- •Мазмұны:
- •I. Кіші мектеп жасындағы психикалық дамуы тежелген балалардың сөйлеу тілінің бұзылыстары
- •II.Кіші мектеп жасындағы психикалық дамуы тежелген балалардың сөйлеу тілінің бұзылыстарын анықтаудағы тәжірибелік жұмыстардыңмазмұны
- •I. Кіші мектеп жасындағы психикалық дамуы тежелген балалардың сөйлеу тілінің бұзылыстары
- •1.1. Психикалық дамуы тежелген балалар. Олардың классификациясы және танымдық ерекшеліктері
- •1.2. Психикалық дамуы тежелген балалардың сөйлеу тілінің ерекшеліктері
- •II. Кіші мектеп жасындағы психикалық дамуы тежелген балалардың сөйлеу тілінің бұзылыстарын анықтаудағы тәжірибелік жұмыстардың мазмұны
- •2.1. Психикалық дамуы тежелген бастауыш 2 сынып оқушыларының сөйлеу тіліндегі бұзылыстарды диагностикалау және түзету жұмыстарының бағыттары
- •Сурет -1
- •2.2. Психикалық дамуы тежелген балаларды оқыту–тәрбиелеу үрдісі
- •Пайдаланылған әдебиеттер:
I. Кіші мектеп жасындағы психикалық дамуы тежелген балалардың сөйлеу тілінің бұзылыстары
1.1. Психикалық дамуы тежелген балалар. Олардың классификациясы және танымдық ерекшеліктері
Арнайы педагогикада, сондай–ақ дефектология ғылымында психикалық дамуы кешеуілдеген балалар тобын зерттеу негізінен ХХ ғасырдың ортасынан бастау алды, яғни жан жақты зерттеу 1960 жылдан бері басталып келеді. Осы жылдары орта білім беру жүйесіндегі өзгерістер, жалпы білім беретін мектептердің бағдарламаларының күрделенуі көптеген балалардың сабақ үлгерімін төмендетті. Тіпті кейбірі бағдарламаны игере алмады, ал басқа білім беру саласы төмендей бастады. Осы кезде шет елдерде–АҚШ, Англия, Германия сияқты дамыған мемлекеттерде сабақ үлгерімі төмен, оқуға ынтасы аз балаларды ғылыми психологиялық, педагогикалық тәсілмен зерттеу арқылы «оқуға қабілеті төмен», «оқытуда қиындықтар кездесетін», «педагогикалық дұрыс тәрбие алмаған», «тәртібі бұзылған», «бейімделмеген» «миында болмашы зақымданулар бар» балалар деген топтар айқындала бастады. Мектеп жасындағы бұл балалардың барлығына тән кемістік–үлгермеушілік болды. Ал оның басты себебі: бастауыш сыныптарда анық психикалық әрекеттердің кейбір түрлерінің тежелуі немесе уақытша қалыптасуы. Бұл ауытқу көбінесе 5-6 жастан 11-12 жас аралығында кездеседі. Оларды кемақылдылықтың жеңіл түрлері кездесетін балалардан ажырату үшін Сухарева Г.Е. «Психикалық дамуы тежелген балалар» немесе « Дети с задержанним темпом психического развития» деген терминді енгізген. Бұл термин осы уақытқа дейін қолданылады.[4.49]
Қазіргі заманғы педагогикалық тәжірибенің негізгі бір проблемасы–мектепте оқу үлгерімінің тиімділігін арттыру болып табылады. Зерттеулер көрсетіп отырғандай, үлгермеушілердің қатарында түрлі педагогикалық себептермен қатар, психикалық дамуы жағынан да артта қалған балалар көп кездеседі.Бұл кемшіліктің негізгі себебі: бала миының әлсіз түрдегі яғни органикалық зақымдануымен, сондай– ақ іштен туа біткен зақымданулар және туылу кезіндегі зақымданулар жатады. Сонымен бірге дамудың кешеуілдеуі әлеуметтік факторлардың әсерінен (отбасындағы келеңсіз жағдайлар, эмоциональдық қарым–қатынастың шектелуі, педагогикалық қамқорлықтан тыс қалдыру немесе шектен тыс қамқорлық жасау) және жоғарғы жүйке жүйесінің ауруларымен, созылмалы және соматикалық жағдайлар, бас миының жарақаттануымен, эндрокриндік жүйенің бұзылуымен байланысады.[6. 35]
Психикалық дамудың кешеуілдеуіне байланысты өз пікірлерін ұсынушы М.С.Певзнер, Т.А.Власова баланың эмоционалдық ерік сфераларының қалыптасуына көп көңіл бөлумен бірге, нейродинамикалық бұзылулардың жеке сипаттамасына да ерекше назар аударды. Бұл балалардың эмоционалды ерік саласының жетілмеуі немесе органикалық инфантилизммен түсіндіріледі. «Органикалық инфантилизм» термині ең алғаш рет ХІХ ғасырдың аяғында француз психиатрлары Лоран мен Лассегтің енгізуімен пайда болды. Бұл терминмен түрлі жұқпалы аурулар мен уланудың нәтижесінде пайда болған психикалық және дене бітімдік тежелулер аталады. Яғни, «инфантилизм» баланың жасына сай жетілмеуі, «балалықтан арылмауы» деп қарастырған дұрыс. Инфантилизм–мектеп жасына келген кезде анық байқалады. Бұл балалар өте мазасыз, әбігерге түседі. Қимыл–қозғалыстары өте шапшаң, бірақ координацияларында дәлдік жоқ. Сыныпта отырғанда, үйден әкелген ойыншықтарымен ойнап отырады. Мектептегі ситуацияны сезінбейді. Тапсырманы орындауда жалпы сыныппен ілесе алмайды, жұмыс істеу қарқыны баяу, сәл қиындық кездессе бірден бас тартады. Олардың дене бітімінде дамудың тежелуі байқалады. Бұл–гармониялық инфантилизм. [6.34]
М.С.Певзнердің пікірінше,эмоционалды–ерік саланың дамуының тежелуі уақытша болуы мүмкін, баланың жеке ерекшеліктерімен сай келетін дамыту бағдарламалары дұрыс жүзеге асырылса, бұл кемшіліктер толық жойылады. Бірақ, балаларды тереңірек зерттей келе, үлгермейтін оқушылардың психикалық және дене бітіміндегі инфантилизмнің, басқа даму ауытқуларымен ұласатындығы анықталған. Соған сәйкес психикалық дамуы кешеуілдеген балалардың сипаттамаларының негізін анықтап, яғни ол психикалық және психофизикалық инфантилизм түріндегі анықталатын және ерте балалық шақтағы орталық нерв жүйесінің зақымдануынан, оның организмінің астениялық, церебрастениялық жағдайларға ұшырайтынын анықтаған.[4.49]
Психологиялық–педагогикалық зерттеулерде бала мінез–құлығының ауытқу мәселесі түбегейлі зерттелгенімен, қалыпты дамыған баланың мінез–құлығының жағымсыз түрлерінің туындау себептерін ғылымда өз деңгейінде зерттелінбеуінде. Л.С.Славина «Дети с аффективным поведением» атты еңбегінде кіші мектеп жасындағы балалардың аффективті мінез–құлығына сипаттама бере отырып, психологиялық талдау жасайды. Мұндай балалардың мінез–құлығына мыналар тән: өкпелегіштік, бұзықтық, дөрекілік. Олар басқа балалармен үнемі ұрсысып, ескертулерге тез ренжіп қалады. Автор мұндай мінез–құлық оның ұжымындағы дұрыс құрылмаған өзара қарым–қатынастардың салдарынан пайда болады деген қорытындаға келеді. [10.55]
Кеңес одағының көптеген ғалым–дефектологтары, яғни Л.С.Выготский (1931-35ж). И.М.Соловьев (1935ж), Л.В.Занков (1939ж), В.И.Лубовский (1956ж), Л.В.Викулова (1965ж), Н.Г.Морозова (1965ж), В.И.Пинский (1962-1981ж). Н.Л.Коломинский (1970ж) және отандық Ж.И.Намазбаеваның (1986ж) эксперименттік зерттеулерінде психикалық дамуы кешеуілдеген балалардың тұлғасын даму ерекшеліктерінің кейбір жақтары қамтылған. Бұл берілген мәселенің күрделілігі және жан – жақтылығы оның толық жетілмегендігінің және қазіргі таңда оның маңыздылығын ескеріп өтеді. Сонымен қатар, авторлар келесі реттегі мәселелерді, яғни ақыл–ойы кем оқушылардың тұлғасының қалыптасуы мен дамуындағы өзін—өзі бағалаудың рөлі, ақыл–ойы мен күш арасындағы қарым–қатынас, ақыл–ойы кем балаларды дамыту және оқыту процесінде олардың өзгеруі; өзін—өзі бағалаудың дамуының ерекшеліктері және даму динамикасы; ақыл–ойы кем балалар мен жеткіншектердің мамандықтарды таңдауына талаптану деңгейінің дамуының өсуі; ақыл–ойы кем оқушылардың оқу-іс-әрекетіндегі қарым-қатынастардың қалыптасуына және мінез–құлықтарынан күткен бағаның әсер етуін зерттеген.[13.71]
Психикалық дамуы кешеуілдеген балалар әркелкі топты құрайды, өйткені олардың дамуының тежелу себептері мен дәрежесі әртүрлі болады. 1966жылы М.С.Певзнер ПДТ-ның клиникалық нұсқауларына сүйеніп жасаған өз классификациясын ұсынды. Олар:
Қалыпты интеллект пен эмоционалды-ерікті саласының жетілмеуі, яғни асқынбаған гармониялық инфантилзм.
Танымдық әрекеттің жетілмеуі.
Танымдық әрекеттің жетілмеуі, нейродинамикалық бұзылулармен асқынған, психофизикалық инфантилизм.
Танымдық әрекеттің жетілмеуі, сөйлеу қызметінің кемістігімен асқынған психофизикалық инфантилизм.[4.50]
Кейінірек, 1980 жылы К.С.Лебединская ПДТ классификациясының жаңа нұсқасын ұсынды. Этиопатогенетикалық қағида негізінде, ПДТ-ның 4 клиникалық типі анықталды.
Конституционалдық психикалық дамудың тежелуі немесе гармониялық инфантилизм вариантындағы даму кезінде балалардың эмоциялық–еріктік сферасы дамудың ерте кезеңі көбінесе, бастауыш мектеп жасындағы балалардың эмоциялық құрылымын еске салады. Негізгі анықтаушы ерекшеліктеріне–мінез–құлықтың эмоциялылығы, көңіл–күйдің көтеріңкілігі, эмоциялық тәуелсіздігі мен қанықтығы, тез сенгіштік т.б. жатады. Бұл балаларда байқалатын оқудағы артта қалушылық–мотивациялық сфераның, жалпы тұтастай алғанда тұлғалық жетілмей қалумен, ойынға қызығушылықтардың басымдылығымен байланысты.
Бұл текті даму вариантындағы балалар жалпы білім беретін мектептерде оқи алмайды, оларға коррекциялық сынып жағдайындағы арнаулы оқыту бағдарламасы қажет. Дегенмен, кей кездерде мұндай балалардың бір бөлігі өз құрдастарын қуып жетіп, әрі қарай жалпы білім беретін мектептерде оқып кетететін жағдайлар да болады.
Психикалық даму тежелуінің соматогенді түрі варианты ұзақ уақыт бойы жеке тұлғаның өзіне байланысты соматикалық жетіспеушілік жағдайында болуы, мәселен–созылмалы инфекциялар, аллергия, соматикалық сферадағы туа біткен және жүре пайда болған даму кемістіктері (жүрек аурулары), балалар невроздары, астения т.б.
Мұның барлығы психикалық тонустың төмендеуіне, эмоциялық дамудың тежелуіне әкеліп соғады. Соматогендік инфантилизм бірнеше невротикалық кемістіктермен айқындалады, яғни, өзінің физикалық тұрғыдан толыққанды еместігін сезінуден болатынжәне ауру балаға қойылатын тыйымдар мен шектеулер нәтижесінде пайда болатын өз–өзіне сенімсіздік пен қорқақтық. Бұл варианттағы балалар тамақтанудың, дем алу мен ұйықтаудың санаториялық режимінде болғаны дұрыс. Оларға дәрі–дәрмекпен емдеу курстары өте қажет.
Психикалық даму тежелуінің психогендік түрі–көбінесе, баланың тұлға ретіндегі қалыптасуына кедергі келтіретін, тәрбиелік тұрғыдан жағымсыз жағдайда өсуінен пайда болады. Бала туғаннан бастап, ұзақ кезеңдерге созылатын қоршаған ортаның қолайсыз жағдайлары бала жанын психикалық тұрғыдан жаралайды. Бұл жағымсыз әсерлер оның жүйке–психикалық сферасындағы тұрақты өзгерістерге әкеліп соғуы мүмкін. Мұндай жағдайда бірінші кезкте баланың эмоциялық дамуы зардап шегеді.
Психикалық даму тежелуінің церебралды-органикалық түріндегі дертке шалдыққан балаларда орталық жүйке жүйесінің органикалық зақымданулары орын алады. Бірақ, олар мидың кейбір бөліктерін қамтиды да, танымдық қызметтің тұрақты бұзылуына, ақыл–ойдың артта қалуына жеткізбейді. Бұл бүкіл варианттың ішіндегі ең жиі кездесетін түрі. ПДТ-ның бұл түрінің негізі–мидың минимальды дисфункциясы (ММД). Аталған термин 1962 ж. енгізілді.
Бұл топтағы балаларды зерттеу–аталған кемістіктердің көбінесе баланың ана жатырында жатқан кезінде (ауыр түрдегі токсикоздар, инфекция, интоксикация, түрлі жарақаттар, резус–фактордың қайшылықтары), шала туылғанда, асфиксия жағдайында, толғақ кезінде болатын жарақаттардан пайда болатынын көрсетеді. [4.52.]
ПДТ балалардың танымдық процестері. Балалардың танымдық белсенділіктері жеткіліксіз. Ол баланың тез шаршауымен, тежелуімен сипатталады. Психикалық дамуы кешеуілдеген балалар есептің шартын, диктантқа арналған сөздерді және сөйлемдерді есінде сақтамайды. Олар зейіндерін тапсырмаға шоғырландыра алмайды, кей кездері мектептің тәртібіне бағынбайды. Мұндай балалар көңіл бөлгенді қажет етеді. Түзету жұмыстарын, арнайы оқыту процестерін емдеу мекемелерін талап етеді.
Ойлау қабілеті.Ойлау–объективті шындықты белсенді бейнелеудің жоғарғы формасы, дүниені тану мен игерудің жоғарғы сатысы, тұлғаның танымдық әрекеті. Қазіргі кездегі ПДТ балалардың ойлау әрекетінің ерекшеліктері туралы айтқанда, Т.В.Егорованың зерттеу материалдарына сүйенуге болады. Ол үлгермеуші бастауыш сынып оқушылардың көрнекі–бейнелік және сөздік-логикалық ойлау түрлерін, жан-жақты толық зерттеумен көп жылдар айналысты. Т.В.Егорованың жасаған тамаша әдістемелерінің көмегімен, бұл балалардың ойлау кемшіліктерінің спецификалық ерекшеліктері анықталды, оқу материалын ұсыну әдісі, балалардың ойлау деңгейіне сәйкес болмаған жағдайда бағдарламаның меңгерілмейтіндігі анықталды. Бұл әсіресе, арифметикалық есептер шығаруға үйретудегі, сөздік және көрнекі әдістерді салыстырудан анық байқалады. Көрнекі–әрекеттік ойлау түрінің деңгейі, бұл балаларда қалыпты балалардың деңгейімен бірдей десе болады, психикалық даму тежелуі өте айқын балаларда, бұл сәл өзгеше болуы мүмкін. Балалардың басым көпшілігі, берілген тапсырмаларды дұрыс және жақсы орындайды, тек кейбіреулеріне ынталандырушы көмек керек болады, кейбіреулеріне тапсырманы қайталап түсіндіріп, нақты нұсқау беру қажет болады. Тұтастай алғанда, ПДТ балаларда ойлаудың бұл түрі, қалыпты дамып келе жатқан құрбыларының көрсеткіштерімен бірдей. Бұл көрнекі–әрекеттік ойлау, ол жануарларда да болады және оны И.П. Павлов, В. Келер, Н.Н. Ладыгина–Котс және т.б. сияқты ғалымдар жүйелі түрде зерттеген. Көрнекі–әрекеттік ойлаудың негізгі сипаттамасы атауында бейнеленген: тапсырмаларды шешу, бақыланатын қозғалыс актісінің көмегімен, жағдайды шынайы өзгертудің көмегімен іске асырылады.
Зейін ерекшеліктері. ПДТ балалардың зейін қабілетін Л.И.Переслени, З.Тжесоглава, В.А.Перемякова, С.А.Домишкевич сияқты ғалымдар зерттеген. Психикалық дамуы кешеуілдеген балалардың зейіндерін зерттеу барысында, олардың зейіндерінің белгілі бір объектіге бағытталмайтындығы анықталды. Зейіннің басты бір қасиеті оның–тұрақтылығы. Сабақ үстінде баланың зейінін белгілі бір әрекетке шоғырландырып, оны үнемі тұрақты етуге, ол үшін алаңдатушы тітіркендіргіштерге жол бермеуге тиіс. Шашыраңқылық, өз ойымен әлек болу, қолайсыз эмоциялық күйдегі жағдайлар, бала зейінін ауытқытып, әртүрлі нәрселерге әсерлендіреді. Басқа да сыртқы қоздырғыштардың болуы бұл оқушылардың жұмысын тежеп, қате жіберуін арттырады. Бұл балаларға тән ерекшелік зейіні мен жұмыс қабілетінің ең төменгі деңгейде болуы. Кейбір балаларда іс-әрекеттің басында зейіндері жоғары болады да, ал кейін төмендей бастайды.
Қабылдау ерекшелігі.Психикалық дамуы кешеуілдеген балалардың қабылдауының бұзылысы кезінде олардың үлкен жарты шар миының қызметі бұзылады. Осының салдарынан әр–түрлі анализаторлар жұмысы бұзылады. Мысалы сөйлеу, есту, көру, тірек–қимыл аппараттарын механикалық бұзылысқа әкеліп соқтырады. ПДТ балаларда қабылдау қабілетінің дамуы да төмен, мұны балалардың қоршаған әлем туралы білімдерінің жеткіліксіздігінен, шектеулігінен, үзік-үзіктігінен, әдеттегі қалыптан басқаша тұрған заттарды, сызбалық бейнелерді тани алмайтындығынан (егер олар сызылып тасталған немесе бірінің үстіне бірі орналастырылған болса) байқауға болады. Қабылдауының тұтастығының болмауы. Бұлардың қабылдауы қалыпты балалармен салыстырғанда, төмен деңгейде болады. Бұл сенсорлық ақпаратты қабылдауға ұзақ уақыт қажет еткендіктен, баланың қоршаған орта туралы білімнің шектеулігінен, сондай-ақ таяздығынан анық байқалады. Осы категориядағы балаларда кеңістікті қабылдау жеткіліксіз дамыған. Осының нәтижесінде қабылдаудың жүйелік механикалық бұзылысына әкеледі.[16.31]
Жады ерекшеліктері. Психикалық дамуы тежелген балалардың есте сақтау қабілетіндегі ауытқулар, яғни есте сақтау көлемінің және дәлдігінің жетіспеушілігі, берілген ақпаратты тез ұмытуымен сипатталады. Ұзақ мерзімді есте сақтауы мен қысқа мерзімді еске сақтауының төмендеуі, есте сақтауының беріктілігінің жетіспеуі, сондай–ақ интеллектуальдық белсенділігінің төмендеуі–осы категориялардағы балаларға тән ерекшеліктер. Есте сақтау процестерін зерттеу ырықты есте сақтау нәтижесінің жеткіліксіздігінен, есте сақтау көлемінің аздығын, есте қайта жаңғырту қиынға түсіп, оның нақты болмайтынын көрсетті.Есте сақтауының бұзылысынан, балалар қимылдық әрекеттерді, сюжеттік суреттердің топтамаларын, сондай–ақ ритмикалық суреттерді естерінде ұзақ сақтай алмайды. Жыл мезгілдерінің аттарын, апталарды, айларды, тіпті қысқа өлең шумақтарын да есте сақтай алмайды.[3.46]
