Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
5587 2.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
737.28 Кб
Скачать

11. Қазақстан Республикасының экология құқығы

11.1. Экология құқығының ұғымы

11.2. Табиғатты және оның құрамдас бөліктерін құқықтық қорғау

11.3. Жер құқығының негіздері

Экология құқығының ұғымы

Экология терминін 1966 жылы неміс ғалымы Э.Геккель енгізді. Грек тілінен аударғанда ол "ойкос" ұй тұратын жер логос ғылым деген мағынаны білдіреді. Яғни, экология дегеніміз жанды организімдердің тіршілік ортасымен арақатынасын зерттейтін биологиялық ғылым. Ал кәзіргі заманда экология табиғат пен қоғам арақытанысн зерттейтін ғылымға айналған. Табиғатты қорғау, сақтау, оны қалыпына келтіру, табиғи ресурстарды ысырапсыз пайдалану әрбір азаматтың міндеті. Ал оны жүзеге асыру тәсілі-айналадағы табиғи ортаны құқықтық қорғаумен атқарылады.

Сонымен ҚР экология құқығы деп айналадағы табиғи ортаны қорғауға байланысты қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық ережелердің жиынтығын зерттейтін ғылым саласы.

Экология құқығы әдістемелік жағынан екіге бөлінеді: жалпы және ерекше бөлім.

Жалпы бөлімде мыналар қарастырылады:

а/ экология құқығының түсінігі, тақырыбы.

б/ экология құқығының объектілері, принциптері.

в/экология құқығының тарихы, негіздері.

г/Азаматтың табиғатты пайдалану құқығы.

д/айналадағы табиғы ортаны пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылау және қадағалау

е/ экология туралы Заңды бузғандығы үшін жауаптылық.

Ал ерекше бөлімде қарастырылады:

а/ жердің құқықтық жағдайы және қорғау.

б/ жер қойнауының құқық жағдайы және оны қорғау.

в/ судың құқықтық жағдайы және оны қорғау.

г/ орманның құқықтық жағдайы және оны қорғау.

д/ атмосфералық ауаны құқықтық қорғау.

е/ жануарлар дуниесін қорғау, оның өсімін молайту, пайдалану.

ж/ табиғатты халықаралық құқықтық қорғау.

ҚР экология құқығының негіздері бұл айналадағы табиғи ортаны қорғау, оны пайдалану, сапасын арттыру және табиғи ресурстар жөніндегі қоғамдық қатынастарды реттейтін актінің жиынтығы. Экология құқығының негіздер ішінде ерекше орын алатын Конституция.

1. Адамның өмірі мен денсаулығын қорғау қызметі.

2. Айналадағы табиғи ортаға ұқыпты қарау және айналадағы табиғи ортаға зиянды зардап жасауын шектеу.

3. Табиғат қорғау заңдарын бұзған жағдайда айналадағы табиғи ортаға, азаматтарға келтірілген зиянды толық өтеу.

4. Табиғи ресурстарды үнемдеу.

5. Айналадағы табиғи ортаны қоғау туралы заң талаптарын қатаң сақтау,оны бұзғаны үшін жауапқа тартуды қадағалау.

Табиғи ресурстар-азық түлік, дәрі дәрмек,киім, құрылыс материалдары, тағы басқа пайдалы заттар алынатын байлық көздері.Табиғи ресурстар:қалыпына келетін, жаңартылатын, сарқылатын қалпына келмейтін жаңартылмайтын, сарқылмайтын болып бөлінеді. Мысалы, топрақтың құнарлығы, орман қалпына келтіргенге, жаңартылғанға, кең қалпына келмейтінге, су сарқылатынға жатады. Семей ядролық сынақ полигонында 40 жыл бойы 500 жуық ядролық қаруды сынау жүргізіліп адамның денсаулығына, айналадағы табиғи ортаға орасан зор зиян келді, халық арасында ауру сырқау өлім көбейді. Шығыс Қазақстан Семей аумағымен Павлодар және Қарағанды облыстарының полигонға жақын жатқан аудандары экологиялық апат аймағы деп жарияланды. Арал проблемасы да планетаның орасан зор экологиялық апатты ретінде сипат алып отыр.

1949-1963 жыл аралығында 25 рет жер ұстінде, 19 рет ауада өткізілді. 1963-1989 жыл ақпанына дейін 343 рет жер асты ядролық сынағы өткізілді. Соның салдарынан атом сынағы болған аймақта адамның қанында қызыл түйіршіктер азайып, олардың бойындағы хромосомдық өзгерістер төрт-бес есеге арттқан. 1969 жылы кейін облыста аққан ауруымен науқастанып қайтыс болғандар саны үщ есеге көбейген. Дүниеге келген нәрестелердің ақыл ойы, дене мүшесі кемтар болып туылуының салдары да осы.Мұндай полигон Батыс Қазақстан облыс орда және Жаңа қала аудандардан 1 млн. 555мың 642 га жерін алған. Онда екі полигон ораналастырып төрт рет ядролық жарылыс жасалған. Атырау облысы Азғыр және Тайсойған өңіріндеде осындай полигондар жұмыс істейді. 1991жылы 29 тамызда Семей ядролық сынқ полигонын жабу туралы ҚР Президентінің Жарлығы шықты.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]