- •Физика нені зерттейді.
- •Физика – инженерлiк ғылым.
- •Классикалық механиканың физикалық негiздерi.
- •Материалдық нүкте. Санақ жүйесі
- •Түзу сызықты қозғалыстың жылдамдығы
- •Бұрыштық жылдамдық және бұрыштық үдеу.
- •Динамиканың мақсаты
- •Ньютонның бірінші заңы. Инерциялық санақ жүйесі
- •Күш және масса
- •Ньютонның екінші заңы, оның жаңа түрі
- •Ньютонның үшінші заңы. Импульстің сақталу заңы
- •Инерциялық емес санақ жүйесі. Инерция күштері.
- •Масса центрі (инерция центрі). Масса центрі қозғалысының теоремасы.
- •Массасы айнымалы дененің қозғалысы. Реактивті қозғалыс.
- •Массаның қосылғыштығы-аддитивтілігі
- •1 Дж деп күш пен ығысу бағыттас болғанда 1н күштің 1м жолда істеген жұмысын айтады.
- •Aйнымалы күштің жұмысы
- •Энергия
- •Кинетикалық энергия
- •Оның кинетикалық энергиясына тең болғандықтан
- •Әртүрлі санақ жүйелеріне қатысты кинетикалық энергиялар арасындағы байланыс. Кениг теоремасы
- •Механикада кездесетін күштерді консервативті және диссипативті деп екіге бөледі (conservatisme- француз, латынның-conservo-сақтаймын, тұрақты; dissipatio-латынша шашырау).
- •Суреттен бұл кезде істелген жұмыс
- •Потенциялық энергия
- •Біртекті ауырлық өрісіндегі дененің потенциялық энергиясы
- •Серпімді деформацияланған дененің потенциялық энергиясы
- •Энергияның сақталу заңы
- •Күш моменті
- •Айналмалы қозғалған дененің кинетикалық энергиясы
- •Қатты дененің айналмалы қозғалыс динамикасының теңдеуі
- •Қатты денені айналдыруға жұмсалатын жұмысты есептеңіздер
- •Айналмалы қозғалыс динамикасының теңдеуін түсіндіріңіздер Импульс моменті, оның сақталу заңы
- •Галилейдің түрлендірулері
- •Абсолют, салыстырмалы және көшірілмелі жылдамдық пен үдеу
- •Арнайы салыстырмалылық теориясының постулаттары
- •Лоренц түрлендірулері
- •Релятивистік импульс және энергия
- •Тұтас ортаның қасиеті
- •Д. Бернулли теңдеуі
- •Бернулли теңдеуінің қолданылуы. Қозғалатын сұйық ішіндегі толық қысымды өлшеу
- •Су ағызушы сорғы
- •Сұйықтың ламинарлық және турбуленттік ағысы
- •Сұйықтың тұтқырлығы. Ньютон формуласы
- •Пуазейль заңы
- •Статистикалық және термодинамикалық зерттеу әдістері
- •Идеал газ күйінің теңдеуі
- •Универсал газ тұрақтысы
- •Молекула-кинетикалық теорияның негізгі қағидалары
- •Газдардың кинетикалық теориясының негізгі теңдеуі
- •Идеал газ молекуласының орташа кинетикалық энергиясы
- •Молекуланың орташа квадраттық жылдамдығы
- •Молекулалар жылдамдықтарының Максвелл бойынша орналасу заңы
- •Штерн тәжірибесі
- •Барометрлік формула
- •Молекулалардың орташа соқтығысу саны мен еркін жүру жолының орташа ұзындығы
- •Тасымалдау құбылысының жалпы теңдеуі
- •Жылу өткізгіштік
- •Диффузия
- •Ішкі үйкеліс (тұтқырлық)
- •Термодинамиканың мақсаты. Негізгі түсініктер
- •Ішкі энергия ұғымы
- •Ішкі энергияны өзгертудің әдістері
- •Идеал газдың ішкі энергиясын есептеу
- •Идеал газдың жылу сиымдылықтарының ұғымы
- •Термодинамиканың 1-ші бастамасы
- •Термодинамиканың 1-ші бастамасының изопроцестерге қолданылуы
- •Изохоралық процесс
- •Изотермиялық процесс
- •Адиабаттық процесс
- •Айналмалы (дөңгелек) цикл Қайтымды және қайтымсыз процестер
- •Термодинамиканың 2-ші бастамасы
- •2. Жылытқыштан алынған жылуды толықтай жұмысқа айналдыратын процесс болмайды.
- •Карно циклы және идеал газ үшін оның пайдалы әсер коэффициенті
- •Нақты газдар. Фазалық түзілу түсінігі
- •Зат күйінің диаграммасы
- •Нақты газдар. Ван-дер-Ваальс теңдеуі
- •Клапейрон-Клаузиус теңдеуі
1 Дж деп күш пен ығысу бағыттас болғанда 1н күштің 1м жолда істеген жұмысын айтады.
1Дж=1Н*1м=105 Дн *102 см=107 Эрг.
Сұрақтар
Механиканың «алтын ережесін» тұжырымдаңыздар және
математикалық түрде өрнектеңіздер
Жұмыс дегеніміз қандай физикалық шама?
Aйнымалы күштің жұмысы
А
йнымалы
күштің жұмысын табу үшін жүрілген қисық
жолды түзу болатындай етіп бірнеше
кішкене аралықтарға бөлеміз, онда осы
аралықтарда әсер етуші күш тұрақты
болады. Олай болса элементар жұмыс
(11-сурет)
.
Ендеше толық АВ жолдағы жалпы жұмыс элементар жұмыстардың қосындысына тең:
(3.3)S
Айнымалы күштің графигі АВ қисығымен кескінделсе, онда і-кішкене аралықтағы жұмыс 1, 2, 3, 4 жіңішке тік төртбұрыштың ауданына тең болады, ал толық жолдағы жұмыс ОАВС фигурасының ауданына тең (12-сурет).
Жеке
аралықтағы күш тұрақты болғандықтан
,
онда
Сұрақтар
Айнымалы күш дегеніміз не?
Айнымалы күштің жұмысы қалай өрнектеледі?
Қуат
Механизмнің жұмысты тез не ақырын істеуі оның өнімділігін сипаттайды. Сондықтан жұмыстың орындалу жылдамдығын анықтау үшін қуат деген шама енгізіледі.
Қуат деп жұмыстың сол жұмысты істеуге кеткен уақытқа қатынасын айтады:
(3.4)
Егер дене күштің әсерінен жылдамдықпен қозғалса, онда қуат
,
(3.5)
яғни механизмнің қуаты оның әсер етуші күші мен жылдамдығының көбейтіндісіне тең (жылдамдық күшпен бағыттас болғанда ғана).
Механизмнің қуаты айнымалы болса (аз ғана бірдей уақыттың ішінде әртүрлі жұмыстар істеледі), онда лездік қуат ұғымы енгізіледі:
(3.6)
Осы сияқты механизм айналмалы қозғалған кезде де қуатты есептеуге болады. Айталық мотор ілестіруші белбеу арқылы станоктың керілу күші Ғ, мотор секундына n айналым жасаса, мотор шкивінің радиусы R болса, мотордың берген қуатын қалай табуға болар еді?
Белбеу
станоктың шкивіне Ғ күшпен әсер етеді,
бұл кезде белбеудің жылдамдығы
(белбеу, шкивтің бетімен сырғанамай,
онымен бірдей жылдамдықпен қозғалады
деп есептейміз). Олай болса мотордың
қуаты
,
ал
күштің айналдырушы моменті,
-күш
иіні болғандықтан қуатты жазамыз:
(3.7)
Мотордың қуаты күш моменті мен оның айналу санына (n) байланысты.
Сұрақтар
Қуат дегеніміз не?
Лездік қуаттың физикалық мағынасын түсіндіріңіздер
Энергия
Қарапайым машиналардың жұмыс істеу қабілеті бар, ал олардың кейбіреуі жұмыс істеуге қажет қор жинайды. Оған кәдімгі қабырғаға ілінетін гір арқылы қозғалысқа келтірілетін сағатты алуға болады. Гірді жоғары көтергенде біз жұмыс істейміз, соның салдарынан сағат механизмі ұзақ уақыт бойы сағат тілінің тербеліп қозғалуына қажет қабілет алады. Сағат тілі тербелгенде гір төмен түседі де, механизмнің жұмыс істеу қабілеті кемиді. Біраз уақыттан кейін сағат тоқтап қалмас үшін, оның гірін тағы көтеру керек. Гірді көтергенде біз жұмыс істеуге қабілет туғызамыз, гір төмен түскенде ол жұмыс істейді.
Жұмыс істеу қабілеті тек жоғары көтерілген денелерге ғана емес, сонымен бірге серіппе қол сағаттарына да тән. Сағатты бұрғанда, серпіліп жиырылған серіппе жұмыс істеуге қажет қабілет алады. Сол сияқты балалардың механикалық серіппе ойыншықтары да бұрағанда зырылдап қозғалады.
Паравоз (электровоз) итеріп жіберген темір жол вагондары вагондар тізбегіне соғылып аралық серіппе қысады да өздері тоқтап қалады, ал тыныш тұрған вагондар тізбегі қозғалады.
Осы мысалдардың бәрінен де денелердің қалпы өзгергенде ғана жұмыс істелетінін көреміз.
Өз қалпын өзгерте отырып дененің жұмыс істеуге жиған қорын энергия деп атайды.
Энергияның өзгеруі істелген жұмыспен анықталады, олай болса энергия да жұмыс бірліктерімен өлшенеді.
Сұрақтар
Энергияның физикалық мәні неде? Мысалдар келтіріңіздер.
