Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
11111.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
190.46 Кб
Скачать

Азық-түлік өнімдердін мөлшерлеуді есептеу

Жұмыстың мақсаты: мөлшерлеу процессінің теориялық негізін үйрену, азықтық өнімдердің есептеу әдістемесін үйрену және есепеу.

Теориялық мәліметтер

Мөлшерлеу — бұл процесс берілген мөлшері және порциясын дәлдікпен өлшейді . Мөлшерлеудің екі әдісі белгілі — көлемді және массалық. Мөлшерлеу процесінің өтуі порциялды және үздіксіз болуы мүмкін.

Өңдейтін өндірістерде көлемді порциялы және көлемді үздіксіз әдістері неғұрлым кең қолданылысқа ие болды. Жем комбинат зауыттарында массалық порциялды әдісін қолданады.

Мөлшерлегіштер деп қажетті мөлшерде өлшеуге және шығаруға арналған құрылғылар. Қабылданған мөлшерлеу әдісіне сәйкесінше массалық және көлемдік болып бөлінеді. Соңғы шыққандар құрылысы бойынша оңай, бірақ мөлшерлеу дәлдігін төмендеу болады; олардың қателігі 10... 12 % жетеді, ал массалық — 1...3 %. Бұған қарамастан көп жағдайларда көлемдік мөлшерлегіштерді қолданады.

Мөлшерленетін материалдың берілу түріне байланысты үздіксіз және порциялды мөлшерлегіштер болып бөлінеді.

Жем комбинаттарымен және басқа ӨсыпучиӨ өнімдерге арналған мөлшерлегіштер көптеген әр түрлілігімен ерекшеленеді.

Сусымалы қоспаларды дайындау үшін жұмыс бөлімінің құрылымына байланысты әдетте көлемдік мөлшерлегіштерді - барабанды, тарелкалы, шнекті, өлшенген сыйымдылықты және массалық- қарсы жүгі бар бункерлерді қабылдайды.

Дайын өнімді мөлшерлеу үшін көлемді мөлшерлегіш қолданылады: секторлық,шибенерлік, плунжерлі,грейферлі,ленталы және өлшенген сыйымдылық .

Шашылған өнімді ылғалды мөлшерлеу кезінде шығынды реттейтін құралмен жабдықталған және белгілі бір уақытта қосылатын ленталы және шнекті транспортерлер қолданады .

Сұйық өнімдерді негізінде өлшенген әртүрлі конструкциялы сыйымдылықтар көмегімен мөлшерлейді.

Барабанды мөлшерлегіштер екі типті болады (сурет- 7.1): с цилиндрлі немесе қырлы барабандар және секторлы (ұяшықты немесе қалақты). Ұсақ бидайлы және ұнтақты материалдарға цилиндрлі, жұмсақ және ұсақ рифлді барабандар қолданады, ұсақ және орта кесекті материалдар үшін қырлы барабандар қолданады.

Сурет- 7.1. Барабанды мөлшерлегіштер:

а — цилиндрлі, б— қырлы, в —ұяшықты, г —қалақты

7.2-сурет. Горизонтальды шнекті мөлшерлегіш:

1 — қабылдау құрылғысы; 2 — корпус; 3 — шнек; 4 — білік.

Барабан шеңберінің жылдамдығы 0,025...1 м/с тең. Мұндай мөлшерлегіштер бункердің астына орнатылады. Астаушаны толтыру коэффициенті 0,8...0,9.

Жеке бөлшектерді ұнтақтақтаудың маңызы болмайтын, бидай, ұсақ кесекті және ұнтақ тектес материалдарды беру үшін шнекті мөлшнрлегіштер қолданылады (7.2-сурет) . Шнектің айналу жиілігін өзгерту арқылы басты әдіспен өнімділігін реттейді. Мұндай мөлшерлегіштерді горизонтальды, еңкейтілген және вертикалды жағдайда орнатуға болады.

Шнектің адымы 0,8...1,0 диаметрге тең,толтыру коэффициенті 0,8...1,0.

Негізгі жұмыс бөлшегі — берілісті механизмнен тербелістерді қабылдайтын, тіреуші немесе ілінген жайма 3 (7.3-сурет). Соңғысы ретінде эксцентрикалық тербелісті 1 ( 7.3, а-сурет) немесе діріл қозғалтқышты 4 (7.3, б-сурет) қолданылуы мүмкін.

Дірілдеуші мөлшерлегіштер әртүрлі материалдарды өткізуі мүмкін. Жайманың тербелу саны 3000 мин-1 дейін, тербелістердің ауытқуы — 4 мм дейін. Осыған қарамастан жайманың түбінен материалдың қысқа уақытта айырылу болады және белгілі бір уақыт аралығында материал еркін ұшу жағдайында болады. Бұл соңғысының мыжыраюын төмендетеді және жайма мен жүктің контактысының ұзақтығын төмендетеді.

Ленталы мөлшерлегіштерді (7.4-сурет) сусымалы және нашар сусымалы және де ылғалды нығыздалған материалдарды мөлшерлеу және беру үшін қолданады. Оларды горизонталды немесе көлбеу орналастыруға болады.

Лентаның жоғарғы бөлігі тіреуші роликтерде жатыр және қозғалмайтын металдық төсенішпен сырғанайды. Лентаның бойымен астау құратын борттарды қондырады. Бункер лентаға материалдың қысымы тікелей берілмейтін қылып істелген. Лента бойындағы материалдың қабатын жапқыштың биіктігімен реттейді. Ұсынылған лента жылдамдығы 0,1...0,5 м/с тең.

Мөлшерлеу әдісі мен мөлшерлегіш типі таңдау мөлшерленетін материалдың физико-механикалық және технологиялық қасиеттеріне байланысты.

7.3-сурет. Дірілдеуші мөлшерлегіштер:

а — с эксцентрикалық тербеуші; б — діріл қозғалткыш 1 — эксцентрик; 2 — тарту; 3 — ілінген жайма; 4 — діріл қозғалтқыш

7.4-сурет. Ленталы мөлшерлегіш:

1 — жапқыш; 2 — лента транспортері

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]