- •1 Уровень 303 теста каз
- •38 Жастағы науқастың кеудесінің оң жағындағы қабырғааралықта амфора тәріздес тыныс естіледі. Барынша мүмкін диагноз://
- •38 Жастағы науқастың кеудесінің оң жағындағы қабырғааралықта амфоралық тыныс естіледі. Барынша мүмкін диагноз://
- •50 Жастағы артық салмақты әйелден екі рет өлшенгенде ашқарында глюкоза мөлшері6,9 және 7,2 ммоль/л болды.Айтылғандардың қайсысы нақты диагноз бола алады?//
- •50 Жастағы артық салмақты әйелден екі рет өлшенгенде ашқарында глюкоза мөлшері6,9 және 7,2 ммоль/л болды.Айтылғандардың қайсысы нақты диагноз бола алады?//
- •50 Жастағы артық салмақты әйелден екі рет өлшенгенде ашқарында глюкоза мөлшері6,9 және 7,2 ммоль/л болды.Айтылғандардың қайсысы нақты диагноз бола алады?//
- •50 Жастағы артық салмақты әйелден екі рет өлшенгенде ашқарында глюкоза мөлшері6,9 және 7,2 ммоль/л болды.Айтылғандардың қайсысы нақты диагноз бола алады?//
- •3 Уровень 200 тестов
- •60 Жасар әйелдің қан анализінде: Нв-78г/л; тк-1,3; эритр-2,3х1012/л; макроцитоз. Анамнезінде : созылмалы асқазан және ішек ауруларымен ауырады. Науқасқа ең тиімді ем?//
38 Жастағы науқастың кеудесінің оң жағындағы қабырғааралықта амфоралық тыныс естіледі. Барынша мүмкін диагноз://
Пневмоторакс//
+өкпе абсцесі//
өкпе гангренасы//
саркаидоз//
бронхоэктаз ауруы
***
***
Төмендегі аускультация нәтижесінен жүрек ақауын анықтаңыз: жүрек ұшында 1 тон қатты шапалақты болып естіледі, митральді қақпақшаның қосымша ашылу тоны (перепел ырғағы), өкпе бағанының үстінен 2 тон акценті естіледі, жүрек ұшында диастолалық шу естіледі, науқас жатқан кезде жақсы естуге болады://
Митральді жетіспеушілік//
+Митральді стеноз//
Аорталық жетіспеушілік//
Аорталық стеноз
Үшжармалы клапан жетіспеушілігі
***
Науқас Ж., 42 жаста, іріңді қақырықпен жөтел, қалтырау, дене қызуының 40оС-қа дейін жоғарлауы, айқын интоксикациялық синдром. Объективті және рентгенологиялық мәліметтерінде жұқа қабырғалы сұйықтықсыз қуыстың түзілуімен өкпе тінінің іріңді –деструктивті ыдырауы анықталды. Осы симптомдары бар пневмонияны қай қоздырғыш шақырады://
микоплазмалы//
клебсиеллалы//
аденовирусты//
пневмококкты//
+стафилококкты
***
***
Жүрек және бүйрек ісіктері кезіндегі тұрақты түрде жүргізілетін терапияның жалпы емдеу принциптерін анықтаңыз://
+бүйрек перфузиясын жақсарту//
жүрек лақтырысын төмендету//
осмотикалық диуретиктерді өолдану//
біріншілік гиперальдостеронизмді қолдану//
қандағы плазманың онкотикалық қысымын жоғарлату
***
Гломерулонефириттің салыстырмалы диагностикасы үшін зерттеу әдісі болып табылады://
+Бүйректің пункциялық биопсиясы//
Экскреторлы урография//
Радиоизотопты зерттеу//
Клиника- лабораторлы зерттеу//
Бүйректің компьютерлі томографиясы
***
Бала 10 жаста, шөлдейді, зәр шығаруы жиі, әсіресе түнгі уақыттарда, терісі қышиды. Қантты диабет диагнозын қою үшін қажет зерттеу://
Тәуліктік зәр анализінен глюкозаны анықтау//
Таңғы зәр порциясынан ацетонды анықтау//
+Қан анализінен аш қарынға глюкозаны анықтау//
Зәрден глюкоза мен ацетонды анықтау//
Жатарда қаннан глюкозаны анықтау
***
Науқас К., 23 жаста, құрғақ жөтелге, қалтырауға, дене қызуының 38ºС жоғарылауына, артралгиямен миалгияға, терісінің бөртуіне шағымданады. Объективті: лимфаденопатия, гепатоспленомегалия. Рентгенологиялық: өкпе суретінің күшеюі, өкпенің төменгі бөлігінде шекарасы айқын емес қараю. Пенициллин және цефалоспоринмен ем нәтижесіз. Қай қоздырғыш аурудың дамуына себепші?//
пневмококк//
стафилококк//
+микоплазма//
гемофильді таяқша//
көкіріңді таяқша
***
***
Бірінші типті қант диабетімен ауратын науқаста Куссмауль тынысы нені білдіреді://
Глюкоза деңгейінің төмендеуін//
Алкалозды//
+Кетоацедемиялық команы//
Глюкоза деңгейінің жоғарылауын//
Зәрде ацетоннның пайда болуын
***
Тиреотоксикозы бар науқасқа тиреостатиктерді қандай мақсатта тағайындайды://
Тиреоидты гормондардың қандағы мөлшерін арттыру үшін//
+Тиреоидты гормондардың қандағы мөлшерін төмендету үшін//
Қанда тиреопероксидазаға анти денелерді төмендету үшін//
Қанда тиреоглобулинге анти денелерді төмендету үшін//
Қанда белок пен байланысқан йодтың деңгейін арттыру үшін
***
Метаболикалық синдромы бар науқастарда неліктен гипертриглицеридемия дамиды?//
себебі, онда гипонатриемия орын алады//
ебебі, онда гипогонадизм орын алады//
себебі, онда гипертиреоидизм орын алады//
+себебі, онда гиперинсулинемия орын алады//
себебі, онда гиперпролактиемия орын алады
***
***
Ревматоидты артритте Ваулер Роуза сынамасы қандай титрде оң болады?//
1:10
1:20
+1:32
1:50
1:25
***
Фелти синдромына тән емес симптом://
Қызба//
+Гепатомегалия//
Лимфа түйіндерінің ұлғаюы//
Полиартрит//
Конъюнктивит
***
Ревматоидты артрит буынның қандай ауруларына жатады?//
+қабыну//
дегенеративті//
метаболикалық//
реактивті//
инфекциялық аурулар
***
Остеоартроздағы ауырсынудың себебі://
Периартрит//
Көршілес бұлшық еттердің спазмы//
Реактивті синовит//
Буындық тышқандар//
+Айтылғандардың барлығы
***
Жүйелі қызыл жегімен ауыратын науқастардың өмірлік болжамында ең қауіптісі://
тері зақымдануы//
өкпе зақымдануы//
+жегілік нефрит//
ОЖЖ зақымдануы//
бауыр зақымдануы
***
LE-жасушалар - бұл не://
+Ересек нейтрофильдер//
Нейтрофильді метамиелоциттер//
Эозинофильді метамиелоциттер//
Ересек эозинофильдер//
Гемотоксильді денешік
***
Жасөспірімдерде хорея, субфибрильді температура, әлсіздік симптомдардың болуы тән://
Жүйелі қызыл жегіге//
Түйінді периартериитке//
Самайлық артериитке//
+Ревматизмге//
Такаясу ауруына
***
***
Төмендегі аурулардың қайсысы жүйелі васкулитке жатпайды?//
+Остеоартроз//
Түйінді полиартрит//
Вегенера гранулематозы//
Такаясу ауруы//
Геморрагиялық васкулит
***
Подаграның рентгенологиялық көрінісі://
Остеофитоз//
Буын жаңындағы остепороз//
+Дөңгеленген шыбық//
Буын жаңындағы остеосклероз//
Эрозия
***
***
Тофус дегеніміз не?//
Тінде холестериннің жиналуы//
+Тінде ураттардың жиналуы//
Остеофиттер//
Қабыну гранулемасы//
Тері асты шел қабатының қалыңдауы
***
Подаградағы тағайындалатын диета://
№5
№7
№8
№9
+№6
***
Дерматомиозиттің еміндегі дәрі-дәрмек://
+Преднизолон//
Аллопуринол//
Азатиоприн//
Делагил//
Колхицин
***
2 уровень 502 теста
25 жастағы әйел адамда эмоционалды күйзелуден кейін сұйық суық немесе ыстық тамақты қабылдағаннан кейін (қатты тамақ жақсы өтеді) жұтынғанда пайда болатын жағымсыз сезім пайда болған. Жағымсыз сезімдер шаршағанда және толқығанда пайда болады. Тәбеті сақталған, салмақ жоғалтпаған. Физикалық тексергенде патология көрінбейді. Сіздің диагнозыңыз?//
Созылмалы эзофагит//
+ Гастроэзофагеалды-рефлюксті ауру//
Өңештің пептикалық жарасы//
Көк еттің өңеш тесігінің жарығы//
Өңештің төменгі бөлімінің дивертикулі
***
43 жастағы автобус жүргізушісі, эпигастрий аймағындағы ауырлық сезіміне, тәбетінің төмендеуіне, жүрек айнуына, ауамен кекіруге шағымданады. ФГДС биопсия жасағанда хеликобактерлі инфекция, асқазанның кілегей қабының атрофиясы анықталды. Уреазды тест оң. Сіздің диагнозыңыз?//
+ Созылмалы атрофиялық гастрит H.pylori-мен ассоцияцияланған//
Созылмалы аутоиммунды пангастрит//
Созылмалы атрофиялық емес гастрит//
Жедел гастрит С тип//
Созылмалы гипертрофиялық гастрит H.pylori-мен ассоцияцияланған
***
35 жастағы науқас кекіруге, тамақ қабылдағаннан 1,5-3 сағ кейін пайда болатын, аш қарында және түнде болатын ауырсынуға шағымданады. Тамақ қабылдаған соң ауырсыну басылады. Ішті пальпациялағанда қабырға бұрышында және кіндік маңында ауырсыну байқалады. Науқаста айқын астеновегетативті синдром. Науқас стационарлы емді қажет ете ме және неге?//
+Иә, себебі науқаста 12 елі ішектің алғаш анықталған жарасы//
Иә, себебі науқаста асқазанның алғаш анықталған жарасы//
Иә, себебі айқын астеновегетативті синдром//
Жоқ, себебі науқаста асқазан жара ауруы асқынбаған//
Иә, себебі стационарда эндоскопиялық зерттеу жүргізіледі
***
37 жастағы науқас отбасылық дәрінерге кіндік аймағындағы ауырсынуға, жүрек айнуға, құсуға, қалтырауға, тәбеті төмендеуіне, іші кебуіне, тәулігіне 3-4 рет іші өтуіне шағымданады. Пальпацияда тоқ ішек бойымен және кіндік маңында ауырсыну байқалады, соқыр ішек аймағында шолпылдау шапылы. Диагноз қойыңыз://
Крон ауруы, созылмалы үдемелі ағым энтеро-энтералды жыланкөз калыптасуымен//
Диареямен бірге ішек тітіркену синдромы, соматикалық негативті дисфункция //
+ Созылмалы энтероколит, орта ауырлық, рецидивирлеуші ағым//
Арнайы емес жаралы колит, орта ауырлықта, жергілікті процестің басымдылығымен//
Созылмалы энтерит, орта ауырлықта, өршу, аздаған парциалды атрофия
***
Науқас 43 жаста, автобус жүргізушісі, В типты, секрециясы жоғары созылмалы гастритпен 2 жыл бойы ауырады, бір неше рет стационарлы ем қабылдаған. ФГДС пен биопсия жасағанда хеликобактерлы инфекция анықталды. Осы аурудың негізгі клиникалық симптомы қандай://
ауамен кекіру//
эпигастрий аймағында ауырсыну//
жүрек айнуы//
+ацидизм//
құсу
***
26 жастағы науқас ЖРВИ кейін, жедел ауырды. Шағымдары: дене қызуының (температурасының) 38оС дейін жоғарылауы, ішінің ауырсынуы, тәулігіне 8-10 ретке дейін болатын қан мен шырыш қоспасы бар сұйық нәжіс. Қарағанда: іші аздап қампиған, сол жақ мықын аймағында ауырсынады, сол жерде тоқ ішек керілген түрде пальпацияланады. Науқаста қандай ауру болуы мүмкін?//
Жедел дизентерия//
Крон ауруы//
+Неспецификалық жаралы колит//
Тік ішек ісігі//
Уиппл ауруы
***
43 жастағы науқас кіндік аймағындағы ауырсынуға, ішінің кебуіне, кезектесіп іш қатуы мен іш өтуіне, тәулігіне 4-5 ретке дейін болатын сұйық нәжіске, әлсіздікке, бас айналуына, басының ауырсынуына шағымданады. Соңғы жылы 5 кг-ға арықтады. Қарағанда: жүдеу, терісі құрғақ, тургоры төмендеген, көзге көрінетін шырышты қабаттары бозғылт. АҚ 110/70 мм.с.б. ЖСЖ-64 рет минутына. Ішті пальпациялағанда кіндік аймағында ауырсыну байқалады. Нәжісі көп мөлшерлі,көпіршіктенген. Дұрыс диагноз қойыңыз?//
+Созылмалы энтероколит, жіңішке ішектің басым зақымдануымен//
Созылмалы энтероколит, тоқ ішектің басым зақымдануымен//
Арнайы емес жаралы колит, созылмалы рецидивті түрі//
Крон ауруы//
Тоқ ішектің ісігі
***
Созылмалы гастритпен тіркеуде тұрған науқаста ауыруының өршуі кезінде ішкен асын құсып тастау, ішінің ауруы, "шіріген жұмыртқа" иісті кекіру шағымдары пайда болды. Науқаста қандай асқынулар байқалады://
Перфорация//
Пенетрация//
+ Стеноз//
Малигнизация//
Қан кету
***
Дәрігерге 27 жастағы әйел адам жұтыну кезіндегі сұйық, суық немесе ыстық тағамнан кейінгі жағымсыз сезімдердің пайда болуына, ал қою тағамның жақсы өтетініне шағымданып келді. Науқасты сұрастыру кезінде, бұл шағымдар жұмысының жайсыздығына байланысты 1 жыл бұрын пайда болған. Соңғы 2 ай ішінде бұл сезімдер шаршау кезінде және қобалжу кезінде күшейеді. Тәбеті төмендеген, салмағы қалыпты қарап тексеруде патология анықталмаған. Сіздің болжам диагнозыңыз://
Созылмалы эзофагит//
Өңештің пептитті жарасы//
Өңештің төменгі бөлігінің дивертикулы//
+ Гастроэзофагеальды –рефлюксті ауру//
Диафрагманың өңештік тесігінің жарығы
***
Асқазанның ойық жара ауруы бар науқаста, өршу кезінде «шіріген жұмыртқа» иісті кекіру пайда болып, алдында ішкен тамақпен құсу байқалды. Осы науқаста қай асқыну болуы мүмкін://
Пенетрация//
Перфорация//
Қан кету//
+Пилорикалық стеноз//
Малигнизация
***
Науқас 42 жаста эпигастральді аймағының ауырсынуына, құсуына шағымданады. Объективті: тері жабындылары бозарған, суық жабысқақ тер бөлінеді. АҚҚ – 100/50 мм с.б.б. Щеткин – Блюмберг симптомы оң. Болжам диагнозы://
Қан кету //
+ Перфорация//
Стеноз //
Пенетрация//
Малигнизация
***
Қабылдауда 45 жастағы науқас кіндік маңындағы ауырсынуға, ішінің кебуіне, іш қату кейде оның іш қатумен аралас болуына, сұйық нәжістің күніне 4-5 ретке дейін болуына, әлсіздік, бас айналуға шағымданып келді. Соңғы 1,5 жылда 9кг-ға арыған. АҚҚ 100/60 мм.с.б.б., ЖСЖ 60 рет минутына. Пальпация кезінде іші жұмсақ, кіндік маңында ауырсыну. Нәжісі көп, көпіршікті. Диагноз қойыңыз://
Арнайы емес жаралы колит, созылмалы қайталамалы түрі//
Крон ауруы, ащы ішектің зақымдануымен//
+Созылмалы энтероколит, ащы ішектің зақымдануымен//
Созылмалы энтероколит, тоқ ішектің зақымдануымен//
Тоқ ішектің қатерлі ісігі
***
Науқас 28 жаста, 3 апта бұрын жедел дизентериямен ауырған. Құрсақтың төменгі бөлігіндегі, тамақ қабылдаған соң 6 сағаттан кейін күшейетін, сыздап ауру, сүт тағамдарын қабылдағаннан кейін іш өтуге шағымданады. Колоноскопияда:эрозивті өзгерістер, атрофиялық үрдіс және шырышты қабат жұқарған және бозарған. Төмендегі диагноздардың қайсысы БАРЫНША МҮМКІН?//
Крон ауруы//
Ишемиялық колит//
Псевдомембранозды колит//
+Бейспецификалық жаралы колит//
Тітіркенген ішек синдромы
***
Науқас Ж. 37 жаста, жүргізуші. Анамнезінде: 5 жыл бұрын асқазанның кіші иірімінің ойық жарасы болған. Одан кейін аурудың өршуі болмаған. Диспансерлік тобын анықтаңыз://
Д 1//
+Д 2//
Д 3//
Д 4//
Д бақылауға алынбайды
***
Грегерсен реакциясы оң, салмақ жоғалту, қай ауруға тән://
В типті созылмалы гастрит//
асқазанның функциональды бұзылысы//
асқазанның ойық жарасы//
+асқазанның қатерлі ісігі//
диафрагма өңеш өзегінің жарығы
***
Науқас 49 жаста, ет комбинатында жұмыс істейді, шағымдары: ішінің ауырсынуы, диарея, метеоризм, әлсіздік. Созылмалы гастритпен бес жыл бойы учетта тұрады. Объективті: пальпация кезінде кіндік тұсында, ішек бойында ауырсыну, ішегінің шұрылдауы. Копрограммада: креаторея, стеаторея, амилорея, лямблия цисталары. Болжам диагноз қандай болады://
созылмалы атрофиялық гастрит//
созылмалы гастродуоденит//
+созылмалы энтероколит//
созылмалы панкреатит//
ішек дискинезиясы
***
Науқас 20 жаста, тамақтанудан 30 минуттан кейін эпигастральді аумақта ауырсынуға, жүрек айнуға, құсуға шағымданып келді. Анамнезі ерекшеліксіз. Пальпациялағанда эпигастрий аумағында ауырсыну. Болжам диагноз?//
гастроэзофагеальді рефлюксті ауру//
+асқазан денесінің ойығы//
асқазанның пилорикалық бөлімінің ойығы//
12-елі ішектің ойығы//
гастропатиямен асқынған, ЖТНП индуцирленген ойық
***
Науқас 35 жаста, эпигастрий аумағында қатты ауырсыну, қан аралас құсық, әлсіздік, бас айналу себебінен дәрігерді үйге шақыртты. Анамнезінде: 2 ай бұрын ойық жара ауруы бойынша емделген. Объективті: тері жамылғысы бозғылт. Үлкен дәреті қара түсті. Қандай асқынуға күдіктенуге болады?//
+қан кету//
пенетрация//
перфорация//
тарылуы//
малигнизация
***
Науқас 57 жаста, ұзақ уақыт бойы қыжылдаумен, тамақтанудаң кейін, физикалық жүктемеден кейін күшейетін, қышқыл кекірумен азап шегеді. Объективті ерекшеліктерсіз. Болжам диагнозы?//
созылмалы гастрит//
созылмалы холецистит//
+гастроэзофагеальді рефлюксті ауру//
12-елі ішектің ойық жара ауруы//
асқазанның ойық жара ауруы
***
Науқас 79 жаста, ұзақ уақытты, құрғақ жөтелге шағымданып келеді, соңғы аптада қатты тағамды жұтқанда ауырсынуы, дауысының қарлығуы, дене салмағының төмендеуі пайда болды. Анамнезінде: 7 жыл бойы АГ, ААФ ингибиторларын қабылдайды, эндокринологта түйінді зобпен есепте тұрады. Көп жылдар бойы қыжылдауды, сүтті ішкеннен кейін ауамен, қышқыл кекірікті байқайды. Қалқанша безі үлкейген, қозғалады, ауырсынусыз. Өкпеде тынысы везикулярлы, сырылдар жоқ. Жүрек тондарының ритымы дұрыс. АҚ-130/90 мм.с.б., ЖЖЖ-68 рет минутына. Іші жұмсақ, ауырсынусыз. Үлкен дәреті қалыпты. Болжам диагнозы://
ларингофарингит//
созылмалы бронхит//
ААФ-ингибиторларының кері әсері//
түйіндік зоб ауруының асқынуы//
+гастроэзофагеальді рефлюксті ауру
***
Науқас оң жақ қабырға астындағы қысқа мерзімді түйіліп ауырсынуға, оның оң жақ жауырынға таралуына шағымданып келді. Ауырсыну диетаны сақтамағанда, қатты эмоция кезінде пайда болады, науқас оны спазмолитиктерді қабылдаумен басады. Объективті: өт қалта тұсындағы ауырсыну. Қандай диагноз дұрыс?//
созылмалы колит, өршуі//
гипотониялық типті өт шығару жолдарының дискинезиясы//
созылмалы панкреатит, өршуі//
+созылмалы энтерит, өршуі//
гипертониялық типті өт шығару жолдарының дискинезиясы
***
27 жастағы ер адам қабырға асты мен эпигастрий аймағында аяқасты ауырсынуды сезген. Бірнеше сағаттан кейін ауру сезімі азайды. Объективті: тілі құрғақ, іші тартылған. Құрсақ бұлшық еттері қатайған. АҚ 90/60 мм рт. ст., пульс 120 соққы./мин. Болжам диагноз://
Созылмалы гастрит//
+ Ойық жара перфорациясы//
Өт шығару жолдарының дискинезиясы//
Құрсақтық аорта аневризмасының ажырауы//
Қатты ішектік өткізілмеуі
***
50 жасар ер кісі, бойы 180 см,салмағы 70 кг, көкірек тұсының күйдіріп ауырсынуына шағымданады, ауру сезімі тізерлегенде, жатқанда,тамақтан кейін мойынға, арқаға беріледі, сода ерітіндісін қабылдағаннан соң, кекіргеннен кейін ауырсыну басылады. Науқаста ... болуы мүмкін://
созылмалы гастрит//
тұрақты стенокардия//
асқазан шыға беріс бөлігінің рагы//
инфаркт миокард//
+ рефлюкс-эзофагит
***
46 жастағы әйел жұмыс істегенде, тізерлегенде,түнде тыныш күйде жатқанында, жүрекпен эпигастрий аймағының ауырсынуына шағымданады. ЭКГ зерттеуінде- тыныш күйде және күш түскен кезде – патологиясыз. Науқаста ... болуы мүмкін://
+өңештің диафрагмалды жарығы//
тұрақты стенокардия//
асқазан ойық жарасы//
омыртқа остехондрозы//
рефлюкс-гастрит
***
Асқазанның және 12-елі ішектің көптеген ойық жара аурулары, гиперацидті жағдаймен байланысты. Антацидтер ауырсынуды баспайды. Бұл жағдай неге байланысты://
+Золлингер-Эллисон синдромы//
Дубин-Джонсон синдромы//
асқазанның қатерлі ісігінің жаралануы//
асқазанның ойық жарасы//
асқазан қатерлі ісігі
***
Науқастың ЭКГ-сында Q тісшесі тереңдеген және ST сигментіaVF II, III тіркемесінде жоғарылаған. Тропониндік тест оң. Науқасқа қандай дәрілер тағайындау керек?//
анальгин, димедрол//
аспирин, бисопролол//
+морфин, альтеплаза, нитраттар//
аминокапрон қышқылы//
нитроглицерин, баралгин
***
Науқас 38 жаста, жүргізуші. Сол жақ тізе буынының қозғалысының шектелісіне және ауру сезіміне шағымданды. Апта бойына жағдайы нашарлағанын айтты. Жарақат алмаған. Емдәмнің сақталуын қадағаламайды. ДСИ (ИМТ) 26. Зерттеу кезінде гистоүйлесімділік HLA-B27 антиген тасымалдаушысы табылды. Сіздің нақты диагнозыңыз://
ревматикалық артрит//
+реактивті артрит//
подагралық артрит//
ревматоидты артрит//
остеоартроз
***
Науқас 54 жаста, ревматоидты артритпен 13 жыл ауырады. АҚҚ (АД) 140/90 мм сын.бағ. Зерттеу кезінде: жалпы зәр анализінде ақуыз 2,65 г/л. Протеинурияның дамуының себебі неде?//
созылмалы гломерулонефрит//
+бүйрекамилоидозы//
созылмалы пиелонефрит//
интерстициалды нефрит//
екіншілікті гипертензия
***
Науқаста сол жақ табанының үлкен саусағының қызаруы, ісінуі, дене қызуының 38,3оС-қа дейін көтерілуі болды. ДСИ (ИМТ) 29. АҚҚ 160/90 мм сын.бағ. жоғары болғанда гипотиазид ішеді. Сіздің нақты диагнозыңыз://
Ревматикалық артрит//
Реактивті артрит//
+Подагралық артрит//
Ревматоидты артрит//
Гонореялық артрит
***
18 жастағы науқас оң шынтақ буынының жоғары бөлігінің ауруына және жергілікті қызбасының көтерілуіне шағымданды. 2 апта бұрын мұрынжұтқышақ инфекциясымен, буынның ұшпалық ауруымен ауырғаннан кейін жағдайы нашарлаған. Сіздің болжамды диагнозыңыз://
+Ревматикалық артрит//
Реактивті артрит //
Подагралық артрит//
Ревматоидты артрит//
Гонореялық артрит
***
Науқасты зерттеу кезінде ЭКГ-да мынадай өзгерістер табылды: ырғақ дұрыс емес, қарыншалық комплекстің алдындағы P тісшесінің болмауы, изолинияның кезеңсіз ұсақ немесе ірі толқынды ауытқуы:
Дәрігер осылай бағалады://
синустықтахикардия//
+жыбырлықаритмия//
жүрекшелік экстрасистолия//
эктопиялықырғақ//
қарыншалықэкстрасистолия
***
Миокард инфарктымен ауырған науқастың аяқ астынан жағдайы нашарлап, ЭКГ-да мынадай өзгерістер көрінді: хаотикалық дұрыс емес ырғақ, QRS жиынтығымен T тісшесі жоқ.
Қандай жағдайға тән?//
жыбырлы аритмия//
+қарыншалық фибрилляция//
жүрекшелік экстрасистолия//
эктопиялық ырғақ//
қарыншалық экстрасистолия
***
Жүрек аускультациясында уақытынан бұрынғы дыбыс пен содан кейін үзіліс естіледі. Диагнозды анықтау үшін қандай зерттеу жүргізу керек?//
Фонокардиография//
+доплер-ЭХО КГ//
Тамырдың доплерлік зерттеуін//
коронарография//
компьютерлік томография
***
Миокард инфарктында антикоагулянтты емге көрсеткіш болып табылады://
төс артының ауру сезімі//
белсенді қан кету//
+төменгі жүрек лақтырысы кезінде тромбоэмболияның қаупі//
артериялық қысымның жоғары сан көрсеткіші//
аритмияның пайда болуы
***
Ер кісі 43 жаста, автобус жүргізушісі, эпигастрий аймағының ауру сезіміне, тәбетінің төмендеуіне, жүрек айну, кекіруге шағымданып қаралды.ФГДС-те асқазанның шырышты қабатының атрофиясы анықталды. Уреазды тест оң. Сіздің диагнозыңыз://
+ H.pylori араласқан, созылмалыатрофиялық гастрит//
Созылмалы аутоиммунды пангастрит//
H.pyloriараласқан, созылмалы гиперацидты гастрит//
С типті созылмалы гастрит//
Созылмалыгипертрофиялық гастрит
***
Қабылдау бөліміне 27 жастағы әйел суық сұйық немесе ыстық тағамды жұтынғанда жағымсыз сезім пайда болуына, ал тығыз тағам жақсы өтетініне шағымданды. Осы айтылған шағымдар бір жыл бұрын жұмысында пайда болған. Соңғы екі айда жағымсыз әсерлер қобалжығанда және шаршағанда пайда болатынын айтты. Тәбеті төмендеген, бірақ салмағынан түспеген. Қараған кезде аотология анықталмады. Болжамды диагноз://
Созылмалфы эзофагит//
Өңештің пептикалық жарасы//
Өңештің төменгі бөлігінің дивертикулы//
+Гастроэзофагеальды-рефлюкс ауруы//
Өңештің диафрагма саңылауының жарығы
***
Ер кісі 32 жаста шаршау, жүрек соғуы, физикалық күш түскенде ентікпеге, дене қызуының 380С-қа дейін көтерілуіне шағымданды. Объективті: терісі бозарған, бауырдың шеті пальпацияланады, көкбауыр үлкейген, тығыздалған. ЖҚА: Нв-105г/л; ЦП 0,93; Лейк-60х109/л, лейкоциторлы формуланың промиелоцит, миелоцит, миелобласқа дейін солға ығысуы, ЭТЖ65 мм/с. Сіздің болжамды диагнозыңыз://
+Созылмалы миелолейкоз//
Созылмалы лимфолейкоз//
Эритремия//
Септическалық жағдай//
Жедел лейкоз
***
Науқас 35 жаста, циркуляторлы-гипоксиялық синдроммен бірге эпигастрий аймағының ауруына шағымданып қаралды. Анализінде: асқазанның жарасы. Тері жамылғылары бозарған. Қан анализдері: Нв–85г/л; Эрит–3,8х1012/л; ЦП–0,8; тромбоциттер–165,0х109/л; ретикулоциттер–0,5%, жалпы билирубин–15 ммоль/л, темір сарысуы–4,5 мкмоль/л. Грегерсен реакциясы оң. Сіздің болжамдыдиагнозыңыз://
Апластикалық анемия//
Гемолитикалық анемия//
Жіті постгеморрагиялық анемия//
+Теміржеткіліксіздік анемиясы//
B12-жеткіліксіздік анемиясы
***
Ер кісі 28 жаста, стационарға әлсіздік, бас ауруы, белінің ауруы, бетінің, аяқ- қолдарының ісінуіне және ұма аймағының ісінуіне шағымданып түсті. Анализінде: 3 апта бұрын ЖРВИ ауырған, 4 күн бойы дене қызбасы t-38,0-39,00С көтерілген. Объективті: қабақ, сирақ ұманың ісінуі. Жүрек тоны бәсеңдеген, ырғақты, ЖЖЖ 58 минутына. АҚҚ –160/90 мм сын.бағ. Тәуліктік диурез 400 мл. ЖҚА: лейкоцитоз, эозинофилия, анемия, ЭТЖ жоғарылауы анықталды. ЖЗА: түсі лас алқызыл, аққуыз-3 г/л; эритроциттер-60 к/а; лейк-15-18 к/а; бүйректік эпителий, гиалинді, түйіршікті цилиндрлер анықталды. Қандай диагноз туралы ойлауға болады?//
+Жедел гломерулонефрит//
Асқынған созылмалы гломерулонефрит//
Асқынған интерстициалды нефрит//
Асқынған созылмалы пиелонефрит//
Бүйрек амилоидозы
***
Ер кісі 50 жаста, бүкіл денесінің ісінуіне шағымданды. 2 жыл бұрын оң жақ сирақ аймағында жыланкөз болған. АҚҚ көтерілмеген. ЖҚА:гемоглобин 45 г/л, ЖЗА:меншікті салмағы 1,015;аққуыз-10 г/л, шөгіндіде көптеген гиалинді және түйіршікті цилиндрлер анықталды. Мочевина, креатинин қалыпты. Зимницский сынамасы өзгермеген. Болжамды диагноз?//
+бүйректің екіншілікті амилоидозы//
созылмалы гломерулонефрит//
созылмалы пиелонефрит//
жедел пиелонефрит//
бүйректің біріншілікті амилоидозы
***
Әйел адам 42 жаста стационарға табан, оның саусақтарының шынтақ тізе буындарының таңертеңгі уақытта қозғалмай қалуына, әлсіздікке шағымданып түсті. Анализінде: 2 жылдай ауырады, дәрігерге қаралмаған. Қарау кезінде: саусақтары ульнарлы девиация түрінде, шынтақ тізе буындары деформацияланбаған, табаны halux valgus түрінде кездеседі. Сіздің болжамды диагнозыңыз://
Бехтер ауруы//
+ Ревматоидты артрит//
Ревматикалық артрит//
Буындар Хондроматозы//
Подагралық артрит
***
Әйел адам 32 жаста, қабылдау бөлімінің дәрігеріне әлсіздікке, тез шаршағыштыққа, арықтауға, ұсақ қол саусақ буындарының ісінуі мен қозғалуының шектеуіне шағымданды. Таңертең 1100- ге дейін зақымдалған буын қолғалмайды. ЖҚА: эрит.-3,1х1012/л; гемогл.-95г/л, лейкоц. 12,3х109/л;ЭТЖ- 36 мм/с. СРБ (++); α1-глобулиндер 11,6%. R-графиясында алақан- саусақ буындарының буынаралық остеопорозы, буын саңылауларының тарылуы байқалады. Сіздің болжамды диагнозыңыз://
Ревматоидты полиартрит, белсенді-IIдәр,тез үдемелі ағымы. Р- I дәр. НФС 2//
+Ревматоидтыполиартрит,белсенді-IIдәр, баяу үдмелі. Р-IIIдәр НФС 3//
Ревматоидты полиартрит, белсенді-IIIдәр, тез үдемелі. Р-IIдәр. НФС3//
Ревматоидтыолигоартрит, белсенді-IIдәр,көрінбейтін үдемелі. Р- Iдәр. НФС1//
Ревматоидтымоноартрит, белсенді-IIдәр,баяу үдемелі ағым. Р-II дәр. НФС 2
***
Ер кісі 22 жаста, ол арықтауға, аузының құрғауына, шөлдеуге, жиі зәр шығаратынына, жүрек айналуына шағымданды. Объективті: тері жамылғылары құрғақ, алақаны мен табаны сары түстес, денесінде фурункулез байқалады. Жалпы зәр анализінде: глюкоза-3,5%; ацетон (++). Сіздің болжамды диагнозыңыз?//
Қантты емес диабет, декомпенсияланған//
Қант диабетінің II типі, декомпенсияланған//
+Қант диабетінің I типі, декомпенсацияланған, кетоацидоз//
Қант диабетінің I типі, субкомпенсияланған//
Қант диабетінің II типі, субкомпенсияланған
***
