- •1. «Жол қозғалысын ұйымдастыру» пәнінің мақсаты мен мәселелері.
- •2. Қиылыстағы конфликті нүктелерді анықтау. Маневрдің түрлері және олардың белгіленуі.
- •3. Қиылыстың күрделілік көрсеткіші туралы түсінік. Қиылыстың күрделілік көрсеткішін анықтау.
- •4. Қиылыстың күрделілік дәрежесі туралы түсінік. Қиылыстың күрделілік дәрежесін анықтау.
- •5. Жол қозғалысын ұйымдастыру туралы түсінік. «Автомобиль-жүргізуші-жол» жүйесі.
- •6. Жол қозғалысын оперативтік ұйымдастырудың методологиялық ережелері.
- •8. Қиылыстардағы қозғалысты ұйымдастыру принциптері. Реттелуші және реттелмейтін қиылыстар.
- •9.Жол қозғалысын ұйымдастырудың тиімділігін бағалау критерийлері.
- •10. Жол қозғалысының мінездемелері. Жол қозғалысын сипаттайтын көрсеткіштер.
- •11. Қала құрылысын жобалауда қозғалысты ұйымдастыру бойынша жасалатын шаралар жасау.
- •12. Көлік және жаяу жүргіншілер ағымының қарқындылығы. Қозғалыстың бірқалыпсыздық коэффициенті. Көлік ағынының картограммасы.
- •13. Бірбағытты қозғалысты ұйымдастыру. Бірбағытты қозғалыстың басымдылықтары мен кемшіліктері. Көлік ағынының картограммасы.
- •14. Көлік ағынының құрамы. Автомобильдің динамикалық габариті. Келтіру коэффициенті және оған әсер етуші факторлар.
- •15. Қиылыстарда дөңгелек қозғалысты ұйымдастыру. Дөңгелек қозғалысты қиылыстың негізгі элементтері.
- •16. Көлік ағынының тығыздығы. Жол жолағының жүктелу деңгейі.
- •17. Дөңгелек қозғалысты қиылыстарда көлік құралдарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
- •18. Қозғалыс жылдамдығы және оның түрлері. Қозғалыс темпі. Автомобильдің қозғалыс жылдамдығына әсер етуші факторлар.
- •19.Жаяу жүргіншілердің қозғалысын ұйымдастыру. Жаяу жүргіншілер қозғалысының мінездемесі.
- •20. Қозғалыстың кідірісі. Көлік ағымының уақыт жоғалтулары. Көлік ағынының кідіріс коэффициенті.
- •21. Тротуарларда жаяу жүргіншілердің қозғалысын ұйымдастыру. Жүргіншілерге арналған өткелдер және оның түрлері.
- •22. Қиылыстағы конфликті нүктелер. Маневр мен конфликті нүктелердің түрлері. Көлік торабының күрделілік дәрежесі.
- •23. Жер бетіндегі жүргіншілер өткелінде қауіпсіздікті қамтамасыз етудің негізгі шарттары.
- •24. Жаяу жүргіншілер қозғалысының мінездемесі. Жаяу жүргіншілер қозғалысының жылдамдығы, қарқындылығы және тығыздығы.
- •25. Жаяу жүргіншілер аймағын ұйымдастыру. Жаяу жүргіншілер маршруты.
- •26. Көшелердің, қиылыстардың және жаяу жүргіншілерге арналған жолдардың өткізу қабілеті туралы түсінік. Өткізу қабілетінің есептік, ұтымды және нақты мәндері.
- •27. Маршрутты жолаушы көлігінің қозғалысын ұйымдастыру. Желідегі қатынас жылдамдығы.
- •29. Аялдамалық пункттің өткізгіштік қабілеті.
- •30. Жол қозғалысын зерттеу әдістері. Әдістердің жіктелуі және жалпы мінездемесі.
- •31. Желістегі жолаушы көлігінің аялдамалық пунктін орналастыру.
- •32. Жол қозғалысын құжаттық, натуралдық және моделдеу әдістерімен зерттеу.
- •33. Желідегі жолаушы көлігі қозғалысының басымдылығын қамтамасыз ету.
- •34. Жол жағдайларын зерттеу. Қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етудің элементарлық шарттары. Жолдың жиі кездесетін кемшіліктері.
- •35. Уақтыншалық автомобиль тұрақтары және олардың классификациясы.
- •36. Қозғалысты зерттеу түрлері. Сұрақтау, талонмен зерттеу, ярлықтар жабыстыру, нөмерлерін жазып алу жолдарымен зерттеу.
- •37. Автомобиль тұрақтарының өлшемдерін анықтау.
- •38. Қозғалысты тұрақты (стационарлық) постарда және жылжымалы зертханалар жәрдемінде үйрену. Жол қозғалысын зерттеуге арналған аппаратуралар.
- •39. Автомобиль тұрақтарын жоспарлау мен орналастыруға қойылатын талаптар.
8. Қиылыстардағы қозғалысты ұйымдастыру принциптері. Реттелуші және реттелмейтін қиылыстар.
Жол ережесі бойынша қиылыс – дегеніміз бір деңгейде жолдардың қиылысатын аймағы. "Жол көлік оқиғасы" 30% осы қиылыстарда орын алады. Сондықтан қозғалысты ұйымдастыру үшін қозғалыстарға реттеулерді енгізеді. Қозғалысты басқару сипатына байланысты қиылыстар – реттелетін және реттелмейтін болып бөлінеді.
Қиылыстар қозғалысты кідіртетін және жол-көлік оқиғасы жиі болатын орынға жатады. Біздің елімізде жол-көлік оқиғасының 27 % орташа шамамен қиылыстарда орын алады.
Реттелетін қиылыстарда бағдаршамдар орнатылады. Бағдаршам жоқ қиылыстар уақытша реттелуі мүмкін, ол үшін қиылыс ортасында реттегіш адамдар тұрады.
Егерде қиылыста бір бағытта қарқындылық жоғары болатын болса, онда ол бағыты "басты жол" деп белгілену керек.
Қозғалыс жағдайы бойынша реттелмейтін қиылыстар қозғалысты ұйымдастыру шараларын қолдануына байланысты ерекшеленеді. Реттелмейтін қиылысты үш топқа бөлуге болады: 1. Қозғалысы ұйымдастырылмаған қиылыстар. 2. Өту кезеңі белгіленген қиылыстар. 3. Шеңбер схемалы қиылыстар.
9.Жол қозғалысын ұйымдастырудың тиімділігін бағалау критерийлері.
Әдістердің қолдану тиімділігін көрсеткіштерді дейін және кейін салыстыра отырып бағалайды. Критерийді бағалауға абсолютті мәні қою мүмкін емес. Сондықтан көрсеткіштердің өзгеруін талдап отыру керек.
Тәжірбиеде және ғылыми зерттеуде жоғары ақпаратты және критерийді қолдану үшін ыңғайлы болуын көрсетеді. Олардың әрқайсысы талапқа сәйкес зерттеу мақсаттармен қолданады. Енгізіліп жатқан шаралардың тиімділігін бағалау үшін маңызды болып есептелетін критерийіміз келесі сұрақтарға жауап беру керек: жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету қандай дәрежеде, автомобильдің тасымалдау жылдамдығы қанша және олардың экономикалық тұрғыдан тиімділігі қандай?
Қауіпсіздік деңгейін бағалау негізінде жол көлік апаттарының (ЖКА) статистикалық көрсеткіштерін бақылайды.
Көлік ағынының жылдамдық көрсеткіштерін бағалау үшін қолданылатын критерийлер: жол қиылысындағы үдеу, белгілі бір желі бөліміндегі қатынас жылдамдығы, көлік құралдарының қарқындылығы және кідіріс уақыты, жылдамдық режимінің бір қалыпсыздық дәрежесі.
Отандық және шет елдік ғалымдардың көп жұмыстары – автокөлік қозғалысының қауіпсіздігіне, отын үнемділігіне және желідегі жылдамдық режимінің бір қалыптылығына арналған.
Жол полициясы немесе жол-пайдалану қызметі мамандары жол қозғалысының жағдайын бақылайды. Олар қарапайым әдістерді қолданады. ЖКО бойынша мәліметтермен және жылдамдықты өлшеумен шектеледі.
10. Жол қозғалысының мінездемелері. Жол қозғалысын сипаттайтын көрсеткіштер.
Автомобиль қозғалысының жылдамдығын және қауіпсіздігін қамтамасыз ету қозғалысты ұйымдастырудың ең бір жауапты мәселесі болып саналады.
Жол қозғалысының сипаттамасының көрсеткіштері мынадай: қозғалыс қарқындылығы, көлік ағынының құрамы, қозғалыс жылдамдығы, көлік ағынының тығыздығы, автокөліктің кідіру ұзақтығы.
Қозғалыс қарқындылығы жол қиындысынан белгілі бір уақыт бірлігінде өтетін көлік құралдарының саны.
Көлік ағындарының құрамы жолдың жүктелуіне әсерін тигізеді, себебі автомобильдердің габариттік өлшемдерінің елеулі айырмашылығында. Егер жеңіл автомобильдердің ұзындығы 4-5м болса, ал жүк автомобильдерінің ұзындығы 6-8м, автобустардың ұзындығы 11 м, автопоездардың ұзындығы 24 м жетеді.
Көлік ағындарының тығыздығы жол жолағының жүктелу дәрежесін сипаттайтын көрсеткіш болып табылады. Оны 1 км созылған жол жолағынан өтетін көлік құралдарының санымен анықтайды.
Қозғалыс жылдамдығы жол қозғалысының маңызды көрсеткіші болып табылады, өйткені оның мақсаттық қызметін сипаттайды.
