- •1. «Жол қозғалысын ұйымдастыру» пәнінің мақсаты мен мәселелері.
- •2. Қиылыстағы конфликті нүктелерді анықтау. Маневрдің түрлері және олардың белгіленуі.
- •3. Қиылыстың күрделілік көрсеткіші туралы түсінік. Қиылыстың күрделілік көрсеткішін анықтау.
- •4. Қиылыстың күрделілік дәрежесі туралы түсінік. Қиылыстың күрделілік дәрежесін анықтау.
- •5. Жол қозғалысын ұйымдастыру туралы түсінік. «Автомобиль-жүргізуші-жол» жүйесі.
- •6. Жол қозғалысын оперативтік ұйымдастырудың методологиялық ережелері.
- •8. Қиылыстардағы қозғалысты ұйымдастыру принциптері. Реттелуші және реттелмейтін қиылыстар.
- •9.Жол қозғалысын ұйымдастырудың тиімділігін бағалау критерийлері.
- •10. Жол қозғалысының мінездемелері. Жол қозғалысын сипаттайтын көрсеткіштер.
- •11. Қала құрылысын жобалауда қозғалысты ұйымдастыру бойынша жасалатын шаралар жасау.
- •12. Көлік және жаяу жүргіншілер ағымының қарқындылығы. Қозғалыстың бірқалыпсыздық коэффициенті. Көлік ағынының картограммасы.
- •13. Бірбағытты қозғалысты ұйымдастыру. Бірбағытты қозғалыстың басымдылықтары мен кемшіліктері. Көлік ағынының картограммасы.
- •14. Көлік ағынының құрамы. Автомобильдің динамикалық габариті. Келтіру коэффициенті және оған әсер етуші факторлар.
- •15. Қиылыстарда дөңгелек қозғалысты ұйымдастыру. Дөңгелек қозғалысты қиылыстың негізгі элементтері.
- •16. Көлік ағынының тығыздығы. Жол жолағының жүктелу деңгейі.
- •17. Дөңгелек қозғалысты қиылыстарда көлік құралдарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
- •18. Қозғалыс жылдамдығы және оның түрлері. Қозғалыс темпі. Автомобильдің қозғалыс жылдамдығына әсер етуші факторлар.
- •19.Жаяу жүргіншілердің қозғалысын ұйымдастыру. Жаяу жүргіншілер қозғалысының мінездемесі.
- •20. Қозғалыстың кідірісі. Көлік ағымының уақыт жоғалтулары. Көлік ағынының кідіріс коэффициенті.
- •21. Тротуарларда жаяу жүргіншілердің қозғалысын ұйымдастыру. Жүргіншілерге арналған өткелдер және оның түрлері.
- •22. Қиылыстағы конфликті нүктелер. Маневр мен конфликті нүктелердің түрлері. Көлік торабының күрделілік дәрежесі.
- •23. Жер бетіндегі жүргіншілер өткелінде қауіпсіздікті қамтамасыз етудің негізгі шарттары.
- •24. Жаяу жүргіншілер қозғалысының мінездемесі. Жаяу жүргіншілер қозғалысының жылдамдығы, қарқындылығы және тығыздығы.
- •25. Жаяу жүргіншілер аймағын ұйымдастыру. Жаяу жүргіншілер маршруты.
- •26. Көшелердің, қиылыстардың және жаяу жүргіншілерге арналған жолдардың өткізу қабілеті туралы түсінік. Өткізу қабілетінің есептік, ұтымды және нақты мәндері.
- •27. Маршрутты жолаушы көлігінің қозғалысын ұйымдастыру. Желідегі қатынас жылдамдығы.
- •29. Аялдамалық пункттің өткізгіштік қабілеті.
- •30. Жол қозғалысын зерттеу әдістері. Әдістердің жіктелуі және жалпы мінездемесі.
- •31. Желістегі жолаушы көлігінің аялдамалық пунктін орналастыру.
- •32. Жол қозғалысын құжаттық, натуралдық және моделдеу әдістерімен зерттеу.
- •33. Желідегі жолаушы көлігі қозғалысының басымдылығын қамтамасыз ету.
- •34. Жол жағдайларын зерттеу. Қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етудің элементарлық шарттары. Жолдың жиі кездесетін кемшіліктері.
- •35. Уақтыншалық автомобиль тұрақтары және олардың классификациясы.
- •36. Қозғалысты зерттеу түрлері. Сұрақтау, талонмен зерттеу, ярлықтар жабыстыру, нөмерлерін жазып алу жолдарымен зерттеу.
- •37. Автомобиль тұрақтарының өлшемдерін анықтау.
- •38. Қозғалысты тұрақты (стационарлық) постарда және жылжымалы зертханалар жәрдемінде үйрену. Жол қозғалысын зерттеуге арналған аппаратуралар.
- •39. Автомобиль тұрақтарын жоспарлау мен орналастыруға қойылатын талаптар.
20. Қозғалыстың кідірісі. Көлік ағымының уақыт жоғалтулары. Көлік ағынының кідіріс коэффициенті.
Қозғалыстың кідірісі жол қозғалысының жағдайын бағалау кезінде айрықша назар аударатын көрсеткіш болып саналады. Кідірістерге көлік құралдарының барлық еріксіз аялдамаларына жұмсалатын уақытты жатқызу керек. Олар қиылыстардың алдында, теміржол өткелдерінің алдында, берілген жол бөлігіндегі орташа жылдамдық әсерінен көлік ағынының жылдамдығының төмендеуі себепті уақыт жоғалтулар.
Көлік құралдарының кідірісі Кз – кідіріс коэффициенті арқылы бағаланады: К3=tф/tр, мұндағы tф – жолда болудың нақты уақыты; tp - жолда болудың есептік уақыты.
Нақты жағдайларда кідірісті екі негізгі топтарға бөледі: 1) жол перегондарында; 2) қиылыстарда.
Перегондардағы кідіріс маневр жасайтын жай қозғалатын көлік құралдарынан, жүргіншілер қозғалысынан, тұрған автомобильдердің кедергісінен, жолдың көлік құралдарымен толып кетуінен болады
Қиылыстардағы кідіріс көлік құралдарын және жүргіншілерді реттелмейтін қиылыстарда өткізіп жіберу, бағдаршамның сигналына тоқтау салдарынан болады.
21. Тротуарларда жаяу жүргіншілердің қозғалысын ұйымдастыру. Жүргіншілерге арналған өткелдер және оның түрлері.
Жүргінші қозғалысын магистрал бойымен қамтамасыз етудің негізгі мәселесі – оны көлік ағынынан бөлу болып саналады. Ол үшін қажет шаралар мыналар:
1) Автомобиль жолдарының және көшелердің бойымен тротуарлар салу.
2) Жүргіншілер ағынының қозғалысына кедергі жасайтын, тратуарлардың өткізгіштік қасиетін төмендететін барлық құрылыс, сату ж.т.б. обьектілерді жою.
3) Тротуарлардың шетінен қоршаулар тұрғызу.
4) Жол бойынан жүргіншілер жүру үшін қосымша жолақты белгілеу және оны қоршау;
5) Тротуарларды кеңітуге мүмкін болмаған жағдайларда жүргінші галереяларын құру;
6) Қауіпті жерлерде автомобильдердің жүргінші жолдарына шығып кетпеуі үшін биік борттар, бордюрлар салу;
7) Жүргіншілерді жолдар туралы көрнекі ақпараттандыру.
Егер жүргіншілер ағынының қарқындылығы 500 адам/сағ болса, ені 1 м тратуарлар салуға рұқсат етіледі, ал 750 адам/сағ тан көп болса тратуарларға қоршаулар салу керек.
Жүргіншілерге арналған өткелдер жер бетіндегі, жер астындағы және жер үстіндегілер деп бірнеше түрге бөлінеді.
Жүргіншілер үшін ең қауіпсіз болып жер астындағы және жер үстіндегі өткелдер есептеледі.
22. Қиылыстағы конфликті нүктелер. Маневр мен конфликті нүктелердің түрлері. Көлік торабының күрделілік дәрежесі.
Барлық жол апатының 25% жол қиылысында орын алады, ал қала жағдайында 40% құрайды. Жол қиылысының қауіпті нүктелерін табу үшін төмендегі формуланы қолдануға болады
m = no + 3nc + 5nn
Егер m<40 болса, жол қиылысы қарапайым ол жерге незізгі жол деген белгіні қойған жеткілікті. Егер m = 40...80 болса, жол қиылысы орташа қауіпті деп есептеледі, және қойылған бағдаршамның қосымша секциялары болу керек. Егер m = 80...150 болса, жол қиылысы қауіпті деп саналады. Егер m > 150 болса жол қиылысы өте қауіпті деп саналады да, осыған байланысты жол қиылысы 2 деңгейлі болу керек. Жол қиылысындағы бағдаршамның циклын анықтаған жөн. Автомобильге оңға және солға бұрылғанда жылдамдығы 15-20 км/сағ аспауы тиіс. Автомобильдер қатар аралығын өзгерту үшін 3-3,5сек жұмсау тиіс. Бұл кезде бүйірмен қозғалу жылдамдығы 1-1,5м/с аспағаны жөн. Жол қиылысын азайту арқылы яғни бас жолмен қосалқы жолға айналдыру арқылы апат жағдайын біршама азайтуға болады. Жол бойында бұрылу мен басқада кедергі келтіретін бұрылыстарды азайту арқылы, соның ішінде солға бұрылуды шектеу тиімді деп саналады. Канализдік қозғалысты жиі қолдану, яғни бағдаршам орнына бағыттаушы және шектейтін белгілер қою өте тиімді.
