Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Amantaeva_Dinara__1171_ylymi_zh_1201_mys_Avtosokhranenny.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.01 Mб
Скачать

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі

Павлодар Мемлекеттік Педагогикалық Институты

Ғылыми Жоба

Тақырып:Кіші мектеп жасындағы психикалық дамуы тежелген балалардың сөйлеу тілінің бұзылыстары

Оқытушы:Жакупова Дана Сункарбековна

(аты-жөні, лауазымы, ғылыми дәрежесі)

Студент: Амантаева Динара Маратқызы

(аты-жөні)

Павлодар 2017

Мазмұны:

КІРІСПЕ...................................................................................................................2-4

I. Кіші мектеп жасындағы психикалық дамуы тежелген балалардың сөйлеу тілінің бұзылыстары

1.1.Психикалық дамуы тежелген балалар, классификациясы және танымдық саласының ерекшеліктері......................................................................5-10

1.2.Психикалық дамуы тежелген балалардың сөйлеу тілінің ерекшеліктері........................................................................................................10-15

1.3.Психикалық дамуы тежелген балаларды оқыту–тәрбиелеу үрдісі......................................................................................................................15-18

II.Кіші мектеп жасындағы психикалық дамуы тежелген балалардың сөйлеу тілінің бұзылыстарын анықтаудағы тәжірибелік жұмыстардыңмазмұны

2.1.Психикалық дамуы кешеуілдеген балалардың сөйлеу тіліндегі бұзылыстарды анықтаудағы әдістемелері........................................................18-24

2.2.Психикалық дамуы кешеуілдеген балалардың сөйлеу тілінің бұзылыстарының түзету жұмыстарының бағыттары.......................................24-28

ҚОРЫТЫНДЫ...................................................................................................28-29

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ....................................................30

 

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі: Қазіргі кезеңде арнайы білім беру саласындағы әлемдік білім  кеңістігіне ұмтылуға байланысты жасалынып жатқан талпыныстар жан-жақты дамыған тұлғаны қалыптастыруды талап етеді. Соңғы жылдары психикалық дамуы кешеуілдеген балалардың танымдық қабілеттерін дамыту–түзету (коррекциялық) жұмыстары, сондай–ақ оларға арнайы мамандарды дайындау өзекті мәселелердің бірі болып отыр.

Психикалық дамуы кешеуілдеген балалар тобын соңғы көрсеткіш бойынша 35% жуығын нервтік–психикалық сферасы зақымданған мектепке дейінгі балалар құрайды. Психикалық дамуы кешеуілдеген балалар категориясын 50-шы жылдардың аяғынан бастап зерттеу кеңінен қолға алына бастады. Проблеманы зерттеумен айналысқан ғалымдар: М.С.Певзнер, Т.А.Власова, К.С.Лебединская, В.В.Ковалев т.б.  бала дамуы ерекшеліктеріне қарай өз пікірлерін ұсынды.

Педагогтар мен дефектологтардың пікірінше, біздің елімізде мұндай балалармен жұмыс жүргізетін жаңа, нәтижелі бағдарламалар мен әдістемелер жоқтың қасы. Демек, мүмкіндігі шектеулі балалар отбасының әлеуметтік–педагогикалық проблемаларын зерттеп білу және оларды шешуге әлемдік тәжірибеге сүйене отырып, отандық төл мамандарды тарту–бүгінгі күн тәртібіндегі ең өзекті мәселе.

Мүмкіншіліктері шектеулі адамдардың әлеуметтік байланыс, қарым–қатынас құқтары халықаралық заңдылықтармен бекітілген. Балалар бірінші кезекте қамқорлық пен көмекке ие болуы тиіс. Балалар құқығы (1959 ж). Декларациясында былай дейді: «Барлық балалар нәсіліне, ақ – қаралығына, жынысына, тіліне, дініне, саяси және басқа да түсінігіне, туған жері мен жағдайына қарамастан, мына мүмкіншіліктердің бәріне құқылы: ерекше қамқорлықпен қорғалуға, сондай – ақ жақсы тамақ ішуге, баспана және медициналық қызметпен қамтамасыз етілуге, тәрбиелеуге, рухани және физикалық жағынан дамуға, денсаулығы әлсіз болса, емделуге, сырттан шектеу болса ерекше қамқорлыққа, ата-анасының және да басқа адамдардың сүйіспеншілігі мен түсінігіне, егер ағайын–туыстары жәрдемдесе алмаса, онда үкіметтің қарамағында қамқорлықта болуға құқылы…»

Жалпы тексерудің барысында алынған мәліметтерге сүйенсек, жалпы мектептің өзінде де жартысына жуығын «психикалық дамуы кешеуілдеген балалар» тобы құрайтынын көреміз. Психикалық дамудың кешеуілдеуі–бұл аномалияның дамуы, яғни көбінесе ол оқу жылының алғашқы айларында байқалуы мүмкін. Ол негізінен балалардың оқу процесінің қажеттіліктеріне бейімделмеуінен байқалады.

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың 2002 жылдың 11–шілдеде «Мүмкіндігі шектеулі балалардың құқықтары мен оларды әлеуметтік қамсыздандыру туралы» заңы қабылданды. Бұл заңда:«Барлық мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеу мен оқытудың ерекше түрін ескере отырып, оларды арнайы мекемелерге орналастыру, оларға жағдай жасау,  психологиялық–медициналық-педагогикалық консультациялар арқылы балаларды үйде оқыту мен тәрбиелеуді қолға алу, әрбір мүмкіндігі шектеулі тұлғалар Қазақстан Республикасының заңы бойынша білім алуға құқығы бар» делінген.

Қазақстан Республикасының «Білім беру заңының» 20–шы бабында мүмкіндігі шектеулі балаларға арнайы білім беру мәселелері қарастырылған, яғни:

-Арнайы білім беру бағдарламаларын арнаулы білім беру ұйымдары жүзеге асырады;

-Дамуында әртүрлі ауытқулары бар балаларды емдеуге және психологиялық   - педагогикалық тұрғыда түзетуге, оған диагноз қоюда арнайы ұйымдар құрылады;

-Ұзақ емдеуді қажет ететін балалар үшін, сондай–ақ білім беру ұйымдарында оқытуда кедергісі бар мүмкіншіліктері шектеулі балалар мен жасөспірімдерге арнаулы түзету мекемелері  ұйымдастырылады.

Сонымен қатар, кемтар балалардың әлеуметтік және медициналық–педагогикалық түзету арқылы қолдау кепілдігін тегін алуға;

  • мемлекеттік медициналық ұйымдарда психологиялық–медициналық–педагогикалық консультацияларда тегін тексерілуге және тегін медициналық көмек алуға;

  • медициналық айғақтамалары бойынша Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен протез–ортопедия бұйымдарымен және аяқ киіммен, арнайы қарпі бар баспа басылымдарымен, дыбыс күшейткіш аппаратурамен және сигнал бергіш құралдармен, компенсаторлық техникалық құралдармен тегін қамтамасыз етілуге;

  • психологиялық–медициналық–педагогикалық консультациялардың қорытындысына сәйкес білім беру ұйымдарында немесе мемлекеттік жалпы білім беретін оқу орындарында тегін білім алуға;

  • оқу бітіргеннен кейін алған біліміне немесе кәсіби даярлығына сәйкес Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен жұмысқа орналасуға құқығы бар.

  • Бюджеттен қаржыландыру арқылы мемлекеттік тегін білім алу, білім беру салаларымен бірдей болған жағдайда, медициналық—әлеуметтік сараптау бөлімдерінің қорытындысына сәйкес тиісті білім беру ұйымдарында білім алуына болатын І және ІІ топтағы мүгедектер, бала кезінде мүгедектер басым құқыққа ие болады;

  • Жетімдер қатарындағы ата–анасының қамқорлығынсыз қалып, толықтай мемлекет қамтамасыз ететін кемтар балалар арнаулы білім беру ұйымдарында болуын аяқтағаннан кейін және кәмелеттік жасқа жеткен соң, жергілікті атқарушы органдар оларды заңдарда белгіленген тәртіппен тұрғын үймен қамтамасыз етеді.

Қазіргі өркениетті заманымызда қоғамдағы алға қойылып отырған ең өзекті міндеттердің бірі-арнайы білім беру жүйесіндегі жетістіктерді дамыта отырып, оны жаңаша бағытта ұйымдастыру нәтижесінде жан-жақты жетілген тұлғаны қалыптастыру болып отыр.

Зерттеу мақсаты: Психикалық дамуы тежелген баланың тіл бұзылыстарын анықтауда оқу тапсырмаларын әр түрлі тәсілдермен диагностикалау арқылы зерттеу жолдарын теориялық тұрғыдан негіздеп, оны тәжірибеге енгізу.

Зерттеу міндеттері:

1.  Психикалық дамуы тежелген баланың танымдық процесстерін зерттеу;

2.  Психикалық дамуы тежелген баланың тіл бұзылыстарының түзету жұмыстары;

3.  Психикалық дамуы тежелген балаға білім беру түрлері;

Зерттеу әдістері:бақылау, әңгімелесу, бағалау, сараптау, эксперимент, баяндау.

Зерттеу нысаны: Психикалық дамуы тежелген мектеп жасындағы баланың тіл бұзылыстарын түзету үрдісі

Зерттеу пәні: Психикалық дамуы тежелген тіл бұзылыстары бар мектеп жасындағы бала

Зерттеу көздері: Қазақстан Республикасының мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған заңдары, Педагог–дефектологтардың ғылыми кітаптары, әдіснамалық нұсқаулар, оқу құралдары.

Зерттеу жұмысының базасы: №12 мектеп

Зерттеу болжамы: Егер, психикалық дамуы тежелген баланы алдын ала диагностикалық тексеру шаралары уақытылы және жүйелі түрде ұйымдастырылса, психикалық дамуы тежелген баланың тіл бұзылыстарын дәл уақытында анықтаудың мүмкіндіктері артады.

Ғылыми жобаның құрылымы:

Кіріспеден, 2 тараудан, жалпы қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Бірінші тарауда, психикалық дамуы кешеуілдеген балалардың сөйлеу тілінің бұзылыстарының теориялық негіздері берілген.

Екінші тарауда, психикалық дамуы кешеуілдеген балалардың тіл бұзылыстарын анықтау үшін әдістеме жұмыстарының мазмұны.