Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ст. ГОС (вместо ДП)(40+20) с отв. ОДД (к) 6.03.2017г..docx
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2.81 Mб
Скачать

25. Жаяу жүргіншілер аймағын ұйымдастыру. Жаяу жүргіншілер маршруты.

Жолаушылар аймағымен көшелердің аралас орындарындағы жолаушылар қозғалысының ыңғайлы және қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесінде автомобилдендіруді дамыту шаралары бойынша барынша қиын шешілетін болып келеді. Әсіресе көп қиындық ескі қалаларда тар жоспарланған және тұрғызылған көшелерде туындайды. Осыған байланысты қозғалысты ұйымдастыру тәжірибесі шетелдерде бұрыннан көліксіз аймақты құра отырып, бөлек көшелердегі көлік қозғалысын бірден қысқарту немесе жабу қажеттілігіне алып келген. Бұл орайда жаяу жүргіншілер жолы және өткелді бөліктер жолаушылардың кедергісіз қозғалысы үшін ұсынылады. Еуропадағы бірінші көліксіз аймақтың бірі Эссенде 1926 ж. ұйымдастырылған.

26. Көшелердің, қиылыстардың және жаяу жүргіншілерге арналған жолдардың өткізу қабілеті туралы түсінік. Өткізу қабілетінің есептік, ұтымды және нақты мәндері.

Жолдың жұмыс атқаруын сипаттайтын ең басты критерийлердің бірі – өткізу қабілеті болып табылады.

Жолдың, көшелердің, қиылыстардың өткізу қабілеті дегенде сол жолдағы белгілі бір уақыт бірлігі ішінде өте алуы ықтимал болған ең көп автомобильдердің санын түсінеміз. Мұнда «автомобиль – жүргізуші – жол» жүйесінің белгілі бір күйіндегі мүмкіндік кезде тұтылады, себебі жолдың өткізу қабілетіне жолдың парамерлерінен гөрі басқарушы буын болған жүргізушінің әсері басымырақ. Америкалық мамандар зерттеуінше адамды автоматты басқару жүйесімен алмастырғанда, жолдың өткізу қабілеті 5 – 8 есеге дейін артуы мүмкін екен.

Жеңіл автомобиль ағынының жүк автомобиль ағынына өткенде жолды өткізу қабілеті 3–4 есе кемиді.

Өткізу қабылетінің есептік мәні дегенде формулалар көмегімен есептеп табылған мәнін түсінеміз.

Өткізу қабілетінің нақты мәндері дегенде өмірде бар, жұмыс атқарып қолданылып келе жақан жолдардың белгілі бір уақыт аралығында өткен есептеп алынған ең көп автомобиль санын түсінеміз.

Өткізу қабілетінің ұтымды мәнін анықтағанда жылдамдық пен қоса техникалы – экономикалық көрсеткіштерін кешенді үрде ескере отырып табамыз.

27. Маршрутты жолаушы көлігінің қозғалысын ұйымдастыру. Желідегі қатынас жылдамдығы.

Жолаушы көлігінің қауіпсіз қозғалысын ұйымдастырудың төмендегідей шарттары бар.

– көлік (жолаушыларын таситын) болуы;

– тасымалдаудың шарты мен мөлшеріне сай болуы және бұзылымсыз жұмыс істеп тұруы;

– жүргізуші жоғары класификациялы маман болып әрі тәртіпті болуы;

– қозғалысты тиімді ұйымдастыруы қажет.

Желістегі көліктің қауіпсіздігі үшін көліктің маневрлігі, тежеуіш қасиеттері, екпін алу қарқыны, жүргізушінің ебек ету жағдайы, шуыл дәрежесін, қоршаған ортаның ластануы, тоқтайтын аялдамаларға қойылатын талаптардың орындалуы сияқты көптеген факторлар әсер етеді.

Желістегі қатынас жылдамдығы жылжымалы құрамның динамикалық қасиеттеріне, аялдамалар арасыны қашықтығына, аялдамада тұру уақыты көлік ағынының қозғалыс жағдайларына және тағы басқа да факторларға тәуелді.

Бір цикл үшін желістегі қатынас жылдамдығын төмендегі формуламен анықтауға болады:

Орташа алғанда қатынас жылдамдығы 30 – 40 км/сағ аралығына жуық болады.

Қала аралық желістегі автобустардың жылдамдығы мұнан жоғарылау болады. өйткені оларда аялдама аралығындағы арақашықтық қаладағы ға қарағанда әлдеқайда қашық.

28. Жол-көлік оқиғалары. Жол-көлік оқиғаларының жіктелуі.

Автомобиль XIX ғасырдың аяғында пайда болып, бірнеше жылдан кейін адам өміріне қауіп туғыза бастады. 1896 жылы автомобиль алғашқы рет адамды соқты, ал 1899 жылы осындай оқиға адам өлімімен аяқталды. Сонан бері автомобиль апаты жыл сайын өсіп келеді және соңғы жылдары өте күрт өсіп кетті. Оны дәлелдеу үшін мынандай статистикалық мәліметтерге қарайық:

  • әлемде автомобиль катастрофаларынан қаза болғандардың саны, әлдеқашан инфекциялық аурулардан өлгендерден асып кеткен.

  • АҚШ-та автомобиль жолдарында опат болғандар саны (2млн. адамнан аса), ол мемлекеттің барлық соғысқа қатысунан опат болғандардан (600 мың) бірнеше есе көп.

  • әлемде автомобиль катастрофаларынан жылына 300 мың адам өледі және 8 млн. адам жарақат алады, жылына автомобиль апаттарының келтіретін шығыны тек қана АҚШ-та 16 млрд. доллардан асады.

Жол-көлік оқиғаларының жіктелуі: көлікті соғу, жүргіншіні соғу, кедергілерге соғылу, велосипед жүргізушілерін соғу, аударылып кету, жануарларды соғу және т.б. болып бөлінеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]