Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Amantaeva_Dinara__1171_ylymi_zh_1201_mys_Avtosokhranenny.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.01 Mб
Скачать

2.2. Психикалық дамуы тежелген балаларды оқыту–тәрбиелеу үрдісі

Мектеп оқушыларының тұлғасының даму ерекшеліктерін түсіну үшін, Л.С.Выготскийдің–жеке тұлға даму просесіндегі күшті әсер мен ақыл –ойдың өзара байланысы мен өзара әсері жөніндегі зерттеуі өте маңызды болып табылады және қалыпты мектеп оқушыларының арасындағы дамуының айырмашылығы әр түрлі іс—әрекеттерде байқалатын өзіндік психикалық өмірдің екі сала арасындағы қарым–қатынасқа түйінделеді. Бұл баланың ақыл–ойы мен күшті әсер арасындағы тәуелді қарым–қатынас, оның іс—әрекет түрі және мазмұны тұлғаның псхикалық саладан педагогикалық салаға өтуі кезінде дұрыс, жағымды қасиеттердің жеңіл қалыптасуына мүмкіндік береді. Психикалық даму тежелген балалар мінез–құлқы мен тұлғасын зерттей отыра, олардың құрылымындағы сақталған компаненттерді ашуға мүмкіндік туады. Осыған сүйене отырып, әлеуметтік маңызы бар қасиеттерінің қалыптасуымен оның даму деңгейі және мінез–құлқының тұрақтылығы үшін керекті жұмыстарды, сонымен қатар, тәрбиесі қиын балалар мен ақыл–ойы кем оқушылардың ақаулы мінез–құлқын түзету–тәрбиелеу шараларын ұйымдастыруға болады. [8.28]

Мүмкіндігі шектеулі балалар қатарына атап айтсақ, оның бірі психикалық дамуы тежелген (ПДТ) оқыту бағдарламасын меңгеруде қиындықтарға кездесетін үлгермеуші балалар. Психикалық дамуы тежелген балалардың ерекшілігі шаршағыштығы, жұмысқа қабілеттілігі төмендігі, қоршаған орта туралы дамуында бұзылыстар байқалады. Психикалық дамуы тежелген баланы психологиялық педогогикалыққолдау (ППҚ) қызметінің тиісті мамандарымен жүзеге асырылады. Түсініктері фрагментарлық, зейіндері тұрақсыз, тұтас қабылдау мүмкіндігі бұзылған, жалпы психикалық процестердің дамуында бұзылыстар байқалады, мұндайда әр маман өз бағыттары бойынша жұмыс істейді.

Сондықтан 5-8 жастағы балалар арасындағы кездесетін психикалық дамудың тежелуі жан–жағындағы өзгерістерге мән бермеу, мектепте оқуға талпынбау, дене қимылының, саусақтарының координацияларының бұзылуы, баланың тез шаршауы, қарындаш, қаламсаппен жұмыс істей алмауы, тіл мүкістіктері, сөздік қорының аздығы, есте сақтау, ойлау әрекеттерінің жетілмегені сияқты белгілерімен білінуі мүмкін. Бұл кемістіктер кемақыл балаларда кездесетіндей күрделі, тұрақты емес.

Психикалық дамуы тежелген балалармен жүргізілетін түзете дамыту жұмыстарының түрлері көп. Түзету жұмыстарын жүргізудің принциптері төмендегідей:

  • баланың жеке тұлғалық ерекшеліктерін анықтау;

  • шаршап кетпеуін анықтау;

  • оқу әрекетін ойын түрінде ұйымдастыру, кеңістікті бағдарлауын дамыту;

  • сыныптан тыс тәрбие сағаттарына қатыстыру;

  • ойын дағдыларын оқу әрекетіне аудару;

  • арнайы әдістемелермен оқытуды ұйымдастыру;

  • жылдық диагностикалық даму деңгейін салыстыру.

Психикасының дамуы тежелген балалардың ұсақ қол қимылдарын дамыту, тіл байлығын байыту, сонымен бірге баланың логикалық ойлау, есте сақтау, қабылдау қабілеттерін дамыту мақсатында көптеген ойын түрлерін сабақтарда пайдалануға болады.

Психологиялық түзету жұмыстарын жүргізудің принциптері төмендегідей:

  • баланың жеке тұлғалық ерекшеліктерін анықтау;

  • шаршап кетпеуін қадағалау;

  • оқу әрекетін ойын түрінде ұйымдастыру, кеңістікті бағдарлауын дамыту;

  • сыныптан тыс тәрбие сағаттарына қатыстыру;

  • ойын дағдыларын оқу әрекетіне аудару;

  • арнайы әдістемелермен оқытуды ұйымдастыру;

  • жылдық диагностикалық даму деңгейін салыстыру.

Психикалық дамуы тежелген балаларды оқуға және жазуға үйрету арнайы түзету жұмысымен өткізіледі, былайша айтқанда, сауаттылыққа үйрену дайындылығы әр кезеңмен орындалады. Бірінші кезеңде–естудің қадағалауымен сөзден жекеше дыбыстарды бөлшектеу тәсілімен шығарады, бірақ та бұл сауаттылықты жақсы меңгеріп кету үшін керекті талдау мен жинақтау дыбыстарының дағдысын қамтамасыз етпейді; Екінші кезеңде–сөздегі дыбыстың оның орнын белгілей білуді үйренеді, дыбыстардың бірізділігін және сөздегі орналасу тәртібін анықтау. Психикалық дамуы тежелуі бар балаларды жазуға үйрету көпшілік жалпы білім беретін мектептерге арналған бағдарламаның тарауы бойынша берілген әдістемелік ұсыныс негізінде құрастырылады. [10]

Қазіргі кезде бастауыш мектеп жасындағы психикалық дамуы тежелген оқушыларды оқыту мен тәрбиелеу үдерісіне көптеген жаңа тәсілдер енгізіліп жатыр. Соның ішіндегі ең бір маңызды да қолайлы тәсіл–ойын арқылы баланың психикасы мен ойлау қабілетін дамыту. Сондай-ақ, оқушылардың оқу материалдарын жақсы қабылдауына әсерін тигізетін тиімді әдістердің бірі-ойын. Ойын-баланы адамгершілікке тәрбиелеудің бірден-бір жолы. Сабаққа ойын мен ойын тәсілдерін енгізу оқуды қызықты етіп, балалардың сергек болуына, оқу материалын қабылдау барысындағы кездесетін қиындықтарды жеңуіне жағымды әсер етеді. Ойын–оқушыға білім мен тәрбие беру әдістерінің тиімді амалдарының бірі. Сонымен қатар,бастауыш мектеп жасындағы психикалық дамуы тежелген оқушыларды танымдық қабілеттерін дамыту үшін қолданылатын ойындарға олардың дене бітімінің қалыптасуына арналған ойындар, қимыл ойындары, сөйлеу, шешендігін, тілін дамыту ойындар мен ойлау ерекшеліктерін дамытатын ойындарды жатқызуға болады.

Бастауыш мектеп жасындағы психикалық дамуы тежелген балаларды оқыту тәжірибесінде дидактикалық ойындардың бірнеше түрі қалыптасқан. Атап айтқанда, түзете-дамыта оқыту сыныптарда төмендегі ойын түрлері жиі пайданылады. «Қай әріпті жоғалттым», «Қай буынды жоғалттым», «Бос торкөзді толтыр», «Қызықты торкөз», «Сөйлем қуаласпақ», «Тыныс белгісін тап», «Екі-екіден жұпта», «Кім тапқыр», «Сөз ойла-тез ойла», «Ойлан, тап», «Кім шапшаң?», «Қай дыбыстан басталады», «Қағып алып, жауабын айт», «Сиқырлы сандық». Дидактикалық ойындар, оқытудың ойындық әдісі секілді, екі түрде қарастырылады: ойын–сабақ және дидактикалық ойындар. Бірінші жағдайда, жетекші рөл тәрбиешіге, логопедке, психологқа тиесілі, ол балаларда сабаққа қызығушылықты көтеру үшін, әр түрлі ойындық тәсілдерді қолданады, ойындық жағыдайды құрады, жарысу эдементтерін енгізеді және т.б. Ойындық әрекеттің әр түрлі компоненттерін қолдану, көрсеткіштермен, түсіндірулермен, нұсқалармен, сұрақтармен ұйқасады. Ойын-сабақтарының көмегімен, үлкендер көріністерді қалыптастырып, белгілі білімді беріп қана қоймайды, сонымен қатар, балаларды ойнауға үйретеді. Балалардың ойыны үшін, заттармен әр түрлі ойындық әрекеттер туралы, ойындық сюжетті құрастыру көріністерін қалыптастыруда негіз ретінде болады. Одан кейін, бұл білім мен көріністерді өзіндік, шығарашылық ойындарға, ойында оқытуға қарағанда, бала өмірінде біраз өлшенбейтін болуы мүмкін меншікті салмағын ауыстыру үшін құрылғаны маңызды. Сондықтанда, ойын–сабақтар әр түрлі ойындық тәсілдерді қолдану мен балаларды тура оқытуға жатады.

ҚОРЫТЫНДЫ

Қорыта келгенде психикалық дамуы тежелген баланы дамыту барысында жұмыс нәтижелі болу үшін, әр баланың физиологиялық, психологиялық, жас ерекшеліктерін ескере отырып, жеке тұлғаны дамыту жұмыстарын дұрыс және тиімді ұйымдастыру болып табылады. Түзете-дамыту жұмыстарында төмендегі мәселелерге көңіл бөлген жөн: психикалық дамуы тежелген балалардың танымдық және тұлғалық ерекшеліктері сауат ашуға, жазуға, математикаға, еңбекке үйрету, кезінде оқу мазмұнын басқаша іріктеуді қажет етеді. Бірінші кезекте оқуға деген жағымды түрткі қалыптастырып, жақын эмоционалды көріністерді тудыратын, ой-өрісін кеңейтетін материал алынады.Дамуы баяу балалардың психологиялық ерекшеліктерін ескеру, оқу материалын жай бөліп қоймай, керісінше жалпы дамуға бағытталған жаңа бағдарлама (баланың қоршаған ортаға бейімделуі, мінез-құлық ерекшелітері, өзін-өзі төмен бағалауы, қоршаған ортаға сенбеушілікпен қарауы, өз күшіне деген сенімсіздігі, белсенділігі төмен) құруды талап етеді. Қазіргі кезде қоғам дарынды, қабілетті адамдарды қажет етеді. Жеке тұлғаның рухани өсуіне психологиялық-педагогикалық жағдай жасай отырып, өз ортасында және өзге ұжымда өзін еркін сезіне алуға тәрбиелеу, өзіне-өзі сенімді, жауапкершілік қасиетті сіңірген тұлға ретінде қалыптастыру керек.

Сонымен қатар, жалпы білім беретін мектепте арнайы сыныптарда оқитын психикалық дамуы тежелген баланы сыныптастарына теңестіру немесе қатарға қосу барысында жұмыс нәтижелі болу үшін, әр баланың рухани дамуынапсихологиялық–педагогикалық жағдай жасай отырып, өз ортасында және өзге ұжымда өзін еркін сезіне алуға тәрбиелеу, өзіне өзі сенімді, жауапкершілік қасиетті сіңірген тұлға ретінде қалыптастыру қажет.Осындай жұмыстарға балалар қызығушылықтары артты, ойлауы сәл де болса артқаны байқалады. Сөзімізді қорыта келе мүмкіндігі шектелгендер деп қарамай, жеке тұлға ретінде жан-жақты дамытып, өмірден өз орындарын тауып кетуі үшін бар күш-жігерімізді аямай жұмыстана берейік дегіміз келеді.