Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Visual C++ _ зертханалық жұмыс.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
831.46 Кб
Скачать

Н.4.02-02

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті

«Бекітемін»

Факультет деканы

_________ Абсалямов Х.К.

(қолы) аты- жөні, тегі

« » . 2015 ж.

Ақпараттық жүйелер және есептеу техникасы кафедрасы

(кафедраның толық атауы)

Балгабаева Раушан Нусипкалиевна

(автордың аты-жөні, тегі)

5В070300-Ақпараттық жүйелер, 5в070400-Есептеу техникасы және бағдарламамен қамтамасыз ету

(мамандықтың шифры, атауы)

мамандығының студенттері үшін

«Visual C++ тілінде бағдарламалау»

(пәннің атауы)

бойынша зертханалық жұмыстарға арналған

Әдістемелік нұсқаулары

Оқыту түрі күндізгі

Көкшетау 2015 ж.

Әдістемелік нұсқаулар «Алгоритмдер, деректер құрылымы және программалау» пәнінің оқу жоспары мен бағдарламасының талаптарына сәйкес құрылған және курс зертханалық жұмыстарының талаптарын орындауға барлық қажетті мәліметтерді қамтиды.

Мазмұны

1

Кіріспе

Қауіпсіздік техникасының ережелері

2

1-зертханалық жұмыс. Сызықтық есептеу процесі

3

2-зертханалық жұмыс. Тармақталушы алгоритмдерді жүзеге асыру

4

3-зертханалық жұмыс. Циклдік алгоритмдерді іске асыру

5

4-зертханалық жұмыс. Циклдік құрылымды алгоритмді программалау

6

5-зертханалық жұмыс. Бір өлшемді массивті өңдеу

7

6-зертханалық жұмыс. Екі өлшемді массивті динамикалық өңдеу

8

7-зертханалық жұмыс. . Жолдардық типті өңдеу

9

8-зертханалық жұмыс. Файлдарды пайдаланып құрылымды өңдеу

10

9-зертханалық жұмыс. Функция графиктерін тұрғызу

11

Қолданылған әдебиеттер

Кіріспе

Бағдарламалауға үйрену тек теориялық материалды меңгерумен ғана шектелмейді, сонымен бірге тәжрибеде зертханалық жұмыс арқылы оны бекіту маңыздырақ. Зертханалық жұмыстың барлық тақырыптарды қамтуы міндетті.

Осы зертханалық жұмысқа арналған әдістемелікте көлемді теориялық түсініктемелер, C++ Builder ортасы, стандартты функциялар мен C++ Builder-дағы жобалары туралы мәліметтер кең көлемде сипатталған. Терезелік қосымшада нақты мысалдар көрсетіледі. Жалпы зертханалық жұмыстар саны 9. Әрбір зертханалық жұмысқа арналған жеке тапсырмалар бар. Тапсырмалар 16 нұсқадан тұрады. Жұмыстар қарапайым деңгейден күрделілікке біртіндеп өтеді. Ақпараттық жүйелер, есептеу техникасы және бағдарламамен қамтамасыз ету мамандықтары студенттеріне арналған.

Зертханалық жұмысқа арналған әдістемелік нақты мысалмен, түсінікті тілмен жазылған. Тілдің барлық мүмкіндіктерін көрсетіп, оны тәжрибеде қалай қолдануға болатынын көрсеткен.

ҚАУІПСІЗДІК ТЕХНИКАСЫНЫҢ ЕРЕЖЕЛЕРІ

Қауіпсіздік техникасы ережелерін мына пункттерге бөлуге болады:

1) жалпы;

2) ДК-де жұмысты бастау алдында;

3) жұмыс істеу кезінде

4) авариялық жағдайларда жағдайлардағы,

5) жұмысты аяқтағанда

Жалпы қауіпсіздік талаптары:

оқытушының рұқсатынсыз құрал-жабдықтарды орнынан қозғауға, сымдарға, розеткаларға, штепсельдің айырына, штекерге тиісуге тыйым салынады;

оқытушының рұқсатынсыз компьютерлік сыныпқа кіруге және одан шығуға болмайды;

оқытушының рұқсатынсыз сынып ішінде жүруге болмайды;

дербес компьютерде су қолмен және су киіммен жұмыс істеуге болмайды.;

корпусы мен сымдардың бүтіндігі бұзылған (ашық) ДК-де жұмыс істеуге тыйым салынады;

үстелге, ДК-дің жанына сөмке, портфель, кітап қоюға болмайды. үстелде тек қалам мен дәптер ғана жатуы тиіс ;

пернетақта үстіне ештеңені қоюға болмайды;

Компьютерлік сыныпта жүгіруге, ойнауға, жолдастарыңның көңілін қажетсіз аударуға, бөгде жұмыстарды істеуге тыйым салынады.

Дербес компьютерде жұмыс істеуді бастау алдында қойылатын қауіпсіздік талаптары:

ДК электр тогына қосылмаған жағдайда сымдардың, ДК-дің корпусының бүтіндігін және айыру (изоляция) бұзылмамағанын қарап шығып, олардың дұрыс жағдайда екендігіне көз жеткізу керек;

жұмыс кезінде оларға тие бермеу үшін, сымдар сальбырап тұрмауына көңіл бөлу керек;

жұмыс орнын пайдалануды есепке алу журналына белгі қою керек;

Дербес пайдаланылатын компьютер жұмысы кезіндегі қауіпсіздік талаптар:

ЭЕМ жұмыс істеу кезінде көздің экраннан ең қолайлы қашықтығын (60-70см) сақтау керек. Мүмкін қашықтық -50см;

келушілер кіргенде студенттердің орнынан тұруының қажеті жоқ;

көз талғанда немесе шаршағанда орнынан тұрмай көзді дем алдыратын бірнеше жаттығу орындау керек;

оқушылар электр тогымен зақымданғанда алғашқы медициналық көмек көрсету әдістерін, өрт сөндіргішпен жұмыс істеу және өрт сөндіру әдістерін білуі керек;

оқушылар көзді дем алдыру жаттығуларды білуі керек.

1 зертханалық жұмыс. Сызықтық есептеу процесі

Жұмыс мақсаты: программа тексттін құру ережесімен танысу, сызықтық алгоритмдерге программа құрып үйрену, C++ Builder ортасында қарапайым программаны іске асыру. Сызықтық алгоритмдерге терезелік режімде программа құруды және оны жұмысқа қосуды үйрену.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]