- •Су Өткізгіш құбырларды салу Темірбетонды құбырдын кұрылыс технологиясы:
- •Котловандарды салу:
- •Дайындықты орнату:
- •Монолитті іргетасты салу:
- •Іргетасты топырақпен толтыру
- •Құбырдың маңдайшасы мен саңылауын монтаждау
- •Маңдайшадағы арықты орнату
- •Гидроизоляциялық жұмыстар
- •Темірбетон құбырларының құрылу технологиясы
- •Темірбетон құбырын құрғандағы қауіпсіздік техникасы
№ 3 ДӘРІС
Су Өткізгіш құбырларды салу Темірбетонды құбырдын кұрылыс технологиясы:
құрылыс аланың дайындау;
бөлу жұмыстары;
құрылымдарды, аспаптарды, жабдықтарды түсіру және жүктеу;
Іргетас астында котловандарды салу;
шағыл тасты дайындау;
монолитті іргетасты салу;
Іргетасты топырақпен толтыру;
құбыр саңылауы мен блоктарды маңдайшаны орнату;
саңылау мен блоктарды монтаждау;
маңдайшадағы арықты тұрғызу;
гидроизоляциялық жұмыстар;
құбырды топырақпен толтыру;
бекіту жұмыстары.
Котловандарды салу:
Котловандарды шығу маңдайшасынан кіру маңдайшасына
жүргізеді. Құбырдың астындағы котлован құрылыс алаңында топырақты бульдозермен араластыру барысында жүргізіледі. Маңдайша астындағы котлованды құрылғылы күректен, топырақты жыраға апару барысында эксковатормен өңделеді. Онан кейін топырақты құрылыс аланынаң бульдозермен араластырады. Фундамет астындағы котлованның түбіне және құлама қабырғасын бір деңгейде салады. Котлован жұмыстық белгіге дейін 10-20 см-де өңделеді. Котлован түбін қолмен рейканың көмегімен ұзына бойлық еністік есебімен және құбырдың құрылыстық биіктігімен жүргізіледі. Котлованның өлшемі іргетас өлшеміне сай әр жағынан 0,5 м болады.
Дайындықты орнату:
Іргетас астындағы дайындықты қалындығы 10 см қалындықтағы шағыл тастан тұрғызады.
Құлама астындағы маңдайшаны дайындау және құлама жақтарын 10 см құмды қиыршық тас қоспасынан; арықты 30 см құмды қиыршық тас қоспасын салады.
Шағыл таспен құмды қиыршық тас қоспасын автосамосвалдармен жеткізіп, қолмен тегістеп, электротрамболаумен тығыздайды.
Монолитті іргетасты салу:
Шағыл тасты дайындыққа дайын щиттерден іргетас қалыбына орнатады. Қалыптың жоғарғы щиті нивелир бойынша орнатылады. Секция аралық тігістерді щиттердің көмегімен орналастырады. Іргетас еніне қарай екі щит орнатады.
Бетонды қоспаны төсеу үшін қалыпқа су себеді. Тағайындаған соң қоспа электровибратормен тығыздалады. Вибрациялау 20-30 с. Тығыздаудың нәтижесі бетон қоспасының отыруының тоқтауы. Іргетас бетін алу және рейка астында алып тастау мен тегістеу. Еңістіктің дурыстығын рейкамен нивелир деңғейімен тексереді.
Іргетасты топырақпен толтыру
Іргетасты топырақпен турғызу жергілікті діртекті топырақпен екі жағынан да бірдей 15 см қалыдықта шұнқырменмен барлық ұзындығында жүргізіледі.
Құбырдың маңдайшасы мен саңылауын монтаждау
Монтаждау жұмыстарына аспапты тексеріс белгісін тексерген соң жәнеде пландағы фундамент жағдай кейін жүргізіледі.
Ең берінші кіру маңдайшасы монтаждап одан кейін кранмен іргетасқа маңдайшаны орналастырып, құламалы шоқтарда орналастырады.
Шығу маңдайшасынан кейін тік бұрышты саңлауды шығу маңдайшасы бағытын монтаждайды.
Орнатаудың дурыстығын монтаждау процесінде соңғы бекіту элементіне дейін бақылайды.
Маңдайшадағы арықты орнату
Құлама жақтарында арықтарды орналастырады. Арық түбін жобалык сызыққа дейін тазалау.
Автомобиль-автосамосвалдармен құмды-қиыршық тас қоспасын жеткізіп, оны котлованға тікесінен тік тиейді қолмен тегістеп, электротрамболаумен тығыздайды. Дайын құмды-қиыршық тас қоспасына маркасы М-150 20 см бетонды қоспасын төсейді.
