1.3 Франчайзинг және кәсіпкерлік
Франчайзинг әдісі бойынша үйымдастырылған кәсіпкерлік қызметін жаңадан бастап келе кәсіпкерлік қызметін жаңадан бастап келе жатқан кәсіпкерлер үшін мүмкіндіктер ашады,олардың көбісінің істі табысты жүргізу і,тәжірибесі және қаржылық мүмкіндіктері көбейді. Сондықтан да табысты жұмыс істеп жатқан фирмалар тарапынан қолдауды қажет етеді. Франчайзингтің мәні- ірі және болашағы бар кәсіпорын өз бизнесін жаңадан бастап келе жатқан шағын кәсіпорынға персоналды оқыту мүмкіндігін,белгілі бір сауда маркасын ,”ноу-хауды” өзін-өзі ақтаған технологияны пайдалана отырып белгілі бір уақыт аралығында жіне бір жерде кәсіпкерлік қызметті жүргізу құқығын береді. Франчайзер әріптеске сауда мен қызмет ету аясын таңдаусауда және өткізу желісін ұйымдастыру жарнамалық компанияны қткізу барысында кеңес береді.шикізат пен материалардықұрал-жабдықтарды тасымалдау бойынша міндеттемелердерді басқаруды ұйымдастырудакейде тікелей қаржылық (несиелер нысанында) немесе жанама (кепілдемелер мен кепілдер ретінде) көмекті кқрсетеді. Франчайзер мен франчайзидің өзара қарым-қатынастарының барлық мәселелері келісімшартта көрсетіледі. [8].
Франчайзинг келісімшартының мәнінің ерекшелігі франчайзиге тек лицензия беру ғана емес сонымен қатар оны тәжірибелңк тұрғыдан пайдалануда. Көптеген жағдайларда ол үшін техникалық құжаттаманы жұмысқа қажетті нұсқауларды беру франчайзиге жұмыс істеу әдістеріне оқыту мен кеңес берушілік қызметтерді ары қарай жалғастыру.
Шағын кәсіпорын франчайзер көмегін пайдалана отырып салыстырмалы қысқа мерзімде өз ісін бастай алады және де мұнда бас кәсіпорын тарапынан тұрақты қолдау қиындықтарды (әсіресе бастапқы қызмет ету барысында ) жеңуге мүмкіндік береді. Франчайзер тарапынан көмек пен қолдау ақылы болады (роялти) және жеткілікті түрде жоғары болады.
Франчайзинг пен франчайзингтік құрылымдарды бірнеше типтер мен түрлерге бөлінеді. Франчайзингтің негізгі типтері тауарлық,өндірістік,іскерлік,еншілес және конвессиялық франчайзинг болып табылады.
Тауарлық франчайзинг бизнесті жүргізу тәсілін сипаттайды,онда франчайзи жетекші компаниядан тауарларды,оның тауарлы маркасымен бірге сату құқығын сатып алады,
Өндірістік франчайзинг кезінде ірі компаниялар басқа компанияларға өнім өндіру мақсатында патенттелген үрдіс арқылы өзінің сауда белгісін немесе сауда маркасын пайдалануға лицензиялар береді.
Іскерлік франчайзинг франчайзердің басшылығымен тәуелсіз бизнесті ұйымдастыруды қарастырады.
Конверсиялық франчайзинг өнім франчайзинг өнім франчайзинг жүйесі бойынша жұмыс істейтін көтернме немесе бөлшек сауда кәсіпорындары арқылы сатылатындығымен сипатталады.
Франчайзингтің негізгі түрлері дара немесе аумақтық болып екіге бөлінеді.
Кең таралған түрі болып табылатын дара франчайзинг кезінде лицензия франшиза өнімнің қандай да біпр белгілі түріне сатылады.
Аумақтық франчайзинг кезінгде бірегей бас кәсіпорны бар,белгілі бір аумақта қызмет ететін екі және үш деңгейлі франчайзингтік құрылымдар құрылады.
Аумақтық франчайзинг келесідей қосалқы түрлерге бөлінеді.
-көптеген кәсіпорындарды иеленетін франчайзинг дара франчайзинг негізінде дамиды. Бұл жағдайда франчайзер мен франчайзи бизнесті аймақта дамыту үшін келісімшарт жасайды. Сонің негізінде франчайзидің белгілі бір ауданда өз кәсіпорындарды аші құқығы пайда болады.
-субфранчайзинг жағдайында бас кәсіпорын франчайзимен келісімшарт жасап,әрі бір мезгілде
Субфранчайзер ретінде болады.Соңғысы басқа франчайзиларда келісімшарттық қарым-қатынастар негізінде басқа франчайзиларды тартады.
-дамушы франчайзингтің субфранчайзингтің субфранчайзингтен ерекшелігі ,төменгі франчайзи субфранчайзермен және франчайзермен де келісімшарттық қарым-қатынастармен байланысты болады. Келісімшарттың талбына сәйкес субфранчайзер дара франчайзиді өзі таңдайды жіне оны оқытуға ,оларға тәжірибелік ,әдемелік көмек көрсетуге ,олардың қызметін бақылауды жүзеге асыруды міндеттеді. Сонымен қатар франчайзер ара франчайзиге тікелей лицензия береді және онымен тікелей келісімшарттық қатынастарға түседі. [9].
Франчайзинг жүйесі барлық қатысушылармен бабысқа бірдей қол жеткізуге бағытталған. Франчайзердің артықшылықтары:
-үлкен қаржылық шығынсыз бизнесті аз уақыт аралығында кеңейту тиімділігі
-өз өнімдері мен қызметтерін өткізу кезінде тиімді бақылауды жүзегеасыру мүмкіндігі
-роялти түрінде табыс алу
-өндіріс масштабтарын кеңейту нәтижесінде өз өнімінің немеме қызметінің шығындарын төмендету есебінен қосымша пайдаға қол жеткізу.
Франчайзинг жүйесіне қатысу франчайзиге келесідей артықшылықтар береді:
-тәуелсіз бизнесмен болу мүмкіндігі
-нарықта жақсы беделі бар сауда маркасы атынан өз бизнесін жүргізу құқығы
-бизнес пен маркетингтің бейімделген тұжырымдамасын қолдану
-сәйкес аядағы сарапшылардан басқарушылық кеңес алу мүмкіндігі
-бірлескен қызметті жүзеге асыру есебінен жарнамаға деген шығындарды азайту
-бастапқы оқу және білімін жетілдіру барысында бас фирманың қызметтерін пайдалана алу мүмкіндігі
-бизнес мектебінде оқымай-ақ немесе осы салада өз бизнесін жүргізбей-ақөз ісін бастау мүмкіндігі
-франчайзердің қолдауы арқасында қателерді болдырмау [10].
Бәрақбұл артықшылықтарды жүзеге асыру мүмкіндіктері көптеген жағдайларға байланысты болады. Мысалыең алдымен нарықтағы франчайзердің имиджіне франчайзиге берілетін технологияның ғылыми –техникалық деңгейінен өндірілетін тауарлардың сапасынаносы тауарларға деген сұраныс сипатына және бәсекелік ортаның жағдайына тәуелді.Барлық кәсіпкерлік аяларына тарату туралы шешім қабылдау үшін ұсынылатын қызметтің бизнес-жоспары қажет.
Сонымен қатар франчайзингте белгілі бір кемшіліктер бар,кемшілікті есепке алу франчайзер үшінде ,франчайзи үшінде маңызды. Франчайзинктік келісімшарт франчайзер мен франчайзидің қарым-қатынастарын анықтайды және франчайзиді қорғайтын бірқатар ережелерді қамтиды. Бұл ережелер франчайзерге франчайзимен келісімшартты үзіп жіберуді қиындатады.
Франчайзи франчайзердің қызметкерлерді болып табылмайды. Олар бизнестің тәуелсіз иелері болып табылады.Франчайзингтік келісімшарттың болуы жағдайында да, франчайзимен өз бизнесінде жүзеге асырылатын мәмілелерді бақылауда белгілі бір қиындықтар туы мүмкін.
Көптеген тұтынушылар әрбір франчайзингтік кәсіпорынды ортақ тауарлық белгімен жұмыс жасайтын кәсіпорындардың бірегей желісінің бөлігі ретінде қабылдайды. Егерде қандай да бір франчайзи өз бизнесін нашар жүргізсе ,ол барлық франчайзингтік жүйеге әсерін тигізеді. Франчайзи франчайзирге жалпы сатылымдар сомасы туралы есеп беріп отыруға міндетті.
Кез келген франчайзингтік жүйенің жұмысы франчайзердің интеллектуалды менешігі болып табылатын қағидалар мен стандартқа негізделеді. Бизнестің мұндай қағидалары коммерциялық құпияны сипаттайды және франчайзингтік жүйенің негізгі табысы болып табылады. Франчайзи франчайзинг бағдарламасы бойынша оқу барысында ,кейбіп коммерциялық құпияларға қол жеткізеді. Франчайзингтік келісімшарт франчайзиге мұндай ақпаратты таратуға тыйым салғанымен,іс-әрекет барысында ондай жағдай жиі кездеседі.
Франчайзи есебі бойынша франчайзингтік қатынастар оған үлкен шектеулер қояды деп есептегендіктен ,өз бизнесін ашу үшін франчайзермен келісімшартын бұзғысы келеді,ал өз кезегінде франчайзерге тікелей бәсекелес болады.
Франчайзи франчайзингтік жүйенің ережелерін қатал ұстануы тиіс. Олар ұсыныс енгізе алады,бірақ бизнесті ұйымдастыру әдісін өзгерте алмайды.
Франзайзингтік келісімшартқа сәйкес франчайзи франшизаның тауарлық белгісін пайдалану мен күнделікті операцияларға қатысты арнайы ережелерді ұстануы тиіс. Мұндай шектеулер тұтынушыға ұсынылатын өнім ассортиментіне ,жұмыс уақытының ұзақтығына қызмет көрсету ерекшеліктеріне қатысты болуы мүмкін. Франчайзи,осы шектеулерге франчайзилік келісімшартқа байланысты іс- әрекеттер басталмай тұрып келісімшарт болу керек.
Франчайзи өз бизнесінің тәуелсіз иелері ретінде сипатталғанымен ,ол франшиза иелерінің желісінде маңызды буын болып табылады. Әрбір жеке франчайзи басқалары үшін бизнесте тең құқылы әріптес болуы қажет.
Потенциалды франчайзи франчайзер ұсынатын қолдау мәндерін анықтау үшін,франчайзингтік жүйенің жұмысымен мұқият танысып алуы керек. Франчайзер тарапынан жеткіліксіз қолдау болған жағдайда,франчайзингтік жүйенің күші әлсірейді.
Франчайзи франчайзердің қаржылық жағдайы туралы толық мәліметпен танысуы керек. Себебі,франчайзер өзін банкрот деп жариялаған жағдайда ,франшизаны сатып жіберуі мүмкін немесе басқа да қолайсыз салдар туындауы мүмкін.
2007 жылдан 2011 жылдар арасында франчайзинг айналымы 100% дерлік ұлғайды және қазіргі таңда шамамен бір миллиард долларды құрайды. Бұл Қазақстанның франчайзинг секторы бойынша Орталық Азияда көшбасшы болып табылатынын сенімділікпен айтуға болады. 2002 жылдан бастап франчайзинг туралы арнайы заң шығарылған, ол заң бойынша шамамен 150 франчайзингтік жүйе және 1000-нан астам франчайзингтік ұйымдар жұмыс істейді. Тек қана 2003-2007 жылдар арасында елде франчайзингтік жүйелер 2,5 есе дерлік өсті. Франчайзингтің орташа жылдық айналымы үш еседен аса өсті. Франчайзингтік компаниялардың арқасында жұмыс орындарының саны көбейді және сектор көрінісі түрлендірілді [11].
2.1 ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ФРАНЧАЙЗИНГ ЖҮЙЕСІ.
Қазақстандық франчайзинг "Coca-Cola" зауытының пайда болуымен басталады, қосалқы түрік сублицензиясы лицензиардың аттас сауда маркасы бойынша ашылды. Зауыт 1994 жылы салынды. Елдегі өндірістің ашылуы, сапалы шетелдік компанияның қатысып отырғанын білдірді. Осылайша, атақты сусындар өндірушінің өнімі жай қарабайыр импорт түрінде ғана қол жетімді болған жоқ. Компанияны құру барысына жергілікті компания қызметкерлердің қатысуымен ұлттық өнім жасалынды [12].
Сол жылы Қазақстандағы және Орталық Азиядағы бірінші 5-жұлдызды "Рахат Палас" қонақ үй пайда болды. Кейіннен бұл қонақ үй "Hayatt Regency" халықаралық франчайзингтік қонақ үйлер желісінің бөлігіне айналды. 90-ыншы жылдардың ортасынан бастап халықаралық өндірушілердің көптеген сәнді киімдерінің дүкендері және бутиктері елдегі франчайзинг жүйе бойынша ашылды. Мысалы, Қазақстандағы 90-ыншы жылдардың екінші жартысындағы "Adidas" фирмалық дүкеннің пайда болуын атап өтуге болады.
ХХ ғасырдың 90-ыншы жылдардың соңында "Сеймар" компаниясы өз өнімін сату схемасында франчайзинг элементтерін қолданғанын көруге болады. Компанияның дүңгіршектері және автодүкендері сауда нүктелерін безендірілуі бірыңғай фирмалык дизайн ретінде жасылынған. Сондай-ақ, компанияның логотипі және сауда белгісі міндетті түрде тұрды. Cауда нүктелерін жалға алушылардың бірі тәуелсіз кәсіпкерлер (дилерлер), сондай-ақ франчайзи компанияның өкілдері болды.
1999 жылдың желтоқсан айында "Анкара" қонақүйі өз жұмысын бастады, қазіргі кезде белгілі InterContinental қонақ үй желісінің франчайзилердің бірі болып табылады.
1999 жылы Алматыда лицензия бойынша Баскин Роббинс халықаралық балмұздақ желісінің бірінші нүктесі ашылды.
2002 жылы Қазақстан Республикасының 24 маусым 2002 жылы № 330 "кешенді кәсіпкерлік лицензия (франчайзинг)" Заңы пайда болды.
2007 жылы Қазақстан франчайзинг қауымдастығының вице президенті Кисиков Бекнұрдың авторлығымен шыққан Қазақстандық франчайзинг туралы бірінші басылым пайда болды.
2013 жылғы Ұлттық “Даму” кәсіпкерлікті қолдау қоры қазақстандық франчайзинг үшін арнайы көрме және конференция ұйымдастыруды бастады. Франчайзинг дамыту институттары [13].
Қазақстандағы франчайзингтің дамуына бірнеше мамандандырылған және мамандандырылмаған институттар ықпал етті:
• Ұлттық Зияткерлік Меншік Институты (Казапатент). Тауар белгілерінің айналым секторын реттеу және франчайзингтік келісім шарттарды тіркеу оның негізгі миссиясы болып табылады. • Еуразиялық Франчайзинг Қауымдастығы (EAFRAN). Агенттіктің негізгі миссиясы - кәсіпкерлерге франчайзинг және оны лицензиялау мәселелері бойынша тегін кеңестер беру. • "Даму" – Шағын Кәсіпкерлікті Дамыту Қоры. Қордың негізгі миссиясы – франшиза сатып алғысы келетін кәсіпкерлерге жеңілдікпен несие беру. Сондай-ақ, Қазақстандағы франчайзингке бірқатар банктер, мемлекеттік және жекеменшік ұйымдар жанама түрде қолдау жасайды.
Франчайзинг туралы заңнама Франчайзинг арнайы 2002 жылғы “Кешенді кәсіпкерлік лицензия/франчайзинг заңы” бойынша реттеледі. Сонымен қатар, франчайзингті 1999 жылғы Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің 45-тарауы реттейді. Тауар белгілерінің мәселелері үшін арнайы тауар таңбалары туралы заң арналған [14].
Негізгі проблемалар
● Франчайзингтің секторына арналған мемлекеттік жеңілдіктер мен преференциялардың болмауы.
● Зияткерлік меншіктің жеткіліксіз қорғалуы
● Кәсіпкерлер үшін ұзақ мерзімді қарыздардың шектеулі болуы ● Отандық кәсіпкерліктің ашық (прозрачность) болмауы
● Франчайзингтың пайдалы кәсіпкерлік нысан ретінде жеткілікті ақпараттың болмауы
● 2000-2007 жылдар аралығында ақша мөлшерінің үлкен ағыны нәтижесінде жылжымайтын мүлік бағалары гиперинфляциялық түрде өсті. Жылжымайтын мүліктің жоғары бағалары, франчайзингтік нүктені ашу үшін кедергі болды. Елімізде үлкен ақша мөлшері жиналғанмен, инвестициялау объектілері өте шектеулі. Елдегі қор нарығының дамымауы франчайзинг үшін тағы бір кедергі болып табылады. Себебі, ол ресурсты халыққа инвестиция көзі ретінде пайдалануға мүмкіндік бермейді. Инвестициялардың негізгі бөлшегі жылжымайтын мүлікке жіберіледі де нәтижесінде бұл инфляцияның күшеюіне әкеліп соғады. Сонымен қатар кәсіпкерлік пен франчайзинг әлемдегі кең тараған инвестициялау объектілерінің бірі болып табылады. Батыс тәжірибесі көрсеткендей, кез келген адам, зейнеткерден бастап үй шаруасындағы әйелге дейін, табысты кәсіпкер болуы мүмкін. Франчайзинг тәуекелі аз бизнес түрі болғандықтан, бизнеске жаңадан келген кәсіпкерлерге ыңғайлы болып табылады. АҚШ-тың Сауда-Өнеркәсіп Палата мәліметтеріне сәйкес соңғы 5 жыл ішінде ашылған франчайзингтік кәсіпорындардың 97% табысты жұмыс істеуде, ал франчайзингке қатысы жоқ кәсіпорындардың 62% сол кезең ішінде жабылған. Бірақ, халықтың кәсіпкерлікке төмен қатысуы, Қазақстанда кәсіпкерлік туралы ақпараттандыру деңгейінің жеткіліксіз болуын көрсетеді. Халық арасында кәсіпкерлікпен айналысатын адамдар үлесі әлемдік статистикамен салыстырғанда өте төмен ("өзін-өзі жұмыспен қамтыған халық" ресми кәсіпкерлікке жатпайды). Бұл бастауыш кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымының жетілдіру қажеттілігін көрсетеді[15]. Қазақстан нарығында шетелдік франшизалар үлесі басым болып табылады. Бірақ, соңғы кездері франчайзинг жүйесі бойынша белсенді түрде дамып келе жатқан бірқатар отандық компаниялар қалыптасқан. Әрине, Қытаймен көршілестік франчайзингтің даму тарихында үлкен рөл атқаруы мүмкін. Себебі, Қытай өндірушілерінің ұстап тұрған өнімінің өзіндік құнымен бәсекелесуге өте киын болады. Сондықтан осындай жағдайда тек бірегей және қайталанбас кәсіпорынның тауарлары мен қызметтері бәсекеге қабілетті бола алады. Сектордың Ерекшіліктері Егер Қазақстандағы франчайзинг түрлерін қарастыратын болсақ , онда елде аса жиі дистрибьютивтік немесе саудалық франчайзинг тараған. Ал батыс елдерінде іскерлік форматтың үлесі сауда форматымен салыстырғанда жоғары болып табылаты. Қазақстандағы франчайзинг нарығының тағы бір ерекшелігі ол - сублицензия. Халықаралық франчайзерлер Қазақстанда тікелей жұмыс істемейді. Қазақстанда франчайзер мен франчайзи арасында тікелей классикалық қатынастар өте сирек кездеседі. Халықаралық франчайзерлер Қазақстанда өзінің Ресей немесе Түрік мастер-франчайзи (субфранчайзерлер) арқылы жұмыс істегенді қалайды, ал Қазақстандық компаниялар өз кезегінде субфранчайзи (сублицензиаттар) рөлін атқарады. Франчайзинг секторында бас франчайзимен тікелей қатынас болмауының бірнеше себептері бар: жергілікті тұтынушылардың субфранчайзер елдерімен менталитетінің/болмысының,ұқсастығы (шетелдік франшиза жергілікті ерекшеліктерге бейімдеуді талап етпейді) халықтың тығыз болмауы және өтім нарығының жеткіліксіздігі,жергілікті кәсіпкерлердің халықаралық франчайзинг нарығындағы енжарлығы және т. б. Қазақстандағы франчайзинг нарығының тағы бір ерекшелігін атап кетуге болады.[16]. Ол франчайзингтің ел ішіндегі көші-қонының өте сирек кездесуі. Яғни ірі бизнес пен шағын кәсіпкерлік арасындағы байлыныстың жоқтығы. Ірі компаниялар өңірлік дамуды франчайзингтік системадан қөрі филиалдық нысанды артығырақ деп есептейді. Корпоративтік және мемлекеттік франчайзинг әлемде өте кең таралған. Ірі мемлекеттік және жеке компаниялар шағын және орта кәсіпкерлерге (франчайзи) франчайзинг жүйесі арқылы бизнес жүргізу технологиясы мен әдісін үйретеді. Бірақ Қазақстанда әзірге ірі компаниялар мен шағын кәсіпкерліктердің өзара іс-қимылдары өте аз кездеседі. Кедендік Одаққа кіруі Сарапшылардың деректеріне сәйкес Қазақстан Кеден одағына кіргеннен кейін елдегі нарықта ресейлік франчайзингтік операторлардың рөлі күшейеді. Атап айтқанда, Қазақстанда жақын арада Ресейден шыққан франчайзингтік желілердің саны 100% өсуі мүмкін. Қазақстандағы Франчайзингтің Мемлекеттік қолдау Кисиков Бекнұр кітабының (екінші басылым) деректеріне сәйкес, Қазақстандағы франчайзингті мемлекеттік деңгейде колдау “Даму” мемлекеттік кәсіпкерлік ісін дамыту қоры арқыры жүзеге асырылады. Франчайзингке байланысты іс-шаралар 2013 жылдың желтоқсан айында және 2014 жылдың қазан айында Қазақстандағы Kazfranch франчайзинг іс-шара туралы көрме мен конференция өтті. Ресейдегі Франчайзинг Франчайзинг Ресейге 90-ыншы жылдардың ортасында келді. Бұл нарықтың негізінің қалаушылардың бірі “ГМР Планета гостеприимства“ компаниясы болып табылады. Олар 1997 жылы нарыққа "Sbarro" мастер-франшиза ретінде шықты. Сол жылдан бастап АК Спортмастер белсенді жұмыс істеуді бастады [17]. Ол Ресейге танымал шетелдік спорттық брендтерді (Kettler, Columbia, o ' Neil) алып келіп, өзінің меншікті мультибрендтік дүкендерді (Footerra, Спортландия) дамыта бастады. VKO туроператор франшизасы да белсенді дами бастады. Кейіннен бұл франшиза Mostravel және Вояж Киев компанияларымен бірігіп “TUI Россия и СНГ” компаниясын құрды. Сол жылы Ресей франчайзинг Қауымдастығы құрылды. 2004 жылы Ресейге "Sela" және "Subway" брендтері келді. 2000 жырдардың ортасында Ресейдің нарығында Milavitsa, 2ГИС, Бэби-клуб, Алфавит, BERGhoff, Азимут қонақ үйі, Ұлттық жинақ банкі, News Media ("Жизнь" және "Твой день" газеттері), EVITA, кофейнялар және т. б. франшизалар пайда болды. "Fransh стратегия роста" компаниясы франшизалардың бірінші баспа каталогын шығарды, сонымен бірге Ресейдегі бірінші "БиБосс" франшизалардың интернет-каталогының негізін қалады. (2) 2008 жылғы дағдарыс франчайзинг нарығының қатысушыларына ауыр соқты. 2008-2009 жылдардың ішінде көптеген компаниялар өз франчайзингтік қызметін тоқтатып, Ресей нарығын толығымен тастап кетті. Тек 2010 жылға қарай жағдай қалпына келе бастады. 2011 жылы франчайзерлердің саны дағдарысқа дейінгі көрсеткіштермен салыстырғанда екі есе асып түсті. 2014 жылдың соңындағы дағдарыс құбылыстары бірінші кезекте тауарларды немесе ингредиенттерді импорт жасайтын компанияларға әсер етті. Бұл Ресейдегі франчайзинг нарығындағы компаниялардың үлесін айтарлықтай өзгертті. БиБосс порталының рейтинг нәтижелері бойынша барлық шетелдік киімдік брендтер ең үздік франшизалардың рейтингі арасындағы позициялары жүздіктің екінші жартысына төмендеді. Осылайша, олар өздерінің үлесін ресейлік өндірушілер, және импорқа тәуелді емес қызмет көрсету саласы мен IT-кәсіпорындар компаниялар үшін босатты [18]. Сонымен қатар, 2014 жылдың қорытындысы бойынша микроқаржыландыру саласы елеулі өсім көрсетті. Халық арасында лездік қарыздар сұранысы үлкен көлемде өскеннен кейін микроқаржыландыру саласындағы франшизалар санын көбейді. Ресейлік құқық бойынша франчайзинг: коммерциялық концессияның келісім-шарты Ресейлік заңнамада франчайзингтік қарым-қатынастары коммерциялық концессия шартымен реттеледі. Коммерциялық концессияның шарты бойынша бір тарап (құқық иеленуші) екінші тарапқа (пайдаланушыға) сыйақы үшін, мерзімге немесе мерзімін көрсетпей, құқық иеленушіге тиесілі құқықтардың кешенің беруге міндеттенеді. Құқықтар кешенінің ішіне тауар белгісі, қызмет көрсету белгісі, сондай-ақ шартта көзделген айрықша құқықтармен белгіленген объектілер, атап айтқанда, коммерциялық белгілер және өндіріс құпиясы (ноу-хау) кіреді. Коммерциялық концессияның келісім-шарты құқық иеленушінің іскерлік беделін және коммерциялық тәжірибесін (нақты пайдалану көлемі де айқындалады) пайдалануды көздейді. Келісім-шартта кәсіпкерлік қызметінің белгілі бір салаларында қолданыстағы территория ескертілуі мүмкін. коммерциялық концессияның шарты бойынша құқық иеленуші ретінде коммерциялық ұйым немесе дара кәсіпкерлер болуы мүмкін.
Франчайзинг сферасындағы танымал компаниялар Көпшіліктің пікір қайшылығына қарамастан әлемдегі “Mcdonald's” мейрамханаларының тек 15% ғана Mcdonald's корпорациясының иесілерінің меншігі болып табылады; қалған фаст-фуд нүктелерінің барлығы бас (ұлттық) дистрибьюторлардың (франчайзи) меншігі болып табылады. Пайдалану шарттары өте қатаң - тіпті түс гаммасы мен үстелдердің көлемі шартпен регламенттеледі. Белгілі спорт киім өндіруші Columbia sportswear company қазіргі уақытта толығымен франчайзинг жүйесі бойынша сатуға көшті [19]. Пайдалану шарттары өте қатал емес, басты талаптар — сауда алаңы 100 шаршы метр болуы тиіс және ол бөлек тұрған ғимаратта немесе сауда орталығында орналасу тиіс. Және бастапқы сатып алатын тауардың көлемі кем дегенде $80 000 болуы тиіс. Ресейде франчайзингтік қызметімен 1С компаниясы (2012 жылы франчайзи саны шамамен 4500 жетті), X5 Retail Group — 3 882 "Пятерочка" универсамдары, 390 "Перекресток" супермаркеттері, 83 "Карусель" гипермаркеттер, 189 "Перекресток Экспресс" дүкендері белгілі. (31 желтоқсан 2013 ж) БиБосс рейтинг қорытындысы бойынша 2015 жылы топ-10 ресейлік франшизалардың тізіміне келесі компаниялар кірді: 4 қоғамдық тамақтандыру франшизалары, соның ішінде: • «Subway» — халықаралық дәмханалар желісі, әлем бойынша 40000 кафелері жұмыс атқарады • «33 пингвина» — балмұздақ, инвестициялар 1 миллион рубльден басталады, 1155 кәсіпорындар желісі бар • «Крошка картошка» — фаст-фуд, инвестициялар 1,5 миллион рубльден басталады , 148 кәсіпорындар желісі бар • «Traveler’s coffee» — кофейнялар, инвестицилар 5 миллион рубльден басталады, 115 кәсіпорындар желісі бар • 2 ресейлік медициналық зертхана — "Инвитро" және "Гемотест" франшизалар. Компаниялардың бірнеше меншікті зертханалық орталықтары мен дамыған логистикалық желісі қысқа мерзімде материалдарды анализге жеткізуге мүмкіндік береді. • «2ГИС» франшизасы — Новосибирскте құрылған ірі IT-компаниясы. Аз уақыт ішінде компания халықаралық нарыққа шығып, қазірдің өзінде өз карталарын Ресей, Чехия, БАӘ, Италия және басқа елдерде ұсынады . • «Аскона» — ресейлік матрас өндірушісі. Компания желісінде 480-нен астам кәсіпорындары 184 Ресей қалаларынында орналасқан. • «Milavitsa» — әйелдерге арналған белорустік іш киім өндірушісі. Қазіргі уақытта компания желісі 132 қалада 360-тан астам дүкендерден тұрады. • «Бегемотик» — ресейлік ойыншық дүкендер желісінің саны мыңнан асады. «Бегемот» компаниясының жобасы болып табылады, компания өзінің ойыншық өндірісімен айналысады, сондай-ақ басқа өндірушілердің тауарларың көтерме жеткізулерін жүзеге асырады
