Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
5587 2.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
737.28 Кб
Скачать

Мемлекет және құқық туралы негізгі түсініктер

Мемлекеттің қоғаммен генетикалык байланысы. Мемлекет туралы әңгімені бастардың алдында біз ең алдымен оның қоғамда әрекет ететіндігін, онымен қандай да бір өзара қарым-қатынаста болатындығын, оның, яғни қоғамның тарапынан белгілі бір ықпалдың болатындығын және өз кезегінде қоғамға өзі де ықпал ете алатындығын ескереміз. Сондықтан да қоғам мен мемлекеттің, оны жанама түрде көрсететін аса маңызды институттарының көмегімен болатын өзара қарым-қатынасының принциптері мен негіздерін теориялық жағынан айқындау қажеттігі туып отыр.

Қоғам - адамдардың ұйымдасуы мен өмір сүруінің нысаны, соның шеңберінде материалдық және рухани игіліктер өндіріліп, тұтынылып және айырбасталып жатады, осының өзі белгілі бір тәртіпті, адамдар арасындағы өзара қарым-қатынастардың орнықтылығы мен тұрақтылығын нығайтуға бағытталған, өз мүшелерінің мінез-құлқын басқарудың, реттеудің және ықпал етудің ерекше құралдарының болуымен сипатталады.

Мемлекет қоғамның негізінде пайда болады және сол мемлекет құрған ұйымдардың бірі болып табылады. Ол - қоғам дамуының белгілі бір кезеңіндегі нәтижесі. Қоғамның анатомиясы, бейнесі, сипаты және табиғаты қандай болса, мемлекет те сондай болады. Жартылай жабайы қоғамның өзіне лайықты мемлекеті болса, өркениетті қоғамда мүлде басқа мемлекет болды. Өркениеттің әр басқышы әр алуан мемлекеттермен сипатталып келді және сипатталып отыр. Қоғам дегеніміз - мемлекеттің объективті негізі іспетті, соның базисі, өзгеше «тіршілік ету ортасы». Ол мемлекеттен әлдеқайда көп бұрын пайда болды. Ұзақ уақыт бойы ол мемлекетсіз өмір сүрді, туындаған мәселелерді басқа ұйымдық құрылымдар мен институттардың көмегімен шешіп отырды. Алайда қоғам өзі тудырған мемлекет оның өте қажетті серігі, міндетті түрдегі атрибуты болып шықты. Бір кезеңнен екінші кезеңге өткен сайын ол дамып, түрленіп, өзгеріп келді және жақын, алыс келешекте де өзгеретіндігі шүбә келтірмейді, бірақ енді келешекте тарих сахнасынан шығып қалуы және жойылып кетуі екіталай. Қоғам тіршілік етіп жатқан кезде мемлекет те сақталады.

Алғашкы кезде қоғам мен мемлекет бірдей болды деген сияқты оқу әдебиеттерінде кездесетін пікір біздің ойымызша, дұрыс емес. Келтірілген тезистің авторы Л. И. Спиридонов айтып отырған ежелгі полис бір мезгілде әрі мемлекет, әрі қоғам болуы мүмкін емес. Оның бойынан өз құрылымдары бар мемлекет болып не табылатынын және шын мәнінде қоғамды не құрайтынын айыру керек. Олар сәйкес келмейді, сәйкес келуі мүмкін де емес, өйткені әртүрлі дәстүрдін құбылыстарына жатады.

Мемлекет қоғамға қызмет етуі керек, оның мүдделері мен қажеттіліктерін қанағаттандыруға ықпал етуге, оның тіршілік етуіне қажетті жағдайларды қамтамасыз етуге тиіс. Бұл жағынан мемлекеттің мүмкіндігі зор. Орасан зор материалдық, адам, ұйымдастыру ресурстарына, саяси-идеологиялық потенциалға, басқарудың, реттеудің және ықпал етудің әр алуан құралдарына иелік ете отырып, мемлекет (оларды үнемді әрі тиімді пайдаланған жағдайда) экономиканың, әлеуметтік, рухани және басқа жағдайлардың дамуына оң әсер етіп, тұрақтылық пен тәртіпке қол жеткізуге, қоғамда қажетті моральдық-психологиялық ахуал қалыптастыруға оң ықпал ете алады. Мемлекеттің жоғарыда аталып өткен мүмкіндіктерінін қоғамға барынша пайда келтіретіндей етіп жүзеге асырылуы аса маңызды.

Алайда, кейде мемлекеттің қоғамға масыл болатын жағдайы да кездеседі, қоғамға зиян және түгелдей орны толмайтын залал келтіре отырып, оның дамуына теріс (тойтаратын, жансыздандыратын, тежейтін) роль атқаруы мүмкін. Мемлекеттің қоғамға теріс ықпалының мүмкіндігі аса зор болғандықтан онын қоғамды деформациялау сияқты салдары да болуы мүмкін. Мысалы, фашистік және басқа тоталитарлық мемлекеттердің қоғам дамуындағы ролі шын мәнінде қатерлі болып шықты: экономиканың милитаризациялануы, демократияның дамымауы, жеке адамның құқығының аякқа басылуы, полицияның зорлық-зомбылығы, жаппай заңсыздык - міне осының бәрі қоғамның табиғатын бұрмаламай тұра алмады, оған теріс бағыт берді.

Көріп отырғанымыздай, қоғамға қатысты мемлекеттің ролі біржақты бағалана алмайды екен.

Қоғам мен мемлекеттің қатынасынын үйлесімділігінің қажеттілігі. Қоғам алдында тұрған көптеген міндеттерді шешуді мойнына алған мемлекет қалай болғанда да қоғамның түрлі саласындағы тіршілік әрекетіне араласуға мәжбүр болады. Тарихтың әр кезеніндегі мұндай араласудың сипаты мен шегі әртүрлі. Оларға көптеген объективті және субъективті факторлар әсер етеді: экономиканың даму деңгейі, халықтың әл-ауқаты, елдің әлеуметтік тұрақтылығы, қоғамдык және мемлекеттік құрылыстың демократиялық деңгейі, аса маңызды саяси институттардың ара қатынасы, басқару элитасы мақсаттарының бағыттылығы, басшылардың жеке басының қасиеті. Осыған байланысты мемлекет пен қоғамның өзара қарым-қатынасының тұрпаты қалыптасады. Мемлекет өзінің дамуының ең алғашқы кезеңдерінде қоғаммен өзара қарым-қатынасында жабайы әрі дөрекі нысандарды жиі қолданды: үстемдік ету, сөзсіз бағынуды талап ету, қатаң бақылау мен ұсақ тәртіп белгілеушілік, мәжбүрлеу және күштеу әдістерін қолдану арқылы жаппай мемлекеттендіру. Тек кейінірек, халықтың сана-сезімі мен менталитетінің өсу, мемлекеттік және қоғамдық институттарды бірте-бірте демократияландыру адамның және азаматтың құқығы мен бостандығын қорғаудың қажеттігі туралы идеяның пайда болуы мен таралу денгейіне қарай бұл дөрекі әрі қарапайым нысандар қалай болғанда да өзгереді, жұмсарады, басқаларға орын береді. Өркениеттік бастаулар, мемлекет пен қоғамның қарым-қатынасына кіре отырып, оларды жана сатыға көтереді, оларға жаңа сипат береді.

Әрине, бүгінде қоғамды табанына салып таптағысы, оған өзінің еркін таңып, дербестік пен автономиялықты жоққа шығарғысы келетін мемлекеттерде кездесіп қалады. Алайда, олармен қатар, көптеген мемлекеттер қоғаммен өзара қатынастарын үйлесімділік пен тең құқықтық принциптеріне құра отырып, әміршілдік-бұйрықшылдық нысандарынан бас тартуда. Бұл тенденциялардың әрі қарай дамуы құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғам құруға алып келеді.

Мемлекет пен қоғамның өзара қарым-қатынасының үйлесімділігіне апаратын жолдың көптеген қиындықтары бар, соқтықпалы-соқпақты болып келеді. Жаңа принциптер мен әдістерді бекіту үшін материалдық және ұйымдық алғы шарттармен қамтамасыз ету керек. Сонымен бірге, бұйрық беруге дағдыланып қалған әрі иландыру мен тәрбиелеуді білмейтін мемлекеттік аппараттың барлық қызметкерлерінің ойлау селқостығын жеңу керек. Азаматтардың сана-сезімін қайта бағдарлау аз күш жұмсауды қажет етпейді, олар өз құқығы мен мүддесін қорғауға дағдыланбаған, кейде олардың бұзылуымен үнсіз келіседі, өмірде кездесетін заңсыздық, сыбайластық және қиянат фактілеріне енжарлық көзқарас ұстанады.

Қоғам қабылетті әрі тиімді әлеуметтік институттар құруға мүдделі, өйткені олар мемлекеттің ролінің шектен тыс күшеюіне және оның өзіне негізсіз билік етуіне, айқын өктемдігіне, әсіресе тоталитарлығына сенімді кедергі болар еді. Олардың ішінде ең алдымен халықтың әртүрлі топтары құратын саяси партияларды, қоғамдық бірлестіктерді, бұқаралық қозғалыстарды, үкіметтік емес ұйымдарды айтуға болады. Жұртшылықтың белгілі бір дәрежедегі қолдауына ие болған, қоғамдық пікір мен өз беделіне сүйенген олар, қоғам мен мемлекеттің арасындағы қажетті балансты сақтау немесе қалыптастыру үшін ықпал етудің түрлі механизмдерін пайдаланады.

Мемлекет пен құқықтың пайда болуы туралы теориялар

Алғашқы қауымдық құрылыстың ыдырауы және мемлекеттің пайда болуының алғы шарттары. Мемлекеттің пайда болуына өзінің сипатына, бағытталуы мен ерекшеліктеріне сәйкес, нысандарын қажет етпеген және мемлекет болғанға дейінгі, басқа нысандарды пайдаланып келген алғашқы қауымдық қоғамның даму кезеңдері тікелей ізашар болып отыр. Экономика мен басқа да тіршілік ету салаларының өте төмен деңгейімен ерекшеленетін алғашқы қауымдық қоғам алдын ала қоғамдық өмірдің жабайы сатысынан объективті түрде өтіп, мемлекеттік деңгейіне дейін «өсуі» керек. Ол жануарлар әлемінен енді ғана бөлініп шыққан, өзінің өткен өмірінің ашық та анық таңбасы бар адамның көп жағдайда табиғаттың дүлей де соқыр күштерінің алдында дәрменсіз болып қалатындығымен, жағдайды бірден бағдарлай алмайтындығымен, өзінің іс-әрекеті мен қылығынын аяғы неге апарып соғатындығын болжай алмайтындығымен сипатталатын. Ол тамақ, киім және басқа тіршілікке қажетті заттарды табудың жетілмеген, дөрекі құралдарын пайдаланды, соған қарай қоғамда еңбек өнімділігі табыстың жинақталып, осында қалып қалуына мүмкіндік жасай алмады: ол қалдықсыз пайдаланылды.

Осындай өте қиын жағдайларда, тіршілік ету үшін адамдардың алғашында шағын ғана отбасылық кезбе топ құруға, кейінірек - қауымның құрамы бойынша одан әлдеқайда көбірек болып топтасуы қажет болды. Бұл топтар негізінен туыстық қатысы бар адамдардан құрылды. Кезбе топтың немесе қауымның мүшелерімен туыстық қатысы жоқ адамдарға сенімсіздік көрсетіліп, олар ортаға жіберілмеді. Біртіндеп қоғамның негізін салған рудың адамдары бөлектеніп шыға бастайды. Ол үшін олардың мынадай ерекшеліктері болуы керек болды:

1) сол кездегі іс-әрекеттің негізгі салаларын қамтуға мүмкіндік беретін қоғамдық өмірдің өзіндік бір нысаны ретінде ортақ шаруашылықты жүргізе алатын, ұжымдық тұтынуды жүзеге асыратын, ұжым мүшелерінің қажетін қанағаттандыратын болуы керек;

2) туыстық жағынан аса жақын емес, сондай-ақ таяудағы мақсат, мүдделері де бөлектеу ру мүшелері айтарлықтай ұйымшылдық көрсетіп, бір біріне көмектесіп, қауіп-қатерден бірлесіп қорғануы керек;

3) осыған сәйкес руды басқару жүйесі құрылды: ру тіршілігінің негізгі мәселелері барлық ру мүшелерінің дауысы тең болып саналатын рудың жалпы жиналысында қаралып, сонда шешілді; жалпы жиналыс қандай да бір қоғамдық міндет жүктелетін ру басшысын, әскер басын және басқа да адамдарды сайлайды, сондай-ақ олардың қызметіне бақылауды жүзеге асырады. Барлық қоғамдық міндеттердің ақысыз-пұлсыз атқарылатындығын, тұрақты негізде емес және ру мүшелерінің ұсынысы бойынша кез келген сәтте өзгеріп тұратындығын атап айту аса маңызды, ал кәсіби немесе жартылай кәсіби басқарушы-қызметкерлер түріндегі қандай да бір басқару және мәжбүрлеу аппаратын ру ұйымы білген емес.

Ру адамдар арасындағы алғашқы қауымдық құрылыстың алғашқы ұйымы ретіндегі қоғамдық тұрмыс жүйесін толық қамтыған жоқ - ол небәрі осы жүйенің бір буыны ғана болды. Бірнеше ру фратрийге бірікті, ал бірнеше фратрий тайпа құрды. Кейде тайпалар одағы сияқты бірлестіктерді де кездестіруге болады.

Осынау басқалардан анағұрлым ірілеу бөлімшелердің шеңберінде болып жатқан қоғамдық істерді басқару, руды басқару тәртібімен бірдей негізде жүргізілді.

Бұдан кейінгі кезеңдерде алғашқы қоғамның негізінде болған өзгерістер оның барлық тараптарына қатысты болды. Тұрмыстың экономикалық саласында болған өзгерістердің маңызы айрықша еді. Күннен күнге өндіргіш күштер жетіле бастады: егер алдымен жабайы жеміс-жидектерді, дәнді дақылдарды жинау және жабайы аңдарды аулау бағыты басым болса, сосын, солармен қатар, мәдени дақылдарды сеуіп, мал өсіру қолға алына бастады. Сүйектен, тастан, ал кейінірек қоладан еңбек құралдары, аң аулайтын және қорғанатын құралдар қолданыла бастады. Адамның тұтынған затынан өндірген затының артылып қалуы ұшырасты. Артық дүниесі көбейгендер оқшауланып шыға бастады. Сөйтіп, осының негізінде жеке меншік пайда болды да, бірыңғай әлеуметтік қоғамда үлкен бір өзгеріс жасап, оны байлар мен кедейлер деп екі топка беліп берді. Осы кезеңдегі ірі қоғамдық еңбек бөлінісінің (қалған жұртшылықтан бақташылар тайпасынын бөлініп шығуы; колөнердің егін шаруашылығынан бөлінуі; көпестер тобының пайда болуы) әсерімен бұл процестер тереңдей түсті.

Біртіндеп басқарудың рулық ұйымы мен қоғамдық тұрмыс қоғамның жаңадан тіршілік ету жағдайларында қайшылықтарға кездесе бастады да, өздеріне жүктелген міндетті орындай алмайтын жағдайға жетті. Оның қоғамның өзгерген жағдайын ескере алатын жаңа ұйымға, - мемлекетке жол беруі керек болды.

Мемлекет тақыр жерден пайда болған жоқ. Ол рулық басқару жүйесін жоққа шығару және сонымен бір мезгілде оның өзіндік бір жалғасы болып табылды. Олардың арасында жақсы жаңалықтан кенде емес кейбір инстатуттардың сабақтастығы айқын көрініп тұрды. Біріншіден, рулық басқарудың көптеген институттары (мысалы, процедурасы күрделі және қатысушылары тең құқықты жалпы жиналыс) ысырылып тасталып, билік ету-мәжбүрлеу бағытындағы басқасымен алмастырылды. Екіншіден, рулық басқарудың бірқатар институттары (мысалға, әскери басшылар мен көсемдер немесе сайлау институты) елеулі өзгерістерге ұшырап, қоғамның тіршілік әрекетінде жаңа жағдайларға бейімделді, сипатын, функциясы мен міндетін өзгертті, қалай болғанда да сақталып қалды. Үшіншіден, бұл процесте басты нәрсе әлеуметтік жағынан әр алуан, антагонизмдерімен және күресімен сипатталатын қоғамға арналған әкімшіл-бұйрықшыл, мәжбүрлеу-күштеу сипатындағы жана институттардың қалыптасуы, апробациялануы, іріктелуі, жетілдірілуі болып отыр.

Көріп отырғанымыздай, алғашқы қауымдық қоғам дамуының табиғи барысынын өзі, әрекет етіп отырған барлық факторлардың - объективті және субъективті, ішкі және сыртқы, маңызды және екінші кезектегі - жиынтығы мемлекеттің пайда болуына алып келді. Бұдан былай қарай мемлекет өзінің тарихының барлық келесі кезеңдерінде серіктес болып келген қоғамның тікелей атрибуты болды.

Мемлекет туралы ұғым. Мемлекет - басқару функциясын орындайтын және соның көмегімен қоғамнын тіршілік-тынысын қамтамасыз ететін, оған қажетті жағдайлар мен алғышарттар жасауға ұмтылатын адамзат қоғамын ұйымдастырудың айрықша нысаны. Өзіне тән ерекше белгілері мен қажетіне, сондай-ақ өзіндегі аса мол мүмкіндіктеріне қарай мемлекет экономиканы дамытудың, әлеуметгік-саяси, рухани, ұлтаралық және жеке адамдардың арасындағы қатынастардың маңызды мәселелерін шешуге нақты қатысып, қоғамдағы істердің жағдайына белсенді түрде әсер ете алады. Мемлекет тек өзіне ғана тән функциялары, әсер ету нысандары мен әдістері бар айрықша құрылым ретінде сипатталады. Соның арқасында оны қоғамда, ұйымда, құрылымдар мен институттарда әрекет ететін басқалардан ерекше өзгешелігімен көзге түсетін күрделі саяси организм ретінде қабылдаймыз.

Көрсетілген негізгі жағдайлар біздің түсінігімізде және мемлекетті анықтауда өзінің көрінісін табуы керек. Өзінің көрінісін тапқан құбылыстың күрделілігі мен көп аспектілігін қарай оның біржақты болуы мүмкін емес және бірнеше «қабатты» қамтиды.

Мемлекет дегеніміз бұл - адамзат қоғамы дамуының маңызды кезеңдеріне тән саяси ұйым:

а) қоғамды басқару міндетін атқару, адамдардың, топтардың, таптардың және басқа да әлеуметтік субъектілердің қарым-қатынасын реттеп, бағыттау, олардың бірлескен іс-қимылына жағдай жасау жүктелген;

б) оның саясатын жүзеге асыру жүктелген кең тармақты органдар жүйесі және биліктің ұйымдастырушылық күш құралдары бар;

в) тапсырмасының орындалуын қоғамдық өмірдің барлық субъектілері қамтамасыз ететін әкімшілік-мәжбүрлеу өкілеттігі берілген.

Мемлекет туралы бұл түсінікті ашып, нақтылай отырып, әрбір белгі соғылған белгілерге егжей-тегжейлі тоқталып, оның мазмұнды және мәнді сипаттамасына тереңірек үңіліп, әрекет ету механизмін көрсету қажет.

Мемлекеттің негізгі белгілері. Мемлекеттің рулық басқару ұйымынан басты айырмашылығы сол, онда арнаулы кәсіби басқару және мәжбүрлеу аппаратының болуымен немесе, оқу және монографиялық әдебиеттерде атайтынындай, «жария биліктің» болуы тән. Бұл жердегі әңгіме қоғамнан бөлініп шыққан, басқару негізгі жұмысына, кәсібіне, мамандығына айналған, қатары біртіндеп көбейе бастаған адамдар туралы. Басқарушы-адамдардың мұндай ерекше тобын алғашқы-рулық басқару ұйымы білген емес. Ол тек қана басқарудың мемлекеттік жүйесіне тән нәрсе; олар мемлекеттің рабайсыз үлкен механизмін іске қосады. Нәтижесінде мемлекеттін барлық халқы бір жағынан басқарылатындарға, екінші жағынан басқаратындар мен басқару жөніндегі мамандарға бөлінген сияқты. Сөйте тұра екіншілерінің біріншісіне қатысты тек қана басқару функцияларын емес, сондай-ақ кейбір мәжбүрлеп ықпал ету шараларын да ресми түрде жүзеге асыруына қақысы бар.

Мемлекеттің басқа бір ерекше белгісі, өзінің өмір сүруі үшін халықтан салық жинауға мәжбүр болуы. Салық - бұл мемлекеттің өмір сүріп, тіршілік етуінің экономикалық негізі; салықсыз ол күн көре алмайды, өйткені қаржының жетіспеуінен немесе болмауынан оның бүкіл тіршілігі қиындайды. Салықты мемлекеттің барлық азаматтары, соларға қоса шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар да төлейді; халықтың шамалы бөлігі ғана салық төлеуден босатылады. Мемлекет салықтан түскен қаржыны баскару және мәжбүрлеу аппаратының орасан зор армиясын ұстауға, мемлекеттің жүргізетін ішкі саяси және сыртқы саяси шараларын қаржыландыруға, медицинаны, білім беру, ғылым, мәдениет салаларын қолдауға, экономиканың маңызды салаларын ынталандыруға, қоғамдық қауіпсіздікті, құқық тәртібін және қылмыс пен кұқық бұзушылықпен күресті қамтамасыз етуге пайдаланады.

Мемлекеттің ерекше белгілерінін біріне оның өз азаматтарын аумақтық принцип бойынша бөлетіндігі жатады, ал алғашқы - рулық басқару ұйымының негізі мүлдем басқаша - қандас туысқандардың байланысы мен қарым-қатынасынан құралады. Енді соңғысы бұрынғы маңызын жойды, басқару ісінде басым болудан қалды. Керісінше, мемлекет азаматтарға өздеріне тиесілі құқықтарын бөліп, оларға міндеттер жүктеу туралы мәселені шешкен кезде, оларды басқару, ұйымдастыру және басқа да шараларға тарту кезінде ең алдымен олардың аумақтық тиістілігін, тұрғылықты жерін ескереді.

Мемлекеттің даму барысында халықтың аумақтық принципі бірқатар мемлекеттік-құқықтық институттармен тұтас алғанда жанама түрде байланыс орната алды, ол оны нақтылай түсуге, тереңдетуге, айқын мазмұнмен толықтыруға бағытталған еді.

Олардың ішінде қандай да бір мемлекетке тиесілілігі бекітілген азаматтық институты ерекшеленеді. Басқа тұлғалардың бәрі шетелдіктер немесе азаматтығы жоқ тұлғалар болып танылады. Азаматтардың мәртебесіндегі айырмашылықтарының, сондай-ақ шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалардың арқасында мемлекет халықты «өзіміздікі» және «өзіміздікі емес» деп дифференциялайды. Сыртқы (мемлекеттер арасындағы) және ішкі (автономиялық және әкімшілік-аумақтық бөліністер арасындағы) шекаралар институтының маңызы айтарлықтай. Олардың көмегімен мемлекеттік биліктің кеңістіктегі шегі, сондай-ақ мемлекеттің егемендігінің құрамдас бөлігі болып табылатын аумақтық билік ету институты анықталады.

Мемлекет басқа ұйымдардан қоғамда әрекет ететін құрылымдарымен және институттарымен, егемендік сияқты қасиетімен ерекшеленеді. Бұл қасиет мемлекетті басқа ұйымдардан, қоғамның құрылымдары мен институттарынан жоғары қойып, оған өзіндік басымдық, қайталанбас ерекшелік береді. Егемендіктің екі құрамдас бөлігі бар: үстемдік және тәуелсіздік. Мемлекеттік биліктің үстемдігі деп өз аумағындағы ең жоғары билікті айтады. Аумағындағы жұмыс істеп тұрған барлық ұйымдар, бірлестіктер, құрылымдар мен тұлғалар мемлекетгің басымдық ролін мойындайды, өздерін оның мәртебесі мен маңызынан төмен қояды. Олар мемлекеттік биліктін бұйрығын орындауға, мемлекеттің белгілеген тәртібін сактауға міндетті. Мемлекетке тиесілі аумақта бірде бір ұйым, бірлестік немесе құрылым мемлекетке қарсы келе алмайды. Егемендіктің екінші бір құрамдас бөлігі болып саналатын тәуелсіздік дегеніміздің мәнісі, мемлекет өзінің билігін дербес жүргізеді, өзінің стратегиялық бағыты мен тактикалық жолын өзі таңдайды, өз ісіне ешкімді араластырмай, ішкі және сыртқы саясатын өзі жасайды, басқаның үстемдігіне жол бермейді. Тәуелсіздік ұғымының ішкі аспектісі мемлекеттің ішінде жұмыс істейтін бірде-бір ұйымның, бірлестіктің және құрылымның мемлекетгік биліктің дербестігіне қол сұға алмайтындығына ерекше көңіл аударуға міндеттейді. Ал тәуелсіздіктің сыртқы аспектісі, егемен мемлекет басқа мемлекеттермен, халықаралық ұйымдармен дербес қарым-қатынасты сақтайды дегенді білдіреді.

«Құқық» терминінің көптеген мәні бар, ол заң ғылымында, күнделікті өмірде және қызмет бабында қолданылады. Кең мағыналы түсінік болғандықтан, әрбір адамның құқықтың мәні туралы қандай да бір пікірі қалыптасатыны сөзсіз.

Заң ғылымында «құқық» термині бірнеше мағынада қолданылады. Біріншіден, «құқық» - ресми түрде танылған жеке және заңды тұлғалардың заңға сүйене отырып, әрекет жасау мүмкіндігі. Мысалы, азаматтардың еңбек ету бостандығы, білім алу, меншік иесі болу, кәсіпкерлікпен шұғылдану құқығы. Заңды тұлғалардың да құқықтық мүмкіндіктері болады. Осы келтірілген жағдайларда «құқық» түсінігі субъективтік (тұлғалар) мағынада қолданылады.

Субъективтік (тұлғалар) құқық - тұлғалардың мүддесін қанағатгандыру мақсатымен құкықтық нормалардын құқық тұлғаларына берген құқықтық мүмкіндіктері. Мұндай мүмкіндіктер құқықтық қатынастарға қатысатын тұлғалардың мінез-құлқының шегін анықтайды. Тұлғаның құқығы құқықтық қатынасқа қатысушы басқа тұлғаның құқығымен байланысты болғандықтан, екі жақта да құқықтық міндеттер пайда болады. Мысалы, әр азаматтың оқып, білім алуға құқығы бар. Сол құқықты пайдаланып, оқуға түскеннен кейін азамат оқу орнының ішкі тәртібіне бағынуға, оқу бағдарламасын орындауға міндетті.

Заңи тұлға кәсіпкерлікпен шұғылданып, заңи негізде мүлікке ие болуға хақылы. Ол мүлікті өз игілігі үшін пайдаланады. Сонымен қатар, өз мүлкін пайдаланғанда қоғамның, басқа адамдардың мүдделеріне зиян келтірмеуі керек. Сондықтан Қазақстан Республикасының Конституциясында былай деп жазылған: «Меншік міндет жүктейді, оны пайдалану сонымен қатар қоғам игілігіне де қызмет етуге тиіс» (6-бап).

Субъективтік (тұлғалық) құқықтық міндет - құқықтық мүмкіндік берілген құқық тұлғасының заңи мүддесін (талабын) орындату үшін басқа құқық тұлғасына жүктелген міндет. Бұл міндет құқықтық қатынастарға қатысу нәтижесінде жүзеге асырылып, мемлекеттік мәжбүрлеу арқылы (міндетті орындамаған жағдайда) қамтамасыз етіледі.

Екіншіден, «құқық» дегеніміз құқық нормаларының жүйеге келтірілген жиынтығы. Бұл объективтік мағынадағы құқық, себебі олардың жасалуы жеке адамның еркіне байланысты емес. Сонымен, объективтік мағынадағы құқық жеке нормаларға бөлінбейтін, тұтас құбылыс болып саналады. Құқық туралы Конституция былай дейді: «Қазақстан Республикасында қолданылатын құқық Конституцияның, соған сәйкес заңдардың, өзге де нормативтік-құқықтық актілердің, Республиканың халықаралық шарттық және өзге де міндеттемелерінің, сондай-ақ Республика Конституциялық Кеңесінің және Жоғарғы Соты нормативтік қаулыларының нормалары болып табылады» (4-бап).

Үшіншіден, «құқық» термині оқу пәнін білдіретін ұғым ретінде қолданылады. Құқық пәндері түрлі салаларға бөлінеді: конституциялық құқық, әкімшілік құқық, еңбек құқығы, отбасы құқығы, азаматтық құқық, қылмыстық құқық, қаржылық құқық т.б. Құқық саласы - өзара туыстас қоғамдык қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы. Мысалы, азаматтық құқық - мүліктік және мүліктік емес қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы. Қылмыстық құқық - қылмыс жасауға, жазалауға байланысты қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы.

Төртіншіден, «құқық» термині тұлғалық құқық пен объективтік құқықтың жиынтығы ретінде де қолданылады. Осыған байланысты «құқық жүйесі» деген түсінік бар. Мысалы, қазіргі жағдайда елімізде Қазақстанның құқық жүйесі қалыптасуда.

Құқық пәндерін оқып, құқықтың мәнін терең түсінген адам оның түрлі жағдайда мағынасы әр түрлі болатынын да анықтай алады. Мұның өзі құқықтың өте күрделі әлеуметтік құбылыс екендігінің белгісі.

Құқықтың түрлі түсінігінің болуы - оның әлеуметтік мәнінің де түрлі болуының негізі. Егер құқықты тұлғалармен байланыстырса, тұлғалардың мемлекетте, қоғамда құқықтық мәртебесі қандай екенін анықтау, түсіну қажеттігі туады. Азаматтарға сан қилы құқықтар мен бостандықтар беріліп, оларды жүзеге асыру мүмкіндігі жасалса, онда қоғамда шынайы теңдік орнатылған болып есептеледі. Ал, объективтік құқық туралы сөз болғанда, мемлекетте қалыптасқан заңдар жүйесі әлеуметтік тұрғыдан сипатталады.

Әрине, құқық туралы зерттеушілердің көзқарасы бір жерден шығып, бір текті болады деп айтуға болмайды. Негізінен, құқықты таптық және жалпы әлеуметтік тұрғыдан түсіндіру ғылымда кен орын алып келді. Маркстік ілім құқықты, оған байланысты құбылыстарды тек таптық тұрғыдан ғана зерттейді. Бұл ілім бойынша құқық - үстем таптың саяси құралы, тек соның жоғын жоқтап, мүддесін қорғайды. Ал өркениеттік тұрғыдағы ілім бойынша құқық қоғамдағы барлық адамдардың еркін білдіріп, мүдделерін қорғайтын құрал болып саналады. Қандай ілім болса да құқықтың әлеуметтік мәні бар екенін айтады. Бірақ маркстік ілім құқықтың әлеуметтік мәнін өте тар тұрғыдан түсіндіруге тырысады. Әрине, құл иеленушілік дәуірде құқық ашықтан-ашық тек құл иеленушілердің мүдделерін қорғап, құлдарды сөйлейтін мүлікке теңегені белгілі. Бірақ, бұл көзқарасты барлық қоғамдарға, түрлі сатыдағы мемлекеттерге телуге болмайды. Құқық тек үстем таптың еркін білдіретін болса, ондай қоғамда үздіксіз тап тартысы орын алып, ақырында ол құлдырап, жойылады. Қазіргі замандағы өркениетті мемлекеттерде құқық барлық азаматтардың еркін білдіретін саяси құралға айнала бастағанын мойындау керек. Қазақстан мемлекетінде қалыптасып келе жатқан құқыққа да осындай жалпы әлеуметтік тұрғыдан қарау шындыққа сай келеді десек, қателеспейміз. Қазақстан Республикасында қабылданған заңдарды талдайтын болсақ, олардың қандай да болсын әлеуметтік топтарды кемсітетінін немесе белгілі бір топқа артықшылық жасайтынын таба алмаймыз. Демек, Қазақстан заңдары барлық әлеуметтік топтардың еркін білдіріп, олардың заңды мүдделерін қанағаттандыруға бағытталған.

Құқықтың жалпы әлеуметтік мәнін мойындай отырып, оған мынадай анықтама беруге болады.

Құқық (объективтік тұрғыдан қарағанда) - жалпыға бірдей міндетті, мемлекет күшімен қамтамасыз етілетін, қоғамдық қатынастарды реттейтін, заңда және басқа да ресми құжаттарда анықталған құқықтық норма, ережелердің жиынтығы.

Енді, құқықтың негізгі белгілерін қарастырайық.

Жүйелілігі. Құқық - бірнеше бөлшектен тұратын жүйелі құрылыс. Оның бір бөлігі - табиғи құқықтың мазмұны адам мен қоғамның табиғатына байланысты әлеуметтік-құқықтық талаптармен анықталады. Мысалы, адамның өмірі, денсаулығы табиғи құбылыстар. Оларды сақтауға, қорғауға, қамтамасыз етуге бағытталған құқықтық нормалар табиғи құқыққа жатады. Қазақстан Республикасының Конституциясында былай деп жазылған: «Әркімнің өмір сүруге құқығы бар. Ешкімнің өз бетінше адам өмірін қиюға хақысы жоқ» (15-бап). Құқықтық жүйенің екінші бөлігі - мемлекеттегі қолданылатын барлық заңдардың жиынтығы. Құқықтық жүйенің үшінші бөлігі - субъективтік (тұлғалар) құқықтар. Осы айтылған бөліктер бірімен-бірі табиғи түрде байланысты, бірінсіз басқаларын түсінуге, жүзеге асыруға болмайды. Мысалы, тек әр адамның өмір сүруге құқығы бар деп жарияланса, оның жүзеге асырылуы қамтамасыз етілмесе, адамның өз өмірін сақтауға, қорғауға мүмкіндігі болмаса, аталған құқық қағаз бетінде ғана жазылып қалған болар еді. Адам өзіне қажетті рухани және мүліктік игілікті пайдалану үшін өзі белсенді әрекет жасауы керек. Адамның әлеуметтік-құқықтың талаптарының мағынасы - оны мемлекеттің тануы, қорғауы, қажет болған жағдайда қамтамасыз етуі.

Нормативтік сипаты - құқықтың негізгі белгілерінің бірі. Құқық қағидалардан, ережелерден, рәсімдерден тұрады. Қағида - тұлғалардың мінез-құлықтары туралы ереже. Былайша айтқанда, қоғамдық қатынасқа қатысушылар өз іс-әрекеттерін, мінезін белгілі ережеде көрсетілген қалыпқа бейімдеулері қажет. Сондықтан құқықтың нормалары - тұлғалардың іс-әрекетінің, мінез-құлқының үлгісі. Мысалы, әркім өзінің қай ұлтқа, қай партияға және қай дінге жататынын өзі анықтауға және оны көрсету көрсетпеуге хақылы (Қазақстан Республикасының Конституциясы, 19-бап). Тұлғалардың мінез-құлқын анықтау арқылы құқық нормалары қоғамдық қатынастарды қажетті арнаға бағыттап, жолға салады, реттейді, жөндейді, ұйымдастырады, тұрақтандырады, бассыздықтан қорғайды.

Формальды анықтылық - құқықтың тағы да бір маңызды белгісі. Ол құқықтың мемлекетпен байланысты екенін көрсетеді. Құқықты, оны құратын заңдарды, басқа да нормативтік актілерді жасайтын, жалпы алғанда, мемлекет. Мемлекет органдардан тұрады, демек, мемлекет органдары заңдарды жасайды. Заң - ережелер жиынтығы. Олар жай ережелер емес, мемлекет атымен жасалатын болғандықтан ресми сипаты бар ережелер. Әрбір ереже, қағида заң шығарушының тұлғалардың мінез-құлқы туралы ойын анықтап, түсінікті түрде тұжырымдайды. Қағидада артық сөз болмауы керек, оның әрбір сөзінің әлеуметтік мәні болады, себебі ол қоғамдық қатынасқа қатысатын тұлғалардың мінез-құлқын анықтау арқылы олардың тағдырына әсер етеді.

Құқықтың енді бір белгісі - мемлекеттің күшіне сүйенуі. Егер мемлекет құқық қағидаларының жүзеге асырылуына, дұрыс қолданылуын қамтамасыз етпесе, олар тек қағаз бетінде ғана жазылып қалған болар еді. Мемлекет, оның органдары тұлғалардың құқықтарын жүзеге асыруға жәрдемдеседі, жағдай жасайды. Мысалы, Қазақстан Республикасының Конституциясы бойынша елімізде азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін жағдайлар жасалады. Заңда көрсетілген санаттағы мұқтаж азаматтарға тұрғын үй заңмен белгіленген нормаларға сәйкес мемлекетгік тұрғын үй қорларынан олардың шама-шарқы көтеретін ақыға беріледі (25-бап). Егер азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына қол сұғылса, мемлекет оларды қорғайды. Заңды бұзғандар құқықтық жауапқа тартылады, мүмкіндігінше бұзылған құқық орнына келтіріледі.

Құқықтың тағы бір белгісі - адамдардың еркін білдіруі. Қазақстан Республикасының Конституциясында жазылғандай, мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы - халық. Халық билікті тікелей республикалық референдум және еркін сайлау аркылы жүзеге асырады, сондай-ақ өз билігін жүзеге асыруды мемлекеттік органдарға береді (3-бап). Сонымен халық заңдарды өзі тікелей қабылдай алады. Мұндай жағдайда заң тікелей халықтың еркін паш етеді. Оған мысал, 1995 жылдын 30 тамызында Қазақстан халқының Конституцияны қабылдауы. Конституция - құқықтың өзегі, ұйтқысы. Олай болса, Қазақстанда қалыптасып келе жатқан құқық бүкіл көп ұлтты халықтың еркін білдіреді, ойын жүзеге асырады десек, ешбір асыра сілтеу болмайды. Халықтың ойын, еркін мемлекет органдары да тиісті нормативті актілер қабылдау арқылы жүзеге асырады. Халық Президентті сайлайды. Ол халық атынан әрекет жасап, өз өкілеттігінің шеңберінде нормативті актілер - заң күші бар жарлықтар, жай нормативті жарлықтар, қаулылар қабылдайды. Президенттің нормативті актілері Қазақстан құқығын қалыптастыратын бастау болып есептеледі. Құқықты құратын нормалар тек бір адамның немесе әлеуметтік топтың еркін білдіріп, мүддесін ғана қорғамайды. Ол - халық үшін қызмет істейді.

Құқықтың әлеуметтік реттеуші ретіндегі объективтік қасиетіне формальды белгілік (определенность), яғни нысандағы белгілік. Құқықтық нормалар міндетті түрде объективті болуы керек, сырттан көрініп, әртүрлі нысандардың мазмұнында болуы керек, себебі өмір сүрудің жолы, өмірдің нысандары. Онсыз құқық нормаларының барлығын жекелігін мойындауға болмайды, олардың сырттай объектиленбесе өзінің тәртіпті реттеу мақсатын орындай алмайтындығын айтпасақта.

Мәселеңі былай қойсақ, табиғи құқықтың барлығына, адам құқықғының бөлімбейтіндігіне қарсы шыққандық болып түсінілуі мүмкін, себебі ондай жағдай, бұрынан позитивті (жазба) құқыққа қарсы қойылған. Бірақ дүниежүзілік тәжирибе адам құқығының дамуы мен толыққандылығы олдардың жазба құқығында бекітіліп нормативті құқықтық - актылар арқылы іске асырылу мүмкіндігі көрсетілген. Профессор А.Б.Венгеровтың айтуы бойынша, ХХ ғасырда құқықтың белгісіне байланыста табиғи-құқықтық ережелер мен адамның өмір сүруінен шығатын (оның негізгі құқығы мен бостандығымен); және басқа құқықтық ережелердің арасындағы өзгешелік жоғалады. Барлық құқық аясындағы нысан біреу ғана болады - объективті бекітуді барлық тәртіп құқығы актыларды және басқа қайнар көздерде көрінетін болады.

Бұрынғы табиғи құқық аталатын жағдай, кәзіргі көзқарасқа, ойларға сай құқықтың объективтік негізін, қоғамның құқықтық талабын құрады. Ал мемлекеттің міндеті - бұл мазмұнды ресми актыларға кіргізу.

Құқықты сырттан объективтікке айналдыру проблемасымен көптеген түсініктер және терминдердің байланыстылығына сай соны талдап білу қажет. Мысалы, «құқық нысаны» мен «құқықтық нысанды» айыра білу қажет. Құқықтық нысан деп негізінен құқықтық құралды атайды, егер олар әлеуметтік мәселелерді шешу үшін жанама түрде пайдаланса. Мысалы, экономиканы құқықтық реттеу нысаны.

Құқықты объективтілікке айналдыру нысанымен, қатар (бұл кезде оны, сыртқы нысан деп атайды) құқықтық ішкі нысанын және ұйымдастырылуын түсініп, элементтердің байланысу жолдарын (жүйелі келу теориясындағы құрылымды) зерттейміз.

Құқық нормаларының сыртқы көрінісін құқықтың қайнар көзі деп атайды. Бірақ бұл термин көп мағнада болады. Құқықтың қайнар көзін формальді мағнада (құқық нысаны) былай бөледі:

а) материальды мағнада (қоғамның өмірінің материалдық жағдайы, әруақытта объективті түрде, құқықтың пайда болуын, құқықтық реттеудің қажеттілігін талап етеді).

б) құқықтық ғылыми қайнар көзі (өткен дәуердегі заңдардың текстілері, жалнамасын, тарихи хроникалар т.б.)

в) құқықтық қайнар көзі идеологиялық мағнада - қоғамның құқық санасы, көзқарастар, идеалар, заңды доктриналар.

1. Тарихи бірінші құқық нысанына - (құқықтың қайнар көзі формальды мағнада) құқықтық дәстүр - мемлекет санкция берген дәстүр жатады. Мазмұны бойынша ол шын мәніндегі тәртіптерін жолы, бірақ мемлекеттің – қыстау арқылы іске асыратын мүмкіндігімен пайдаланады: егер үйреншікті күш жұмыс істемесе, оған мемлекет араласады. Әдет-ғұрыптарға мемлекеттік санкция беру екі жолмен жүргізіледі:

а) нормативті-құқықтық актыда (әдетке сілтеу) әдет-ғұрыптың негізгі нормаларын бекіту арқылы.

б) әдет-ғұрыпты сот шешімдерінің нормативтік негізі ретінде пайдалану артқылы. Егер, норма (тәртіп) әдет-ғұрып түгелімен нормативті-құқықтық актымың теке түсінді толығымен қайталанса, құқықтық қайнар көзі (құқықтық әдет) әдет-ғұрып делбестік қасиеттілікті қабылдамайды: әдет-ғұрып нормалары кәзірде нормативті заңды нысанда не сот преценденті ретінде өмір сүреді.

Әдет-ғұрып құқығы ерте кездегі құқықтық жүйесінің даму кезеңдерінде үстемділік етті. Дегенмен ол кәзіргі кездегі АҚШ-тың, Англияның, ФРГ құқықтық жүйеде және мұсылман құқығында пайдаланылады. Әдет-ғұрыптың маңызы Азияның, Африканың және Океандағы даму үстінде елдерде жоғары бағаланады. Әдет-ғұрып халықаралық құқықтың қайнар көзі ретінде БҰҰ-ның 1980 жылғы товарларды халықаралық сатып алу-сату Конвенциясында мойындалған.

2. Құқықтың қайнар көзінің екінші түрі - сот прецеденті. Сот прецеденті құқықтың қайнар көзі ретінде Көне Римде (преторлық құқық) мойындалған. Ондай мойындау орта ғасырда да болған. Құқықтың қайнар көзі сот прецеденті кәзіргі кезде англо-саксандық жалпы құқықққа да таралды (Англия, АҚШ, Канада, Австралия). Барлық елдерде сот есебі жарияланады, одан прецендеттен туралы ақпарат алуға болады. Прецедентті құқықтың қайнар көзі ретінде мойындау соттағы құқықтық шығармашылық функциясын мойындау, мұндай жағдайда - шын мәнінде жоғарғы құқықтық мәдениет, сот жүйесі сияқты дамыған құқықтық сана, демократиялық традиция жөнді ақпарат жүйесі және әлеуметтік бақылаудың нәтижелері болып табылады.

Соттар прецедентті «тудырмайды» оларды жасап шығармайды. Прецеденттірдің көмегімен соттар қоғамда бұрын құрылған нормаларды бекітеді. Сот прецедентті қажетті заңның жоқтығынан не, сол сияқты бар кезде де құрады.

Прецеденттер барлық соттармен жасалмайды, тек жоғарғы инстанциядағы соттармен белгіленеді. Англияда ондай инстанциядағы соттарға Жоғарғы және сот апппеляциялық және лорд палатасының соттары жатады.

Россияның құқықтық жүйесінде сот прецеденті арнайы түрде құқықтың қайнар көзі ретінде мофындалмаған.

Мемлекеттің басқару аясының қызыметінде құқықтың қайрнар көзі әкімшілік прецеденті болуы мүмкін.

Сонымен, заң прецеденті (сот не әкімшілік) - сот және әкімшілік шешімдері мұндай жұмыстарды қарағанда үлгі (эталон, үлгі алатын) пайдаланылды және заңды тәртіпке айналды. Сот прецеденті - бұл соттың шешімі, онда сот ізденіп өз жұмысын шешу үшін жаңа заң нормаларын табады және пайдаланады, яғни прецедент болып аталуы үшін бірегей ғана сот шешімі болуы қажет. Сонымен қатар , «жалпы құқық! Елдерінде прецедент - бірнеше соттардың шешімімен құрылады.

3. Құқық нормаларының қайнар көздерінің біріне, яғни үшіншісі ретінде нормативтік-құқықтық келісімді атауға болады.

Барлық құқықтық жүйелерде келісімдердің маңызы құқық белгілеуші ретінде мойындалады. Бірақ оны құқықтың қайнар көзі ретінде басқа құқықтық келісіндерден, жекелеген заңды актылардан (мысалы азаматтық құқықтағы сату-саты алу келісімі) айыра білу керек. Себебі, оларда заңды тәртіпті белгілемейді тек нақты субъектілердің нақты құқықтары мен міндеттерін белгілейді. Нормативті-құқықтық келісімдер ретінде субъектілердің өзара сөз байласулары көрінеді, өйткені онда жаңа заң тәртіптері бар. Келісім құқықтың қайнар көзі ретіндегі маңызы халықаралық және Конституциялық құқықтар үшін көбрек қажет, себебі, базарлық қатнастардың дамуына байланысты азаматтық және еңбек құқықтарының аясында таралады. Жалпы алғанда, нормативті-құқықтық келісімдердің заң нормаларының қайнар көзі ретінде үлкен болашағы бар.

4. Төртінші (ең маңызды) құқықтың қайнар көзіне нормативті- актылар жатады (ол туралы келесі сұрақта).

Зпңды доктриналар (құқықтық теориялар, құқық туралы ілімдер) құқықтың төртінші (ең маңызды) қайнар көзіне жатады. Оның үлкен маңыздылығы Ертедегі Рим құқығына әсер етті. Белгілі рим юристеріне соттарға міндетті түсініктеме беруге рұқсат, құқық берлген. Кәзіргі кезде, заңды доктриналар мұсылман құқығының шығу көздеріне айналды. Англиядағы соттар өздерінің кейбір шешімдеріне негізді ғалымдардың жұмыстарынан табады соған сүйенуге тырысады.

Көп елдердегі континентальдық және жалпы құқықтардың қайнар көздеріне құқықтың жалпы принциптері (қағидалары) жатады.

Нормативті-құқықтық акт: түсінігі және түрлері

Нормативті-құқықтық акт құқықтың негізгі нысаны ретінде «жазулы» құқық елдерінде пайдаланылады. Оның өзіне тән негізгі сипатымен белгіленеді, яғни ол бір жағынан, заң нормаларының қайнар көзі болып табылады, ал екінші жағынан, құқықтық актылардың түрлеріне жатады. Сонымен, нормативті-құқықтық акт:

а) заң нормаларын ұстайды;

б) арнайы жазбаша акт-құжат болып саналады;

в) мемлекеттің ерекше шығармашылық әрекеттерінің нәтижесі.

Нормативті-құқықтық акт өкілеттік заңдар тәртібінде не болмаса референдум атрқылы қабылдануы мүмкін, бірақ әр уақытта мемлекеттің еркін көрсетуі қажеттілік.

Нормативті-құқықтық актыны оның жоғарыдағы көрсетілген белгілерін есептей отырып заңды нормаларды бойына сіңірген және белгілі процедуралық нысанды қабылданатын арнайы жазба акт-құжат ретінде білуіміз керек:

а) мемлекеттің міндетті органдарымен;

б) өкілетті заңдар тәртібінде;

в) референдум тәртібіндегі.

Нормативті-құқықтық актілерді басқа құқықтық актілердің түрлерінен айыра білу қажет - жекелеген заңды актыларден, ең маңыздысы - құқықты қолдану актісінен. Оларды біріктіретін жалпы заң табиғаты, әрқайсысының мемлекеттік - билік ұйғарымдары бар, бірақ қолдану актысында бұл ұйғарымдар жекеленген, нақтылық (субъектілерге және мазмұндарына байланысты) сипатта болады.

Нормативті-құқықтық актылардың негізгі мақсаттары - құқық нысандары басқа басқадағыдай - құқықтық ақпаратты сақтап жөнді жағдайда қажетті жерлерге жеткізеді. Бұл жағынан нормативті - құқықтық актлар өте қолайлы жетілген құқық нысаны - мемлекет және «жәй» субъектілер үшін. Мемлекет сол артқылы оперативті түрде құқықтық реттейді, қоғамның құқықтық қажеттілігіне көңіл аударады, барлық қоғамдық процесстерді басқару жұмысына координация жасайды.

Нормативті-құқықтық актілердың түрлері.

Олар, ең алдымен заңдарға, қосымша заңдарға, нормативті-құқықтық актыларға бөлінеді.

Заң мынадай белгілерден тұрады:

а) мемлекеттің жоғарғы билік органдарымен не референдум артқылы қабылданады;

б) оған ең жоғарғы заңдылық күш тән және құқықтың басқа қа йнар көздеріне қарағанда үстемдігі басым;

в) қабылданады, өзгертіледі және ерекше процедуралық тәртіппен толықтырылады;

г) маңыздылығы жоғары әлеуметтік аяны реттейді, өте маңызды қоғамдық қатнастарды, құқықтық реттеудің басын бекітеді;

д) қоғамның қызығушылығы мен кркін көрсетуі міндетті;

е) бірыңғай нормативті (басқа нормативті-құқықтан айырмашылығы, тек құқық нормаларынан тұрады жекелеген-билік ұйғарымын, «вкрапленияны» алуы мүмкін.

Заңдар, өз жағынан, Конституциялық және кәдүмгі заңдарға бөлінеді: Конституциялық заңға мыналар жатады:

а) Конституция (мемлекеттің негізгі саяси-құқықтық актысы);

б) Конституцияның өзіне толықтырулар мен өзгертулер кіргізетін заңдар;

в) заңдарды қабылдаудың қажеттігін бекіткен заңдар.

Кәдімгі заңдарды кодификациондық (заңдардың негіздері, Кодекстер) және ағымдағыға бөлуге болады. Федеративтік мемлекеттерде заңдар федераральдық (жалпы федеральдық) және Федерацияның субъектілерінің заңдары.

Қосымша нормативті-құқықтық актылар – заңдарға міндетті түрде негізделуі қажет және оған қайшы болмауы керек.

Қазақстан Республикасындағы заңға қосымша (иерархия негізінде) нормативтік-құқықтық актыларға төмендегілер жатады:

а) ҚР Президентің жарлығы

б) ҚР үкіметінің нормативті актылары

в) Атқарушы биліктің орталық органдарының нормативтік актылары (министрлер, мемлекеттік комитеттер және ведомствалар).

Нормативті-құқықтық актылардың ерекше түрі ретінде тек мекемелерде, өндіріс орындарында әрекет істейтін локальды нормативтік актыларды айтамыз (уставтар, ережелер т.б.)

Субъективті заңды құқық. Субъективтік заңды құқық пен субъективтік заңды міндеттердің өзара байланыстары.

Юриспруденцияда «құқық» деген сөз бір-бірімен байланыстағы, бірақ екі құбылысты көрсетеді: оның біреуі объективтік құқық, - екіншісі субъективтік заңды құқық.

Объективтік құқық - әлеуметтік нормалардың бір түрі, әлеуметтік реттеуші, яғни «жалпылама құқық» сияқты.

Бұл мағнада құқық туралы көпжақты айту мүмкін емес сипатта болады: егер әңгіме «құқық туралы» болса, субъективтік құқық туралы айтылғанын білуіміз керек. Объективтік құқық субъективтік құқықпен байланыссыз қаралса, оны жәй «құқық» деген атаққа ілінеді: азаматтық құқық, әкімшілік құқық т.с.с.

Субъективтік заңды құқық – объективтік құқықпен тығыз байланыстағы онымен қамтамасыз етілген, соның негізінде пайда болған, бірақ сапа жағынан айырмашылығы бар, яғни басқа құбылыс. Осы мәселене талдай отырып, екі проблемалары бөліп қарауымыз керек:

а) құқықтағы объективтік және субъективтік проблемалар;

б) объективтік құқық және субъективтік заңды құқық.

Біріншісі философиялық сипатта және оның мәні сонда, қоғам өміріндегі қандай құбылысты заңгерлер қай әрежеде «объективтік құқық, объективтік, ал қандай дәрежеде - субъективтік аталатының көрсету. Біздің қарастырып отырған проблемамыз юриспруденция аясында және субъективтік құқық мұнда «субъективтік» болып аталуының бірақ себебі бар: субъектіге тікелей қатасы барлардың бәрін жаққызамыз. Сондықтан оны «субъективтік» емес «субъективтік» деп атауға да болады. Кейде, соған байланысты мынандай анықталманы кездестіруге болады: «субъективтік құқық - субъектінің құқығы». Осындай спецификалық жағдайда, құқықтанудағы тағы бір, сапасы жағынан бөлек түсінік «құқық» - әлеуметтік нормалардың ерекше түрі ретінде мынандай абсулдты қортындығы келуге болады: субъективтік заң құқығы дегеніміз, әйтеуір бір нормалардың жүйесі, неге екені белгісіз, жеке субъектіге жатады.

Сондықтан, субъективтік заңды құқықтың анықтамасын белгілеген кезде, үш сөздің әрқайсысына түсінік беріп, сол терминнің мазмұнын ашып көрсетуіміз қажет:

а) неге ол «субъективтік»;

б)»заңдылық» деген негі білдіреді;

в) бұл кезде «құқық» деген сөзге қандай мән беріледі.

Субъективті заң құқығы - құқық субъективтігіне заң нормаларымен оның қызығушылығын қаңығаттандыруға құқықтық қатынастағы мүмкіндік тәртібінің өлшемін белгілеуге берілген құқық және ол басқа субъективтінің корреспонденттік міндетімен қамтамасыз етілсін мемлекепен кепілденген құқықтық қатынас.

Бұл анықтама төмендегідей белгілерге негізделген:

  1. Мұндағы әңгіме белгілі тәртіптің мүмкіндігі.

  2. Мұндай мүмкіндік көрінге емес, тікелей құқық субъектісіне (құқықтық қаблеттілігі бар адамға) беріледі.

  3. Құқық субъектісіне оның қызығушылығын қанағаттандыру үшін беріледі.

  4. Құқықтық қатнастарда өмір сүреді.

  5. Тәртіп өлшеміне сай өзінің шекарасы бар. Ондай өлшемді бұзу, құқықты дұрыс қолданбағандық.

  6. субъективтік заң құқығы белгілі заңды міндеттілікпен байланыссыз өмір сүре алмайды.

  7. Корреспонденттік заңды міндеттері бар органдар үшін іске асыру, мемлекеттің күш қолдану мүмкіндігімен кепілденеді не басқа құқық қорғау жолымен жүргізіледі.

  8. Заңды табиғаты мынадан көрінеді:

а) белгілі тәртіп мүмкіндігі заң нормаларымен белгіленеді;

б) ол мүмкіндікті іске асыру мемлекетпен кепілденеді.

Заң нормаларының негізнде пайда болатын субъективтік құқықты сипаттағанда, терминнің ішінен - «субъективтік заңдылық құқығы», «заңдылық» сөзді тастауға болмайды. Себебі, кейде көбінесе былай сөйлейміз: «субъективтік құқық және заңдылық міндеттер». Мұнда, қарап отырсақ субъективтік құқықтар заңдылық болмауы мүмкін. Өйткені құқық - жалғыз ғана әлеуметтік реттеуші емес екендігі белгілі. Сондықтан, қанша әлеуметтік нормалардың түрлері болса, сонша субъективтік құқықтардың түрлері бар. Мысалы: моральдық нормалдың негізінде субъективтік моральдық құқық пайда болады, корпоративтік нормалардың негізінде -қоғамдық ұйымдардың мүшелерінің субъективтік құқықтары пайда болады т.с.с. Әлеуметтік нормалардың әрекетінің принципиальды тетігі бір ең ғана: норма - фактіге сай жағдай - субъективтік құқық және міндеттілік.

Қөңіл аударатын мәселе сөз «құқық» көп жағдайда заңды емес құбылыстарға пайдаланылады. Мысалы, формальды - заңдылық мәні жоқ мынандай сөз тіркестерін айтуға болады: «табиғи құқық», «адам құқығы».

Субъективтік заңды құқық, объективтік құқық сияқты өзінің «ішкі» («внутренний мир») бар: өз элементтері, ішкі ұйымы, белгілі құрлымы. Оның элементтерін құқықты деп атайды. Белгілі орыс ғалымы құқықтанушы Н.Г.Александров өз кезінде субъективтік заңдылық құқықтың құрамындағы мына үш құқықты (правомочия) бөліп айтуды ұсыныпты:

1) түр,

2) оны ұстаушының тәртіптілік мөлшері,

3) міндетті адамнан белгілі тәртіп мөлшерін талап ету мүмкіндігі және қажетті жағдайда мемлекеттік аппараттың қыстайтын күшіне жүгіну мүмкіндігі. Егер қысқаша көрсетсек былай бөлінеді:

а) жөнді әрекет жасауға құқығы;

б) талап ету құқығы;

в) жауапқа тарту.

Субъективтік заңды құқықтың диалектикалық қарама-қайшылығына субъективтік заңды міндеттері жатады. Олар айырылмайтын байланыста және бірінсіз-бірі өмір мүрмейді. Бір субъективтінің құқығы іске асырылмайды, егер сондай міндеттері бар екінші субъективтінің құқығы іске асырылмаса міндеттілік тің болуы субъективтік құқықсыз мағнасыз болады. Сондықтан, белгілі тезис «құқық міндетсіз болмайды» әлеуметтік адалдықтың жалпы басын көрсетіп қана қоймайды, сонымен қатар заң нормаларының әрекетінің механизімінің құқықтық заңдылығын көрсетеді.

Субъективтік заңды міндеттер - бұл заң нормаларымен субъектіге тапсырылған құқық, мақсаты құқықтық қатнастардағы өкілетті субъектінің қызығушылығын қанағаттардыру қажетті тәртіп өлшемін белгілеу, іске асырылуы мемлекеттік қыстау аппараты арқылы жүргізілу мүмкіндігі.

Субъективтік заңды міндеттердің анықтамасы оның мынандай сипаттамасын көрсетеді:

  1. Әңгіме белгілі тәртіптің қажеттілігін (долженствовании).

  2. Құқыққа не құқыққа қабілетті адамға.

  3. Құқық берілген субъектінің қызығушылығын қанағаттандыру үшін құқық субъектісіне жүктеледі.

  4. Құқықтық қатнастар болады.

  5. Қажетті тәртіптің өзіндік шегі болады.

  6. субъективтік заңды құқықпен байланыссыз өмір сүре алмайды.

  7. Іс жүзіне асыру мемлекеттің күштеу мүмкіндігімен қамтамасыз етіледі.

  8. Заңды табиғаты бар, ол мынадан көрінеді:

а) белгілі тәртіптің қажеттілігі субъектілерге арналған заң нормаларына жүктеледі;

б) іс жүзіне асыру мемлекеттің күштеу мүмкіндігімен қамтамасыз етіледі.

Субъективтік заңды құқық және міндеттілік, басқа көптеген диалектикалық қарама-қайшылық сияқты жалпылама жолы бар, соған қарамай бір-бірінен көп айырымашылығы бар. Оларды біріктіретін, біріншіден, жалпы заңды табиғаты: және құқық, және міндетілік заң нормаларынан шығады және мемдекетпен кепілдінеді. Екіншіден, құқық та, және міндеттілік те тәртіп мөлшері болады. Сонымен, бірге құқық – тәртіп мөлшерінің мүмкіндігі, ал міндеттілік – қажетті (керек) тәртіп мөлшері. Бұл айырмашылықтың мәнін мынадан көруге болады: біріншіден, құқықтың іске асырылуы өкілетті адамның еркіне байланысты болады, екіншіден, міндетті адамның еркі бұл қатнаста қатал төмен детілген (детерминирован): ол өзінің міндетін өзі іске асыруы қажет.

Құқық пен міндеттіліктің айырмашылығы сонда, егер бірінші, өзін ұстаушы үшін игілікті болса, екіншісі; өзін алып жүрушінің қызығы үшін істелмейді, басқа адамның қызығы үшін – заңды өкілдің.

Қорыта келе айтсақ, жалпы субъективтік міндеттілік те, субъективтік құқық сияқты, заңды емес болуы мүмкін: субъективтік моральді міндеттілік, қоғамдық ұйымдардың мүшелерінің субъективтік міндеттері т.с.с.

Құқық пен мораль тығыз байланыста. Осы екі құбылыстың жалпылама ерекшеліктерін және айырмашылықтарын көрсету қажет.

Жалпылама ерекшеліктері құқық пен мораль экономикалық базиске жасалған қондырма болып табылады, қоғамдық қатынастарды реттейді, әлеуметтік-экономикалық мүдделердің ортақтығына (бірлігіне) негізделеді.

Құқық пен мораль көпшілік жағдайларда ерікті түрде жүзеге асырылады және жүзеге асырылуының ішкі кепілі - адамның ар-ұяты мен намысы.

Құқық нормаларының талаптары моральдық талаптарға негізделеді. Мысалы, Қазақстан Республикасының Конституциясының 27-бабында былай айтылған: «Неке мен отбасы, ана мен әке және бала мемлекеттің қорғауында болады. Балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу - ата-ананың табиғи құқығы әрі парызы. Кәмелетке толған еңбекке қабілетті балалар еңбекке жарамсыз ата-анасына қамқорлық жасауға міндетті».

Бұл бапта құқық нормасының талабы және мораль нормасының талабы бірдей көрініс табады.

Кейбір құқық салаларында моральдық талаптардың ықпалы аздау. Мысалы, салалық құқықта, азаматтық құқықта, қаржылық құқықта және т.б. Ал отбасы, қылмыс, халықаралық құқықта моральдың маңызы өте зор.

Енді құқық пен моральдың айырмашылығына тоқталу қажет.

1. Құқық мемлекетпен бірге, қатар пайда болады, ал мораль мемлекеттен бұрын пайда болады. Құқық жазылған нормалардан тұрады, ал мораль күрделірек құрылым және жазылмаған ережелер, талаптардан тұрады. Құқық мемлекеттік мәжбүрлеудің болу мүмкіндігімен қамтамасыз етіледі, ал мораль дағды арқылы немесе қоғамдык пікір күшімен қамтамасыз етіледі.

Нормативтік реттеу жүйесінде құқық ерекше орын алады. Бұның себебі құқықтың айрықша белгілеріне байланысты.

2. Құқықты социологиялық және философиялық тұрғыдан қарағанда ол өте кең түсінік болып, оған құқық нормаларымен қатар құқықтық сана, құқықтық қатынастар да жатады.

Құқыққа, ерекше әлеуметтік құбылыс ретінде жалпы және айрықша белгілер тән.

1. Құқық жазылған нормалардан тұрады. Нормативтік тек құқыққа тән жағдай емес. Ол адамның табиғатымен байланысты және кез келген әлеуметтік ұйымға тән. Нормативтік дегеніміз адамдардың ой жүйесін, қоғамдық өмірін тәртіппен, соның нәтижесінде белгілі ережелерге бағындыру.

2. Құқық әділдік және бостандық идеяларын білдіреді. Әділдік пен бостандыққа адамзат ежелден ұмтылып, оларды армандаған. Әділдік - адамның игілігіне бағытталған жағдай, ол басқа адамның мүддесіне зиян келтірмейді, қоғамға пайдалы. Осы талаптарға сай келетін адамның әрекеті әділ болып саналады. Марксизм-ленинизм негізін қалаушылар әділдікті тек таптық мүдделермен байланыстырады.

Бостандық - адамнан ажыратылмайтын қасиет. Тек бостандық болса ғана адам лайықты өмір сүре алады, барлық өзіне тән шығармашылық мүмкіндіктерін аша алады.

3. Құқықтың бейнелейтін объектілері болады. Олар - билік, мемлекет, қоғамдағы тәртіп. Солар арқылы әділдік пен бостандық жүзеге асырылады. Әрине, әділдікпен бостандық шектелсе де, сол аталған құбылыстар арқылы жүзеге асырылады. Құқықтың нормалары мен мемлекет органдарының арасында қайшылықтар, үйлеспеушілік болуы мүмкін. Зандарда адамдардың құқықтары мен бостандықтары жарияланғанымен, мемлекет органдары олардың жүзеге асырылуын қамтамасыз етпеуі мүмкін.

4. Құқық адамның іс-әрекетін реттейді, оның ойына, сезіміне әсер етеді. Егер адам заңдарда әділдік пен бостандық баянды етілетініне көзі жетсе, оларды орындау кажет деп есептейді. Мұндай жағдайда адам өз еркімен заң талабын орындайды. Заң талабын бұзса, кінәліге мәжбүрлеу шаралары қолданылады.

5. Құқық заңдар түрінде қалыптасады. Заңдарда адамдардың еркі баянды етіледі. Адамдардың еркін заң шығаратын орган ресмилендіреді. Сондықтан құқық - мемлекет таныған адамдардың еркі. Егер құқық әділдік пен бостандықты паш етсе, ол жалпы халықтық құқық деп саналады.

6. Құқықтың формалды анықтылығы. Заңдарда бекітілген нормативті нұсқаулар ерекше қасиетке ие болады. Ол - формалды анықтылық. Оның белгілері: айқындығы, бір мағыналылығы, қысқалығы. Бұл құқық субъектісінің не нәрсені істеуге болады, нені болмайтындығын білуіне ыңғайлы, әрі қолайлы. Мысалы, біреудің мүлкін ұрлау - қылмыс.

Құқықтың жүйелілігі - оның тағы бір қасиеті. Заңдарда жазылған құқықтық нормалар өзара байланысты, үйлесімді болады. Құқықтың нормалары тек осындай негізде жазылып, қалыптасса ғана құкық өзінің борышын орындауға қабілетті болады.

Құқықтың тағы бір қасиеті - оның өзгермелілігі. Қоғамдық өмір сіресіп қалмай, құбылып өзгеріп тұрады. Соған сәйкес құқық нормалары да өзгерген қатынастарды лайықты түрде реттеу үшін өзгеріп тұруы қажет. Осыған байланысты ескірген заңдар күшін жояды, жаңа заңдар қабылданады. Құқық біркелкі қалыпты түрде адамдарға қолданылады. Осының өзі құқықта теңсіздіктің баянды етілетінін байқатады. Адамдар әр түрлі: біреу әлсіз, біреудің қабілеті мол, екіншісінікі кем, біреудің отбасы бар, біреу бойдақ. Адамдардың мұндай айырмашылығын заң ескере бермейді. Сондықтан заң адамдарды іс жүзінде теңдестіре алмайды. Әрине, өмірдің кейбір салаларында, мысалы, саяси құқықтармен пайдаланғанда барлық азаматтардың жағдайы бірдей.

Құқықты мемлекет қорғайды. Құқықтың барлық нормаларының талаптарын адамдар өз еркімен орындай бермейді. Соған байланысты мемлекет құқық талабын бұзғандарға мәжбүрлеу тәсілін қолданады. Мұндай қорғау болмаса, құқық жоқ деп есептеу керек.

Студенттің білімін пысықтау сұрақтары.

1.Мемлекеттің басқару түрін атаңыз.

2.Субъективтік құқықты қалай түсінесің?

3. Құқықтың белгілерін атаңыз.

1.Мемлекет және құқық негіздері. Баянов Е. Алматы. 2001

2.Мемлекет және құқық негіздері. Сапарғалиев Ғ. Алматы. 2004

3.Мемлекет және құқық негіздері. Баймаханов М.Т. Алматы. 2001

4.Мемлекет және құқық негіздері. Абдуллина З.К. Алматы. 2001

5.Құқық негіздері. Баққұлов С.Д. Алматы. 2004

6.Егемен Қазақстан құқығы. Ашитов З.О. Алматы. 2004

7.Назарбаев Н.Ә. Қазақстан – 2030 .Алматы. 1997

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]