- •Физика нені зерттейді.
- •Физика – инженерлiк ғылым.
- •Классикалық механиканың физикалық негiздерi.
- •Материалдық нүкте. Санақ жүйесі
- •Түзу сызықты қозғалыстың жылдамдығы
- •Бұрыштық жылдамдық және бұрыштық үдеу.
- •Динамиканың мақсаты
- •Ньютонның бірінші заңы. Инерциялық санақ жүйесі
- •Күш және масса
- •Ньютонның екінші заңы, оның жаңа түрі
- •Ньютонның үшінші заңы. Импульстің сақталу заңы
- •Инерциялық емес санақ жүйесі. Инерция күштері.
- •Масса центрі (инерция центрі). Масса центрі қозғалысының теоремасы.
- •Массасы айнымалы дененің қозғалысы. Реактивті қозғалыс.
- •Массаның қосылғыштығы-аддитивтілігі
- •1 Дж деп күш пен ығысу бағыттас болғанда 1н күштің 1м жолда істеген жұмысын айтады.
- •Aйнымалы күштің жұмысы
- •Энергия
- •Кинетикалық энергия
- •Оның кинетикалық энергиясына тең болғандықтан
- •Әртүрлі санақ жүйелеріне қатысты кинетикалық энергиялар арасындағы байланыс. Кениг теоремасы
- •Механикада кездесетін күштерді консервативті және диссипативті деп екіге бөледі (conservatisme- француз, латынның-conservo-сақтаймын, тұрақты; dissipatio-латынша шашырау).
- •Суреттен бұл кезде істелген жұмыс
- •Потенциялық энергия
- •Біртекті ауырлық өрісіндегі дененің потенциялық энергиясы
- •Серпімді деформацияланған дененің потенциялық энергиясы
- •Энергияның сақталу заңы
- •Күш моменті
- •Айналмалы қозғалған дененің кинетикалық энергиясы
- •Қатты дененің айналмалы қозғалыс динамикасының теңдеуі
- •Қатты денені айналдыруға жұмсалатын жұмысты есептеңіздер
- •Айналмалы қозғалыс динамикасының теңдеуін түсіндіріңіздер Импульс моменті, оның сақталу заңы
- •Галилейдің түрлендірулері
- •Абсолют, салыстырмалы және көшірілмелі жылдамдық пен үдеу
- •Арнайы салыстырмалылық теориясының постулаттары
- •Лоренц түрлендірулері
- •Релятивистік импульс және энергия
- •Тұтас ортаның қасиеті
- •Д. Бернулли теңдеуі
- •Бернулли теңдеуінің қолданылуы. Қозғалатын сұйық ішіндегі толық қысымды өлшеу
- •Су ағызушы сорғы
- •Сұйықтың ламинарлық және турбуленттік ағысы
- •Сұйықтың тұтқырлығы. Ньютон формуласы
- •Пуазейль заңы
- •Статистикалық және термодинамикалық зерттеу әдістері
- •Идеал газ күйінің теңдеуі
- •Универсал газ тұрақтысы
- •Молекула-кинетикалық теорияның негізгі қағидалары
- •Газдардың кинетикалық теориясының негізгі теңдеуі
- •Идеал газ молекуласының орташа кинетикалық энергиясы
- •Молекуланың орташа квадраттық жылдамдығы
- •Молекулалар жылдамдықтарының Максвелл бойынша орналасу заңы
- •Штерн тәжірибесі
- •Барометрлік формула
- •Молекулалардың орташа соқтығысу саны мен еркін жүру жолының орташа ұзындығы
- •Тасымалдау құбылысының жалпы теңдеуі
- •Жылу өткізгіштік
- •Диффузия
- •Ішкі үйкеліс (тұтқырлық)
- •Термодинамиканың мақсаты. Негізгі түсініктер
- •Ішкі энергия ұғымы
- •Ішкі энергияны өзгертудің әдістері
- •Идеал газдың ішкі энергиясын есептеу
- •Идеал газдың жылу сиымдылықтарының ұғымы
- •Термодинамиканың 1-ші бастамасы
- •Термодинамиканың 1-ші бастамасының изопроцестерге қолданылуы
- •Изохоралық процесс
- •Изотермиялық процесс
- •Адиабаттық процесс
- •Айналмалы (дөңгелек) цикл Қайтымды және қайтымсыз процестер
- •Термодинамиканың 2-ші бастамасы
- •2. Жылытқыштан алынған жылуды толықтай жұмысқа айналдыратын процесс болмайды.
- •Карно циклы және идеал газ үшін оның пайдалы әсер коэффициенті
- •Нақты газдар. Фазалық түзілу түсінігі
- •Зат күйінің диаграммасы
- •Нақты газдар. Ван-дер-Ваальс теңдеуі
- •Клапейрон-Клаузиус теңдеуі
Классикалық механиканың физикалық негiздерi.
Механика –материяның қарапайым қозғалысы мен оның жалпы түрiн зерттейтiн физиканың бөлiгi.
Денелердiң бiр-бiрiне қатысты немесе бiр дененiң бөлiктерiнiң өзара орын ауыстыруын механикалық қозғалыс деп атайды.
Ғылыми механиканың дамуы бiздiң эраға дейiнгi III ғасырда ежелгi грек ғалымы Архимедтiң (287-212 б.э. дейiн) рычагтың тепе-теңдiк заңы мен (барлық машиналардың құрылысы осы заңға сүйенедi) жүзген денелердiң тепе-теңдiк заңын ашудан басталады. Механиканың негiзгi заңдарын ашқан италия физигi әрi астрономы Г.Галилей (1564-1642) болса, оны бiз оқып жүрген дәрежесiне дейiн жеткiзiп, қалыптастырған ағылшын ғалымы И.Ньютон (1643-1727) болды.
Галилей-Ньютон механикасы классикалық механика деп аталады және ол жылдамдығы жарық жылдамдығынан әлдеқайда кем макроскопиялық денелердiң қозғалыс заңдарын тексередi. Жылдамдықтары жарық жылдамдықтарына жуық макроскопиялық денелердiң қозғалыс заңдарын салыстырмалылық теориясын зерттеп, тексередi. Оны ашқан немiс ғалымы А.Эйнштейн (1879-1955).
Микроскопиялық денелердің (атомдар мен элементар бөлшектер) қозғалысын классикалық механиканың заңдары сипаттай алмайды, оны тек кванттық механика зерттеп тексереді.
Механика-кинематика, динамика, статика болып үш тарауға бөлінеді.
Сұрақтар
Механика нені зерттейді, оның бөлімдері қандай?
Механикалық қозғалыс дегеніміз не?
Материалдық нүкте. Санақ жүйесі
Материя қозғалысының ең қарапайым формасы- механикалық қозғалыс, ол орын ауыстыру арқылы сипатталады. Орын ауыстыру күнделікті өмірдің басты көрінісі. Мысалы дәптерді бір орыннан екінші орынға ауыстыру, бір студенттің екіншісіне орын беруі үшін жылжуы т.б.
Бақылауға қолданылатын денелер жиынтығы механикалық жүйе деп аталады. Мұндай жиынтықтың саны түрліше, кейде жүйе деп дербес жағдайда бір денені де алуға болады.
Кеңістікте оқшауланған жалғыз-ақ дененің қозғалысын алайық. Егер оның айналасында басқа денелер болмаса, зерттелетін дененің қозғалған-қозғалмағандығын айыра алмаймыз. Сондықтан кез-келген дененің қозғалысын міндетті түрде басқа денемен салыстырып қана ажыратады.
Денелердің қозғалысы кеңістікте және уақыт арқылы сипатталады. Сондықтан денелердің қозғалысын сипаттау үшін кеңістіктің қандай орнында және қай уақытта сол орыннан өтетіндігін білу керек.
Қозғалатын денелердің орны кез-келген санақ денесі деп аталатын басқа дене арқылы анықталады да, бұл дене шартты түрде қозғалмайды деп алынады, ал онымен байланысты координат жүйесін санақ жүйесі деп атайды.
Тексерілетін дененің сипатына қарай механика материалдық нүктенің, қатты дененің, тұтас ортаның механикасы деп бөлінеді.
Мөлшерін басқа денелерге дейінгі ара қашықтықпен салыстырғанда ескермеуге болатын денені материалдық нүкте деп атайды.
Бір дененің өзінің мөлшері әртүрлі жағдайда түрліше қабылданады. Мысалы, Жердің күнге қатысты қозғалысын тексергенде оны материалдық нүкте деп, ал жасанды серіктердің қозғалысын зерттегенде жер мөлшері өте үлкен дене ретінде алынады.
Тұтас ортаның механикасы газдар мен сұйықтардың, деформацияланатын денелердің қозғалысын және тепе-теңдігін тексереді. Бұл механика осы денелерді үздіксіз тұтас орта ретінде қарастырады.
Санақ жүйелерінің ішінде жиі қолданылатыны-декарттық координат жүйесі. Бұл жүйе бойынша А нүктесінің берілген уақыттағы орны үш-x,y,z координатамен немесе координат жүйесінің бас нүктесінен берілген нүктеге дейін жүргізілген радиус- вектор арқылы анықталады (1-сурет).
-
М
Z
А
о у
х
z
O x
y
x
y
1-сурет
атериалдық
нүкте қозғалғанда уақыт өткен
сайын оның координаттары
өзгереді. Жалпы
оның қозғалысы үш скалярлық
теңдеумен сипатталады:
x=x(t), y=y(t), z=z(t) (1.1)
немесе бұл үшеуін оларға пара-пар бір векторлық теңдеумен алмастырады:
(1.2)
1-сурет
Сұрақтар
Механикалық жүйе, санақ жүйесі дегеніміз не?
Материалдық нүкте деп нені айтамыз?
Орын ауыстыру, радиус-вектор дегеніміз не?
