Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Visual C++ _ зертханалық жұмыс.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
831.46 Кб
Скачать

3.1. Жалпы теориялық ақпарат

Циклдық қайталануына аралық деректердің әр түрлі мәндері үшін бірдей операторларының бірнеше рет орындалуы жатады . Қайталану саны тікелей немесе жанама көрсетілуі мүмкін .С++ тілінде үш әртүрлі циклдік операторлар қолданылады

  1. Шарты алдында болатын цикл операторы

while (өрнек)

цикл коды

Өрнек мәні ақиқат мән қабылдағанда (0-ге тең емес), цикл кодындағы операторлар қайталанып орындалады, егер өрнек бірінші кіруде, жалған мәнге ие болса, онда цикл коды мүлдем орындалмайды. Егер цикл коды бірнеше оператордың ұйымдасқан бөлігінен тұратын болса, онда олардан блок құрылады.

2. Шарты соңында болатын цикл операторы

do

цикл коды

while (өрнек)

Өрнек мәні ақиқат мән қабылдағанша (0-ге тең емес), цикл кодындағы операторлар қайталанып орындалады, осыдан кейін басқару цикл операторынан кейін орналасқан келесі операторға көшеді. Бұл кем дегенде бір рет цикл коды операторы орындалуын қамтамасыз етеді.

3. Шарты және түзетуі бар оператор

for (өрнек 1; өрнек 2; өрнек 3)

цикл коды

мұндағы өрнек1 – цикл параметрінің бастапқы мәні; өрнек2 – циклды жалғастыру туралы шарттарды тексеру; өрнек3 - цикл параметрін өзгерту (түзету).

Бірінші өрнек1 есептеледі немесе меншіктеледі, содан кейін өрнек2 тексеріледі, ол ақиқат болса , цикл коды орындалады, кейін өрнек3 түзетіледі, цикл коды операторлары өрнек2 «жалған» мәнін қабылдағанша қайталанады.

Цикл операторларынан уақытынан бұрын шығуды break операторы орындайды және continue операторы басқаруды циклдың басты операторына береді.

C++ Builderортасында программаны жұмысқа қосу құралдары

Әрбір жаңа жазылған бағдарламаларда бағдарламаны іске қосқанда қателіктер болады. Синтаксистік қателер операторлардың дұрыс жазылмауымен байланысты болады. Мұндай қателер тапқан кезде Builder компиляторы қате тапқан оператордың алдында тоқтайды. Экранның төменгі жағында қателер тексттік терезеде шығады. Ол терезеде қатенің атауы, файл атауы, жол нөмірі және қате түрі жазылады.

Сізге керекті қатені табу үшін тышқан тетігін екі рет басып, немесе толық ақпарат алу үшін HELP немесе Ғ1 батырмасын басамыз.

Семантикалық қателер алгоритмнің қате таңдалуынан пайда болады. Бұл қателер есептеулердің дұрыс болмауынан пайда болады (0-ге бөлу ж/е т.б.). Сондықтан бағдарламаны пайдалану алдында оны тестілеу қажет, яғни жауабы белгілі деректер енгізу арқылы жасалады. Егер тесттік сынаулар қате көрсетсе, оны табу үшін Builder ортасын пайдалану керек. Ең оңай түрінде қатені табу үшін мына шараларды қолданамыз. Мәтін өңдеу терезесінде курсорды күдікті жерде орналастырып, F4 батырмасын басамыз (курсорға дейін орындалады) бағдарлама курсор бар жерде тоқтатылады. Бізді қызықтыратын айнымалының мәнін табу үшін, айнымалыға курсорды орнату керек, сонда оның мәні экранда көрсетіледі немесе Ctrl+F7 батырмасын басып, көрсетілген диалог терезесінде айнымалыны көрсету керек (бұл терезенің көмегімен айнымалының мәнін бағдарлама барысында өзгертуге болады). F7(қадамдап орындау) батырмасын басу арқылы, бағдарламаны орындау барысында, белгілі бір айнымалы және есептердің дұрыс өзгерісін бақылауға болады.

Егер курсор цикл ішінде болса, Ғ4 батырмасын басқаннан кейін есеп әрбір мәнінде цикл операторының орындалуынан кейін тоқтатылады. Есептеуді жалғастыру үшін Run менюіндегі <Run>батырмасын басу керек.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]