Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Amantaeva_Dinara__1171_ylymi_zh_1201_mys_Avtosokhranenny.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.01 Mб
Скачать

II. Кіші мектеп жасындағы психикалық дамуы тежелген балалардың сөйлеу тілінің бұзылыстарын анықтаудағы тәжірибелік жұмыстардың мазмұны

2.1. Психикалық дамуы тежелген бастауыш 2 сынып оқушыларының сөйлеу тіліндегі бұзылыстарды диагностикалау және түзету жұмыстарының бағыттары

Зерттеу мәселесіне байланысты жүргізілетін тәжірибелік-эксперименттік жұмыстар "Павлодар қаласы Қалижан Бекқожин атындағы №12 жалпы орта білім беру мектебінің" мемлекеттік мекемесіндегі психикалық дамуы тежелген балаларға арналған 2 «В» түзету сыныбында жүргіздік. Тәжірибелік-экперименттік жұмысқа 5 бала қатысты. Оның ішінде 1 қыз бала, 4 ұл бала.

Тәжірибелік сабаққа бірінші барған күні балалардың диагноздарымен, сабақ үлгерімімен жалпы таныстық. Олардың дамуында қандай ауытқуы бар екенін жалпы мына кестеде берілген:

1-кесте

Зерттелуші

нысан

Диагнозы

Психолого-педагогикалық мінездеме

Сабақ үлгерімі

А.Ж. 9жас

Церебральды-органикалық ПДТ, жазбаша сөйлеу және оқу тілінің бұзылуы, туа біткен гидроцефалияның жеңіл түрі.

Іс–қимылы шапшаң, мінезі тұйық, эмоциялық-еріктік сферасы тұрақсыз, оқушылармен қарым қатынасы ауыспалы, қоршаған ортамен қарым қатынас құра алмайды.

Оқу мотивациясы жақсы. Математика пәнінен қосу, азайту амалдарын, теңдеуді шешу, салыстыру амалдарын біршама орындай алады. Оқу жылдамдығы жеткіліксіз, қазақ тілінен диктант жазғанда артық әріптер қосып жазады, қайта қайта түзете береді, жазу каллиграфиясы орташа. Сурет сабағын ұнатады, қол іңбек сабағына икемі бар.

М.М.8жас

Церебральды–органикалық ПДТ, орталық жүйке жүйесінің органикалық зақымдануы, фонетико-фонематикалық қабілеті бұзылған.

Іс–қмиылы шапшаң, өз іс әрекетін бақылай алады, оқушылармен қарым қатынасы жақсы, қоршаған ортамен тез тіл табыса алады.

Оқу мотивациясы орташа деңгейде, математика пәнінен қосу,азайту амалдарын, теңдеуді шешу, салыстыру амалдарын орындай алмайды. Оқу жылдамдығы өте нашар, әріптерді таниды, буындап оқи алмайды, диктант жазуда сыныппен үлгермейді. Көп қате жібереді, жазу каллиграфиясы нашар. Сурет, қол еңбек сабағына икемсіз.

Ж.Қ.8жас

Церебральды–органикалық ПДТ, орталық жүйке жүйесінің органикалық зақымдануы, жазбаша сөйлеу тілі бұзылған.

Іс қимылы қозғалысты, өз іс әрекетін бақылай алмайды, оқушылармен қарым қатынасы жақсы, қоршаған ортамен тез тіл табыса алады.

Оқу мотивациясы жоғары деңгейде, математика пәнінен қосу,азайту амалдарын, теңдеуді шешу, салыстыру амалдарын орындай алмайды. Сандарды білмейді. Оқу жылдамдығы өте нашар, әріптерді шатастырады, буындап оқи алмайды, диктант мүлде жаза алмайды. Көп қате жібереді, жазу каллиграфиясы нашар. Сурет, қол еңбек сабағын ұнатады, икемді.

Ж.М.9жас

Церебральды–органикалық ПДТ, орталық жүйке жүйесінің органикалық зақымдануы, жазбаша сөйлеу тілі бұзылған, ЖСТД 3деңгейі.

Іс қимылы шапшаң, мінезі ашық, тілінде мүкістігі бар, өз іс әрекетін бақылай алады, оқушылармен қарым қатынасы жақсы, қоршаған ортамен тез тіл табыса алады.

Оқу мотивациясы орташа деңгейде, математика пәнінен қосу,азайту амалдарын, теңдеуді шешу, салыстыру амалдарын орындай алмайды. Оқу жылдамдығы өте нашар, әріптерді таниды, буындап оқи алмайды, диктант жазуда баспа әріптерді жазба әріптерімен шатастырады, көп қате жібереді. Жазу каллиграфиясы орташа. Сурет салғанды ұнатады, қол еңбек сабағына икемсіз.

С.К.8жас

Церебральды-органикалық ПДТ, орталық жүйке жүйесінің органикалық зақымдануы, фонетико- фонематикалық қабілеті бұзылған. жазбаша сөйлеу тілі бұзылған.

Іс–қмиылы шапшаң, өз іс әрекетін бақылай алады, оқушылармен қарым қатынасы жақсы, қоршаған ортамен тез тіл табыса алады.

Оқу мотивациясы жоғары деңгейде, математика пәнінен қосу,азайту амалдарын, теңдеуді шешу, салыстыру амалдарын орындай алмайды. Сандарды білмейді. Оқу жылдамдығы өте нашар, әріптерді шатастырады, буындап оқи алмайды, диктант мүлде жаза алмайды. Көп қате жібереді, жазу каллиграфиясы нашар. Сурет, қол еңбек сабағына икемді.

Одан кейінгі күндері балалармен сабақ барысында әр түрлі жұмыс жасадық. Сабақ бастамас бұрын олардан апта күндерін, қай күн екендігі туралы әр күн сайын сұралып отырды. Себебі, оқушылардың сөйлеу тілін дамытып, қоршаған ортамен қарым–қатынас жасап, сөздік қорын молайту мақсатында.

Оларда ең бірінші қазақ тілі сабағы өтті. Қазақ тілі сабағында олардың сөйлеу тілінен көптеген қателіктер байқалды. Олардың сөйлеуінде негізінен етістіктермен зат есімдер басым болды, ал сын есімдер, тек заттардың көзге түсетін белгілерін атауда ғана қолданды. Жаттығу орындау кезінде жалғау мен жұрнақтарды жалғауда көптеген қателіктер жіберді, кейде жалғауларды тастап кетті. Мысалы, сурет бойынша әңгіме құрау кезінде байқалды. Сонымен қатар олар сөздік диктантты естіп жазу барысында қиналды. Көп әріптерді шатастырды, тіпті кейбір әріптерді білмейді. Баспа әріптері мен жазба әріптерін алмастырып қолданды. Тасымалдап жазу кезінде де қателіктер жиі байқалып тұрды. Бізбалалардағы осы қателіктерді байқаған соң оларды түзету мақсатындаартикуляциялық жаттығулар жиынтығын өткіздік. Жаттығулар арқылы олар «Л–Р» дыбысына дұрыс шығаруға үйренді. Жаттығу былай өткізіледі:

«Дәмді тосап»

Мақсаты: Жалпақ тілдің ұшының жоғары көтеруін және тілді кесе (ожау) тәрізді қалыпта ұстауды үйрету.

Қысқаша сипаттамасы: Жалпақ тілмен жоғары ерінді жалап,ауыз қуысына кіргізу.

Әдістемелік нұсқау. 1.Жаттығуды орындаған кезде тек тіл жұмыс істеуін, иектің қимылдамауын қадағалау керек. 2.Тіл жалпақ болып бүйірлер ауыз бұрыштарына тиіп тұруы қажет. 3.Тіл оңға-солға емес, тек төмен және жоғары қозғалу керек. 4.Егер бала жаттығуды жасай алмай жатса, «пя-пя-пя» жаттығуына оралу қажет. Бала тілін жалпақ қалпына келтірген  соң шпательмен тілді жоғары ерінің үстіне қайыру керек.

«Параход»

Мақсаты: тілді жоғары көтеріп үйрету, тілдің алдыңғы жағынның қимыл-қозғалысын жетілдіру.

Қысқаша сипаттамасы:ауызды кішкене ашып ы дыбысын ұзақ айту.

Әдістемелік нұсқау. 1.Тілдің ұшы төмен және ауыз қуысында терең орналасуы керек, ал тіл арқасы таңдайға қарай көтеріңкі болуы керек.

Тәжірибелік жұмыс жасап жүріп, оқушылармен еркін тақырыпта ашық сабақ жүргіздік. Ашық сабақтың тақырыбын «С» дыбысын мащықтандыру деп алдық. Себебі Психикалық дамуы тежелген 5–9 жас аралығындағы балаларда «с» дыбысын меңгеруде қателіктер кездеседі. Ашық сабық мынадай түрде өтті:

Мақсаты: «С»дыбысын буында қайталап, сөзде анық айтуға машықтандыру.

Міндеттері: «С» дыбысынбуын, сөз ішінде ажырата үйрету.

-Фонематикалықестуіндамыту, тыныс алуын қалыптастыру, ойын тапсырмалар арқылы ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту.

-Балаларды ұйымшылдыққа, адамгершіліккетәрбиелеу.

Көрнекіліктер:түрлі суреттер, «Ш» дыбысының артикуляциясы.

2-кесте.

Іс-әрекет кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Ұйымдастыру кезеңі

Негізгі бөлім

Артикуляциялық жаттығу

Тыныс алу

1 тапсырма

2 тапсырма Фонематикалық есту қабілетін дамыту

3 тапсырма

4 тапсырмасы

Сергіту сәті

5 тапсырма

Қорытынды

1.Балалар бүгін бізге сабаққа пойызбен ергежейлер көмек сұрап келді.

2.Олар «Дыбыс әлеміне» бара жатқанда алдарынан мыстан кемпір тұра қалып олардың пойыздарын тоқтаптып сыйқырлап тастады (есік қағып,қарғаның дыбысы шығады). Ол бізге өзінің досынан қарғадан хат жіберіпті(хатты аламыз). 3.Кәнекей хатты ашып көрейік пе?(Хат ашылады) Балалар мұнда өте көп тапсырмалар екен. 4.Орындаймыз ба?

5.Бірақ тапсырманы орындамас бұрын өзіміздің күнделікті жасап жүрген жаттығуларымызды орындайық. Содан соң,ергежейлерге көмектесеміз.

«Тәтті тосап» «Бақа», «әткеншек», «Тіс тазалаймыз»

6.Терең тыныс алып, ауыздан демді шығарып «сссс»дыбысын ұзақ айтады.

Балалар енді мыстан кемпірдің тапсырмаларын орындайық. Балалар естеріңе түсіріп көрейікші дыбыстарды біз не істейміз? Ал әріптерді?

7. Балалар біздің тапсырмаларымыз белгілі бір дыбысқа, әріпке байланысты екен қалай ойлайсыңдар қандай әріпке? (С дыбысының таңбасы ілініп тұрады) Соған қарап балалар жауап береді.

8.«С» дыбысы ненің дыбысына ұқсайды?

9.«Дауысты дыбысты тап»

Мақсаты: «с» дыбысын дауысты дыбыстармен буындап оқу(айту).

10.«С» дыбысы бар суретті дұрыс айту.Дыбыстық талдау жасайды.

«С» дыбысын сөзде естісе жыланың суретін көрсет(Сағат, аса, аспазшы, т.б).

11.«Артығын тап»

Мақсаты: Ойлау қабілетін дамыту

Дауыспен жұмыс :

(балалар тұрып допен жасайды)

Дауыстап айту са-са-са

Жай айту са-са-са

Ақырын айту са-са-са

Алға қарай бір адым,

Артқа қарай бір адым.

Бiр орнымда қозғалып,

Кезек басып тұрамын.

Жоғары, төмен қарайық.

Орнымызды табайық.

Ал енді соңғы тапсырмасы. Осы «С» әрпінен басталатын сөздерді тауып дұрыс айтуларың керек. Сонда біздің ергежейлеріміз пойыздың вагондарына отырып «Дыбыс әлеміне» барады.

Жарайсыңдар сендердің көмектеріңді ергежейлер мәңгі ұмытпайды. Кәнекей біздің пойызымызға жақындап ергежейлерге мыстаның қандай тапсырмаларын орындағанымызды айтып, оларды өз вагондарына отырғызып қоштасайық.

3. Ия, ашайық.

4.Тапсырмаларын орындайық.

Балалар тіл жаттығуын орындайды.

6.«Сссссс» дыбыс естіледі.

Балалардың жауаптары

7.«С» әрпі

8.Жыланның даусына «сссс», краннан аққан судың дыбысына «ссс»

9. А,о,у,и,е,ө, жеке айту,

СА-СО-СУ т.б

10.Бұл маса. «С» дыбысы сөздің ортасында тұр, 2 буын,дауыссыз дыбыс.

11.Суретті дұрыс атап, «с» дыбысы бар суреттің астын сызу

Балалардың жауаптары

Балалар сергіп, жаттығуды жасайды.

Суреттердің арасынан тауып дұрыстап айту.

Біз осы қателіктерін байқаған соң оларды түзету мақсатында Р.Немовтың«Қисынсыздық» әдістемесін қолдандық.

Бұл әдістеме арқылыбіз 2 сынып оқушыларының қарапайым бейнелі елестетулерін, қоршаған орта және оның логикалық байланыс қатынастары туралы түсініктерін зерттедік. Аталмыш әдістеме баланың өз ойын қисынды әрі грамматикалық жағынан дұрыс ойлау іскерлігін қандай деңгейде екендігін анықтадық. Бұл әдістемені оқушыларға сабақтан тыс уақытта, жеке бағытта жүргіздік. Әдістемені өткізу процедурасы мынадай: балаға бейнеленген бейнеленген суретті көрсеттік. Онда жануарлармен байланысты қисынсыз жағдаяттар берілген. Баланы суретке қарау барысында келесі нұсқаумен таныстырдық: «Суретке мұқият қара, барлығы да дұрыс суреттелген бе? Айтып бер. Егер суреттердің орны дұрыс орналаспаған болса, қалай орналастыру керектігін айтып бер» деп талап қойдық.

Әдістемені өту кезінде мынадай нәрселерді ескеруіміз қажет.

Нұсқаудың екі бөлімі рет-ретімен дұрыс орналаспағанын байқасаңыз, олардың неліктен дұрыс еместігін түсіндір. Содан соң дұрысорындалады. Бастапқыда бала суреттегі қисынсыздықтарды атап көрсетеді. Содан соң олардың қалай орналасу керектігін түсіндіреді. Картинаны қарап шығу және тапсырманы орындау 3минутпен шектеледі. Осы уақыт аралығында бала қисынсыз жағдаяттарды неғұрлым көбірек байқауы қажет және олардың неліктен дұрыс орналаспағанын түсіндіруі қажет.

Қорытындыны бағалау:

10 ұпай–берілген уақыт (3 минут) ішінде барлық 7 қисынсыз жағдайды тауып, олардың себебін түсіндірген балаға қойылады.

8-9 ұпай–бала берілген уақыт ішінде барлық қисынсыз жағдаяттарды тапқанымен 1-3 жағдаяттардың қалай орналасу керектігін түсіндіруге үлгермей қалған жағдайда қойылады.

6-7 ұпай–бала берілген уақыт ішінде барлық қисынсыз жағдаяттарды тауып, белгілегенімен, 3-4 жағдаяттардың қалай орналасу керектігін түсіндіруге үлгермей қалған жағдайда қойылады.

4-5 ұпай–бала барлық қисынсыз жағдайларды тапқанымен, ондағы 5-7 жағдаятты берілген уақыт ішінде түсіндіре алмаған жағдайда қойылады.

2-3 ұпай–берілген уақыт ішінде бала қисынсыз 7 жағдаяттың ішінен 1-4 байқай алмай, оларды түсіндірмеген жағдайда қойылады.

1 ұпай–берілген уақыт ішінде бала 7 жағдаяттың ішінен 4 ғана тауып алады.