Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ст. ГОС (вместо ДП)(40+20) с отв. ОДД (к) 6.03.2017г..docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2.81 Mб
Скачать

32. Жол қозғалысын құжаттық, натуралдық және моделдеу әдістерімен зерттеу.

Құжаттық зерттеу дегеніміз – зерттеу объектісіне бармай (камералық жағдайларда) материалды зерттеу. Құжаттық зерттеуді арнайы жиналған базада да, басқа мақсатқа бағытталған материалдарды өңдеу арқылы да жүзеге асыруға болады. Осылайша, жоспарланған рі құрылыс аумағында болатын көлік ағындары туралы толық мәліметтер, құрылыс жүктерін автомобильді тасымалдау туралы жоспарлы және жобалық материалдарды зерттеу негізінде алынған.

Натуралы зерттеулер дегеніміз – бұл белгілі-бір кезең ішінде орын алған жол қозғалысының нақты жағдайлары мен көрсеткіштерін тіркеу. Қазірг кезде әдістердің бұл тобы, жолдардың жағдайы туралы шынайы мәліметтер алудың жалғыз әдісі болып табылады және қазіргі бар көлік жән жаяу жүргінші ағындарына дәл сипаттама беруге мүмкіндк береді.

Ақпаратты алу әдісі және оның сипаттамасы жағынан жол қозғалысын натуралы зерттеулерді екі топқа бөледі: біріншісі – көптеген сипаттамаларға және олардың уақыт ішіндегі өзгерістеріне ие болуға мүмкіндік беретін стационарлы орындарда, бірақ тек осы орындар тұрған көше-жол желісінің орындарында зерттеу жүргізу; екіншісі – жол қозғалысының кеңістік жән кеңістік-уақыттық параметрлерін алуға мүмкіндік беретін, жылжымалы құралдар арқылы зерттеу.

Моделдеу. Терминделген модельдер табиғи зерттеулерден алынған, орташа белгілер бойынша құрылады және барынша қарапайым болып табылады. Оқиғалы модельдер қозғалыс процесін математикалық суреттеуді қабылдаудың бөлек элементтерін сипаттау көрсеткішінің кездейсоқ бөлінуін тіркей отырып құрылады және адамдардың қылықтарын ескере отырып, жол қозғалысының әртүрлі фрагменттерінің нысанды орын алуын қамтамасыз етуі мүмкін.

33. Желідегі жолаушы көлігі қозғалысының басымдылығын қамтамасыз ету.

Маршруттағы жолаушы көлігінің (МЖК)-нің қозғалыста басымдылығын қамтамасыз ету. Көлік ағынының қарқындылығы артқан сайын МЖК-нің жылдамдығын және қауіпсіздігін арттыру мәселесінің актуальдығы да артып барады, сонымен бірге оның шешімін табу да қиындап барады. Оның шешімі маршруттық көлік құралдарына белгілі басымдылықтар беруді талап етеді. Ондай басымдылықтар қамтамасыз етіледі:

– жол қозғалысының Ережелерінің сәйкес қағидаларымен және мемлекеттік стандарттардың талаптарымен;

– қиылыстарда бағдаршаммен реттеудің циклына арнайы фаза енгізумен;

– қоғамдық көліктің маршрутындағы басқа көлік құралдары үшін кейбір шектеулер енгізумен;

– МЖК-нің қозғалысы үшін жеке жолақ ажыратып (МЖК-нің басымдылық жолағы), бұл қатарда қалған көлік құралдарының қозғалысына тыйым салумен.

Жол қозғалысының Ережелері және мемлекеттік стандарттар маршруттық көлік құралдарына бірқатар басымдылықтар беруді көздейді. Бұл құжаттар:

– барлық жүргізушілердің елді мекендердегі белгіленген аялдамадан шығып бара жатқан троллейбустар мен автобустарға кедергі келтірмеуін міндеттейді;

– тағайындалған маршрут бойынша қозғалушы қоғамдық көлік құралдарына төмендегі тыйым салушы 3.1–3.3; 3.18.1; 3.18.2; 3.19; 3.27 және бұйырушы 4.1.1–4.1.6 жол белгілерінің күшін таратпайды. Бұл қозғалысты ұйымдастырушыларға қоғамдық жолаушы көлік құралдарын басқа түрдегі көлік құралдары үшін жабық болған бағыттар бойынша өткізуге мүмкіндік береді;

– реттелмейтін қиылыстарда рельссіз көлік құралдарының алдында трамвайға басымдылық береді;

  • аялдама пункттерін белгілеу үшін арнайы белгі 1.17 тағайындайды (жүріс бөлігінің шетінде зиг-заг тәрізді сары сызық).

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]