- •Курсы: III Оқу семестрі: V-vі Емтихан: vі семестр
- •Оқытушылар туралы мәлімет:
- •Әртүрлі мүшелер жүйесі бойынша оқыту екі нұсқада жүргізіледі:
- •2.5 Реквизитке дейінгі және реквизиттен кейінгі:
- •2.6 Пәннің қысқаша мазмұны
- •2.7 Тәжірибелік сабақтардың, студенттердің өзіндік жұмыстарының тақырыптық жоспарлары.
- •2.7.1 Тәжірибелік сабақтардың тақырыптық жоспарлары
- •2.7.2 Обсөж тақырыптық жоспарлары
- •2.8 Студенттердің өзіндік жұмысының тақырыптық жоспары.
- •Суммативті бағалау әдісінің дизайны Оқытудың соңғы нәтижелері және тақырыптық блоктар бойынша бағалау әдістерінің үйлестірілуі
- •2.9 Ұсынылатын әдебиеттер тізімі
- •Орыс тілінде.
- •2.10 Оқыту және үйрету тәсілдері.
- •2.11 Білімдерін бағалау белгілері және ережелері
АХМЕТ ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ
МЕДИЦИНА ФАКУЛЬТЕТІ
АДАМ ПАТОЛОГИЯСЫ КАФЕДРАСЫ
«Бекітемін»
Медициналық білім беру
басқармасының басшысы
м.ғ.к.
__________ У.Б. Татыкаева
«____»__________ 2016жыл
«ПАТОЛОГИЯЛЫҚ АНАТОМИЯ-2»
пәні бойынша
СИЛЛАБУС
Пән коды: РА -2 2210
Мамандық: 5В130100 – «Жалпы медицина»
Оқу сағатының көлемі:
Кредит саны: 3
Тәжірибелік сабақ –45сағат
Студенттің өзіндік жұмысы– 45 сағат
Студенттің оқытушы мен бірге жасайтын өзіндік жұмысы:45 сағат
Курсы: III Оқу семестрі: V-vі Емтихан: vі семестр
Түркістан – 2016ж.
Силлабус "Патологиялық анатомия-2" пәні бойынша "Жалпы медицина" мамандықтарының 01.12.2006 ж. №582 бұйрықпен бекітілген ҚР мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты және университет Сенатымен (26.06.2014 жылы №6 хаттамасы) бекітілген негізі оқу жоспары негізінде ҚР ДСМ ( №11 хаттама, 14.06.2007 ж.) "Медициналық және фармацевттік жоғары оқу орындарының университеттегі медицина факультеттерінің кафедраларында оқу-әдістемелік құжаттарды өңдеу" бойынша №6 нұсқау хат талаптарына сәйкес типтік бағдарламасы негізінде жасалған.
Силлабус медицина факультеті «Адам патологиясы» кафедрасының мәжілісінде талқыланған.
Хаттама №____ «____» _____________ 2016 ж.
Кафедра меңгерушісі_________________м.ғ.к., доцент Н.А.Жұманазаров
Силлабус оқыту және бағалау комитетінде қаралған.
Хаттама №____"____" _____________ 2016 ж.
Комитет төрайымы _____________ К.Б.Бураева
Силлабус білім беру бағдарламалары комитетінде мақұлданған.
Хаттама №____ "____" _____________ 2016 ж.
ОӘК және БББ комитет төрайымы, PhD ________________М.Б. Жунисова
Оқытушылар туралы мәлімет:
Қамыспаев Марат Уитанұлы – медицина ғылымдарының кандидаты, «Адам патологиясы» кафедрасының аға оқытушысы.
Өнертабыстық ғылыми қызығушылығы – Пульмоэктомия кезіндегі оң жақ қарыншаның морфологиялық сипаттамасы.
Ғылыми және әдістемелік еңбектері: 40-тан астам ғылыми мақалалар жарияланған.
Байланыс ақпараты: ОҚО. Түркістан қаласы. Б.Саттарханов көшесі, №3 медицина және прозектура ғимараты, медицина факультеті, Адам патологиясы кафедрасы. Тел. 8-725-33-6-36-36 (ішкі 281 ).
Тулепбеков Қайрат Маратұлы – «Адам патологиясы» кафедрасының оқытушысы.
Өнертабыстық ғылыми қызығушылығы – бүйрек патологиясының жүктілік ағымына әсері.
Ғылыми және әдістемелік еңбектері: 4 ғылыми мақалалар жарияланған.
Байланыс ақпараты: ОҚО. Түркістан қаласы. Б.Саттарханов көшесі, №3 медицина және прозектура ғимараты, медицина факультеті, Адам патологиясы кафедрасы. Тел. 8-725-33-6-36-36 (ішкі 281 ).
Досжанов Самат Сабырұлы– «Адам патологиясы» кафедрасының оқытушысы.
Өнертабыстық ғылыми қызығушылығы – Орталық жүйке жүйесінің даму ақауларының патоморфологиялық сараптау.
Ғылыми және әдістемелік еңбектері: 1 ғылыми мақалалар жарияланған.
Байланыс ақпараты: ОҚО. Түркістан қаласы. Б.Саттарханов көшесі, №3 медицина және прозектура ғимараты, медицина факультеті, Адам патологиясы кафедрасы. Тел. 8-725-33-6-36-36 (ішкі 281 ).
1. Пәннің саясаты:Ахмет Ясауи атындағыХҚТУ-і медицина кластерінің 2016-2017 оқу жылындағы «Медициналық білім беру саласындағы педагогикалық стратегия» талаптарына сәйкес студенттің білімін бағалау формативті (электронды журналға енгізілмейтін) және суммативті (қорытынды сабақ, аралық бақылау, емтихан) түрде жүргізіледі.
Университеттің оқу үдерісін ұйымдастыру және емтихан регламентінің 7 бабына сәйкес студенттердің сабаққа қатысуы міндетті. Студенттің сабаққа келмеген күндері, әрбір семестр бойынша жеке есептегенде жалпы оқу бағдарламасындағы сағат мөлшерінің 10% аспауы тиіс. Денсаулығы бойынша сабаққа келмеген күндері осы пайыздық шектеу ішіне кірмейді. Денсаулығы туралы анықтамасы университет клиникасына немесе АИ–да үш күнде тіркеліп, сабаққа деканаттан өтеуге рұқсат қағазымен келуі тиіс. Себепті жіберген сабақтарын блокқа дейін өтеуі қажет. Студент сабаққа қатыспаған кезде өтілген тақырыптарды және пән оқытушысы тарапынан берілген тапсырмаларды өз бетінше орындауы қажет. Сабаққа келмеген студенттер үшін өтілген сабақ қайталанбайды.
Студент семестр соңындағы немесе оқу жылы соңындағы емтиханға кіруі үшін, денсаулығына байланысты сабақтан қалған күндерін есептемегенде, пән бойынша аудиториялық сабақтардың ең кемі 90%-на қатысуы қажет. Сабақтарға қатыспауына немесе өтпелі балл жинай алмауына байланысты емтиханға жіберілмейтіні туралы, сессия басталмас бұрын пән оқытушысы тарапынан студентке хабарланады. Сессия басталмас бұрын кафедра меңгерушісінің ұсынысы негізінде ол студент деканат тарапынан емтиханға жіберілмейді.
2.1 Кіріспе.
Дәрігер мамандығын дайындауда тұрақты білімі мен тәжірибесінің қалыптасуының негізгі шарты фундаментальді пәндерді клиникалық пәндердегі игерген тәжірибелік білімі мен дағдыларының қосарланып, үйлесуі болып табылады.
Интеграциялық бағдарлама өз алдына келесі талапты қояды. Жас өспірім ерекшеліктерне байланысты патологиялық процестерде жасуша, тін, ішкі мүшелердің морфологиялық өзгерістерін үйретуді қамтамасыз ету.
Бағдарлама негізі адам ағзасының сегіз мүшелер жүйесінен құралған: жүрек-тамыр, тыныс алу, ас-қорыту, жүйке-жүйесі, несеп бөлу, эндокринді, тірек-қимылмен тері және оның қосалқылары, қан жасау жүйесі.
Интегрирленген тәртіп негізінде оқыту фундаментальды және клиникалық тәртіптердің әдістемелік нұсқауларды түбегейлі өзгертеді.
Фундаментальды тәртіптің көлемі мен мазмұны ішкі аурулардың алдын-алу сұраныстарына негізделген, ал ішкі аурулардың алдын-алу. Жасөспірім жастағылардың ерекшеліктерін оқытуға негізделеді.
