Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
5578 (2).docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
386.54 Кб
Скачать

3. Еуропалық ағартушылық дәуірдегі және қазақ ағартушыларының саяси идеялары.

XVII ғасырда буржуазиялық революция Еуропа көлемінде ең бірінші Англияда болды. Ол феодализмге күйрете соққы беріп, капиталистік қатынастардың тез дамуына жол ашты.

Бұл дәуірдің көрнекті өкілдерінің бірі ағылшын ойшылы Томас Гоббс (1588—1679) еді. Оның ойынша, мемлекет қоғам-дық келісімнің негізінде жалпыға бірдей бейбіт өмір мен қауіпсіздікті сақтау үшін пайда болды. Қоғамдық келісім бой-ынша патшаға (не мемлекет ұйымдарына) жеке адамдардың құқы тапсырылады. Адамдар өз тілектері мен еріктерін шек-теп, барлық билікті мемлекетке берді. Ол монархиялық мемлекетті ұнатты.

Франциядағы буржуазиялық революцияның көрнекті екілі Шарль Луи Монтескье (1689—1775) әр халықтың адамгершілік бейнесін, оның заңдарының айырмашылығын, қоғамның да-муын географиялық ортаға (ауа райына, топырағына, жер бедеріне, келеміне, т.б.) байланыстырды. Бостандық — заң неге ерік берсе, соны істеу. Саяси бостандық экономиканың, ендірістің, сау-даның дамуына әсер етеді. Ол сез, баспасез, ұждан бостандығын жақтады. Мемлекет азаматтарды емірге қажетті қаражаттармен қамтамасыз етуге міңдетті. Бостандық-ты баянды ету мақсатында және төңкерістерге жол бермеу үшін билікті заң шығаратын, атқарушы және сот билігі етіп бөлу ке-рек деді.

Францияның ойшыл-ағартушысы Жан Жак Руссо (1712— 1778) ұсақ буржуазияның, шаруалардың мүддесін қорғады. Ол еркіндік пен тендікті ең жоғарғы игілік деп санады. Еркіндіктің кепілі тендік, ал теңдік саясатта ғана емес, мүлікте де болуға тиіс. Мемлекет шектен тыс байлық пен кедейлікке жібермей, адамдар арасында тендікті сақтауы керек.

Руссо тікелей халық билігін ұсынды. Егер елдің жері үлкен болса, халықтың өкілдігін қолдануға болады. Бірақ бұл ретте депутат халық қызметшісі болуға тиіс. Руссо оқтын-оқтын ха-лық жиналысын өткізіп, онда үкімет есеп беруін талап етті.

Жаңа заманды сөз еткенде ең алдымен Америка Құрама Штаттарындағы тәуелсіздік үшін күрес кезіндегі саяси ілімнің алатын орны зор.

Х\ТІ-Х\ТІІ ғасырларда Солтүстік Американың Атлантика-лық жағалауы Британмя колонияларына айналды. Колониялар метрополиялардан толық тәуелді болатын. 1775—1783 жылда-ры Америка халқының ағылшындарға карсы тәуелсіздік үшін азаматтық соғысы болды. Бүл соғыс демократиялық идеялар-дың дамуына қуатты түрткі болды.

АҚШ-тағы қиян-кескі таптық күрес идеологияда да жаңғы-рық тапты. Алдыңғы қатарлы саяси пікірді Т. Джефферсон, Т. Пейн жактаса, ірі буржуазияның саяси көзқарасын А. Га-мильтон қорғады.

Америка халкының демократия жолында азаттық күресі Томас Джефферсонньщ (1743—1826) атына байланысты. Ол сол кездегі ұлы революииялық құжат — Америка Құрама Штатта-рының "Тәуелсіздік Декларациясын" жазды. Мемлекеттік екіметті құрап, оны бақылау құқынан еш адамды шеттетуге болмайды. Егер өкімет халық қүқын қорласа, ондай үкіметті ауыстырып, өзінің қалауына сай өзгертуіне болады. Мұнда Джефферсон рақымсыз билеушіге қарсы халықтың көтеріліс жасауға құқы барлығын дәлелдеп, халық егемендігін жақтады. Бұл дүние-жүзілік прогрестің релі АҚШ-тың Тәуелсіздік дек-ларацияеында одан әрі дамытылды. Онда тендік, бостандық, көтеріліс жасауға құқы барлық халықтың ажыратылмайтын та-биғи құқы деп есептелді. Адамдардың табиғи құқы мемлекет белгілеген заңдардан жоғары тұруы керек. Декларацияда жа-ратушы барлық адамдарды тең етіп жаратты және олардың омірге, бостандыққа, бақытка тырысуына кұқы бар делінген.

Джефферсон үкімет тарапынан жеке адамның қүқын бұзу қаупі тумауы үшін мемлекеттік биліктің міндеттерін шектеуді талап етті. Ол ұсак өндірушілердің мақсатын көздеп, фермер-лердің демократиялық республикасын ансады.

Тәуелсіздік үшін күрес кезінде әзінің батыл идеяларымен Томас Пейн (1737—1809) көзге түсті. Ол Америка халқын азат-тық күреске, отаршылдардан белініп шығуға шақырды. Адам-ның табиғи құқына еркіндікті, тендікті, сөз, баспасөз, дінге сену бостандығын, рақатқа, бақытқа жету, т.б. жатқызды.

Пейн бірінші болып қоғам мен мемлекетті ажыратты. Мемлекетті қоғам тудырады. Үкіметтің мақсаты — қауіпсіздік пен бостандықты қамтамасыз ету. Оның саяси мұраты — жалпыға бірдей сайлау құқы, тең өкілдігі бар демократиялық рес-публика.

Пейн соғысқа қарсы болды, бейбітшілікке шақырды. Бейбітшілікті сақтамайтын үкімет құлатылуы керек. Бірақ ол әділетті соғысты, азаттық үшін соғысты қолдады.

Т. Джефферсон мен Т. Пейннің қажырлы еңбегінің арқа-сында жазылып, 1776 жылы 4 шіддеде бекітілген Америка Қүра-ма ШтаттарыныңТәуелсіздік Декларациясының негізгі кағида-лары мынадай: барлық адамдардың жаратылысынан өмір сүру-ге, бостандықка, меншікке, бақытқа және қауіпсіздікке қүқы бар; халық — окіметгің қайнар кезі және егемендік соған тән, үкімет — халыктың қызметшісі; барлық мемлекеттік билік ха-лықтың пайдасына жұмыс істеуі керек, егер олай болмаса, ха-лық өзіне ұнамсыз үкіметті жоюға еркі бар; билік заң шығара-тын, атқарушы және сот өкіметі болып белінуі керек және т.б.

Жаңа заманда саяси санада айтарлықтай із қалдырған немістің классикалық философиясының негізін салушы Им-маігуил Кант (1724 — 1804). Оның саяси пікірлері "Космопо-литтік көзқарас жөніндегі жалпытарихтың идеялары", "Өмірлік бейбітшілікке" деген еңбектерінде баяндалған.

Канттың әлеуметтік көзқарасының негізгі қағидалары: әрбір адам ар-намысының, шексіз құндылықтың иесі; каңдай игілікті жоспар болмасын адам оны жүзеге асыру жолында әдіс, айла, құрал болуға тиіс емес. Адам бір іс істегенде өнегелік, адам-гершілік заңын басшылыққа алуы керек. Кант мұны "катего-риялық императив" деп айтады. Оның мәні — әрбір адамның іс-әрекеті басқаға үлгі боларлықтай болуға тиіс.

Кант басып алушы, тонаушылық соғысты, оған дайындық-ты әшкерелейді. Ол әр түрлі мемлекеттер үшін езара пайдалы халықаралық сауда мен өзара қарым-қатынасты, бейбітшілікті орнату мен сақтаудың кұралы деп біледі.

XVIII ғ. аягы — XIX ғ. бірінші жартысында Батыс Еуропада капиталистік мәдениет заманалық екі қозғаушы күштің әсерімен дамыды. Оның біріншісі — капиталистік қатынастарға жол аш-кан Үлы Француз революциясы. Екіншісі — алдымен Англия-да, сосын Франция және басқа Батыс Еуропа елдеріндегі күрделі енеркәсіп өзгерістері (ірі машиналы индустрияның мануфак-туралық өндірісті алмастыруы) капитализмді одан әрі нығайт-ты. Бұған орай жана қоғамдық құрылыс пайда болды. Өсіп келе жаткан буржуазия еркіндікке, жылдам алға дамуға, заңдылыққа тырысты.

Бұл кезде қазактың ұлы ғалымы, ағартушы-демократ, сая-хатшы, этнограф, Орта Азияның, Қазақстанның, Батыс Қытай-дың тарихы мен мәдениетін зерттеуші Шоқан Уәлиханов (1835— 1865) өмір сүрді. Ол атақты Абылай ханның шебересі еді.

Шоқан өз өмірінің негізгі мақсаты — халыққа қызмет ету, оның мақсат-мүддесін патша шенеуніктері мен жергілікті бай-лардың зорлық-зомбылығынан қорғау, қолынан келгенше оның рухани және мәдени өркендеуіне ықпал жасау деп білді.

Шоқан Азия мен Қазақстан жағдайында халықты аяусыз қанап, соның нәтижесінде билеп-төстеушілердің орынсыз ба-юына жол ашатын нәрсе — олардың қолыңдағы шексіз билік деп ұқты. Сондықтан халықты қанаудан құтқару үшін бай-ма-наптардың билігін жою немесе тым болмаса олардың саяси үстемдігін шектеп, бұқара халықтың демократиялыққұқығы мен бостандығын кеңейтпек болды. Жалпы, ол билікті халықтың еркімен шектеуді дұрыс деп санады.

Ғалым сол кездегі қазақ еліндегі тәртіпті өзгертпек болып, қоғамдық құрылысты жаңартудың жодцарын іздеді. Бұл ретте ол революциялық емес, реформалық жолды қалады. Ал рефор-ма жасау үшін халықтың талап-тілегін, мақсат-мүддесін, ұлттық мінез-құлқын жете зерттеу керек. Сонда ғана реформа тиімді болады деді.

Шоқан қоғамның прогресті түрде алға дамуы материалдық әл-ауқатты жетілдіруге байланысты екенін терең түсіңді. Сон-дықтан ол экономикалық, әлеуметтік, саяси реформаларға үлкен мән берді. "Сот реформасы жайында хат" деген еңбегінде ол: "Біздің заманымызда халыққа етене жақын, ең маңызды, со-ның мұқтажына тікелей қатысты реформа — экономикалық және әлеуметтік реформа. Ал саяси реформалар экономика-лық істерді жүзеге асыратын құрал ретінде көрінбек, өйткені әрбір жеке адам және бүкіл адам баласы қауымдасып өзінің түпкі максаты материалдық әл-ауқатын жақсартуға тырысады. Прогресс дегеніміз де осыған сай келеді" — дейді (Щ. Уәлиха-нов. Таңдамалы. Алматы, 1995, 127-бет).

Бұл еңбегінде Шоқан патша үкіметінің соттық реформасы-на қарсылық білдіріп, қазақтар арасында өз тілінде ететін, ер-теден етене таныс билер сотының сақталуын талап етті. Оның ашықтығын, жариялылығын, демократиялық принциптерін жоғары бағалады.

Шоқан сол кездегі патриархтық-феодалдық қазақ қоғамьш екі топқа: бір жағынан, сұлтандар мен билер, байлар мен қожалар болып, қазақ қоғамының мәртебелі тобына, екінші жағы-нан, "дала пролетариаты" деп атап, кедейлер тобына бөлді. Бұл топтардың мүдделері бір-біріне мүлдем қайшы деп білді.

Уәлиханов қазак жеріне ектемдік пен заңсыздық әкелген патшалық отаршыл үкіметті батыл сынады. Қазақ халқының қараңғылығын пайдаланып "ашықтан-ашық аямай сорады" деп, халқын тонап жатқан патша шенеуніктері туралы ашына жазды.

Шоқан адамдардың адамгершілік қасиеттерін дамыту үшін олар еркін болуы шарт деді. Ол еркіндікті де дұрыс пайдалана білу керек. Ол үшін халықтың сауаты жоғары болуы тиіс деп тұжырымдады.

Бүл кезде қазақ халқынан шыққан ұлы ұстаз Ыбырай Алтынсарин (1841— 1889) де өмір сүрді. Ол халықты дүниеге "дұрыс көзқараспен" карауға тәрбиелеуді езінің негізгі мақсаты етіп қойды. Тек білім, ағартушылық қана бұқара халықты билеп-төстеушілердің қысым-қыспағынан құтқара алады деп, барлық күш-жігерін олардың білімін көтеруге арнады. Адамдарды ой-ындағы бос қиялдардан арылып, дүниенің ақиқатына көздерін ашып, шын мәнінде алға жылжитын, прогрестік жолға түсіруге тырысты.

Ыбырай "Қазақ даласындағы жұт жөнінде" деген еңбегінде халқының болашағы отырықшылыққа көшу және егін шаруа-шылығымен айналысуда деп атап көрсетті. Бірақ оны өз еркімен, ықтиярымен біртіндеп істеуге тиіс. Сондықтан көшпелі қазақ-тарды күшпен отырықшылыққа айналдыруға болмайды деп, оған үзілді-кесілді қарсы шықты.

Ыбырай адамдарды іс-әрекетке ынталандырып, жұмылды-ратын негізгі себеп — өмірлік қажеттіктер, атап айтқанда, өмір сүру, білім алу, мәдениетке ұмтылу жөне т.б. қажеттіліктер деп есептеді. Сондықтан да адамдар оларға талпынады. Бұл ұмты-лыстан келіп, билеудің ескі түрлерін өзгерту қажеттілігі пайда болады деді.

Ыбырай қазақ қыздарын оқытуға ерекше көңіл бөлді. Сон-дықтан ол 1887 ж. Ырғызда 20 орындық интернат және қазақ қыздарына арнайы мектеп ашты. ¥лы ұстаздың қажырлы еңбегінің арқасында XIXғасырдың 70—80 жылдарында қазақ даласында көптеген мектеп ашылды. Ол мектептердің мақсаты қазақ жастарын жоғары адамгершілік рухында тәрбиелеу деп ұқты.

Бұл кезде қазақтың кемеңгер данасы, заңғар ақыны, асқан ағартушысы, жазба әдебиетіміздің негізін салушы Абай Құнан-баев (1845—1904) та өмір сүрген еді.

Абай қазақ даласыңда барлық жақсылықтың, жаңалықтың жаршысы болды. Ол адамды "ақыл, білім, ерік" жоғары дәре-жеге көтеріп, асқақтататындай қоғамның прогрестік дамуын аңсады. Игілікті, парасатты қоғам орнату Абай.еңбектерінің басты бағытының бірі болды. Сондықтан ол барлық адамдарды өзінді өмірде қалай ұстадың, игілікке, ақылға сыйымды іс істедім бе деп күніне немесе аптасына, тым болмаса, айына бір рет өз-озіне есеп беруге шақырды.

Абай патша өкіметінің сойылын соғып, байлардың мүддесін қорғайтын қарапайым халықты езуші старшина, би, болыс және т.б. атқамінерлер сияқты өлеуметтік топтың қоғам дамуына кедергі келтіріп отырғандығын жақсы түсіне білді. Сондықтан ол ел басқару жүйесіне жаңа заң, ережелер енгізуді армандап, сол жолда жүзден аса бабы бар ереже жасаған (М. Әуезов. Шығармалар. Алматы, 1969, 12-том, 295-бет).

Абай қандай адамның болмасын әлеуметтік жағдайын жақ-сартып, рухани гүлдендіретін еңбек, соның арқасында ол бүкіл адамзат қоғамына қызмет етеді деп санады. Одан әрі ол:

"Жалға жүр, жат жерге кет, мал тауып кел, Малың болса сыйламай тұра алмас ел ",

деп еңбектің қандай түрі болса да пайдалы, одан арлануға бол-майтындығын үйретті.

Абай еңбекшілердің хал-ахуалын, өмірін жақсарту үшін қоғамның экономикалык негізін озгерту керек деп түсінді. Сон-дықтан ол қазақтардың прогресті дамуын егіншілік, қолөнері, сауда сияқты экономиканың үш тетігімен тығыз байланыстыра қарады. Данышпан атамыз:

"Түбінде баянды еңбек егін салган, Жасынан оқу оқып, білім алған ",

деп корегендік ойын түйеді. Ал қолөнері қандай жағдайда бол-сын адам қолында қалатындығын көрсете келіп, "алдау қоспай адал еңбегін сауған қолөнері — қазақтың әулиесі сол" деп жо-ғары бағалайды.

Ақын езгерістің негізгі күші ағартушылық деп ұқты, "Өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ" сияқты кемшіліктерді көрсету арқылы халықты түзетуге тырысты. Ол үшін "Талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым ойлап қой" деп ақыл • берді. Әсіресе, жастарға улкен үміт артты. Адамның адамгершілік қасиетін арттыруға жұмылдырды.

"Біріңді, қазақ, бірің дос, Көрмесең істің бәрі бос ", —

деп, ұлттық бүтіндік, ішкі татулық, ынтымақтастыққа шақырды. Өз халқымыздың мүддесі үшін күресте достық, татуластық, бірлік керектігіне назар аударды.

Сол кездегі тарихи жағдайда өмір сүрген қазақ халқына бұдан әрі бұрынғыша тіршілік етуге болмайтынын ескерте келіп, за-ман талабына сай еңбек етіп, кәсіпті, сауданы меңгеруге кеңес берген — Абай. Демек, қазақ қауымына әлеуметтік реформаны да, экономикалық реформаны да бірінші ұсынған — ұлы Абай. Яғни, данышпан ақынымыздың айтқан өсиеттері, ақыл-кеңестері осы күнге дейін өз мағынасын жойған жоқ.

Қазақ халқының саяси санасының дамуына XIXғасырдың аяғы XXғасырдың басында пайда болған алғашқы интелли-генттік топ та зор ықпал етті. Оларға: Әлихан Бөкейханов, Ах-мет Байтүрсынов, Міржақып Дулатов, Мүстафа Шоқай, Мүха-меджан Тынышбаев, Магжан Жүмабаев, Бақытжан Қаратаев, Халел және Жаһанша Досмүхамедовтар және басқалар жатады. Олар Ресейдің отаршыл саясатына қарсы ұлт-азаттық қоз-ғалы-сын баскарып, қазақ халқының ұлттық бірлесуін мұрат етті. Олар қазақ елінің өзін-өзі басқару, түбінде дербес мемлекет құру, қазақ жеріне ішкі Ресейден қоныс аударуға шек қою, адам құқықтары мен бостандықтарын сыйлау, демократиялық принциптерді қазақ жеріне кіргізуді мақсат етті. Алаштың білімді де білікті асыл азаматтары қызыл империяның құрбаны болып кетті. Бірақ олардың ісі, саяси мұраты өлген жоқ. Олар туралы кейін саяси партияларды қарағанда тағы да тоқталамыз.

Қазақстан мен Ресей рухани мұрасына байланысты туған саяси теорияның бірі — Еуразиялық идея. Оның негізін 1921 жылдың 3 маусымыңда Софияда орыс эмигранттарының діни-философиялық үйірмелерінің мәжілісінде Н. С. Трубецкой мен П.Н. Савицкийлер салған. Бұл идеяны белгілі орыс ғалымы, тарих, география ғылымдарының докторы, академик Л. Н. Гу- , милев (1912—1992) одан әрі дамытып, осы геокеңістіктегі ұлттар-дың мәдени дәстүрлерінің тарихи тағдырын ұғынуларына жәрдемдесті. Олар Еуразиядағы әрбір халықтың құқығы мен ерекшелігін мойындайды. Бұл идеяның негізін салушылар көп ұлтты еуразиялық мәдениеттің негізі "материалдық база" не-месе "мемлекет алдында бас июшілік" емес, ең алдымен рух-тың биіктігі деп түсінеді.

КСРО ыдырап, қоғамның демократияланып жатқан жағда-йында Еуразиялық одақ құру идеясын 1994 ж. 28 наурызында МГУ-дың профессорлары мен оқытушылары алдында сөйле-ген сөзінде Н. Назарбаев көтерді. Оның мақсаты Кеңес Одағы-ның құлауына байланысты күйреген сауда-экономикалық және адами байланыстарды қалпына келтіру, езара түсінісу, бірлесе қимыл жасау. 2000 ж. 10 қазанында Астана қаласында Бела-русь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан мемлекеттері құрған саяси-экономикалық, интеграциялық (жинақтаушылық) ұйым — Еуразия экономикалық қауымдастығы құрылды. Бұл мемлекеттердің басшылары Кедендік одақ және біртұтас эко-номикалық кеңістік жөнінде келісім жасады.

XIX ғасырдың аяғы мен XXғасырдың басында капиталистікелдерде орасан зор өзгерістер болды. Мемлекеттік-монополистік капитализм монополиялар мен мемлекеттің күшін біріктірді. Бұл системада байлық пен билік тоғысып, ат тебеліндей байлардың құдіретін одан әрі арттыра түсті. Буржуазиялық- мемлекеттік, әскери-әндірістік кешеннің ықпалы күшейді. Әлеуметтік қарым-қатынастарды зерттеуде социологиялық тәсілге ерекше көңіл бөлінді.

XX ғасырдың бірінші жартысында Батыс елдерінде салидаризм ілімі кең өріс алды. Бұл ілімнің негізін салушы француз ғалымы Л. Дюгидің (1859—1928) пікірінше әрбір тап өмірде өзміндетін атқаруы, қоғамның ынтымақтастығы мен үйлесушілігін қамтамасыз етуі қажет. Ол еңбектің қоғамдық бөлінуіне байла- нысты таптардың бірлесіп жұмыс істеуіне тура келеді. Бұл жағдай капитализмнің қолайсыз жақтарын революциясыз, бейбітшілік жолымен жеңуге мүмкіндік жасайды деп санады. Адамдарды әлеуметтік ынтымақтастықты нығайтуға, оған зиян келтірерлік ештеңе жасамауға шақырды.

Дюги халықтың егемендігін сынады, оған жаңа саяси жүйе ретінде "синдикалистік федерализмді" қарсы қойды. Оның ойынша, синдикаттарды федерацияға біріктіру жергілікті мекемелерге орталық мекемелердің кейбір басқару міндеттерін береді, саяси плюрализмге әкеледі. Өскелең әлеуметтік-эконо-микалық және саяси мәселелерді іс жүзінде шешетін билік әр түрлі синдикаттарға белініп беріледі. Орталық үкіметтің жұмы-сы барлық синдикаттардың өкілдерінен құрылған заң шығару-шы мекемесі арқылы бағдарланады. Дюгидің ойынша, осылай-ша капиталистік құрылыс сақталып, мемлекет ынтымақтастық құралына айналады.

Біздің ғасырымызда кең жайылған аристократиялық теори-яның бірі — элитаризм. Элита деген сөз француз тілінде ең жақ-сы, іріктелген, сұрыпталған, таңдаулы деген мағынаны біддіреді. Бұл теория бұрыннан белгілі болатын. Бірақ жаңа жағдайда оны жаңғыртып, толықтырып, жетесіне жеткізгендер итальяндық саясатшылар Г. Моска мен В. Парето болды. Олардың ойынша, халық езін-езі басқара алмайды, оған қабілеті, бейімі жетпейді.

Г. Моска (1856—1941) "Саяси ілімнің негіздері" деген кітабында саясат қарама-қарсы екі таптың—үстемдік жүргізуші азшылықтың (элитаның) және оған бағынышты кепшіліктің (халық, еңбекшілер) — күресінің айналасында болатын жағдай деп түсіндіреді. Ол демократияға қарсы шықты. Демократияны көпіре сейлеушілердің диктатураға жету жолында саясаттан хабары шамалы көпшілікті ез қулықтарына пайдаланатын уто-пия, сағым деп санады.

В. Парето (1848—1923) "Жалпы социология жөніндегі трак-тат" деген еңбегінде элита деген атауды саяси ілімге бірінші боп енгізді. Оның ойынша, саяси өмір дегеннің өзі тандаулы-лар (элиталар) арасындағы күрес пен олардың орын алмасуы. Қоғамды саясат, экономика және ойшылдық саласында тама-ша табысқа жеткен тандаулылар билейді. Бірақ олар билікті алған соң ерте ме, кеш пе қол жеткен табыстарымен шектеліп, тынышталады. Өздерінің алғашқы сапасын, ізденімпаздығын, шығармашылық жігерін жоғалтады. Осындай кезде қоғамда билікке ұмтылған күш-қуаты жеткілікті жаңа элита пайда бо-лады. Бірақ билеуші элита оңайлықпен берісе қоймайды. Сон-дықтан тандаулылардың (элитаның) алмасуы күш, төңкеріс және револкшия арқылы жүзеге асырылуы мүмкін. Жалпы ал-ғанда, бұл қоғам үшін пайдалы деп санады Парето. Олар қалай болғанда да (күшпен не бейбіт жолмен болсын) қоғамның дамуы элиталардың алмасуы арқылы жүзеге асады деп қорытады.

XXғасырда саяси ілімде езіндік із қалдырған немістің көрнекті саясаттанушысы, фәлсафашы, тарихшы, әлеуметтанушысы Макс Вебер (1864—1920) болды. Ол өзінің зерттеу қызметінің приципі ретінде плюрализм идеясын негіздеді. Оның іздеген басты мәселелері — қоғамның шаруашылық емірінің, әр түрлі әлеуметтік топтардың материалдық және идеология-лық мүдделері мен діни сананың араларыңда қандай байланыс-тар бар, соларды ашуға тырысты. Дінді капитализмді тудыра-тын белсенді күш ретінде санады.Вебер әлеуметтік құрылым мен таптық жанжалдарға елеулі көңіл бөлді. Бұл орайда Маркстің көзқарасына қарсы шығып, таптық ерекшеліктер мен жағдайлардың көп қырлы болатын-дығына баса назар аударды. Билікке қатынасына, мәртебесіндегі айырмашылықтарға және жекелеген топтардың абырой-атағы-на, діни және идеологиялық белгілеріне қарай бөлуді меншік қатынастарынан туатын өзгешеліктер сияқты өте-мөте маңызы бар деп есептеді. Саяси әлеуметтануда ол билеуші таптың әр түрлі топтарының мақсат-мүдделеріндегі айырмашылықтардан туатын дау-дамай, шиеленістерді талдауға үлкен мән берді. Өзі өмір сүрген кездегі мемлекеттің саяси өміріндегі негізгі дау-жанжалдың себебі саяси партиялар мен бюрократтық аппарат-тың арасындағы күрестен пайда болады деп үқты. Ол социа-листік қоғамдық қатынастардың жеңуіне сенбеді, оған бюрок-ратияның өте мықтылығы туралы тезисті қарсы қойды. Бола-шақ қоғам жұмысшы табының диктатурасы емес, шенеунік-тердің диктатурасы болады деді. Ол қазіргі әлеуметтанудың дамуына айтарлықтай ықпал етті.

Империалистік буржуазияның мүддесін көздейтін реакция-шыл саяси бағытқа фашизм жатады. Оның негізгі белгілері — еңбекшілерді басып-жаншуда зорлық-зомбылықтың шектен тыс түрлерін пайдалану, қоғам және адам өмірін қатаң кадаға-лау және т.б. Сыртқы саясатта фашизм басқа елдердің жерін басып алуға бағытталады. Бұл мақсатын іске асыру үшін ол гео-саясат деген теорияны ойлап шығарды (негізін салушы Ф. Ратцель). Бұл теория бойынша мемлекеттің өмірі қауіпсіз, сенімді болу үшін оған жеткілікті географиялык кеңістік, жер қажет. Ал ол болмаса сондай жерді карудың күшімен қамтамасыз етуі керек. Бұл реакцияшыл теорияны кезінде италия, неміс фашистері басшылыққа алса, қазір Израиль іске асырып отыр. * Кейбір жерлерде жаңа фашистік (неофашистік) идеялар етек алуда.

XXғасырда, әсіресе, біздің елімізге көп қайғы-қасірет әкел-ген тоталитаризм теориясы дамыды. Ол — мемлекет тарапынан қоғамның және әр адамзаттың өмірін қатаң бақылауға ала-тын мемлекеттік-саяси құрылыс. Тоталитарлық мемлекет коғам-мен тұтасып кетеді. Бір партия, бір идеология үстемдік етеді. Ол адамның жеке басының құндылығын бағаламайды, оны мемлекеттің күралы ретіңде пайдаланады. Ол туралы коғамның саяси жүйесін сөз еткенде толығырақ тоқталамыз.

XXғасырда либералдық және консервативтік идеялар одан әрмен дамиды. XVIII, XIXғасырлардағы либерализммен салыс-тырғанда мұнда жаңа қағидалар енеді. Оны жақтаушылар мемлекеттің реттеушілік қызметіне көп мән бере бастайды. Сол арқылы әлеуметтік әділеттілікті орнатуға, орташа тапты қалып-тастыруға елеулі көңіл бөледі. Ол "аралас экономиканы", сая-си әділеттілікті, пікір алуандығын және т.б. алға тартады. Кон-серваторлар болса мемлекеттік реттеуге қарсы. Керісінше, ол ештеңеге араласпауы керек, шексіз бәсеке бостандығы берілгені дұрыс деп санайды. Әр адам мемлекетке сенбей өз тіршілігін езі ойласын. Тегін білім беруді, медициналық қызмет көрсетуді, жұмыссыздарға жәрдем беруді және т.с.с. азайтуды жақтайды. Сонда адамдар ізденіп, іскерлігін арттырып, жағдайын түзейді деп тұжырымдайды.

Сонымен, саясаттанудың қалыптасуы мен дамуының қыс-қаша тарихы осындай. Оны білмей, адамзат тарихының бұрын-ғысы, бүгінгісі және болашағын білу қиын. Оны оқып-білу — қазіргі қоғамдық және саяси құрылыстың мәнін түсінуге, онда әркімнің өз орнын анықтауға, егеменді еліміздің азаматтық қоғам, құқықтық мемлекет кұруына белсене араласуына септігін тигізері созсіз.

2-ші тақырыпқа бақылау сұрақтары :

1.Антикалық дәуірдің саяси ілімі.

2.Христиандық саяси ілім

3.Орта ғасырлар мен қайта дәуірлеу кезеңдегі саяси ұғымдар.

4.Жаңа заманның көрнекті саяси ойшылдарының көзқарастары.

5.Қазақ ақын-жыраулары туындыларындағы саяси -әлеуметтік ой-

тұжырымдамалары.

Негізгі әдебиеттер

1. Антология мировой политической мысли. В 5-ти томах. –М., 1997.

2. Антология социально – политической мысли Казахстана (с древнейших времен до наших дней) : в 2 т. Алматы: Ин-т развития Казахстана, 2002.

3. Әлемдік саясаттану антологиясы: 10 томдық.-Алматы: ЖШС «Қазақстан» баспа үйі, 2007.

4. Қазақстан Республикасының Конституциясы.Алматы,2008.

5. ҚР-ның Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы «Қазақстан – жолы-2050: «Бір мақсат,бір мүдде, бір болашақ» ,14 қаңтар 2014ж.

6. Политология.Учебник для студентов высших учебных заведений. Под общ.ред. А.Н.Нысанбаева.-Алматы,1998.

7. Жамбылов Д. Саясаттану. Алматы «Жеті жарғы» 2008 ж.

8. Байділдинов Л.Ә. «Теориялық саясаттану», Алматы 2005ж.

9. Балғымбаев А. «Саясаттану», Алматы 2004ж.

10. Таубаева М.Е. Саясаттану пәнінен әдістемелік көмекші оқу құралы.

Шымкент ОҚМУ 2003.

11. Қуандық Есенғазы «Саясаттану негіздері», Астана 2000ж.

12. История политичексих учений М 2002 г.

13. Нысанбаев Ә. Қазақстан Демократия. Рухани жаңару. Алматы, 1999

14. Саясаттануға кіріспе. Проф. Т.Т.Мустафиннің редакциясында. Алматы, 1994, 1,2,3 бөлімдері.

15. Ш.Уәлиханов. Таңдамалы Алматы, 1995.

16. Аль-Фараби историко-философские трактаты. Алма-Ата, 1985

17. Қазақстан Республикасының Конституциясы. Алматы ,2007.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]