- •5.2. Қосымша әдебиеттер
- •2. Орта ғасырлық Шығыстағы және Европадағы саяси ойлар .
- •3. Еуропалық ағартушылық дәуірдегі және қазақ ағартушыларының саяси идеялары.
- •5.2. Қосымша әдебиеттер
- •1. Саясат ұғымы және оның пайда болуы.
- •2.Саясатты зерттеудегі теориялық амалдар және эмпирикалық парадигмалар мен саясат элементтері.
- •3. Саяси институтар мен жүйелерге талдау жасау
- •2. Саясатты зерттеудегі теориялық амалдар және эмпирикалық парадигмалар мен саясат элементтері.
- •3. Саяси институтар мен жүйелерге талдау жасау
- •5.2. Қосымша әдебиеттер
- •1.Биліктің шығу көзі, мәні, пайда болуы.
- •2.Саяси билік пен мемлекеттік билік.Билітің бөлінуі мен биліктің
- •3. Егеменді Қазақстандағы мемлекеттік билік.
- •3.Егеменді Қазақстандағы мемлекеттік билік.
- •5.2. Қосымша әдебиеттер
- •Саясат субъектілері. Билік жүйесіндегі олардың орны, рөлі және саясат әлеуеті.
- •Адам құқықтары мен еркіндігі.
- •Қазақстанның әлеуметтік-саяси құрылымы.
- •3. Қазақстанның әлеуметтік-саяси құрылымы.
- •5.2. Қосымша әдебиеттер
- •1.Саяси жүйе түсінігі. Саяси жүйе теорияларын жасаудағы концептуалды тәсілдер. 2.Саяси жүйенің құрылымы мен элементтері, қызметтері.
- •3.Егемен Қазақстан Республикасының Конституциясы.
- •4.Қазіргі саяси ғылымдағы саяси режимді интерпретрациялау. Саяси режимнің түрлері.
- •2.Саяси жүйенің құрылымы мен элементтері, қызметтері.
- •3.Егемен Қазақстан Республикасының Конституциясы.
- •4.Қазіргі саяси ғылымдағы саяси режимді интерпретрациялау. Саяси режимнің түрлері.
- •5.2. Қосымша әдебиеттер
- •Сайлау саяси институт ретінде .Сайлаудың қызметтері және
- •Қазіргі сайлау жүйелері: мажоритарлы, пропорционалды және
- •Сайлау технологиялары және оның түрлері.Қазақстан
- •5.2. Қосымша әдебиеттер
- •1.Мемлекет қоғамның саяси жүйесінің негізгі институты.
- •2.Мемлекет қызметтерін жіктеу, оның нарықтық экономика,
- •3.Құқықтық мемлекет: пайда болу тарихы мен қазіргі амалдары.
- •5.2. Қосымша әдебиеттер
- •2. Партиялық жүйелер, олардың жіктелуі.Қазақстандық партиялық жүйелердің даму үрдістері және ерекшеліктері.
- •3.Лоббизм. Қазақстандық лоббизмнің ерекшеліктері.
- •5.2. Қосымша әдебиеттер
- •Саяси даму . Саяси модернизация түсінігі.
- •Саяси модернизация теориясының негізгі бағыттары, олардың
- •Қазақстан Республикасындағы саяси модернизация.
- •5.2. Қосымша әдебиеттер
- •Конфликт әлеуметтік құбылыс ретінде және оның саясаттағы
- •Саяси конфликт құрылымы.Саяси конфликтілердің жіктелуі мен
- •1. Конфликт әлеуметтік құбылыс ретінде және оның саясаттағы рөлі.
- •2.Саяси конфликт құрылымы. Саяси конфликтілердің жіктелуі мен қызметтері.
- •3. Саяси дағдарыс.Сыртқы және ішкі саяси дағдарыстар.
- •5.2. Қосымша әдебиеттер
- •1. Саяси мәдениет түсінігі және мәні құрылымдық компоненттер және саяси мәдениет қызметтері.
- •2. Саяси мәдениет және қоғамдық сана
- •5.2. Қосымша әдебиеттер
- •5.2. Қосымша әдебиеттер
- •2.Қазақстан Республикасы - зайырлы, құқықтық, әлеуметтік, демократиялық мемлекет және халықаралық қатынастың субъектісі ретінде.
- •3.Қазақстанда егемендік пен демократияның қалыптасуы кезеңдері мен проблемалар және қиындықтар.
- •5.2. Қосымша әдебиеттер
- •5.2. Қосымша әдебиеттер
5.2. Қосымша әдебиеттер
1. Гаджиев К.С. Политическая науки, часть1,2.М., 1994.
2. Основы политической науки. Учебное пособие под.ред.проф В.П.Пугачева М.1994г.
3. Политология. Энциклопедический словарь, М, 1993.
4. Жамбылов Д.А., Жамбылова Г.Ж. Саясаттану сөздігі Алматы., «Экономика» 1997 .
5. Астана Саммитінің Декларациясы, Егемен Қазақстан 2010ж. 15 желтоқсан .
6 .Р.Әбсаттаров Саясаттану негіздері (Екі томдық оқу құралы),Алматы «Қарасай» 2011.
7. Таубаева М.Е. Қазақстан Республикасындағы президенттік институттың қалыптасуы мен дамуы. Оқу-әдістемелік құралы,ОҚМУ.,Шымкент – 2011.
8. Таубаева М.Е. Қазақстан Республикасындағы парламенттік институттың қалыптасуы .Оқу-әдістемелік құралы,ОҚМУ.,.Шымкент – 2012.
9. Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан -2050» Стратегиясы : қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты » атты Қазақстан халқына Жолдауы //Егемен Қазақстан ,15.12.2012ж.
10.Таубаева М.Е. Қазақсатан Республикасы халықаралық қатынастар мен әлемдік саясаттың акторы ретінде. Оқу құралы.,ОҚМУ,Шымкент,2013ж.
11.Таубаева М.Е. Қазақстан Республикасындағы саяси партиялар және қоғамдық қозғалыстар мен ұйымдардың қалыптасуы: салыстырмалы саяси талдау. Оқу құралы ,ОҚМУ., Шымкент- 2014ж., 7,75 б.т.
12. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы Қазақстан-жолы 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» 17 қаңтар 2014ж.
13. Таубаева М.Е., Байқонысов Е.Р. Қазақстан жолы 2050 : Ұлттық қауіпсіздік және халықаралық қатынастар мәселесі. ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан жолы – 2050: «Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты 2014 жылғы 17 қаңтардағы Жолдауы туралы оқу-әдістемелік нұсқау.ОҚМУ, Шымкент-2014ж,39 б.
14..Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» 11 қараша 2014ж.
15- ші лекция
2050 ЖЫЛҒА ДЕЙІНГІ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ДАМУ СТРАТЕГИЯСЫ
1.Мемлекеттің жаңа саяси бағыты.
2. «Мәңгілік ел» - ұлттық идеясы.
3.Жаңа қазақстандық патриотизм.
1.Мемлекеттің жаңа саяси бағыты. Тәуелсіз мемлекетіміз өзінің әлемдік қоғамдастықтың толыққанды, тең құқықты мүшесі екендігін паш еткен алғашқы құжат – «Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк егемендiгi туралы декларацияcында»: «Республикада тұратын халықты топтастыру мен олардың достығын нығайту бiрiншi дәрежелi мiндет…» деп жазылған еді. Бұл ежелден келе жатқан, ұлы ойшыл-ғалым Шоқан Уәлиханов атап көрсеткендей, «бейбітсүйгіш халықтың» жаңа заман табалдырығы алдындағы шынайы шешімі, мәңгілік ұстанымы болатын. Ширек ғасырға жуықтаған мерзімде еліміз бұл саясаттан әсте айныған емес, қайта оны қоғам дамуының сұраныстарына сәйкес жетілдірумен, нығайта түсумен келеді. Ол нәтижесіз емес. Соның арқасында кешегі екі заман аралығындағы қиындау «өліара» кезеңде туындаған әртүрлі қайшылықты сәттерді еліміз айқай-шусыз, әлеуметтік толқуларсыз аман-есен өткізді. Сол кездегі басты мәселе – халық тыныштығы қамтамасыз етілді. Осы идеяны Н.Ә.Назарбаев «Нұр Отан» партиясының ХVI съезінде дамыта түсіп, бүгінде орындалуы қолға алынып жатқан бес институттық реформаның «100 нақты қадам» Ұлт жоспары төртінші бағытының (біртектілік пен бірлікке арналған) өзекті бір нысаны ретінде ұсынды. Тәуелсіздік жылдары осы бағыттағы жаңа тұрпатты мемлекетіміздің де, Тұңғыш Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың да тиімді саясаты қоғамның қай саласына болсын игі әсер етіп, саяси серпілісіміз бен әлеуметтік әлеуетімізді арттыруымыздың, экономикалық қуатымызды нығайтудың берік кепіліне айналды. Сөйтіп, бүгінгі күні елімізде ынтымақ пен бірліктің өзгеге ұқсай бермейтін нақты моделі қалыптасты. Оның түпкі мақсаты 100-ден астам ұлт пен ұлысты бір ұлтқа айналдыруда емес, оларды рухани тұтастыққа ұйыстыра түсуде, азат Қазақстанның қасиетті шаңырағын бірліктің құдіретті күшімен биіктете беруде болып отыр. Қазақ халқы өзара түсіністіктің, парасатты қарым-қатынастың қадірін жақсы біледі. Осынша асты да, үсті де байлыққа толы алып аймақты ұстап тұру оңай болған жоқ. Ауызбірлікті қамтамасыз ете алмай, ұлы Абай айтқандай, «бас-басына би болып», ру-жүзге бөлініп, көрінгенге жем болған заманды да, о шеті мен бұ шеті бірнеше күндік кең-байтақ кеңістікте оңтүстіктен солтүстікке, шығыстан батысқа, кейде кері көшкен «Ақтабан шұбырындыны» да, елді тастап, қайғы-қасіретпен үдере шет асқан көшпенділікті те көрді. Бүкіл қазақ болып, қасіретті «Елім-ай» әнін де айтты. Ұйыса отырып ұтқан кезеңдер де аз болған жоқ. Бұған мыңдаған жылдарды қамтитын ежелгі тарихымыз куә. Сондықтан да, халқымызға бірліктен қастерлі, одан қасиетті ұғым жоқ. Болған жоқ, болмайды да. Биыл Қазақ хандығының 550 жылдығына байланысты тарихты таразылағанда, халқын бір мақсатқа жұмылдыра отырып, мемлекетіміздің атақ-абыройына өлшеусіз үлес қосқан хандар туралы жақсы айтылып жатыр. Соның ішінде ХVII ғасырдың аяғы мен ХVIII ғасырдың басындағы қазақ халқының гүлденген әрі әлеуметтік мерейі арта түскен айрықша кезең Әз Тәуке ханмен байланысты болғаны белгілі. Бас-аяғы 35 жылдай ел басқарған, қабілет-қарымы жеткілікті, көреген саясаткер, дана дипломат Тәуке хан халықты ұйыстыру үшін бар саяси-әлеуметтік амалды тиімді пайдаланған. Осы қасиеттері үшін халқы шынайы сезіммен оның атына «Әз» деген атау қосқан. Оның билік жүргізуі хандық өктемдікпен, әскери күшпен, не басқа айла-тәсілмен емес, ақылдылықпен, тапқырлықпен, халықтық дәстүрді жақсы білумен ұштасып жатты. Сондықтан да оның аты кейін үш жүзге мәлім болды, ғасырлар қойнауынан бізге кейде аңыздай болып еркін жетті. Қазақ – табиғатында ынтымақшыл, иманды халық. Тіпті, саяси сипаты жағынан ұлттық ұстанымдарына сәйкес келе бермейтін кешегі кеңестік заманның өзінде ұлтымыз өзіне тән бауырмалдығын Алланың «махаббатпен жаратқан адамзат» баласының ешқайсысынан аяған емес. Бұған мысалдар толып жатыр. Бұл 70 жылдығын атап өткен Ұлы Отан соғысының алдында елімізге депортацияға ұшырап келген халықтарға көрсетілген қатынастан айқын аңғарылды. Оны бүгін атажұртына көшіп кеткендер де, елімізді өзінің Отаны санап, осында мәңгілік қалғандар да айтудан еш жалықпай, тұрақты ыстық ықыласы мен риза көңілін білдіріп келеді. Өзімнің туып-өскен Сыр бойында болған, соған қатысқан кісілерден естіген бір оқиғаға тоқтала кетейін. 1937 жылы осы өңірге корейлердің көшіп келгені белгілі. Кейін екі халыққа күнделікті аралас өмір тиімді сәттерді мол етті. Бірі бірінің тілін білген жайттар да болмай қалмады. Бұрын да суармалы жерде егілген күріш шаруашылығының одан әрі облыстағы дамуына осы ағайындардың өзіндік үлесі айрықша болды. Қазіргі Қызылорда қаласындағы Қорқыт ата атындағы мемлекеттік университеттің негізін қалаған Владивостоктан көшіп келген педагогикалық институт болатын. Осындай жарасымды істерге байланысты 80-жылдары Қызылорда облысы Жалағаш ауданына қарасты сол кезде «Калинин» атындағы кеңшарда, қазіргі Бұқарбай батыр ауылында корей халқының күндері өткен. Оған көрші облыстардан, Алматыдан белгілі кісілер келген. Қонақтарға мәдени қызметтердің ішінде театрландырылған бір көрініс ұсынылады. Онда корейлердің бір тобының 30-жылдардың автокөлігімен елді мекеннен алыстау жерге әкеліп, түсірілген сәті бейнеленіпті. Ауылда бұларға жолауға болмайды, олар адам етін жейді деген ақпарат таратылған. Ертемен қойын жайғастыруға далаға шыққан қойшы бір қапқа бәрі бастарын қойып жатқан бір топқа назары түседі. Сосын белгілі болғанындай, орталарында жалғыз қаптағы күріш осылардың бар тамағы екен. Қойшы тілдесе алмағанмен түрі өздерінен тым алыс емес, аш-жалаңаш адамдарға жұртқа көрінбей айран, нан сияқты дәмдер әкеліп береді. Осыны көргенде, қонақтардың ішіндегі егде тартқан бірі солқылдап жылап, көз жасын біразға дейін тыя алмапты. Ол «дәл осындай жағдай менің бала күнімде болған еді, мұны қайдан алған» деп таң қалады. Шынында да, осындай ақпарат кезінде жергілікті басылымдарда болған сияқты. Бұл қазақтың шынайы болмысын көрсететін көріністер еліміздегі басқа ұлт өкілдерінің «тірі қалғанымыз қазақтың арқасында» деулеріне нақты дәлел емес пе? Сондай-ақ, бұл Қазақстанды бір отбасына теңеп жүрген өзге ұлт өкілдерінің пікірлері де төркінсіз емес екенін танытады ғой. Осындай кеше халықтар арасындағы бірін бірі жатсынбай қабылдаған қарым-қатынас, бүгін туыстай сезініп отырған қазақ халқының адал пейіліне, жылы жүрегіне, асыл тілегіне лайықты алғыс күнін белгілейік деген ойлар төркінсіз емес. Мұның алда пайдалы боларына сөз жоқ. Кешегі кеңестік кезеңде-ақ Қазақстан «Достықтың лабораториясы» деп жайдан-жай аталған жоқ болатын. Оған әлеуметтік негіз бар еді. Алайда, ол кезде осы лабораторияның бас маманы деп қазақ халқы айтыла қоймады. Мұны Мәскеу біздің халқымызға қимады. Орталықтың Одақтағы ұлттарды «ұлы» мен «ұсаққа» бөлуі, соның салдарынан үлкеннің өктемдігі кішіні мойындаттырмады. Мұндай өзгені өзекке тебу оның да асыл адами қасиеттері аз емес екенін аңғарттырмады. Патшалық Ресейдің «бұратанасын» айтпағанымен, кеңестік бұра тарту көзге ұрып тұрды. Еліміздегі өзіне тиесілі мәртебеге, ежелгі жер иесі, осы аймақта мемлекет құраушы ұлт ретіндегі биік мәртебеге қазақ халқы тәуелсіздіктің арқасында ғана ие болды. Өз тізгіні өзінде, өз алдына ел болудың шынайы шарапаты осында жатыр. Қазір Отанымыздағы тұрақтылықтың негізгі кепілі, басқа ұлыстарды іштей ұйыстырушы мен топтастырушы ретіндегі ұлтымыздың ерекше әлеуметтік рөлі айқын. Адамзат баласының алғашқы қауымдасуы мен қоғам болып қалыптасуы әлеуметтік қажеттіліктен туғаны мәлім. Атақты француз әлеуметтанушысы Эмиль Дюркгейм өзінің «Қоғамдық еңбектің бөлінуі» атты алғашқы басты еңбегінде әлеуметтік келісім мен ынтымақтастық теориясын жайдан-жай зерттеген жоқ еді. Ол қоғамдағы байланыстар мен қарым-қатынастардың табиғатынан әлеуметтік мәселелер мен шиеленістердің болатынын білді. Осы бағытта ол кезінде қоғамдық рухани келісімді нығайтуға ықпал ететін маманданған топ құру идеясын ұсынған болатын. Еліміздегі бірлік пен ынтымақтастыққа соңғы жиырма жылда өлшеусіз үлес қосып келе жатқан Қазақстан халқы Ассамблеясының абзал миссиясының басты бағыты осында болып отыр. Достық пен түсіністіктің лабораториясына айналған бұл құрылымның толымды жұмыс істеуіне Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев айрықша қамқорлық жасап келеді. Міне, осының арқасында сан салалы этносаралық, дінаралық қарым-қатынастарды нығайта түсуде жүйелі жұмыс жасалып, осы бір ізгілікті істің ұлттық бірлік пен этносаралық толеранттылықтың отандық моделін қалыптастыруға үлкен үлес қосылды. Жақын, алыс елдер бұл модельді өздеріне жайдан-жай үлгі етіп жүрген жоқ. Қазақстан халқы Ассамблеясы аясында елімізде ірі этностардың 28 республикалық, 800-ден астам өңірлік этномәдени бірлестіктері қалыптасты. Олар кешегі 90-жылдардан бері сан салалы қызмет атқарып келеді. Қазақстанда тұратын этностардың 15 тілде шығатын 35 газеті мен журналы бар. Эфирде төрт телеарна, 5 тұрақты «Менің Қазақстаным», «Шаңырақ», басқа да телебағдарлама бар. Радиода «Достық», «Тіл – татулық тірегі» атты және т.б. 8 тұрақты бағдарлама жұмыс істейді. 9 республикалық газет «Біз – қазақстандықтармыз», «Бір халық – бір ел – бір тағдыр», т.б. айдарлармен ақпараттар таратуда. Республикада өзбек, ұйғыр, тәжік тілдерінде білім беретін 211 мектеп бар. Жексенбілік мектептер жұмыс істейді. Осындай берекелі ісі, айрықша танымы бар ел алда «Біртұтас ұлт, бірегей жұрт» болып қалыптаса ала ма? Оның саяси-әлеуметтік алғышарттары бар ма? Әрине, баршылық. Әңгіме соларды тиімді пайдалана білуде болып отыр. Ең бірінші – мемлекетіміздің алдағы болашағын айқындаған, оның демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік сипатын орнықтыратын Ата Заңымыз бар. Мақсат ортақ, ол – Тәуелсіз елімізді тұғырлы ету. Шындап келгенде, осыдан ардақты алда асу жоқ. Бірлік пен ынтымақ – ортақ. Осыдан қасиетті елімізде ұғым жоқ. Бүгінгі күні еліміздегі жүзден астам ұлт пен ұлыстың 70 пайызы, бүкіл түркі әлемінің ұлы перзенті Мұстафа Шоқай айтқандай, «ұлттық намыс пен бүкіл «қаны бiр, тiлi бiр, дiнi бiр» түркі жұрты. Қазақстанды Отаным, елім деген өзге ұлт өкілдерінің достығы да осы ежелгі қазақ жерінде жарасымдылық табуда. Бүтін қазақстандықтардың мүдделері мен мұраттарын үйлестіріп, оларды өзінің берік ұстанымы еткен, бірлік пен достықтың туын биікке көтерген Елбасын бүгін Қазақстаннан бөліп қарау мүмкін емес. Бұл сөздер шынайы синонимдерге айналған. Шетелдерде болғанымызда ылғи байқайтын бір жайды айта кетсек артық болмас. Онда Отанымыз «Қазақстан» десек, олар дереу «Назарбаев» деп егіз сөздей атап жатады. Бұл жайдан-жай емес. Мәдениетіміз бен әдебиетіміздің озық үлгілері ортақ рухани дүниеге айналды. Ұлы ойшылымыз Абай Құнанбаев, арқалы ақынымыз Сәкен Сейфуллин, жыр алыбы Жамбыл Жабаев, т.б. әдебиетіміздің талантты өкілдерінің шығармалары бүгінгі күні тек қазақтардың ғана емес, ол елімізде тұратын басқа этностардың рухани мұраларына айналды. Сондай-ақ, ұйғыр жазушысы Ахметжан Аширидің, корей Лаврентий Сонның, неміс Герольд Бельгердің және басқалардың шығармалары қазақ тіліне аударылып, бүкіл халқымыздың ортақ игілігіне айналып отыр. Тәуелсіздік жылдары халқымыз дәстүрлі діндеріне қайта оралды. Елімізде 3,5 мыңнан астам діни ұйым жұмыс істейді. Бұл кешегі атеистік кезбен тіпті салыстыруға келмейді. Діннің ізгілікті қағидалары жұртшылықты ортақ рухани үндестікке шақырып, тәуелсіздігіміздің мұраттарына қызмет етуде. Елімізде дәстүрге айналған әлемдік дін өкілдерінің съезі де осы мақсатқа бағытталған. Алда бүгінгі тәуелсіз қоғамымыздың сипатына сәйкес қалыптасып келе жатқан салт-дәстүрлер, әдет-ғұрыптар, көзқарастар, моральдық ұстындардың жиынтығы, яғни әлеуметтік нормалар мен ережелерді жетілдіре түсу, оның қазіргі алыс-жақынды сезе бермейтін жаһанданудың теріс әсерінен қорғау, оны тәуелсіздіктің жоғары талаптарына сай ету, айналып келгенде негізгі-негізгі қағидатты мәселелер төңірегінде ұжымдық сананы қалыптастыру сияқты алда аса маңызды асу тұр. Осы ұжымдық сананы қоғам мүшелерінің көпшілігі мойындайды. Ал оның барлық қазақстандықтарға ортақ болуы, оны әрбір азаматымыздың өздерінің күнделікті өмірлерінде, іс-әрекеттері мен қызметтерінде басшылыққа тұрақты алып отыруы – «біртұтас ұлт, бірегей жұрт» болудың бірден-бір асыл амалы. Бұл, шын мәнінде, қоғам мүшелерінің тұтастықты нығайта түсетін, беріктікті бекем ететін әлеуметтік қажеттілік. Ұжымдық сана – саяси сергектіктің, әлеуметтік әлеуеттіліктің, парасатты пайымдылықтың қайнар көзі. Мұны қалыптастыруда ортақ тілдік кеңістіктің рөлі зор. Тәуелсіздік жердің, елдің иесінің туған тіліне қатысты күрделі өзгерістер алып келгені белгілі. Кешегі егемендіктің елең-алаңында, аса бір күрделі де қайшылықты кезеңде қазақ тілі мемлекеттік мәртебеге ие болған қазақ тілінің қолданыс аясы кеңейе түсті. Біз саяси сипаты, әлеуметтік болмысы жағынан кешегі кеңестік кезеңмен салыстыруға келмейтін жаңа тұрпатты азаматтық қоғам, жаңа сипаттағы демократиялық мемлекет құрып жатырмыз. Аумағына бес Франция сыятын елімізді жақын арада санмен толтыру оңай емес шығар. Алайда, сапамен толтырудың жолдарын қарастыру аса қажет. Ең бірінші орында бәсекеге қабілетті білім-ғылым тұрғаны даусыз. Білім – бірліктің төте жолы. Осы арада осыдан 70-80 жыл бұрын ғұлама ғалым Ахмет Байтұрсынұлының: «Біз кейін қалған халық, алға басып, жұрт қатарына кіру керек. Басқадан кем болмас үшін біз білімді, бай һәм күшті болуымыз керек. Білімді болуға оқу керек. Бай болуға кәсіп керек. Күшті болуға бірлік керек. Осы керектердің жолында жұмыс істеу керек», деген сөз халқымыздың тұтас ұраны болуы тиіс. Адамзат қоғамының өзі қажеттіліктен пайда болды, қажеттілікпен қалыптасқаны белгілі. Тату-тәтті, береке-бірлігі ортақ біртұтас ұлт, бірегей жұрт та осы қажеттілік пен ынтымақтастықтың арқасында ғана бола алады. Бүгінгі азаматтық қазақстандық ұлт құрғақ қиял емес, ол – ертеңгі өмір сүрер «Мәңгілік Еліміздің» тұрғыны. Бұл халқымыздың асыл рухани құндылықтарын тәуелсіздік мұраттарына бағындырып, Қазақстан атты қасиетті шаңырақтың астында ұйыстыру мен іштей топтастыруды қажет етеді. Бүгінгі алыс-жақынды біле бермейтін жаһандану заманында, әсіресе, ішкі бірліктің аса маңызды екенін толық сезіну керек. Мұнсыз сыртқы орнықтылық пен саяси-әлеуметтік тұрақтылық қамтамасыз етілмейді. Сол себепті, «Біріңді, қазақ, бірің дос, көрмесең, істің бәрі бос» деген ұлы гуманист Абайдың тұжырымын «Біріңді, бауыр, бірің дос, көрмесең, істің бәрі бос» деп айтсақ, хакім аруағы кешірсін. Бүгінгі заман осыған сұранып тұрғандай.
Негізгі әдебиеттер
1. Антология мировой политической мысли. В 5-ти томах. –М., 1997.
2. Антология социально – политической мысли Казахстана (с древнейших времен до наших дней) : в 2 т. Алматы: Ин-т развития Казахстана, 2002.
3. Әлемдік саясаттану антологиясы: 10 томдық.-Алматы: ЖШС «Қазақстан» баспа үйі, 2007.
4. Қазақстан Республикасының Конституциясы.Алматы,2008.
5. ҚР-ның Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы «Қазақстан –жолы-2050: «Бір мақсат,бір мүдде, бір болашақ» ,14 қаңтар 2014ж.
6. Полиология.Учебник для студентов высших учебных заведений. Под общ.ред. А.Н.Нысанбаева.-Алматы,1998.
7. Жамбылов Д. Саясаттану. Алматы «Жеті жарғы» 2008 ж.
8. Байділдинов Л.Ә. «Теориялық саясаттану», Алматы 2005ж.
9. Балғымбаев А. «Саясаттану», Алматы 2004ж.
10. Таубаева М.Е. Саясаттану пәнінен әдістемелік көмекші оқу құралы.
Шымкент ОҚМУ 2003.
11. Қуандық Есенғазы «Саясаттану негіздері», Астана 2000ж.
12. История политичексих учений М 2002 г.
13. Нысанбаев Ә. Қазақстан Демократия. Рухани жаңару. Алматы, 1999
14. Саясаттануға кіріспе. Проф. Т.Т.Мустафиннің редакциясында. Алматы, 1994, 1,2,3 бөлімдері.
15. Ш.Уәлиханов. Таңдамалы Алматы, 1995.
16. Аль-Фараби историко-философские трактаты. Алма-Ата, 1985
17. Қазақстан Республикасының Конституциясы. Алматы ,2007.
