- •5.2. Қосымша әдебиеттер
- •2. Орта ғасырлық Шығыстағы және Европадағы саяси ойлар .
- •3. Еуропалық ағартушылық дәуірдегі және қазақ ағартушыларының саяси идеялары.
- •5.2. Қосымша әдебиеттер
- •1. Саясат ұғымы және оның пайда болуы.
- •2.Саясатты зерттеудегі теориялық амалдар және эмпирикалық парадигмалар мен саясат элементтері.
- •3. Саяси институтар мен жүйелерге талдау жасау
- •2. Саясатты зерттеудегі теориялық амалдар және эмпирикалық парадигмалар мен саясат элементтері.
- •3. Саяси институтар мен жүйелерге талдау жасау
- •5.2. Қосымша әдебиеттер
- •1.Биліктің шығу көзі, мәні, пайда болуы.
- •2.Саяси билік пен мемлекеттік билік.Билітің бөлінуі мен биліктің
- •3. Егеменді Қазақстандағы мемлекеттік билік.
- •3.Егеменді Қазақстандағы мемлекеттік билік.
- •5.2. Қосымша әдебиеттер
- •Саясат субъектілері. Билік жүйесіндегі олардың орны, рөлі және саясат әлеуеті.
- •Адам құқықтары мен еркіндігі.
- •Қазақстанның әлеуметтік-саяси құрылымы.
- •3. Қазақстанның әлеуметтік-саяси құрылымы.
- •5.2. Қосымша әдебиеттер
- •1.Саяси жүйе түсінігі. Саяси жүйе теорияларын жасаудағы концептуалды тәсілдер. 2.Саяси жүйенің құрылымы мен элементтері, қызметтері.
- •3.Егемен Қазақстан Республикасының Конституциясы.
- •4.Қазіргі саяси ғылымдағы саяси режимді интерпретрациялау. Саяси режимнің түрлері.
- •2.Саяси жүйенің құрылымы мен элементтері, қызметтері.
- •3.Егемен Қазақстан Республикасының Конституциясы.
- •4.Қазіргі саяси ғылымдағы саяси режимді интерпретрациялау. Саяси режимнің түрлері.
- •5.2. Қосымша әдебиеттер
- •Сайлау саяси институт ретінде .Сайлаудың қызметтері және
- •Қазіргі сайлау жүйелері: мажоритарлы, пропорционалды және
- •Сайлау технологиялары және оның түрлері.Қазақстан
- •5.2. Қосымша әдебиеттер
- •1.Мемлекет қоғамның саяси жүйесінің негізгі институты.
- •2.Мемлекет қызметтерін жіктеу, оның нарықтық экономика,
- •3.Құқықтық мемлекет: пайда болу тарихы мен қазіргі амалдары.
- •5.2. Қосымша әдебиеттер
- •2. Партиялық жүйелер, олардың жіктелуі.Қазақстандық партиялық жүйелердің даму үрдістері және ерекшеліктері.
- •3.Лоббизм. Қазақстандық лоббизмнің ерекшеліктері.
- •5.2. Қосымша әдебиеттер
- •Саяси даму . Саяси модернизация түсінігі.
- •Саяси модернизация теориясының негізгі бағыттары, олардың
- •Қазақстан Республикасындағы саяси модернизация.
- •5.2. Қосымша әдебиеттер
- •Конфликт әлеуметтік құбылыс ретінде және оның саясаттағы
- •Саяси конфликт құрылымы.Саяси конфликтілердің жіктелуі мен
- •1. Конфликт әлеуметтік құбылыс ретінде және оның саясаттағы рөлі.
- •2.Саяси конфликт құрылымы. Саяси конфликтілердің жіктелуі мен қызметтері.
- •3. Саяси дағдарыс.Сыртқы және ішкі саяси дағдарыстар.
- •5.2. Қосымша әдебиеттер
- •1. Саяси мәдениет түсінігі және мәні құрылымдық компоненттер және саяси мәдениет қызметтері.
- •2. Саяси мәдениет және қоғамдық сана
- •5.2. Қосымша әдебиеттер
- •5.2. Қосымша әдебиеттер
- •2.Қазақстан Республикасы - зайырлы, құқықтық, әлеуметтік, демократиялық мемлекет және халықаралық қатынастың субъектісі ретінде.
- •3.Қазақстанда егемендік пен демократияның қалыптасуы кезеңдері мен проблемалар және қиындықтар.
- •5.2. Қосымша әдебиеттер
- •5.2. Қосымша әдебиеттер
5.2. Қосымша әдебиеттер
1. Гаджиев К.С. Политическая науки, часть1,2.М., 1994.
2. Основы политической науки. Учебное пособие под.ред.проф В.П.Пугачева М.1994г.
3. Политология. Энциклопедический словарь, М, 1993.
4. Жамбылов Д.А., Жамбылова Г.Ж. Саясаттану сөздігі Алматы., «Экономика» 1997 .
5. Астана Саммитінің Декларациясы, Егемен Қазақстан 2010ж. 15 желтоқсан
6 .Р.Әбсаттаров Саясаттану негіздері (Екі томдық оқу құралы),Алматы «Қарасай» 2011.
7. Таубаева М.Е. Қазақстан Республикасындағы президенттік институттың қалыптасуы мен дамуы. Оқу-әдістемелік құралы,ОҚМУ.,Шымкент – 2011.
8. Таубаева М.Е. Қазақстан Республикасындағы парламенттік институттың қалыптасуы .Оқу-әдістемелік құралы,ОҚМУ.,.Шымкент – 2012.
9. Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан -2050» Стратегиясы : қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты » атты Қазақстан халқына Жолдауы //Егемен Қазақстан ,15.12.2012ж.
10.Таубаева М.Е. Қазақсатан Республикасы халықаралық қатынастар мен әлемдік саясаттың акторы ретінде. Оқу құралы.,ОҚМУ,Шымкент,2013ж.
11.Таубаева М.Е. Қазақстан Республикасындағы саяси партиялар және қоғамдық қозғалыстар мен ұйымдардың қалыптасуы: салыстырмалы саяси талдау. Оқу құралы ,ОҚМУ., Шымкент- 2014ж., 7,75 б.т.
12. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы Қазақстан-жолы 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» 17 қаңтар 2014ж.
13. Таубаева М.Е., Байқонысов Е.Р. Қазақстан жолы 2050 : Ұлттық қауіпсіздік және халықаралық қатынастар мәселесі. ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан жолы – 2050: «Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты 2014 жылғы 17 қаңтардағы Жолдауы туралы оқу-әдістемелік нұсқау.ОҚМУ, Шымкент-2014ж,39 б.
14..Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» 11 қараша 2014ж.
10-ШЫ ЛЕКЦИЯ
САЯСИ ДАМУ ЖӘНЕ МОДЕРНИЗАЦИЯ
Саяси даму . Саяси модернизация түсінігі.
Саяси модернизация теориясының негізгі бағыттары, олардың
эволюциясы және саяси тәжірибемен байланысы.
Қазақстан Республикасындағы саяси модернизация.
Саяси даму.Саяси модернизация түсінігі.Қазіргі саясаттану ғылымында «саяси даму» ұғымының жалпытаныған анықтамасы жоқ. Көбінесе саяси әдебиеттерде саяси даму мына мәндерге ие болады:
экономикалық дамудың алғышарты;
өндірістік қоғамға тән саясат;
саяси модернизациялау;
ұлттық-мемлекетті басқару;
әкімшілік және құқықтық даму;
жаппай жұмылдыру және қатысу;
демократиялық қоғамды құру;
өзгерістер сабақтастығы мен тұрақтылығы;
әлеуметтік өзгерістердің көпжақты процесінің бір аспектісі.
Саяси ілімдер тарихында саяси дамудың әр түрлі концепциялары қалыптасқан. Мәселен, саяси дамудың либералдық өкілдері- саяси дамудың өлшемі ретінде адам құқығының жоғарылығын, мемлекетгің азаматтық қоғам бақылауында болуын, плюрализм мен рухани бостандықты алады. Ал, консерваторлар саяси дамудың негізгі құндылықтары ретінде саяси іс-әрекеттегі моралдық басымдылықты, басқарудың алдыңғы формасымен сабақтастықты, билікті ұйымдастыруда базалық қалыптары мен қағидаларын сақтауды есептейді. Марксизм саяси жүйе дамуының өлшемін жеке меншіктің қоғамдық меншікке ауысуымен, жұмысшы табының гегемондығымен және коммунистік партияның жетекшілік рөлі артуымен байланыстырады. Демек, алдыңғы екі бағыт демократияньщ тоталитаризмге, ал марксизм болса социализмнің капитализмге үстемдігін қолдайды.
Бірақ, саяси процестер аяқталмаған транзитті қоғамда бұл өлшемдерді пайдалану қиындық тудырып ғана қоймайды, кейде даму идеясының өзіне қарама-қайшылық тудырады. Мәселен, билікті демократиялық негізде институттау, плюрализмді кеңейту басқарудың деспоттық формасының қалыптасуына, немесе қоғамды басқаруда жағымсыз салдарлардың тууына алып келуі мүмкін.
Саясаттанушы ғалымдар саяси даму саяси құрылымдар, қалыптар, институттардың жаңа әлеуметтік, экономикалық және т.б. мәселелерді тез арада қабылдау қабілеті мен сезіну икемділігіне, әрі қоғамдық пікірді қабылдау мүмкіндігіне тәуелді деген қорытынды жасады. Демек, кері байланыстың тұракты механизмі қалыптасуы тиіс, бұл дегеніміз баскарудың тиімді буындары тұрғындар пікірлерін есепке алуға қабілетті, шешімді тиімді таратушы, саяси жүйе шиеленісті реттеудің икемді механизміне айналған және билікті қолданудың тиімді жолдарын тандаған деген сөз. Мұнда бұл мемлекет қандай нақты ұлттык-мемлекеттік форманың өзгерісін иеленетіндігі ешқандай мәнге ие болмайды, қандай партия, қандай идеология саясатты анықтайтындығы ешбір рөл атқармайды. Ең негізгісі, саяси институттардың жаңа проблемелерды шеше білу қабілетінде, оның қоғаммен ашық сипаттағы қатынасы билік жүйесінің жағымды динамикасын, өмір сүрудің жаңа сапасына өткендігін бейнелейді. Бұл пікірді Д.Истон, Г.Алмонд және Г.Пауэлдің саяси жүйедегі ең бастысы оның кұрылымында емес, іс-әрекетінде деген тұжырымдары да растайды.
Сонымен саяси даму дегеніміз саяси жүйенің өзгеруші әлеуметтік жағдайға икемді бейімделу қабілетінің дамуы және талап-қолдау және саяси шешім-әрекет арасында кері байланыстың тиімді механизмінің қалыптасуы.
Саяси дамудың мақсаты қандай да бір тиянақты саяси қатынас пен қалыпты қалыптастыру немесе өзгерту емес, саяси институттар мен ашықтүрдегі саяси жүйе арқылы бірте-бірте күрделеніп келе жатқан әлеуметтік және экономикалық мәселелерді шешу, Саяси даму процесі саяси жүйенің ішінде оның мақсатының мынадай факторлармен- әлеуметтік- экономикалық даму, тұрақтылық, теңдік, қатысу т.б. өзара байланысы болуын талап етеді. Табысты бөлудегі теңсіздік пен саяси қатысуды күштеп шектеуге талпынған даму жағдайында әлеуметтік қиналыс, саяси тұраксыздық күшейеді, сөйтіп саяси даму процесі бұзылады.
Саяси дамудың эволюциялық жолы үшін қажетті жағдайлар мыналар:
тұрғындардың шешім қабылдау мүмкіндігін кеңейту, қоғамдық сұраныс пен мүддені есепке алу;
билік үшін күресте әділ және еркін бәсекелестікті орнату;
шиеленісті шешудің тиімді механизмін қалыптастыру;
саяси жетекшілердің біліктілігі, хабардарлығы, қарсыласымен келісімге келе білу қабілеті, күштеуге жол бермеу;
Саяси жүйедегі даму процесі:
талаптар мен қолдауды артикуляциялау, оны әр түрлі күштеу топтары мен саяси партиялар атқарады. Егер олардың қызметі шектетілетін болса, онда саяси жүйенің бейімделу мүмкіндігі әлсірейді. Талаптарды електеу, белгілі бір каналдарға бөлу. Ол мәдени әрі құрылымдықекіге бөлінеді болып. Құрылымдық немесе саяси түрі, оған партия, жоғары қабат, парламентаризм жатады. Мәдени реттеуге саяси қалыптар, құндылықгар, түсінікгер, көзқарастар жатады. Сондықтан мұнда саяси әлеумеггендіру рөлі басым. Талаптарды қысқарту, топтастыру, баламалық талдауды қалыптастыру. Бұл қызметті саяси партиялар тиімді атқарады. Қазақстан Республикасында саяси партиялардың әлсіздігі саяси жүйенің сыртқы және ішкі өзгерістерге тез арада бейімделуінің стратегиялық потенциалын төмендетуде.
Кері байланыс қоғамдағы шиеленістерді шешудің бірден-бір көзі, ол биліктің саяси жүйеге түскен талап-тілектерді реттеу қабілетіне байланысты. Кері байланыс саяси жүйенің өзінің мақсатына қаншалықты жеткендігін анықтауға мүмкіндік береді. Қазақстан Республикасында саяси жүйе кері байланыс әлсіздігінен қиналысқа үшырауда. Бүл саяси жүйенің ақпараттар каналдарының қызметі әлсіздігіне байланысты.
К.Дойч саяси жүйе өз мақсатына жетуі үшін мына төрт факторға тәуелді деп есептейді:
жүйенің ақпараттармен жүктелуі;
саяси жүйе реакциясының жылдамдығы;
саяси жүйенің жаңа фактілерге тез, әрі сапалы жауап қайтаруы;
мақсатты нақты белгілеу.
Демек, саяси жүйе қызметінің тиімділігі қамтамасыз ететін факторларға айналымдағы ақпараттардың жеткіліктігі мен сапасы, жүйенің сыртқы ықпалдарға жауап қайтару жолдары мен формалары, сонымен қатар коллективтік әрекет арқылы білдіру, оның нәтижесінің бастапқы мақсатқа сәйкес келуін жатқызуға болады.
2.Саяси модернизация теориясының негізгі бағыттары, олардың эволюциясы және саяситәжірибемен байланысы.«Саяси модернизация» дегеніміз саяси жүйенің әлеуметтік мақсаттардын, жаңа үлгілеріне бейімделу қабілетінің үнемі және табысты түрде өсуі және тек қорларды ғана қадағалауға мүмкіндік беретін жаңа институтгар түрін ғана емес, сонымен бірге үкімет пен халық арасында тиімді байланыс орнату үшін арналар құру» осылайша, әлеуметтік талаптарды қанағаттандыру, орталықтандырылған мемлекет пен саяси қатысу - саяси саладағы модернизацияның негізгі сипаттамасы.
Модернизация мақсаты — modernity, немесе қазіргіуақыт жағдайыретінде танылатын белгілі бір жетістікке жету. Бұл жағдайдың дамыған үлгісі ретінде нарық пен азаматтық қоғам қағидаларына негізделген әлемдік экономика танылады. Модернизация мен жаһандану үрдістерін байлаңыстырса, онда қарым-қатынастардың капиталистік жүйесі текмодернизациялық қана емес, сонымен бірге жаһандану үрдістердің де негізінде жатқаны анықталады.
Модернизация теориясы құрылған негіздеме мына классиктердің еңбектерін көрсетуге болады, өйткені олар белгілі бір дәрежеде осы мәселені көтерген: О.Конттың адамзат дамуындағы үш кезең идеясы, К.Маркстің тарихи материализмі, М.Вебердің «рационализадиясы» (ұтымды ету), Г.Зиммелдің «абстракциясы», Ф.Теннистің «қауымдастығы» мен «қоғамы», Э.Дюркгеймнің «механикалықтан органикалық ынтымақтастыкка» өтуі, Т.Парсонстың «әлеуметтік жіктеу» рөлін талқылауы т.б.
«Модернизациялық» үрдіс мәні мен оның аяқталу критерийлерін ашатын «модернизация теориясы» XX ғасырдың 50-ші жылдарының соңы мен 60-шыжылдарының басында қалыптасты. Жаңа теория әртүрлі ғылымдар тоғысында пайда болды:модернизацияны айрықша тұжырымдамасының қалыптасуына экономистер үлкен үлес қосты. 1960 жылы ¥лыбританияда жарық көрген У.Ростоудың «Экономикалық дамудың кезеңдері» атты еңбегінің мәні зор, оның «Коммунистік емес манифест» деген тарауы да ерекше. Кәсіби саяси ғылымдар ортасында модернизация теориясының жеке қағидаларын 1950 жылдары негізінен американдық ғалымдар талкылады. Модернизация теориясының қалыптасуына Т.Парсонстың қоскан үлесін ерекше атауға болады.
Модернизация теориясының кейбір жақтаушылары, мысалы, Т.Парсонс қазіргі индустриалды қоғам үшін демократия авторитаризмнен қарағанда тиімдірек деп есептеді. Экономикалық даму мен демократия арасындағы өзара байланысқа талдауды С.Хантингтон жасады, ол дамушы елдердегі демократиялык режимнің тұрақтылығы осы коғамда нарықтық экономиканың қаншалықты тамыр жайғанына байланысты деп көрсетті.
Модернизациялау үдерісі барысындағы саяси өзгерістерді зерттеп, сипаттауға саяси дамудың әртүрлі тұжырымдамалары бар. Мысалы, саяси теорияның мынандай ғылыми бағыттарын бөліп көрсетуге болады: 1) «модернизация»; 2) «даму»; 3) «артқа қалу» (немесе субдаму) және 4) «тәуелділік».
Демократиялық модернизациялану үдерісінің жіктелісін американдық зерттеуші К.Менгес үсынды. Ол он сатыны бөліп көрсетті, ол үшін алты негізгі елдің дамуын мысалға алды.
Сипаты жағынан циклдік болатын кезеңдер жіктелісін В.Шейнис үсынды:
Біріншісі — дағдарыс пен бұрынғы режимнің моральды-саяси оңашалануы;
Екіншісі - осы коалициялардың жеңісі немесе жартылай жеңісі;
Үшінші фаза - бұрынғы режиммен гендік жағынан байланысы бар, бұкара көңілін қайта өзіне аудара алған көшбасшылар мен үйымдардың билікке қайта оралуы.
Демократиялық мордернизацияның өзіндік, қазақстандық жолын ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев үсынды: «Халықтың көпшілігі қолдаған қазақстандық жол - сызбаны көз жұма көшіре салу емес, өзіндік жолды іздеуге ұмтылу. Мұнда біз басшылыққа алатын басты қағида — қан мен хаосқа толы демократия бізге керек емес. Біздің демократиямыздың негізі — саяси, әлеуметтік және халықаралық тұрақтылық».
Модернизацияның түрлері:
Классикалық спонтанды модернизация үлгісі (Батыс Еуропа елдері, АҚШ, Австралия) феодалдық қоғамның әртүрлі құрылымының, модернизациясының жүйелілігі қазіргі қоғамның негізгі құрылымдарының пайда болуына түрткі болды.
Модернизацияның екінші үлгісін әлемдік ғылыми әдебиетте кешіккен және негізгі емес үлгі ретінде таниды. Ең алдымен, бұл жіктелісті қабылдасақ, онда жаңартуға деген ұмтылыс көп елдерде (Жапония, Бразилия, Аргентина, Пиреней түбегі) кейінірек басталды дегенді білдіреді. Модернизациялық үдерістің бүл елдердегі дамуы модернизацияның бірқатар алғышарттарының (соның ішінде дамыған нарық, азаматгық қоғам, құқықтық мемлекет т.б.) болмауымен ерекшеленді, бұл жайт өзгерістің синхронды емес, авторитарлы сипатын негіздеді.
Кешігу модернизациясын өткерген елдер үшін, мысалы, Испания, Португалия үшін өркениетті қоғамға өту негізгі саяси мәселелерді шешуден; мемлекеттік институттарды құрудан, конституция даярлаудан, ұлттық-мемлекетгік құрылымның жалпы қағидаларын анықтаудан басталды. Экономикалық модернизация мәселелері кейінге қалдырылды, оған тек саяси мәселелер шешімін тапқан соң қайта оралды. Модернизацияны жүзеге асырудағы қозғалыс авторитарлы саяси режиммен қамтамасыз етілді. Кешігу модернизациясы әртүрлі тарихи кезеңдерден мұраға қалған, мысалы ақпараттық технологияларға өту мәселесі мен парламентгік демократия, құқықтық мемлекетті құру міндеттері мәселелерін бір мезгілде шешуді көздеді.
Қарастырылған үлгілер арасынан «скандинавтік үлгінің» алар орны ерекше. Оның ерекшелігі мынада: басқа елдерден қарағанда мұнда нарық пен демократияға өту қатар жүрді, оған тек құқықтық (констигуцияның болуы) пен мәдени орта ғана емес, сонымен бірге әртүрлі таптар мен әлеуметтік топтар арасындағы макроконсенсус та әсер етті. Ал Испания тәжірибесінің ерекшелігі - модернизадияның экономикалық емес, саяси жағдайының басым болуы.
Батыс Еуропада үлкен бір дәуір - феодалдық формациядан капитализмге өту. Модернизация осы дәуірлік алгоритм бойынша жүрген болатын. Екінші жағынан, тек капиталистік жол ғана нақты таңдалған жол болып табылмайды. Болашақ қоғамдық дамудың жаңа баламаларын ұсынуы әбден мүмкін. Модернизацияны вестернизация ретінде түсіндіре- тін қоғамның өтпелі дамуының түжырымдамасы жиырмасыншы ғасырдың соңына дейін өмір сүрді, тіпті қазір де өз өміршеңдігін жойған жоқ.
Трансформациялық өзгерістер теориясы бойынша модернизацияның ауқымды әлеуметгік топтардың дәстүрлі (құнды) сенімдерінің өзгеруі және қоғамның саяси мәдениетіндегі дағдарыстарды жеңе білгенде гана іске асатыны ақиқат. Модернизация теоретиктерінің пікірі бойынша өтпелі үрдістердің және жаңарулардың мінездемелерін ашатын негізгі элемент, ол - «әлеуметтік мәдени фактор, нақтылап айтсақ, жеке тұлға, оның саяси дамудың мақсаттары мен әмбебап нормаларын қабылдаудың деңгейін шарттандыратын ұлттық мінездемесі». Демократия үрдісіндегі кейбір қиындықтардың орын алуын саяси және демократиялық мәдениеттердің өз деңгейінде қалыптаспауымен және олардың өзіндік табиғатын жеткілікті дәрежеде аша алмағандығымен түсіндіруге болады. Демократия саяси феномен ретінде әлеуметтік-мәдени дамудан туындайды.
Модернизация теоретиктері өтпелі кезеңдегі жаңарулардың мінездемесі мен ырғағын айқындаушы негізгі факторлардың бірін әлеуметтік мәдениет деп мойындайды. Нақтырақ айтсак, жеке тұлға, оның саяси дамудың мақсаттары мен әмбебап нормаларын қабылдаудың деңгейін шарттандыратьш ұлттық мінездемесі.
Қазакстан Республикасында дамып келе жатқан демократиялық үрдіс адамдардың тарихи өткенін және қазіргі тандағы жаңашылдықтарды бағамдайтын кұндылықтар туралы сенімдерін қайта қараудың қажет екендігін көрсетіп отыр. Әлеуметтік мәдениетгің өзіндік ерекшеліктерін қарастырғанда мәдениеттердің конструктивті диалогтары халықтардың тұрмыстық болмыстарын баса көрсететінін және ұлттардың тарихи тағдырының ішкі бірлігін анықтайтынын ескерген жөн. Қазақстан үшін шетелдік мемлекеттердің саяси және әлеуметтік-экономикалық даму тәжірибелерінің негізгі құндылығы олардың әлеуметтік мәдениеттін өзіндік ерекшеліктерінің маңызды қырларын көрсетуінде ғана емес, сонымен қатар дәстүрлік қоғамнан өндірістік экономикаға өтудің жаңа жолдарын іздестіру қажеттілігін баса айтуында, мұндай жағдайда экономикалық және әлеуметтік мәдениет факторлары, дәстүрлі және жаңашылдық құндылықтардың; институттардың бірлесе дамуы бірінші кезекте ескеріледі. Әлеуметтік мәдени және экономикалық сипаттағы жағдайларды сараптай келіп, жалпы алғанда, Қазақстан Республикасының демократиялық жолмен дамуына мүмкіндіктердің болғанын және бар екендігіне көз жеткізілген.
3.Қазақстан Республикасындағы саяси модериизация.Реформаның экономикалык блогіне қатысты Президент бірінші кезекте бағаны либерализациялау, қаржылық сауыктандыру, жекешелендіру, нарықтық инфраструктура, жекеменшіктің барлық формасынның теңдігі, кәсіпкерліктің дамуы, шетел инвестициясының тарту шараларын жүзеге асыруды талап етеді. Сонымен қатар әлеуметтік басымдықтар: Қаржылық жэне материалды мүмкіндіктердің шектеулігіне қарамастан, біз әлеуметтік қорғаусыз тұрғындарға белгілі курс жүргіземіз: зейнеткерлерге, мүгедектерге, жетімдерге, көп балалы отбасыларына, оқушыларына. Табиғи ресурстарды, экологаялық бағдарламаларды қазіргі және болашақ ұрпақтың мүдделерін ескеріп пайдалануға көп көңіл бөлу қажет.
Н.А.Назарбаев «...Қазақстан дамуының концептуалдық даму үлгісі қоғамды ашық типті, демократиялық, бейбітшілік сүйгіш мемлекет құруға негіз болды:
адамның құқығын және еркін, саяси және идеологиялық плюрализмнен сақтайтын, азаматтық әлемін жәие ұлтаралық келісімді қамтамасыз ететін, қорғану және қауіпсіздігін қорғайтын күшті президенттік республика таңдалды;
нарықтық экономиканың дамуына сүйене отырып, жекеменшіктің көптүрлі формасьша және кәсіпкерліктің әлеуметтік жауапкершілігіне,, бәсекелестікке, ақылды жолмен шетелдік инвесторларды тарту қажеттілігі;
экономикалық-әлеуметтік бағытгылығын қамтамасыз етіп, азаматтардың материалдық жағдайын қамтамасыз ету, әрбір халықтың ұлттық өркениеттілігін сақтау арқылы ұлтгық консенсусты қогамның тұрақты дамуының негізіне айналдыру.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев ішкі және сыртқы саясаттың 30 бағыты белгіленді. Олардың арасында саяси жаңаруға қатыстылары:
мемлекеттік басқарудың тармақтарында қарама қарсы салмақ пен ұстанымдылық жүйесін басқару және өзара әрекетінің тиімділігін көтеру;
үкімет органдарының өкілдерінің мүмкіндіктерін кеңейту;
саяси партиялардың рөлін көтеру, азаматтық қоғам институтын
дамьпу,
мемлекеттік органдардың жұмысының тиімділігін көтеру;
мемлекеттік шешімдер шығару үдерісіне қоғамдық рұқсат беру;
адам еркіндігі мен құқығын қорғау институттық тетігін одан әрі бекіту;
жергілікті өзін өзі басқару дамуы үшін жағдай туғызу;
БАҚ-ның үйлесімді дамуын тудыру.
Демократиялық саяси модернизадиялау үрдісінің қазіргі кезеңі туралы Президент Н.Ә.Назарбаев:
Бірінші кезең - 1991 жьшдан 1995 жылға дейін — тәуелсіздік алғаннан кейінгі егеменді Қазақстан Констигуциясын қабылдауға дейін біз дезинтеграциялық кезеңдерді, Қазақстандық мемлекеттің негізін қалыптастыру, бірпартиялық диктаттан саяси плюрализмге көшуді, демократиялық дамудың негізін қалауды басымыздан кешірдік.
Екінші кезең - 1995 жылдан 2000 жылға дейін - біздің негізгі мақсатымыз қазіргі демократиялық институттарды құру және қалыптастыру, 1995 жылғы референдумда халық қабылдаған Конституцияның негізінде жаңа саяси мәдениетті қалыптастыру.
Үшінші кезең - 2001-ден 2006 жылга дейін — біздің стратегиямыздың ақиқаттығын көрсетті. Осы кезеңдерде біз әлеуметтік — экономикалық дамуды қамтамасыз еттік және аймақтық көшбасшылыққа ие болдық. Біздің мемлекеттігіміз де орнықты.
Реформа стратегиясы үшін маңызды саяси модернизация экономикалық дамуда қол жеткен жетістіктерден тәуелді. Жеткен дәрежеел халқының материалдық ауқатын ғана емес, демократиялық құкықтарды жүзеге асыру үшін қоғамдық пайдалы уақытты да үнемдейді. Қоғамның өндірістік күштерінің маңызы даму бойынша мәдениеттің жетістіктеріне, азаматгардың көпшілік бөлігі мәдени деңгейінің өсуіне, ғылым мен білімді дамытуға, саяси іс-әрекетке тиімді қатысуға мүмкіндік береді, яғни, саяси демократизация қоғамның әлеуметтік-экономикалык даму міндеттерін шешу құралы бола алады.
Модернизацияға ұшыраған елдердің қоғамдык-саяси модернизацияның әртүрлі нұсқаларын көрсетеді. Бұл айырмашылықтар әртүрлі жағдайларға байланысты: ішкі және сыртқы, пісіп-жетілген қажеттіліктер мен оларды шешу жолдары, коғамның дағдарысты жағдайының дәрежесі мен көшбасшылықтан дәмелі саяси күштерді ұйымшылдыгы т.б. Экономикалық қозғалыс қарқынының әртүрлілігі, кейде оның бағытының әр алуандығы модернизацияның барысына, тіпті нәтижесіне де елеулі әсер етеді. Демократиялық модернизация үдерісінің тұрақтылығына сонымен бірге саяси жүйе тиімділігі мен оның заңдылыгы да ықпал етеді. Бұлай болатындығын Қазақстанның саяси шындығы да дәлелдеп берді.
Демократиялық модернизация қозғалысы мәселелерін объективті қарастыруға мүмкіндік беретін, біздің ойымызша, модернизация теориясының кейбір жайттарын біліп қарастыруға және реформалаудың заманауи тұжырымдамасын қалыптастыруға болады. Олар:
модернизацияны ұлттық-мәдени, саяси және экономикалық даму ерекшеліктермен байланысты үдеріс ретінде түсіну («жаңарту», ал қуып жету дамуы жағдайында - «бөтендік» тәжірибені игеру);
негізінде ұлттық өз-өзін тану ұмтылысы (ұлттық мәдениет) мен әлемдік мәдениет («модернизация мәдениеті») арасындағы шиеленіс жатқан мемлекеттердің қоғамдық өмірінде болған түбегейлі өзгерістерді зерттеу нәтижелерін пайдалану;
екі дихотомиялык қарама-қайшылық- авторитаризм мен демократия (өтпелі кезең қоғамы) арасындағы саяси жүйелер жіктелісін салыстырмалы талдау тәжірибесінен сабақ алу;
авторитаризмнен демократияға өту жолындағы саяси өзгерістер көзін, сипатын, бағытын түсіндіруге талпынған концептуалды шешімдер нұсқаларын пайдалану;
авторитаризмнің әлеуетті мүмкіндіктерін қоғамдық өзгерістерді ұйымдастыру, жұмылдыру үшін қайта қарастыру және демократияның өзгерістер шараларын жүргізуші ретінде қабылдау;
модернизацияға ұшыраған зиялылардың қызметтік мүмкіндіктерінің мәселелерін көтеру және оларды шешу жолдарын анықтау;
экономикалық, мәдени және саяси модернизацияның өзара тәуелділіктегі негізділігі мен байланысын талдау;
билік пен саяси институттарды заңдастырудың нақты тиімді жолдарын керсету;
- өтпелі кезеңнің психологиялық қүбылысының корреляциясына байланысты модернизация идеологиясын жасау нұсқалары мен оларды тарату және жаңа ұлттық модернизация идеологиясын жасау;
Дүние жүзілік дамушы елдердің саяси тәжірибесін талдау, саяси модернизация әр елде әр түрлі жүргізілгендігін дәлелдейді. Қазақстанда да модернизациялық жаңарудын, әртүрлі нұсқалары мен формалары бой көрсетуде. Бұл саяси процесс әр елдің өзіндік даму жағдайы мен ішкі және сыртқы мүдделеріне тәуелді. Қоғамның дағдарыстық жағдайына және саяси күштердің ұйымдасуына байланысты саяси реформалар жұреді. Қазақстанда саяси дамудың өзіне тән ерекше жолдары бар. Себебі, дүние жүзіндегі бір де бір ел көпжылдық классикалық тоталитарлық диктатурадан кейін дамуды бірден саналы, саяси-құрылымдық демократиялық институттардан бастаған жоқ.
10-шы тақырыпқа бақылау сұрақтары:
Негізгі әдебиеттер
1. Антология мировой политической мысли. В 5-ти томах. –М., 1997.
2. Антология социально – политической мысли Казахстана (с древнейших времен до наших дней) : в 2 т. Алматы: Ин-т развития Казахстана, 2002.
3. Әлемдік саясаттану антологиясы: 10 томдық.-Алматы: ЖШС «Қазақстан» баспа үйі, 2007.
4. Қазақстан Республикасының Конституциясы.Алматы,2008.
5. ҚР-ның Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы «Қазақстан – жолы-2050: «Бір мақсат,бір мүдде, бір болашақ» ,14 қаңтар 2014ж.
6. Полиология.Учебник для студентов высших учебных заведений. Под общ.ред. А.Н.Нысанбаева.-Алматы,1998.
7. Жамбылов Д. Саясаттану. Алматы «Жеті жарғы» 2008 ж.
8. Байділдинов Л.Ә. «Теориялық саясаттану», Алматы 2005ж.
9. Балғымбаев А. «Саясаттану», Алматы 2004ж.
10. Таубаева М.Е. Саясаттану пәнінен әдістемелік көмекші оқу құралы.
Шымкент ОҚМУ 2003.
11. Қуандық Есенғазы «Саясаттану негіздері», Астана 2000ж.
12. История политичексих учений М 2002 г.
13. Нысанбаев Ә. Қазақстан Демократия. Рухани жаңару. Алматы, 1999
14. Саясаттануға кіріспе. Проф. Т.Т.Мустафиннің редакциясында. Алматы, 1994, 1,2,3 бөлімдері.
15. Ш.Уәлиханов. Таңдамалы Алматы, 1995.
16. Аль-Фараби историко-философские трактаты. Алма-Ата, 1985
17. Қазақстан Республикасының Конституциясы. Алматы ,2007.
