- •Мазмұны:
- •I. Кіші мектеп жасындағы психикалық дамуы тежелген балалардың сөйлеу тілінің бұзылыстары
- •II.Кіші мектеп жасындағы психикалық дамуы тежелген балалардың сөйлеу тілінің бұзылыстарын анықтаудағы тәжірибелік жұмыстардыңмазмұны
- •I. Кіші мектеп жасындағы психикалық дамуы тежелген балалардың сөйлеу тілінің бұзылыстары
- •1.1. Психикалық дамуы тежелген балалар. Олардың классификациясы және танымдық ерекшеліктері
- •1.2. Психикалық дамуы тежелген балалардың сөйлеу тілінің ерекшеліктері
- •II. Кіші мектеп жасындағы психикалық дамуы тежелген балалардың сөйлеу тілінің бұзылыстарын анықтаудағы тәжірибелік жұмыстардың мазмұны
- •2.1. Психикалық дамуы тежелген бастауыш 2 сынып оқушыларының сөйлеу тіліндегі бұзылыстарды диагностикалау және түзету жұмыстарының бағыттары
- •Сурет -1
- •2.2. Психикалық дамуы тежелген балаларды оқыту–тәрбиелеу үрдісі
- •Пайдаланылған әдебиеттер:
1.2. Психикалық дамуы тежелген балалардың сөйлеу тілінің ерекшеліктері
Таным процесінің негізгі түрінің бірі–сөйлеу. Адамдардың дыбысты тіл арқылы өзара қарым–қатынас процесін «сөйлеу» деп атаймыз. Бұл қарым–қатынасты әр адам өзінше, тіл құралдары арқылы іске асырады. Ал тіл болса сол құралдардың (дыбыс, сөз, сөйлем) арасындағы байланыс жүйесі, яғни дыбыс қоры және сөздік қоры сондай–ақ грамматикалық формалары болып табылады. Тіл қоғамдық даму барасында, амалдардың өзара сөйлесу, қарым–қатынас жасау процесінде пайда болған, сөйтіп адам дайын тілді игерген. Ойлау мен сөйлеу бір – бірімен өте тығыз байланысты.
Бірінші сыныпқа немесе мектепке дейінгі балалардың сөздерінің мағыналық жағы көп жағдайда жетіле қоймайды, сөздің мәнісін түсінуі нақты болмайды. Балалардың сөйлеу әрекеті жас ерекшеліктеріне байланысты өзгеріп, айналасындағы адамдардың қисық айтылған сөздерін тез қағып алу арқылы кері әсер береді. Балалар еліктеуге, біреудің кемшілігін, кемістігін тез көруге өте жақын болады. Сөздік қоры дұрыс дамымаған баланың жазба жұмыстары да дұрыс болмайды. Балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес тілінің дамуын психологиялық тұрғыдан қарастырған Л.С.Выготский мен швейцария психологы Жан Пиаже болды. Балалардың тілін дамыту үшін ең алдымен барлық дыбыстарды ажырата біліп, оны дұрыс айтуға үйрету барысында сөздің дыбыс анализін жүйелі түрде жаттықтыру қажет. Егер баланың тілінде кемшілік болса онда тиісті педагогикалық әдіспен мектепке келген күннен бастап бір қалыпқа келтіру қажет. Адам ойлауының қарым-қатынасының, эмоция, ішкі ойларын білдіруінің іс—әрекетінің құралы–ол сөйлеу тілі болып табылады. [5.63]
Психикалық дамуы тежелген (ПДТ) балалардың сөйлеу тілінің бұзылыстары, бас миының қабығындағы сөйлеу аяларының зақымдануымен емес, ең алдымен, анализатор арасындағы байланыстардың жеткіліксіздіктерімен байланысты. ПДТ-нде сөйлеу тілінің бұзылуы бірінішілік емес, психикалық дамудың баяу дамуының нәтижесі болып табылады. Психикалық дамуының негiзгi бұзылыстары интеллектуалды даму деңгейi, яғни, зейiнi, есте сақтауы, ойлауы, кеңiстiктi бағдарлауы төмен болып келедi. Осы себептерге байланысты психикасы дамуы тежелген (ПДТ) балалардың оқу үлгерiмi төмен болады. Бұл балалардың оқуға үлгермеушiлiгi 7-8 жастан анық байқалады. Бүгінгі таңда статистика бойынша ПДТ балалардың 21,5 %-тілінде мүкістігі бар балалар.Психикалық дамуы тежелген балалардың тіл байлығы әдеттегі балаларға қарағанда 20-30% төмен деңгейде. Сондықтан зерттеу нәтижелері бойынша ойлау, сөйлеу тілінде және шығарманың мазмұнын айтуда қиындықтар кездесетіні, сонымен қатар есте сақтау қабілетінің артта қалғаны да анықталды. Осы себептерден баланың тапсырманы орындауында көп қиындықтар кездеседі. [17.257.]
Психикалық дамуы кешеуілдеген баланың сөйлеу тілінің қалыптасуы ерекше немесе кейде кеш болады. Ол анасымен эмоционалдық байланысқа азырақ түседі. Олар қарапайым ситуациялық жағдайларға көп жағдайда жауап бере бермейді, тек интоноцияны ғана сезеді. Псхикалық дамуы кешеуілдеген балалардың алғашқы сөздері кейде 2–3 немесе 5 жастарында қалыптасуы мүмкін. Бұл зат есімдер–жақын ортадағы заттардың атаулары немесе жиі орын алатын әрекеттер болуы мүмкін. Балалардың ересектермен және басқа балалармен қарым–қатынасқа түсуі орташа деңгейде. Олар айналасындағылардың өздеріне не айтып тұрғанын түсінеді. Бұл балалардың сөздік қорлары шектелген, бала өзін қызықтыратын зат туралы сұрай алмайды, қойылған сұраққа да түсінікті етіп жауап бере алмайды. Психикалық дамуы кешеуілдеген балалардың қарым–қатынастары стандартты сөздер мен сөйлемдердің көмегімен, көп қайталанатын күнделікті жағдайларда өтеді. [18.24].
Бұл жағдайларда мынадай заңдылықтар байқалады: Баланың сөйлеу тілінің барысында көптеген кемшіліктер көп мөлшерде көрінсе, оның танымдық іс—әрекетінің әрбір түріндегі ақаулықтары соншалықты көрінеді. Әрине, психикалық дамуы кешеуілдеген балалар естиді және көреді. Алайда дыбысты шығарудағы жетіспеушіліктен, олардың сөйлеу тілдері кейде түсініксіз болады, сондықтан олармен қарым–қатынасқа түсу қиынға соғады. Бұл баланың эмоционалдық және тұлғалық сферасының дамуына кері әсер береді. Олар тұйық болады, айналасындағылармен көбінесе ренжісіп отырады. Сондықтан балалардың қарым–қатынас шеңбері тарылып, сөйлеу тілі шектеледі.
Психикалық дамуында тоқырауы бар балалардың сөйлеу тілінде мынандай ақаулықтар болады: жалпы тіл кемістігінің ІІІ және ІVдеңгейі, фонетика–фонематикасының толық дамымауы, дислекция, дисграфия. Жалпы тіл кемістігі (ЖТК)–есту қабілеті мен өрісі әдеттегідей дамымаған балалардың дыбыстық, мағыналық жағына қатысты сөйлеу тілі құрамының компоненттерінің бұзылуынан болатын әр түрлі күрделі тіл кемістігі. ЖТК-нің ІVдеңгейі болады.
ПДТ балаларда кездесетін жалпы тіл кемістігі ІІІ деңгейіндегі сөйлеу тілінің бұзылуындағы көріністер:
-Ауызекі байланыстырып сөйлегенде кейбір сөздерді білмейді, дұрыс қолданбайды;
-Тілдің грамматикалық жағынан дамымауы;
-Сөйлегенде тек жәй сөздерді қолданады;
-Дыбыстық талдау, жинақтау әдісін меңгеруде қиналады.
Сөйлеу тілінің бұзылыстары барлық компоненттерге әсерін тигізеді: дыбыс жағы, лексикалық, сөйлеу тілінің грамматикалық жағына. Е.В.Мaльцеваның деректері бойынша сөйлеу тілі дыбыс айту жағының кемістіктері ПДТ балалардың төменгі сынып оқушыларында 30% байқалады, ол сөйлеу тілі бұзылған ПДТ балалардың 76% құрайды. Артикуляциясы бойынша күрделі дыбыстар бұзылады: ысқырық, ызың, сонор (р, л). Дыбыс айту бұзылыстарының ішінде дыбыстарды алмастыру ерекше орынға ие. Өте таралғаны ысқырық және ызың дыбыстарды алмастыру. Бір дыбысты басқамен алмастыру тұрақтылығы байқалады, оның себебі, дыбысты есту образы нақты емес, сөйлеу, есту, талдау, жинақтаудың толық қалыптаспауы. [8.49]
ПДТ балалардың сөйлеу тілінің дамуының ерекшелігі, олардың жасқа сай сөзжасам үдерісінің тежелуінен байқалады. Әдетте, сөзжасам шығармашылығы үдерісі қалыпты дамудағы балаларда, мектепке дейінгі жаста, өте қарқынды жүреді, мектепке келу алдында аяқталады. Ал, ПДТ балаларда, бұл үдеріс ұзаққа созылады, яғни, бастауыш мектеп жасында да жалғасады.
Балалар тілдік нормаларды сезінбейді, аграмматикалық формаларды қолданады, неологизм көп кездеседі. Ақыл–ойы кем балаларда мұндай сөзжасам шығармашылығы кезеңі мүлде болмайды. ПДТ балалардың неологизмдерінің өзіндік спецификасы бар: бұл «жартыкеш» сөздер болуы мүмкін, морфемалардың қисынсыз бірігуі болуы, кішірейткіш жұрнақтардың орынсыз қолданылуы мүмкін.
ПДТ балалардың дыбыстау кемшіліктері арасында, әсіресе, ызың дыбыстар (с, з) және үнді дыбыстарды (м, н, л, р) айтудағы қателіктер жиі кездесетін болса, ал 5–9 жастағы қалыпты балаларда бұл кезде, үнді дыбыстарды (м, н, л, р) айтудағы қателіктер байқалады. Ызың дыбыстардың айтылуындағы бұзылу, сөйлеу–есту талдауының кемшілігімен тікелей байланысты болады. Сөйлеудің лексикалық жағы, баланың жалпы танымдық даму деңгейімен тығыз байланыста болады. ПДТ балалардың төмен танымдық қабілеттеріне байланысты, қоршаған орта туралы анық мәлімет бере алмайтындығы, сөздік қордың жұпынылығы байқалады.
Сөйлеуде негізінен етістіктер мен зат есімдер басым болады, ал сын есімдер, тек заттардың көзге түсетін белгілерін атауда ғана қолданылады. Сөз бен оның заты арасындағы байланыс тұрақты емес. Кейде балалар антонимдер мен синонимдер қатарын жасауда қиындық туғызады.Сөйлеудің бұзылу дәрежесі, негізгі кемістікке тікелей қатысты. Мысалы, аса күрделі емес инфантилизмде, тілдік даму деңгейінде, аздаған тежелу байқалады немесе қалыпты даму деңгейімен бірдей болады. Ал, церебральды–органикалық генезді ПДТ-де, сөйлеу әрекетінің жүйе ретінде бұзылуы байқалады.
Жазуға дайындық пен графикалық дағдылардың қалыптасуы, ми қыртысының түрлі бөліктерінің қызметімен, есту және көру мүшелерінің қызметтерімен, артикуляциялық аппаратпен байланысты күрделі психофизикалық үдеріс. Бастауыш сыныптағы ПДТ оқушылардың, шамамен жартысы оқу мен жазу дағдыларын меңгеруде, түрлі қиындықтарға ұшырасады. Олардың басым бөлігінде, бұл қиындықтар тұрақты дисграфия мен дислексияға ұласады. Мұның себебін зерттеген ғалымдардың (Р.Е.Ковшиков, Ю.Г.Дембянов, Е.В.Мальцева, Е.А.Логинова, Р.И.Лалаева) пікірінше, негізгі себеп–сөйлеудің жүйелік сипатта әртүрлі бұзылу мен оның тілдік жүйеге әсері.
ПДТ балалардың жазуындағы кездесетін қателер, олардың қалыпты құрбыларымен салыстырғанда, анағұрлым көп. Әсіресе, әріп, буын, тастап кету, акустикалық және артикуляторлық жағынан ұқсас әріптерді шатастыру, грамматикалық ережелердің меңгерілмеуі мен дұрыс қолданылмауы себепті көп қателер жіберіледі.Ауызекі сөйлеу тілінің патологиясынан басқа оқу және жазу тілінің бұзылуы болады. Сөйлеу тілінің түрлі мүкістері бар балалар жазуды және оқуды меңгеріп кетуге шамалары келмейді.[9.504]
Дислексия–оқи алмау, дауыстап оқудың қиналуы, оқу процесінің бұзылуы.
Дисграфия–жазу қабілетінің бұзылуы, грамматикалық ережелерді білгенімен сөздерді, сөйлемдерді қате жазады. Дисграфиялық қателердің ерекшеліктеріне жататындары: Ерекше фонетикалық алмастырулар. Бұл қателер сөйлеу мүшелерінің және әуезінің нәзік белгілерімен ғана айыруға болатын бір топқа жататын дыбыстарды айыруының жеткіліксіздігін көрсетеді. Бұған ысқырық және ызың, ұяң және қатаң, жуан және жіңішке, Р және Л дауыссыз дыбыстарды алмастыру және орындарын жаңылыстыру, сонымен бірге, дауысты дыбыстарды да алмастыру жатады.
Сөздің буындық құрлысының бұзылуы. Бұған дыбыстарды ажыратуды және бөлуді ғана емес, сонымен бірге олардың жүйелілігін анықтауды да білмеуі жатады. Бұнда жекелеген дыбыстарды және тұтас буындарды түсіріп қалдырады, дыбыстардың немесе буындардың орынын ауыстырады, бір сөзді бөліп екі сөзді қосып жазады.
Грамматикалық қателері. Бұл қателер жазылуының грамматикалық жағының қалыптасу барысының жеткіліксіздігін көрсетеді. Бұл жалғаулардың, көмекші сөздердің, септік жалғауларының түсіп қалуы немесе дұрыс қолданылмауы.
Сонымен қатар бұл балаларда дисграфияға ілеспелі қателер, графикалық, орфографиялық қателер жиі кездеседі. Олар екпін түспейтін дауысты дыбастарда ұяң және қатаң дыбыстар әріпін сөздің аяғында дұрыс жазбайды.
Әріптердің жазылуындағы ұқсастықтар (И-дің орнына Ш жазу, Л-әрпінің орнына М жазу және жазылуындағы белгілері бойынша Б-ның орнына Д жазу, т.б.) Дисграфия мен дислексиясының пайда болуы фонематикасының толық дамымауының есебінен екендігі ғылыми түрде дәлелденген. Бұл балалардың оқуы мен жазуындағы кемістіктері ауызекі сөйлеу тілінің дамуынан, фонематикалық түйсігінің толық қалыптаспағандығынан немесе сөйлеу тілі мүшелерінің барлық сыңарлары, фонетико–фонематикасының және лексико–грамматикасының толық дамымауының нәтижесінде пайда болатындығы кейінгі уақытта дәлелденді.
Б.Г.Ананьев, Л.В.Занковжазудағы қателердің себебін, көру қабілетінің бұзылуымен байланыстырып қарастырады. Графикалық дағдылардың қалыптасуындағы басты рөлді, баланың жазудағы техникалық әдістерді меңгеруі мен жазатын қолының дұрыс координациясы атқарады.
Жазу дағдысын меңгеру кез келген қимыл–қозғалыс актісінің қалыптасу заңдылығына бағынады. Оған келесі кезеңдер енеді: алға міндет қою, міндетті бағдарлау және оны шешудің тиімді әдістерін таңдап алу, іс–әрекетті жүзеге асыру. ПДТ балалардың ырықты қимыл–қозғалыстарының кинестикалық негізі жеткіліксіз болғандықтан, «қимыл–қозғалыс алгоритмдері» қиындықпен қалыптасады.
Церебральды–органиклық генезді ПДТ–де, жазу тілінің дамуындағы негізгі алғышарттар бұзылады: базалық қабілеттер деңгейіндегі саусақ праксисінің даму кемшілігі, ырықты қимыл–қозғалыстардың кинестикалық негізінің жеткіліксіздігі; операциялық деңгейдегі, фонемалық қабылдаудың жеткіліксіздігі, символға айналдыру қиындығы (есту–моторлық координация), көру–моторлық координациясының оптимальды қызметінің бұзылуы; дағдылар мен машықтар деңгейінде–графомоторлық дағдылардың жеткіліксіз қалыптасуы, дыбыстық– әріптік талдау дағдысының қалыптаспауы.
Фонетико-фонематикасының толық дамымауын (ФФТД)-ол қабылдау түйсігімен дыбыстардың айтылуындағы ақаулардың салдарынан болған сөйлеу тілінің әртүрлі кемістіктері бар балалардың ана тіліндегі дыбыстардың айтылу жүйесіндегі қалыптасу барысынан бұзылуы. Психикалық дамуы тежелген балалардың фонетика-фонематикасының толық дамымауын сипаттайтын негізгі көріністер: А) жұп немесе топ дыбыстардың айтылуын ажырата алмауы. Мұндай жағдайда бір дыбыс екі немесе үш дыбысты да алмастыра береді. Мысалы: Т дыбысы С, Ч, Ш дыбыстарының орнына айтылады. Б) бір дыбыстардың басқалармен алмастырылуы. Баланың сөйлеу тілінде жеңіл айтылатын дыбыстар, айтылуы қиын дыбыстарды алмастырады. Мысалы: Л дыбысы, Р дыбысы, Ф дыбысы мен Ш дыбысын, Т мен Д дыбыстары ызың мен ысқырық дыбыстарын түгелдей алмастырады. В)дыбыстарды шатастыру. Бұл көптеген дыбыстардың әртүрлі сөздерде қолдануының тұрақсызыдығын сипаттайды. Бала бір дыбысты бір сөзде дұрыс қолданады да, ал оны басқа сөзде сол дыбысқа әуезі жағынан немесе айтылуы жағынан ұқсас дыбыспен қатар келсе алмастырып жібереді. Мысалы: Р, Л немесе С дыбыстарын жеке түрінде дұрыс айтады да, ал сөйлегенде ауыстырып шатастырады. Г) тіл кемістігі. Дыбыстардың алмастырулар мен шатастыруларынан басқа да айтылуында кемістіктер кездеседі (Р дыбысын қырылдап, С-ны тіл арасымен айту). ФФТД-ын түзету жұмыстары:
1. Дыбыстардың айтылуын қалыптастыру.
Фонематикалық есту қабілетін жетілдіру;
Дыбыстық талдау мен жинақтау қабілеттерін дамыту;
Сөйлеу тілінің лексико-грамматикалық жағын жетілдіру;
Сөздік қорын толықтыру.
2. Фонематикалық есту қабілетін дамыту.
Фонематикалық қабылдауын дамыту: (дыбысты қабылдауын)
берілген дыбысты басқа дыбыстар арасынан анықтау;
сөз арасынан берілген буынды анықтау;
пароним сөздерге тиісті суреттерді көрсету (қаз-қас, қара-қала, баға-бақа);
буын тіркестерін қайталау (та-да-та, ас-аш-ас);
3. Дыбыстық талдау мен жинақтау:
сөздің басындағы дауысты дыбыстарды ажырату, бөліп айту;
сөздің басындағы, соңындағы дауыссыз дыбыстарды бөліп айту (қол, мал, ат, от сияқты сөздерді жабық буынды талдау және жинақтау);
сөздегі дауысты дыбыстың орнын анықтау кезеңі;
ашық буынды, бір буынды сөздерді талдау, жинақтау;
сөздегі дыбыстардың санын, реттілігін анықтау (мыс: қар-3 дыбыс).
Фонематикалық түсінігін, ұғымын дамыту:
берілген дыбысқа суреттерді тағдап алу;
берілген екі дыбысқа қарай суреттерді екі бағанаға бөліп қою;
3,5,6 дыбыстардан сөздер құрастыру.[7.25]
