Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
лекция 3 ТСАД-1.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
30.94 Кб
Скачать

Темірбетон құбырын құрғандағы қауіпсіздік техникасы

Конструкциялар мен олардың элементтерін көтерер алдында шаңнан, мұздан және тоттан тазалау қажет, ал жеке бөлшектерді (фасондарды, төсеулерді, жапқыштарды және с.с.) көтерер алдында көтеретін элементке сенімді байлау керек.

Конструкцияны және олардың элементтерін көтергенде құрылған сигнализация қолданылады (жарықтық, дыбыстық, белгілік).

Кран машинисті монтаждауды көре алмайтын жағдайда, монтаждаушылар мен оның араларында сенімді байланыс (телефон, радио және с.с.) болу керек.

Элементтер мен конструкцияларды аспа арқанға жобаға максималды ұқсас етіп орнатылатын жеріне жақын байлап жіберу керек.

Элементтер мен конструкцияларды көлденең көтеріп, тасымалдау басқа заттардан 0,5 м биіктікте жасалады.

Конструкцияларды кранмен монтажниктер жұмыс орнынан көтеріп өткізуге болмайды. Асылып берілген элементті орналастыратын жерінде 30 см кем түсірмейді. Осындай қалыпта монтажниктер өздері қолмен тартып, жобалық жеріне апарып құрады.

Монтаждау барысында адамдардың қозғалысына қауіп төндіретін зоналар қоршалынып, сақтандыратын сигналдар және белгілермен жабдықтануы тиіс.

Тиеу және жеңілдету жұмыстарындағы қауіпсіздік техникасы

Тиеу және жеңілдету жұмыстарына жауапты тұлға жұмыс басталар алдында операцияның орындалу тәртібін қарастыру керек, жұмыстың қауіпсіздігін қамтамсыздандыратын шараларды ұйымдастыру, арқандарды тексеру, механизмдерді т.б. тексеруі керек.

Тиеу және жеңілдетудің механизирленген әдісі салмағы 50 кг асатын жүктер үшін маңызды, сонымен қатар жүктерді 3 м биігірек биіктікке көтергенд маңызды.

Алаңдарға кіретін жолдар жарамды, әрі қатты жамылғыдан құралуы тиіс.

Тиеу және жеңілдету алаңының еңістігі 50 аспауы шарт, ал олардың мөлшері мен жамылғысы жұмыс өндірісі жобасына сай болуы тиіс.Тиісті жерлерде <Кіріс>,<Шығыс>,<Бұрылу> деген арнайы жазулар болуы тиіс.

Тиеу және жеңілдету алаңы жұмыстар өнімділігін қауіпсіздігін қамтамасыздандыратын арнайы инвентармен жабдықталады.

Тиеу және жеңілдету алаңында жүктерді орналастыру, сонымен қатар жүру мен өту жолдары технологиялық процестерге сай келуі тиіс.

Сөрелер мен текшелер арасындағы арақашықтығы қоймаларды қамтамсыздандыратын, ені 1 м кем емес міндетті және 2,75 м кем емес негізгі бос жүру алаңы бар, көлік құралдарының және тиеу – жеңілдету машиналарының шектік көлеміне сай болуы керек. Қоймаларды жоғарыда бекітілген нормалардан асырып жүктеуге тыйым салынады.

Максималды салмаққа жақын жүктерді екі рейс етіп тиеген жөн. Жүкті 20-30 см биіктікке көтереді де (ілгекті, кранның тұрақтылығын және тежегіштің жұмысының сенімділігін тексереді), кейін барлық биіктікке.

Кранның қозғалысы немесе бұрылысы барысында жан-жақта адамдардың жоқтығын тексеру керек. Дыбыстық сигнал беруі қажет.

Кранмен орналастырылатын көлденең бағыттағы жүктерді 0,5 м кем емес басқа жолда кездесетін заттардан биігірек биіктікке көтергеннен кейін тасымалдауға болады.

Кран жебесін жұмыс ұзындығының ең кіші мәнінен асырмай, сай етіп көтерген жөн.

Құдық пен котлованнан жүкті көтергенде ілгек порожендерін алдын ала түсіріп, барабанда 1,5 сым арқан витоктарының қалуын қадағалау керек.

Жүктерді көтергенде жүк көтергіш құрылғы міндетті түрде жүктің үстінде орналасуы керек. Кранмен жүкті сүйреуге тыйым салынады.

Жұмыс барысында автомобиль краны көлденең алаңда орналастырылуы қажет. Кранн

ың тұрақтылығын ұлғайту үшін таяныш домкраттарды дұрыс орналастыру керек. Оны жаңадан тұрғызылған үйіндіге, құламаға және ойықтарға жақын орналастырылуға болмайды.

Жүктерді арқандар және шынжырлармен бекіткенде аспа асқыштардың болғаны жөн. Ал егер жүктер жартылай автоматтың алымды бейімделулерімен көтерілетін болса, онда соларды ілетін жұмысшылардың болғаны жөн.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]