойылу құны – бұл металл сынығы, қалдықтардың бағалау құны немесе шығу кезіндегі материалдық активтердің ауыстыру құны. Батыс елдердің есеп ережесі бойынша бастапқы құннан жойылу құнын шегеру арқылы амортизацияланады, ал біздегі бухгалтерлік есепте барлық бастапқы құн есептелінеді. Объектіні пайдалану кезінде оның тиімді жұмыс істеу мерзімі және болжамды жойылу құны қайта қаралуы мүмкін.

Мысал қарастырамыз. Ескі жабдықты жаңамен ауыстырады. Сату көлемі мен одан түсім өзгермейді және жыл сайын 100 000% құрайды. Станокты ауыстырудың негізгі мақсаты – еңбек шығыны азайту және оның жағдайын (шартын) жақсарту.

Жұмыс істеп тұрған станок туралы мәліметтер: бастапқық ұны 130 000$ (станок 7 жыл бұрын сатып алынған); жұмыс істеу мерзімі 12 жыл; ағымдағы жөндеуге жойылу құны – 10 000$; қалдық құны 60 000$ {130 000 доллар - [ (130 000 доллар – 10 000 доллар) / 12 ] х 7 } (тозу сызықтық тәсілмен есептен шығарылады); қалған жұмыс істеу мерзімі 5 жылға бағаланған, бесінші жылдың соңында жойылу құны нольге тең; бір жылға айнымалы шығындар – 70 000 доллар.

Жаңа станок туралы мәліметтер: бағасы 50 000 доллар. Жұмыс істеу мерзімі 5 жылға бағаланған және жойылу құны соңында нольге тең; бір жылға айнымалы шығындар – 50 000 доллар. Әрі қарай екі нұсқаның талдау нәтижелерін қарастырамыз: станокты ауыстырамыз ба немесе ескісін қалдырамыз ба? 5 жылдың нәтижелері талданады – жаңа станокты пайдалану мерзімі.

Релевантты және релевантты емес мәліметтер арқылы станокты ауыстыруды талдау

Көрсеткіштер

5 жылдағы жалпы сома

Қалдыру

Ауыстыру

Айырмасы

Түсім

500

500

-

Айнымалы шығындар

350

250

100

Ескі станоктың қалдық құны: тозу

60

Асығыс жою кезіндегі жоғалтулар

60

Жойылу құны

(10)

10

Жаңа станок бойынша тозу

50

(50)

Барлық шығын

410

350

60

Операциялық пайда

90

150

60

Релеванттық мәліметтердің анықтамасы бойынша станоктың қалдық құны релевантты емес, себебі бұл өткен шығындар, оларға бір әсер ете алмаймыз. Сондықтан, жабдықты ауыстыру проблемасын шешуде қалдық құн туралы мәліметті талдаудан алып тастау қажет. Жұмыс істеп тұрған станоктың жойылу құны бұл шешімге релевантты, себебі ол талдау нәтижесіне әсер етті.

Жаңа жабдықтарды сатып алу шығындары барлық кезде релевантты, себебі олар бір нұсқада ғана кездеседі, яғни екі баламалар бір бірінен айырмашылығы бар.

Релевантты мәліметтермен ғана станокты ауыстырудың қажеттілігін талдаудың нәтижесін қарастырамыз.

Релевантты шығындарды салыстыру арқылы станокты ауыстыруды талдау

Көрсеткіштер

5 жылдың жалпы сомасы

Қалдыру

Ауыстыру

Айырмасы

Айнымалы шығындар

350

250

100

Ескі станоктың жойылу құны

(10)

10

Жаңа станоктың тозуы

50

(50)

Релевантты шығындардың барлығы

350

290

60

Кәсіпорын үшін ескі станокты жаңамен ауыстыру 60 мың доллар пайда әкеледі. Бірақ төменгі деңгейдегі басшы (менеджер) олай ойламауы мүмкін. Бірінші пайдалану жылында одан тиімді нәтиже алынбауы мүмкін.