- •Мазмұны:
- •I. Кіші мектеп жасындағы психикалық дамуы тежелген балалардың сөйлеу тілінің бұзылыстары
- •II.Кіші мектеп жасындағы психикалық дамуы тежелген балалардың сөйлеу тілінің бұзылыстарын анықтаудағы тәжірибелік жұмыстардыңмазмұны
- •I. Кіші мектеп жасындағы психикалық дамуы тежелген балалардың сөйлеу тілінің бұзылыстары
- •1.1. Психикалық дамуы тежелген балалар. Олардың классификациясы және танымдық ерекшеліктері
- •1.2. Психикалық дамуы тежелген балалардың сөйлеу тілінің ерекшеліктері
- •II. Кіші мектеп жасындағы психикалық дамуы тежелген балалардың сөйлеу тілінің бұзылыстарын анықтаудағы тәжірибелік жұмыстардың мазмұны
- •2.1. Психикалық дамуы тежелген бастауыш 2 сынып оқушыларының сөйлеу тіліндегі бұзылыстарды диагностикалау және түзету жұмыстарының бағыттары
- •Сурет -1
- •2.2. Психикалық дамуы тежелген балаларды оқыту–тәрбиелеу үрдісі
- •Пайдаланылған әдебиеттер:
Сурет -1
Даму деңгейінің қорытындысы:
9-10 ұпай-жоғары
5-8 ұпай-орташа
0-4 ұпай төмен
3-кесте
Зерттелуші оқушы |
Жоғары |
Орташа |
Төмен |
Ж.М. |
|
+ |
|
С.К. |
|
+ |
|
Ж.М. |
+ |
|
|
Ж.Қ. |
|
|
+ |
А.Ж. |
|
+ |
|
Сонымен қатар, оқушылардың сөйлеу тіліндегі қателіктерін түзетуде төмендегідей тапсырмалар беріп дамыттық.
1.«Сөз ойла, тез ойла!» жаттығуы.
Бес дыбыстан құралатын, үшінші әрпі «Л» болатын, Не? Қандай? деген сұраққа жауап беретін сөздерді ойлауға тапсырма беріледі. Ортасындағы әріптерді өзгерте беруге болады.Мысалы торкөздерді мынадай сөздермен толтырады: талап, құлан, шалап, жолақ, халат, далап, құлын, келін, жалын, тулақ, салақ, рулон, кулон, балақ, талақ, сылақ, салық, талма, жұлын, галош, салым, қалам, ғалам, ғалым, ғылым, қалқа, қалта, салат, долма, малта, шелек, сулық, белок, тұлып, желім, залым т.б.Егер, оқушылар сөздерді ойламаған жағдайда жоғарыдағыдай сөздер құрауға болатыны айтылып, әр сөздің мағынасын түсіндіруге болады. Және оны балалардың өзінен қайта сұрап отыру қажет.
4-кесте
-
Л
«Cөз ойла, тез ойла»
Бұл тапсырманы орындау кезінде шыққан нәтижесі мынадай болды. Балалар белсенді жұмыс жасады. Олар өздері тапқан сөздердің барлығын түсіндіріп бере алды. Және осы тапсырма арқылы сөздік қоры дамып, «Л» дыбысын сөз арсында анық айтуды біршама меңгерді.
2.«Ортақ белгісін тап!» жаттығуы.
Оқушыларға бірдей қызметі бар, пішіндері бөлек, пішіндері бірдей, ерекшеліктері басқа түрлі суреттер көрсетіледі. Мысалы: ұшақ–көбелек, сиыр-жылқы, т.б. Бұл жаттығуды екі ұғымды есту арқылы ұқсастығы мен айырмашылығын таптыруға болады. Мысалы: күн-түн, жас адам–кәрі адам т.б. Осы суреттер арқылы олар фонематикалық қабылдау қабілеті артып, сөздік қорында зат есім мен етістіктен басқа сөз таптарды қолдануды үйренді.
3.«Шетелдік» жаттығуы. Баларға бірнеше сөздер қатары берілді.
Нұсқау: Шетелден қонақ келді. Қазақша жақсы түсінбейді. Ол сенен төмендегідей сөздерді түсіндіріп беруін, оның не екенін, қайда қолдануға болатынын, қандай материалдан жасауға болатынын түсіндіріп беруді өтінеді. Сен қалай жауап бересің? Берілетін сөздер: сыпырғыш, блокнот, зергер, шекпен, қалшылдау, түйіндеу, дем беру, қаусыру.
Қорытындыны бағалау:
2 балл–бала берілген барлық 9-10 сөздерді түсіндіріп бере алды және ғылыми анықтамаға жақындатып айтып бере алса;
1,5 балл–бала барлық сөздердің ішінен тек 5-7 сөзді түсіндіріп бере алған жағдайда;
1балл–берілген сөздің барлығын біледі, бірақсоның ішінде бала 1-4 сөзді түсіндіріп берген жағдайда;
0 балл–берілген сөздің ішіндегі ешқайсысын бала түсінбеген жағдайда;
Бағалау:
0 балл–сөздің мағынасын түсінбейді.
1 балл–сөздің мағынасын біліп тұр, бірақ сөзбен түсіндіріп бере алмайды.
1,5 балл–сөзбен түсіндіріп айтып береді.
2 балл-ғылыми анықтамаға жақындатып айтып береді.
М.-5 сөз айтты-1,5балл
Ж.–7 сөз айтты-1,5балл
К.–4 сөз айтты–1балл
М.–3 сөз–1балл
Қ.–2 сөз айтты -1балл
Жаттығулардан бөлек сабақ үстінде балаларды қызықтырып отыру үшін әр түрлі дидактикалық ойындар жүргізіп отырдық. Солардың бірнешеуі төменде көрсетілген.
«Ақылды үкі» ойыны
Мақсаты: баланың тіл байлығын дамыту.
Балаларға әртүрлі орман мекендеушілерінің суреттері бар карточкалар таратылады. Балалар ортаға шығып, шеңбер құрып тұрады. Санамақ арқылы бір бала таңдап алынып, үкі етіп тағайындалады. Ақылды үкі болған бала ортада тұрады. Енді шеңбер бойында тұрған балалардың біреуі өзінің қолындағы карточкадағы бейнеленген жануардың басына түскен бір жағдайды айтады және оны шешу үшін ақыл беруін сұрайды.
Мысалы: «Орманда екі қоян бір үлкен жидек тауып алып, оған таласып қалды.Не істеуге болады?»
Үкінің ақылы: «жидек біреу болғандықтан қояндар оны анасына сыйласын». Ал егер, үкі ақыл айта алмаса, онда ақыл берілмей қалған бала оның орнына ақылды үкі болады.
Яғни, осы ойын арқылы баланың байланыстырып сөйлеуі, әр түрлі жалғау жұрнақтарды дұрыс жалғауға, сонымен қатар, педагогтың көмегінсіз өзін өзі жетілдіре алады.
Келесі, «Айтқыштар» ойыныжүргізілді.
Мақсаты: іс-әрекетін бақылай алуды дамыту. Ойынның өту барысы мынадай:
-Балалар, біз сендерге сұрақ беремін. Сұраққа тек «Айт» деген команда берілген кезде ғана жауап беру керек.
-Сендердің сыныптарындағы қабырғаның түсі қандай?
-Бүгін аптаның қай күні?
-100+54 қосқанда неше болады?
Бұл ойынды жүргізуіміздің себебі, 2 «В» сыныбындағы балалардың көбісі өзін – өзі бақылауда ұстай алмайды, яғни ұстамсыз. Нәтижесінде олар осындай ойындарды ойнау арқылы өзін өзі бақылауды дамыта алды.
«Ұғымдар байланысын тап»жаттығуы
Екі қатарда сөздер тізбегі берілген:
Көктем а.уақыт
Аспан ә.төл
Сағат б.сахна
Жол в.білім
Еңбек г.амал
Мектеп ғ.көлік
Ел д.нан
Өнер е.бәйшешек
Таңба ё.рәміз
Мал ж.ғаламшар
Өзара логикалық байланысы бар сөздерді табу тапсырылады. Мысалы: аспан мен ғаламшар деген сөз бір-бірімен байланысты, сондықтан оны «1.Ж» деп белгілейді.
