Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
5578 (2).docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
386.54 Кб
Скачать

3.Лоббизм. Қазақстандық лоббизмнің ерекшеліктері.

Лоббизм - (ағылш. 'lobby' - мәжілістен тыс жерлердегі күңкіл сөздер) - билік институттары ресми қызметінен тысқары жүзеге асырылатын, ықпалды іскерлер мен саясаткерлердің - лоббистердің - нақтылы бір топтардың мүдделерін қорғайтын заңжобасын жақтап, талап етілетін үкімет шешімін қабылдауға немесе өздеріне пайдалы мемлекеттік тапсырысты алу үшін талаптануы. Осы мақсатпен жеке кездесулер, байланыстар, келіссөздер ұйымдастырылады, ғылыми зерттеулердің нәтижесі баяндалған, қоғамдық пікірді зерттеу қорытындылары көрсетілген хат және телеграммалар табысталады. Әдетте, лоббистер өз мақсаттарына жету жолында ештеңеден тайынбайды: "ауыз бастырық", пара беру, қызмет көрсету, қоқан-лоқы жасау, арандату және т.б. әрекеттерге дейін барады.

Лоббизм АҚШ саяси өміріне анағұрлым жақын. Алайда, мұнда лоббизм - тек мәжілістен тыс жерлерде уағдаласу (ол да кеңінен таралған) ғана емес, сонымен қатар, заң жобаларын, биліктік-нұсқаулық актілерді сарапшылар, кеңесшілер ретінде дайындап, қабылдауға қатысудан көрініс табады. Лоббизмді заңды және заңсыз деп бөлуге болады. Екеуінің аражігін ажырату қиынға соғатындықтан, оған саяси құбылыс ретінде қарау да біржақты емес. Лоббизмге екі тәсіл қолдану қалыптасқан: тыйым салушы және құқықтық-реттеушілік. Бірінші тәсілді жақтаушылар лоббизмді қылмыстық әрекетпен теңестіреді және осы негізде заңнамалық санкциялар енгізу арқылы оны жоюға талпынады. Екінші тәсілдің жақтаушылары лоббистік белсенділікті құқықтық шеңбермен шектеуді ұсынады. Мысалы, Францияда лоббистік әрекет заңсыз болып танылса, Үндістанда сыбайлас жемқорлыққа теңдестірілген, АҚШ пен Канадада заңмен реттеледі.[

Парламент депутаттарына, үкімет мүшелеріне әлдебір не басқа әлеуметтік немесе саяси күштердің пайдасы үшін әлдебір не басқа шешімдердің пайдасына (ресми емес кездесулер, пікір алмасулар, құлағдар қоғамдық аялардағы ресми емес әңгімелер мәжіліс залынан тыс жерде) ұйымдастырылған қысым көрсетулер тобы. Кәсіподақтардың, соғысқа қарсы қозғалыстардың, кәсіпорын директорларының, экономиканың аграрлық секторы өкілдерінің және т.б. парламентте өз лоббилары болуы мүмкін; осы топтардың агенттері— лобби болып табылады.

Мүдделік қолдау заңының қажеттілігі Қазақстанның Әділет министрлігі тарапынан қозғала бастады. Лоббизмді заңдастыру әрекеттері алғаш рет 1998 жылы жасалған болатын. Алайда, үкімет және парламент тарапынан пікірлер бір арнада тоғыспағандығы себебінен, заң жобасын талқылау кейінге қалдырылып келген. Қазақстандық кейбір сарапшылар лоббизмді көлеңкеден алып шығу қажеттігін айтуда. Тек, қалай болған күнде де, мүдделік қолдау заңы қоғамның емес, қалталы азаматтар мен қаржылық топтардың пайдасына жасалуы мүмкін деген қаупін заңды жақтаушылар да жасырмайды.

Тәуекелдерді бағалау тобының директоры Досым Сәтпаев өзін Лоббизм туралы заңның жақтаушыларының қатарына жатқызады. Саясаттанушы кезінде осы тақырыпта өзінің кандидаттық диссертациясын жазған көрінеді. Қазақстанда лоббизм бар, тек ол көлеңкелі деңгейде ғана дейді Досым Сәтпаев.  - Іс жүзінде Қазақстандағы лоббизмнің деңгейін біз түрлі астыртын шешімдердің қабылдануынан, түрлі қаржылық топтардың қатысатын жабық тендерлердің өткізілуінен көріп-біліп жүрміз. Ал лоббизм туралы қандай да бір заңдық күші бар құжат дүниеге келсе, азаматтық институттар үшін кішкене болса да заңнамалық процесске қатысуға мүмкіндігі пайда болады. Негізі, заң қабылданса да, қабылданбаса да – олигархтар мен қалталыларға одан келіп кетері жоқ. Кез-келген жағдайда олар ұтылмайды.  Transparency Kazakhstan қоғамдық қорының атқарушы директоры Сергей Злотников болса, Қазақстанға лоббизм туралы заңның мүлдем қажеті жоқ деген пікірде.  - Қазақстан заңнамасы мұндай заңның қабылдануына мүлдем дайын да емес. Көп мемлекеттер осы заңсыз-ақ өмір сүріп жатыр ғой. Еуроодақта мұндай заң жоқ. Тек қана, мен білетінім, Америкада бар. Бірақ лоббизм заңын қабылдау үшін, біз біржола америкалық заң жүйесіне өтуіміз керек.  Мәжіліс депутаты Амангелді Таспихов лоббизм уралы заңның жоқтығынан, жемқорлық өсіп келеді дейді.  - Бұл заңның қоғам үшін маңызы зор болады. Лоббизм туралы заң дүниеге келсе, қалталылардың қолы шамалы болса да қысқарады. Лоббизм туралы заң саясаттанушы Досым Сәтпаевтың айтуынша, қоғамның, мемлекеттегі әрбір азаматтың заң шығару процесіне тікелей араласуы қажеттігінен туындап отырғандығынан көрінеді.  - Қазақстандық заңнама лоббизм туралы заңның жасалуына дайын емес деген бос сөз. Қазақстандағы әрбір азаматтың партиялар, депутаттар, қандай да бір басқа құрылымдар арқасында, мемлекеттің саяси өміріне қатыса алатындығы жөнінде Конституцияда да айтылған. Шикі болса да, лобби туралы заң қабылдануы тиіс. Мәжіліс депутаты Тито Сыздықов болса, мұндай заңның парламентке өтуі екіталай деген пікірде.  - Мен лоббизм туралы заңның жобасын жасауға қатысқан да емеспін, оның мәтінімен де таныс емеспін. Одан кім пайда көретінін де айта алмаймын. Оның қабылданбақ түгіл, парламент қарауына өтеді дегенге де күмәнданамын.  Еуропалық елдерде лоббизм туралы заң жоқ, Францияда ол – қылмыс түрі. Үндістанда лоббизм – жемқорлық деп саналады. Көршілес Ресейде лоббизмді заңдастыру 1992 жылдан бері сөз болып келеді. Бірақ, әлі күнге дейін бұл мәселе шешілмеген. Қазақстанда «Лоббизм туралы» заңды талқылау үкіметтің 2006 жылғы жұмыс жоспарына кіргізілген. Сондықтан, жыл аяғына дейін заң жобасының тағдыры белгілі болатын сияқты. Қазақстанның саяси жағдайында шешім қабылдау орталығы мен қоғам арасындағы байланыс арналары қалыпты ақпарат айналымы болатындай аса көп емес. Оның негізгі көздері – саяси жүйенің өз ішінде.  Бұл жағдайдың себептері мынада: 1. Посткеңестік мемлекеттердің басым бөлігіне «іштен кіру» жүйесі тән, бұл шешім қабылдауға саяси жүйенің өз ішіндегі қысым көрсететін топтардың елеулі түрде ықпал етуі.  2. Бұл жерде негізінен мемлекеттік аппарат бөлігінің мүддесін білдіретін немесе онымен тығыз байланысты қысым көрсетудің институттық топтары жұмыс істейді.  болды. Отандық лоббизмді зерттегенде қысым көрсететін топтардың ақпараттық қызметіне, оның қазақстандық саяси жүйедегі орны мен саяси ақпарат айналымындағы рөліне көп көңіл бөлу керек.  Саяси қатынастың негізгі екі нысаны: 1. Бейресми байланыстарды пайдалану (тікелей немесе ішкі, лоббизм). Мұндай қатынас делдалы – «knowhow» (қалай екенін) + «knowwho» (кімнің пайдала екенін білетін) технологиясын білетін адам. Мұндай қатынас түрін саяси жүйенің өз ішінде жұмыс істейтін институттық қысым көрсету топтары белсенді түрде пайдаланады.  Біздің жағдайда саяси ақпарат саяси дамуды түзететін рөлін ойнауды тоқтатады, себебі топтар арасындағы егес құралына айналады. Яғни, саяси ақпарат айналымы бұзылған. Бұл сырттан түсетін ақпараттың іріктеу мен сүзгіден өткізудің барлық деңгейінде позитивтік оқиғалар, үрдістер мен нәтижелерге қарай бұрмалануына байланысты. Әншейін ақиқат ақпараттың шешім қабылдайтын орталыққа жетпей қалатыны сирек құбылыс емес. Соңында орталық қате деректерді пайдаланады да жеткен дабылға қатысты қате әрекет қолданады. Бұл кешігу әсерін беріп, елеулі жанжалды жоюға кедергі келтіреді. «Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы» ҚР заңының 23-бабында айтылған. 2. Офлайн- және онлайн-медианы пайдалану (тікелей немесе жанама лоббизм). БАҚ және әлеуметтік желілер, сондай-ақ жаппай наразылық акцияларын ұйымдастыру арқылы өз мүдделерін тықпалаудың жанама нысаны биліктің қандай да бір шешіміне қарсы шығып, қысым көрсетуге тырысатын «бір мақсаттық» деп аталатын әлеуметтік топтар үшін кейде белгілі бір пайда әкеледі. Мысал ретінде бірнеше жыл бұрынғы ҚР-дағы «оң рөлді машиналарға» тыйымға қарсы наразылықты немесе еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрін орнынан кетірген зейнетақы реформасына қарсы аты шулы өткен жылғы кампанияны еске алуға болады. Қайткенмен де, бұл ішінара табыс әкелетін бір реттік акциялар, себебі тура сол зейнетақы реформасы толық тоқтатылмай, тек уақыты ғана созылды. Қалаулылар арасында қысым көрсету топтары үшін жанама лоббизм – компроматтар соғысы аясындағы немесе орталықтағы және аймақтардағы топ-шенеуніктердің тиімділігін бағалайтын түрлі рейтингілер көмегімен бәсекелестерінің беделін түсіру құралы. Бұл жерде негізгі екпін қоғамдық пікірді емес, қандай да бір үміткерге деген Ақорданың көзқарасын қалыптастыруға беріледі.  Қазақстандағы ақпараттық басымдылықтың төрт негізгі орталығы: 1. Ресейлік БА. 2. Трансұлттық медиакорпорациялар. 3. Трансұлттық әлеуметтік желілер. 4. «Сыбыс».

Келешекте Қазақстандағы орыс тілді ақпараттық сегменттің қысқаруына қарай ақпараттық ықпал тұрғысынан белгілі бір орынды Түркия алуы мүмкін. Атап айтқанда, түркі тілдес мемлекеттер саммитінің аясында ортақ ақпараттық кеңістік құру жобасы туралы бірнеше рет айтылды. Бірақ бүгінде барлық трансұлттық медиаимпериялар, сондай-ақ әлемдік әлеуметтік желілердің бас кеңселері дамыған елдерде отыр. Сондықтан жаңалық ағымының негізгі бағытын өзгерту ғаламдық ойыншылар көзқарасын көрсетеді.  Ал ұлттық қауіпсіздік туралы заңда елдің ақпараттық тәуелділігіне жол бермеу және басқа мемлекеттер, ұйымдар мен жеке тұлғалар тарапынан ақпараттық экспансия мен қоршауды болдырмау туралы тайға таңба басқандай етіп жазылған. Ал бұл уақытта қоғамдық пікірмен көптен бері түрлі қатынас арналары жұмыс істеп, өз пікірлерін белсенді түрде тықпалап жатыр. Бұл – әлеуметтік желілер, шетелдік БАҚ түріндегі альтернативтік идеологиялық орталықтар, жастармен қатары толығып келе жатқан діни салада жұмыс істейтін экстремистік ұйымдар, сонымен қатар қуаты бүкіл ресми БАҚ-тың басын қосқанда да асып түсетін «сыбыстар».  Халықтың түрлі ақпарат көздеріне сенімінің деңгейі: («0» - сенбеймін, «10» - толық сенемін) 2012 жылдың маусым-тамыз айларында ҚР сараптау ұйымдарының альянсы сауалнама жүргізген. Мақсаты – еліміздің саяси келешегіне қатысты халықтың үрейі мен қорқынышын зерттеу. Елдің 4 аймағындағы фокус-топтарда 8 пікірталас, сондай-ақ оған қатысушылар арасында сауалнама (барлығы 78 сауалнама) өткізілген. Жұмыста Орта Азиялық демократияны дамыту қоры жүргізген әлеуметтік сауалнамалардың нәтижелерін екінші қайтара сараптау да пайдаланылған. Девальвациядан кейінгі күндері бірқатар қазақстандық банктер тақырға отырады деп жіберілген арандатқыш SMS хабарламалар Қазақстандағы қаржылық-экономикалық көңіл күйді Үкімет те, Ұлттық банк те емес, БАА (бір апам айтты) дегеннің айқындайтынын тағы да көрсетіп берді. Мемлекеттің сыбыс таратқаны үшін 12 жылға дейін жазаламақ ниеті – шыбынды балтамен өлтіруге тырысудан аспайтын нәрсе. Сыбыс деген ақпараттық вакуум мен ресми көздерге сенімсіздіктің туындауы ғой. Ал вакуум мен сенімсіздік мемлекеттік құрылымдардың тиімсіз ақпараттық жұмысына байланысты. Түптеп келгенде, сыбыс таратқанды емес, сыбысқа жағдай жасағанды жазалаған дұрыс болып шығады ғой.  Ақпаратты билемеген, мемлекетті де билей алмайды Қоғам санасына әсер ететін ақпаратты билей алмаған, өз мемлекетін де билей алмайды. Адамдар еліміздің медиакеңістігін кереғарлығына қарай жеке бөліктерге жаратын түрлі көздерден ақпарат алады, олар: мемлекеттік/оппозициялық БАҚ, қазақ тілді/орыс тілді, offline/online, жергілікті/шетелдік, ресми көздер/бейресми қатынас арналары.  Жыл өткен сайын ел азаматтарының альтернативтік ақпарат ақиқатына ығысуы артып барады, ол жерде билік орны тым әлсіз. Қалаулылар «таққа таласып» жүргенде, қоғаммен байланысын мүлдем жоғалту тәуекелі бар, ол басқалардың толық ақпараттық бақылауында қалуы мүмкін. Бұған сыртта отырғандар да кіреді. 

9-шы тақырыпқа бақылау сұрақтары:

1.ТМД елдеріндегі бір паритялы жүйеден көппартиялы жүйеге көшу тенденцясы.

2. Саяси паритялардың пайда болу себептері мен қалыптасу эволюциясы.

3. Қоғамның саяси жүйесіндегі саяси партиялардың орны мен ролі.

4. Қазақстандағы көппартиялық жүйенің қалыптасу ерекшеліктері мен кезеңдері.

5. Қоғамдық қозғалыстар мен ұйымдардың пайда болып, даму келешегі.

Негізгі әдебиеттер

1. Антология мировой политической мысли. В 5-ти томах. –М., 1997.

2. Антология социально – политической мысли Казахстана (с древнейших времен до наших дней) : в 2 т. Алматы: Ин-т развития Казахстана, 2002.

3. Әлемдік саясаттану антологиясы: 10 томдық.-Алматы: ЖШС «Қазақстан» баспа үйі, 2007.

4. Қазақстан Республикасының Конституциясы.Алматы,2008.

5. ҚР-ның Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы «Қазақстан – жолы-2050: «Бір мақсат,бір мүдде, бір болашақ» ,14 қаңтар 2014ж.

6. Полиология.Учебник для студентов высших учебных заведений. Под общ.ред. А.Н.Нысанбаева.-Алматы,1998.

7. Жамбылов Д. Саясаттану. Алматы «Жеті жарғы» 2008 ж.

8. Байділдинов Л.Ә. «Теориялық саясаттану», Алматы 2005ж.

9. Балғымбаев А. «Саясаттану», Алматы 2004ж.

10. Таубаева М.Е. Саясаттану пәнінен әдістемелік көмекші оқу құралы.

Шымкент ОҚМУ 2003.

11. Қуандық Есенғазы «Саясаттану негіздері», Астана 2000ж.

12. История политичексих учений М 2002 г.

13. Нысанбаев Ә. Қазақстан Демократия. Рухани жаңару. Алматы, 1999

14. Саясаттануға кіріспе. Проф. Т.Т.Мустафиннің редакциясында. Алматы, 1994, 1,2,3 бөлімдері.

15. Ш.Уәлиханов. Таңдамалы Алматы, 1995.

16. Аль-Фараби историко-философские трактаты. Алма-Ата, 1985

17. Қазақстан Республикасының Конституциясы. Алматы ,2007.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]