Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ст. ГОС (вместо ДП)(40+20) с отв. ОДД (к) 6.03.2017г..docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2.81 Mб
Скачать

34. Жол жағдайларын зерттеу. Қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етудің элементарлық шарттары. Жолдың жиі кездесетін кемшіліктері.

Жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жұмыстарын сипаттайтын көрсеткіштер. 1. Қозғалысқа бақылау жасау: 2. Жол қозғалысы ережелерін бұзушыларға қатысты әкімшілік және қоғамдық әсер ету шаралары: 3. Қоғамдық ұйымдардың жұмысы: 4. Алдын алу шаралары: 5. Үгіттеу және насихаттау жұмыстары.

Жолдар мен көшелерді пайдаланудағы кемшіліктертөрт топқа бөлуге болады:

1) жол-көлік оқиғасының тура себебі болып есептелетін кемшіліктер. Жүргізуші ешқандай Жол қозғалысы ережелерін бұзған жоқ, бірақ ол жолдар мен көшелерді пайдаланудағы кемшіліктерді өз мезгілінде байқамай қалғандығы себебінен жол-көлік оқиғасының алдын ала алмаған;

2) жол-көлік оқиғасының пайда болуына тиісті жағдайлар тудырған кемшіліктер. Жол-көлік оқиғасы тек қана Жол қозғалысы ережелерін бұзу себебінен ғана емес, сонымен бірге, қанағаттанарлықсыз жол жағдайларынан орын алған;

3) жол-көлік оқиғасының пайда болуына себепкер болған кемшіліктер. Жол-көлік оқиғасы негізінен жүргізушінің Жол қозғалысы ережелерін бұзу себебінен орын алған, бірақ та қанағаттанарлық жол жағдайлары оқиғаның зардаптарын төмендетуге ықпал ете алар еді;

4) жол-көлік оқиғасының пайда болуына ешқандай да әсер етпеген кемшіліктер, яғни жол-көлік оқиғасының пайда болу механизмімен ешқандай да байланысы жоқ кемшіліктер.

35. Уақтыншалық автомобиль тұрақтары және олардың классификациясы.

Автокөлікке уақытша тұрақтың қажеттілігі қала ішінде де, қала сыртындағы автомобиль жолдарында да, әсіресе әкімшілік орталықтарында, сауда, мәдени ағартушылық аумақтарында, көлік түйіндерінде туындайды. Автомобиль жолдарында уақытша аялдау жүргізушілердің демалысы үшін, көлік құралдарын тексеру және т.б. қажет.

Уақытша тұрақтардың квалификациясы. Қаладағы уақытша көшелік тұрақтар – тұрақтың өту бөлігінде орналасуы және көше сыртындағы тұрақтар. Көшелік тұрақтарды тротуар қасындағы деп те атайды, себебі жолда жүру ережесіне сәйкес автомобильдер тротуар бордюраның жанына, өту бөлігінің оң жағындағы шеткі жолақта орналасуы керек. Тұрақтарға автомобильдерді орнықтыру әдістері жол- жолақ сызықтарымен 7.6.1-7.6.5. жол белгілерімен көрсетіледі. Гараж тұрақтар жер бетінде немесе жер астында салынуы мүмкін. Көп қабатты гараж тұрақтар автомобильдің ондағы орын ауыстыру әдісіне байланысты рампалы немесе механикаландырылған болып бөлінеді. Рампалы гараждарда автомобильдер өз бетімен қозғалады, ал механикаландырылған гаражда автомобильдер лифт арқылы немесе конвейер арқылы орын ауыстырады. Көп қабатты гараж тұрақтың қажеттілігі тұрақ алаңдарға деп бөлінген жер жеткіліксіз болған жағдайда туындайды.

36. Қозғалысты зерттеу түрлері. Сұрақтау, талонмен зерттеу, ярлықтар жабыстыру, нөмерлерін жазып алу жолдарымен зерттеу.

Жол қозғалысын (ЖҚ) зерттеудің мынандай әдістері болады:

1). Құжаттар арқылы зерттеу; 2). Натурдық зерттеу; 3). Модельдеу арқылы.

Жол қозғалысын анкеталар арқылы зерттеу ЖҚ құжаттар арқылы зерттеу әдісіне жататыны белгілі. Ол анкетада мынандай сұрақтар болуы мүмкін:

1 ). Таксистің аты-жөні; 2). Көлік моделі мен оның мемлекеттік нөмірі; 3). Жұмыс істейтін маршруты; 4). Жұмысты бастау және аяқтау уақыттары; 5) Қандай уақыттарда клиенттер көп және аз болады (ол апта күндері бойынша қалай өзгереді); 6). Бір күндік табыс мөлшері; 7). ЖКО-ға түсу жиілігі; 8). Бір айда жанар май мен жөндеуге шығатын шығындар мөлшері және т.б.

Талонның (анкетаның) формасы 1-суретте көрсетілген.

Т алондарды беру және оларды жинап алу пунктері зерттеу мақсатына байланысты анықталады, ол бақылау пунктерін (постарын) орналастырудың схемасы төмендегі 2 суретте көрсетілген.

ЖҚ зерттеуді талон арқылы жүргізудің кемшілігі - әр автомобильді екі рет тоқтатуға мәжбүрлейді және қозғалыс қарқындылығы өте жоғары болғанда ол қозғалыс кептелуіне алып келуі мүмкін.

Автомобильдердің номерлерін жазып алу әдісі бойынша ЖҚ зерттеу жүргізгенде автомобильдерді тоқтату мүлдем керек болмай қалады. Жоғарыдағы әдістердің қайсысын таңдау зерттеу мақсатына байланысты.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]