Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
5578 (2).docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
386.54 Кб
Скачать

5.2. Қосымша әдебиеттер

1. Гаджиев К.С. Политическая науки, часть1,2.М., 1994.

2. Основы политической науки. Учебное пособие под.ред.проф В.П.Пугачева М.1994г.

3. Политология. Энциклопедический словарь, М, 1993.

4. Жамбылов Д.А., Жамбылова Г.Ж. Саясаттану сөздігі Алматы., «Экономика» 1997 .

5. Астана Саммитінің Декларациясы, Егемен Қазақстан 2010ж. 15 желтоқсан

6 .Р.Әбсаттаров Саясаттану негіздері (Екі томдық оқу құралы),Алматы «Қарасай» 2011.

7. Таубаева М.Е. Қазақстан Республикасындағы президенттік институттың қалыптасуы мен дамуы. Оқу-әдістемелік құралы,ОҚМУ.,Шымкент – 2011.

8. Таубаева М.Е. Қазақстан Республикасындағы парламенттік институттың қалыптасуы .Оқу-әдістемелік құралы,ОҚМУ.,.Шымкент – 2012.

9. Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан -2050» Стратегиясы : қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты » атты Қазақстан халқына Жолдауы //Егемен Қазақстан ,15.12.2012ж.

10.Таубаева М.Е. Қазақсатан Республикасы халықаралық қатынастар мен әлемдік саясаттың акторы ретінде. Оқу құралы.,ОҚМУ,Шымкент,2013ж.

11.Таубаева М.Е. Қазақстан Республикасындағы саяси партиялар және қоғамдық қозғалыстар мен ұйымдардың қалыптасуы: салыстырмалы саяси талдау. Оқу құралы ,ОҚМУ., Шымкент- 2014ж., 7,75 б.т.

12. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы Қазақстан-жолы 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» 17 қаңтар 2014ж.

13. Таубаева М.Е., Байқонысов Е.Р. Қазақстан жолы 2050 : Ұлттық қауіпсіздік және халықаралық қатынастар мәселесі. ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан жолы – 2050: «Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты 2014 жылғы 17 қаңтардағы Жолдауы туралы оқу-әдістемелік нұсқау.ОҚМУ, Шымкент-2014ж,39 б.

14..Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» 11 қараша 2014ж.

3-ші – лекция

САЯСАТ - ҚОҒАМДЫҚ ӨМІР ҚҰРЫЛЫМЫНДА

1. Саясат ұғымы және оның пайда болуы.

2.Саясатты зерттеудегі теориялық амалдар және эмпирикалық парадигмалар мен саясат элементтері.

3. Саяси институтар мен жүйелерге талдау жасау

1. Саясат ұғымы және оның пайда болуы.Саясат ұғымы: табиғаты, мазмұны, мәні."Саясат" термині мемлекетпен, өкімет билігі қатынастарымен, адамдар мен қоғамға басшылық ету ғылымымен байланысты көне заманғы ұғымдарға негізделген. Мәселен, "полис" (қала-мемлекет), "политикос" (мемлекет қайраткері), "политейя" (конституция).

Дәстүрлік түсінік. Саясат дегеніміз, ең алдымен, мемлекеттік және қоғамдық істер, адамдар, әлеуметтік топтар, халықтар мен мемлекеттер арасындағы айқын көрінетін және өкімет билігі жөніндегі қатынастармен байланысты қызмет саласын білдіреді. Әлеуметтік сирек ұшырасатын құбылыс ретінде оған саяси институттар мен ұйымдардың қызмет атқаруы, саяси нормалар мен дәстүрлері, адамдардың басқару қызметі, олардың әлеуметтік-саяси мүдделері мен қажеттері, саяси идеялары мен көзқарастары жатады.

Саясат — өкімет билігі мен қоғамды басқару тұрғысындағы таптар мен әлеуметтік топтар арасындағы қатынастардың, қызметтің, тәртіптің, бағдарлардың және коммуникациялық байланыстардың сан алуан әлемі ретінде түсіндірілетін әмбебап қоғамдық сирек ұшырасатын құбылыс.

Саясат қоғамнан тыс өмір сүре алмайды, қоғам, өз кезегінде, адамдардың өмірлік қызметінің: шаруашылық-экономикалық, әлеуметтік, саяси және рухани қызметтерінің өзара байланысты, өзара тәуелді, бірақ едәуір дәрежеде дербес салалар жиынтығынан тұрады.

Қоғам өміріндегі саяси саланың мәртебесі. Саяси саланың басқа салалардан айырмашылығы мынада: ол сөздің белгілі бір мағынасында осыларға қатысты үстемдік рөлін атқарады. Саяси саланың мұндай жағдайы оның ауқымында қабылданған заңдарды, шешімдерді, жарлықтарды, нұсқауларды барлық басқа да қоғамдық салалардың міндетті түрде орындауына байланысты болады. Осыған орай, саяси саланың, әсіресе қоғам дамуының өтпелі және күрделі Кезеңдерінде тиісінше артықшылықтары болады. Сонымен бір мезгілде, саясат саласы қоғамның барлық басқа салаларымен тығыз байланыста, соларға тәуелді болады.

"Саяси" және "әлеуметтік" бірегей құбылыстардың ара-қатынасы. Принципінде кез келген әлеуметтік құбылыс өзінің өкімет билігі ығына еруінің дәрежесі мен деңгейіне қарай саяси белгілерін саяси сипатын "алуы" немесе олардан "айрылуы" мүмкін. Қоғамдағы "саясат" атаулардың бәрі әманда әлеуметтік болып табылады, бірақ әлеуметтік атаулының бәрі әлеуметтік болмайды немесе "саясатқа" айналмайды.

Демек, қоғамда тәртіпті сақтау мен басқа да міндеттерді шешу үшін болатын өкімет билігі мен беделі бар қоғамдағы құбылыстарға, институттар мен қатынастарға қатысы бар нәрселердің бәрін саясат деп түсінеміз.

"Саясат" ұғымын түсіндіру. Саясатты анықтаудың мейлінше кеңінен тараған әдісі "саясат" терминінің шығу тегіне жүгіну болып табылады, ол көне грек тілінде "мемлекетті басқару өнері" дегенді білдіреді. Саясатты осылайша анықтау саясаттың орталық элементі ретінде мемлекетті көрсетеді, ал мемлекеттің өзін саясат туралы ғылымның орталық санаты ретінде қарастырады, ол өзініңресми бастауын Аристотельден алған, ол саясатты мемлекетпен тығыз байланыстырып, бұл терминді ғылыми айналымға енгізген.

Оның анықтауы бойынша, саясат — бұл "ортақ игілікке" және "бақытты өмірге" қол жеткізуге қызмет ететін қауымның өркениетті нысаны.

Қазіргі заманғы өлшемде саясатты осы тәріздес түсіндіруді баяндауда екі негізгі үрдіс туралы айтуға болады:

а) мемлекет пен саясатты таптық санаттарда (марксизм) түсіндіру;

б) мемлекет пен саясатты үкімет қызметі санаттарында (американдық"саясат туралы ғылым" және“француздық саясат ғылымы”) түсіндіру

Маркстік теорияда саясат мемлекеттен және мемлекеттегі билікпен байланысты таптар күресінің, саласы ретінде анықталады. Саясат туралы ағылшын тілді және француздың сайсат туралы ғылымында саясат термині мемлекеттік басқару мен басқару қызметін жүзеге асыратын адамдар қызметімен бір мағынада байланыстырылады. "Саясат ғылымы", бұл мемлекеттің, сондай-ақ оның үкіметінің сипаты мен қызметтері туралы ғылым, үкімет органының көмегі арқылы мемлекет өзінің билігін жүзеге асырады.

Саясатқа мұндай түсінік беруге саясатты әлеуметтану тұрғысынан ұғыну қарсы тұрады. Саясат саласында әңгіме жиынтық әлеуметтік субъектілер — ұлттар, таптар, ірі қоғамдық қозғалыстар туралы болуға тиіс. Атап айтқанда, олар істің шын мәнінде, "сайып келгенде" саясат субъекгілері болып табылады және саяси партияларға, одақтарға, т.т. ұйымдасқан өздерінің өкілдері арқылы жария өмірге қатысады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]