Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ст. ГОС (вместо ДП)(40+20) с отв. ОДД (к) 6.03.2017г..docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2.81 Mб
Скачать

29. Аялдамалық пункттің өткізгіштік қабілеті.

Желідегі аялдамаға бір мезеттің өзінде түрлі желілерден бірнеше автобус келіп аялдауы мүмкін. Мүндай жағдайда аялдаманың өткізу мүмкіншілігі үлкен маңызға ие. Аялдама пунктының өткізу мүмкіншілігі дегеніміз, көлік құралдарының біркелкі келуі кезінде бір сағат ішіндегі аялдама пунктымен қызмет көрсетілуі мүмкін болған қозғалмалы құрам бірліктерінің ең жоғарғы саны. Оның шамасы төмендегі өрнектен анықталады:

мұндағы ton – аялдама пунктының зонасында бір көлік құралының тұруының жалпы уақытының ұзақтығы. Оның

шамасы өз кезегінде төмендегі өрнектен анықталады:

tоп= t1+ t2+ t3;

мұндағы t1, t2 және t3 – сәйкес түрде аялдама пунктына кіруге маневр жасау уақыты, жолаушыларды мінгізіп-түсіру

уақыты және орнынан қозғалып, аялдама пунктын босату уақыты.

t2-ның мәні, бір аялдамада, әдетте 15...30 с. Іс жүзінде аялдама пункты 50 көлік/сағ тан артық өткізе алмайды.

Автобус қатынастарын зерттеу мәліметтері бойынша бір орында 3 аялдама пунктын орналастыруға болады. Бұл уақытта аялдама майданының ұзындығы шамамен 100 метрге ұлғаяды, ал автобустар қозғалысының жалпы қарқындылығы сағатына 150 бірлікке дейін болуы мүмкін.

30. Жол қозғалысын зерттеу әдістері. Әдістердің жіктелуі және жалпы мінездемесі.

Жол қозғалысының (ЖК) жағдайлары мен сипаттамаларын зерттеудің ең көп тараған әдістері төмендегі топтарға бөлінеді:

1) Құжаттар бойыфнша оқып білу; 2) натурдық зерттеу; 3) модельдер арқылы;

Құжаттар бойынша оқып білудің негізгі белгісі материалдарды кабинеттік жағдайда оқып білу болады, сондықтан кейде бұл әдісті камералық әдіс деп те атайды.

Натурлық зерттеу дегеніміз белгіленген уақыт ішінде жол қозғалысында фактілік түрде болып жатқан жағдайлар мен жол қозғалысының көрсеткіштерін есепке алуға болады.

Натурдық зерттеу төмендегі екі жолмен зерттеледі: 1) тұрақты (стационарлық) постарда зерттеу; 2) жылыжымалы құралдар (автомобиль, зертхана немесе қозғалыс ағымы ішінде жүзіп жүретін автомобиль) арқылы зерттеу.

Модельдер арқылы зерттеу дегеніміз – қозғалыс процесін жоланды физикалық немесе математикалық әдістермен жолап шығару болады (мысалы, ЭВМ арқылы).

31. Желістегі жолаушы көлігінің аялдамалық пунктін орналастыру.

Желістегі жолаушы көлігінің аялдамалық пунктінің орналасуы адамның жиілігіне байланысты. Мекеме, мектеп, университеттердің маңдарында жолаушы көлік аялдамалары кеңірек орналасқан жөн. Автобус аялдамасының оптималды ұзындығы таңертеңгілік 8 бен 9 аралығында, яғни қарбалас уақытта аялдамаға 4 – 5 автобус тоқтайтындай етіп орналастыру қажет. Желістегі жолаушы көлігінің аялдамалардың маңынан жаяу жүргіншілерге арналған жол көрсетілуі керек. Автобустың маршрут графигіне байланысты аялдама ұзындығы анықталады. Автобус аялдамасы жол полосасынан бөлек бір полоса болып орналасуы керек. Қалта ені 2,5 – 3 метрден кем болмауы керек . Аялдамаларды көше қиылысынан өткеннен кейін барып орналастыру қажет. Аялдамаларға бірнеше автобустар келіп тоқтайды, әр автобустығ ұзындығы әр түрлі. Мысалға алатын болсақ, ЛАЗ – дық ұзындығы - 9,19м, ПАЗ – дың ұзындығы – 7,15м, Мутаннның ұзындығы – 5,10м, ЛАЗ – дың ұзындығы – 9,70м, Газельдің ұзындығы – 4,36м. Осындай бірнеше автобустар аялдамаға қиындықсыз тоқтайтындай етіп жасау керек. Алдамаға келіп тоқтаған әәрбір автобустардығ арақашықтығы 1,5 – 2 метрден кем болмауы тиіс.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]