- •1. «Жол қозғалысын ұйымдастыру» пәнінің мақсаты мен мәселелері.
- •2. Қиылыстағы конфликті нүктелерді анықтау. Маневрдің түрлері және олардың белгіленуі.
- •3. Қиылыстың күрделілік көрсеткіші туралы түсінік. Қиылыстың күрделілік көрсеткішін анықтау.
- •4. Қиылыстың күрделілік дәрежесі туралы түсінік. Қиылыстың күрделілік дәрежесін анықтау.
- •5. Жол қозғалысын ұйымдастыру туралы түсінік. «Автомобиль-жүргізуші-жол» жүйесі.
- •6. Жол қозғалысын оперативтік ұйымдастырудың методологиялық ережелері.
- •8. Қиылыстардағы қозғалысты ұйымдастыру принциптері. Реттелуші және реттелмейтін қиылыстар.
- •9.Жол қозғалысын ұйымдастырудың тиімділігін бағалау критерийлері.
- •10. Жол қозғалысының мінездемелері. Жол қозғалысын сипаттайтын көрсеткіштер.
- •11. Қала құрылысын жобалауда қозғалысты ұйымдастыру бойынша жасалатын шаралар жасау.
- •12. Көлік және жаяу жүргіншілер ағымының қарқындылығы. Қозғалыстың бірқалыпсыздық коэффициенті. Көлік ағынының картограммасы.
- •13. Бірбағытты қозғалысты ұйымдастыру. Бірбағытты қозғалыстың басымдылықтары мен кемшіліктері. Көлік ағынының картограммасы.
- •14. Көлік ағынының құрамы. Автомобильдің динамикалық габариті. Келтіру коэффициенті және оған әсер етуші факторлар.
- •15. Қиылыстарда дөңгелек қозғалысты ұйымдастыру. Дөңгелек қозғалысты қиылыстың негізгі элементтері.
- •16. Көлік ағынының тығыздығы. Жол жолағының жүктелу деңгейі.
- •17. Дөңгелек қозғалысты қиылыстарда көлік құралдарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
- •18. Қозғалыс жылдамдығы және оның түрлері. Қозғалыс темпі. Автомобильдің қозғалыс жылдамдығына әсер етуші факторлар.
- •19.Жаяу жүргіншілердің қозғалысын ұйымдастыру. Жаяу жүргіншілер қозғалысының мінездемесі.
- •20. Қозғалыстың кідірісі. Көлік ағымының уақыт жоғалтулары. Көлік ағынының кідіріс коэффициенті.
- •21. Тротуарларда жаяу жүргіншілердің қозғалысын ұйымдастыру. Жүргіншілерге арналған өткелдер және оның түрлері.
- •22. Қиылыстағы конфликті нүктелер. Маневр мен конфликті нүктелердің түрлері. Көлік торабының күрделілік дәрежесі.
- •23. Жер бетіндегі жүргіншілер өткелінде қауіпсіздікті қамтамасыз етудің негізгі шарттары.
- •24. Жаяу жүргіншілер қозғалысының мінездемесі. Жаяу жүргіншілер қозғалысының жылдамдығы, қарқындылығы және тығыздығы.
- •25. Жаяу жүргіншілер аймағын ұйымдастыру. Жаяу жүргіншілер маршруты.
- •26. Көшелердің, қиылыстардың және жаяу жүргіншілерге арналған жолдардың өткізу қабілеті туралы түсінік. Өткізу қабілетінің есептік, ұтымды және нақты мәндері.
- •27. Маршрутты жолаушы көлігінің қозғалысын ұйымдастыру. Желідегі қатынас жылдамдығы.
- •29. Аялдамалық пункттің өткізгіштік қабілеті.
- •30. Жол қозғалысын зерттеу әдістері. Әдістердің жіктелуі және жалпы мінездемесі.
- •31. Желістегі жолаушы көлігінің аялдамалық пунктін орналастыру.
- •32. Жол қозғалысын құжаттық, натуралдық және моделдеу әдістерімен зерттеу.
- •33. Желідегі жолаушы көлігі қозғалысының басымдылығын қамтамасыз ету.
- •34. Жол жағдайларын зерттеу. Қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етудің элементарлық шарттары. Жолдың жиі кездесетін кемшіліктері.
- •35. Уақтыншалық автомобиль тұрақтары және олардың классификациясы.
- •36. Қозғалысты зерттеу түрлері. Сұрақтау, талонмен зерттеу, ярлықтар жабыстыру, нөмерлерін жазып алу жолдарымен зерттеу.
- •37. Автомобиль тұрақтарының өлшемдерін анықтау.
- •38. Қозғалысты тұрақты (стационарлық) постарда және жылжымалы зертханалар жәрдемінде үйрену. Жол қозғалысын зерттеуге арналған аппаратуралар.
- •39. Автомобиль тұрақтарын жоспарлау мен орналастыруға қойылатын талаптар.
11. Қала құрылысын жобалауда қозғалысты ұйымдастыру бойынша жасалатын шаралар жасау.
1) Автокөліктердің барлық бағытта қозғалуына жағдай жасау;
2) Жол бойындағы және жол қиылысында болатын кедергілерді болдырмау және азайту жолдарын қарастыру;
3) Жол үнемі қатар саны жеткілікті болып, әртүрлі көліктердің қозғалуына жағдай жасау, яғни қатар саны жеткілікті б.к.
4) Асфальттар тегіс болып, көліктердің, оның ішінде автокөліктердің үлкен жылдамдық пен жүруіне жағдай жасау тиіс;
5) Қала мен елді мекен жағдайында жол қозғалысын тура реттеу үшін тиісті жол белгілерін қою.
6) Балалар өтуіне (мектеп аялдамаларында) әдейі арналған өткелдер қою.
7) Тең жол қиылысы жағдайында бағдаршамдар қойылып, жұмыс істеу уақыты тура реттеу қажет.
12. Көлік және жаяу жүргіншілер ағымының қарқындылығы. Қозғалыстың бірқалыпсыздық коэффициенті. Көлік ағынының картограммасы.
Жол қозғалысын сипаттайтын көрсеткіштердің бірі – көлік және жаяу жүргіншілер ағымының қарқындылығы болып табылыды. Көлік ағынының қарқындылығы деп – белгілі бір уақыт аралығында жолдың кесіндісі арқылы өтетін көлік құралдарының санын атайды. Көлік ағыны қарқындылығын есептеу үшін сағат, тәулік, апта, ай және жыл уақыттарын алады. Қарқындылық жоғары болған кезде минут бойынша есептейді.
Көше-жол тораптарындағы учаскілердің кейбірінде қозғалыс қарқындылығы жоғары, кейбірінде төмен болады. Оны қозғалыстың бірқалыпсыздық коэффициенті арқылы сипатттайды. Мұндай коэффициент сағаттық, тәуліктік және жылдық мерзімге анықталуы мүмкін. Бірқалыпсыздық коэффициенті белгілі бір уақыт ішіндегі қозғалыс қарқындылығының бөлігі немесе белгілі бір уақыт аралығындағы қозғалыс қарқындылығының орташа қарқындылыққа қатынасы ретінде анықталады
Жылдық:
Тәуліктік:
Мұнда: NM – айдағы қозғалыс қарқындылығы, авт/ай; Nr – жылдық қозғалыс қарқындылығы, авт/жыл
N4 - сағаттық қозғалыс қарқындылығы, авт/сағ; Nm – тәуліктік қозғалыс қарқындылығы, авт/тәулік
Жүргіншілер ағымының қарқындылығы да осылай анықталады.
13. Бірбағытты қозғалысты ұйымдастыру. Бірбағытты қозғалыстың басымдылықтары мен кемшіліктері. Көлік ағынының картограммасы.
Жол бойымен бірбағытты қозғалысты енгізу жол қозғалысының көп таралған әдістерінің бірі болып табылады.
Бірбағытты қозғалыстар 1906-1907 жылдары Филадельфия мен Нью-Йоркте ең алғашқы рет қолдалына бастады. Мұндай қозғалыстың артықшылықтарына қарама-қарсы қозғалыстың болмауы және қауіпті нүктелердің азаюы жатады. Сондықтан мұндай қозғалыстарда көлік ағынының қарқындылығы және қозғалыс қауіпсіздігі жоғары болады.
Бірбағытты қозғалыстың басымдылықтары:
а) қозғалыс жолақтарын тиімді және біркелкі пайдалану мүмкіндігі жоғары;
б) қозғалысты бағдаршаммен реттеу жұмыстары қозғалыс жағдайын жақсартады;
в) қараңғы уақыттарда жүргізушіге қарсы көліктің жарығы түспегендіктен қозғалыс қауіпсіздігінің жоғарылауы;
г) қозғалыс жолақтарын арнайландыру мүмкіндігі және т.б.
Бірқалыпты қозғалыстың кемшіліктері: қозғалыс жолақтарының көптігі қозғалыс енінің ұзаруына әкеп соғады; жүргіншілердің қауіпсіздігі төмендейді, себебі жолдан өту үшін үлкен ара-қашықтықтан өтуі тиіс, жолақтарды салуға қосымша қаражаттың қажеттілігі тағы сол сияқты жатады.
Бірбағытты қозғалыстың классификациясы: 1. Толық тұрақты. 2. Толық уақытша. 3. Бөлікті толық емес. 4. Реверсті-айнымалы.
