Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
15 lәріс.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3.19 Mб
Скачать

Механикада кездесетін күштерді консервативті және диссипативті деп екіге бөледі (conservatisme- француз, латынның-conservo-сақтаймын, тұрақты; dissipatio-латынша шашырау).

Материалдық нүкте 1-ші орыннан 2-ге түзу сызықтың бойымен қозғалғанда ауырлық күшінің жасайтын жұмысын есептейік (13-сурет). Бұған көлбеу тегіс жазықтың бетімен сырғанаған дененің қозғалысын алуға болады.

Суреттен бұл кезде істелген жұмыс

Немесе

(3.12)

М ұнда һ1, һ2-жер бетінен есептегенде материалдық нүктенің алғашқы және соңғы орындарының биіктігі. Нүкте кез-келген қисық жолмен 1 3 2 қозғалса да, істелген жұмыс (3.12)

формуламен есептеледі. Бұл айтылғанның ақиқаттығына көз жеткізу үшін барлық 1 3 2 жолды (14-сурет) әрқайсысы түзу болатындай етіп бірнеше кішкене жолдарға бөлеміз.

Әрбір бөліктерде істелген жұмысты (3.12) формуламен есептейміз де, барлық жолдағы жұмысты табу үшін жеке жұмыстарды қосамыз. Бұл кезде де жұмыс соңғы формуламен табылады.

Е гер материалдық нүкте (дене) 1-ші орыннан 2-ге 1 4 5 6 2 қисық жолмен барса да, ауырлық күшінің жұмысы өзгермейді, өйткені ол жолдың формасына тәуелді емес, тек h1-h2 биіктіктердің айырымы бойынша

анықталады. Олай болса, ауырлық күшінің жұмысы жолдың формасына тәуелді болмай, тек қана қозғалатын нүктенің (дененің) алғашқы және соңғы орындарына байланысты.

Осы сияқты гравитациялық тартылыс күшінің, екі нүктелік зарядтың әсерлесу күшінің жұмысы да жолдың формасына емес, жүйелердің бастапқы және соңғы конфигурацияларына тәуелді (configuratio-латын-сыртқы түрі, формасы, орналасуы).

Сонымен, жұмысы нүктенің (дененің) қозғалу жолының формасына тәуелсіз, тек оның бастапқы соңғы орындары бойынша анықталатын күштерді консервативті күштер деп атайды.

Осы күштің тұйық жолдағы жұмысын табайық. Кез-келген тұйық жолды шартты түрде І, ІІ бөлікке бөлеміз де (15-сурет), жалпы жұмыс жеке бөліктегі жұмыстардың қосындысына тең деп табамыз: , 2-ден 1-ге барғандағы жұмыс теріс мәнді болғандықтан:

15-сурет

, (3.13)

Олай болса кез-келген тұйық жолда жұмысы нольге тең күштер консервативті деп атайды.

Жұмысы қозғалған нүктенің (дененің) траекториясының формасына тәуелді күштерді диссипативті деп атайды. Бұған қозғалу салдарынан екі дененің арасында пайда болатын үйкеліс күші сұйықтың не газдың ішінде қозғалған денеге әсер ететін кедергі күштері жатады. Бұл күштер нүктелердің конфигурациясына ғана емес, сонымен бірге олардың салыстырмалы жылдамдықтарына да тәуелді және жылдамдыққа қарсы бағытталады. Олай болса мұндай күштердің жұмысы әруақытта теріс мәнді. Сондықтан кез-келген тұйық жүйе бойынша қозғалған нүктелердің жұмысы әруақытта теріс мәнді күштерді диссипативті деп атайды деген басқаша анықтама беруге болады.

Сұрақтар

  1. Ауырлық күшінің жұмысын есептеңіздер және ол неге тәуелді?

  2. Консервативті күштер -қандай күштер?

  3. Диссипативті күштер дегеніміз не?

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]