Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
франчайзинг 111.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
311.3 Кб
Скачать

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

1.1 Франчайзингтің қалыптасуы және тиімді қолданудың жолы

1.2 Франчайзинг-шағын бизнестегі кәсіпкерлік лицензия

1.3 Франчайзинг және кәсіпкерлік

2.1 Қазақстанда франчайзинг тарихы

2.2 Қазақстанда франчайзингтің даму мүмкіншіліктері

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

КІРІСПЕ

Қазақстанның нарықтық экономика жағдайына өтуіне байланысты, шағын және орта кәсіпкерлікті жүргізудің әдісі ретінде біздің нарыққа — франчайзинг термині енді. Бұл тақырыпты таңдғаған себебім, еліміздің экономикасындағы елеулі құбылыстардың бірі болып отыр. Франчайзинг – белгілі бір бизнесті жүргізуге арналған фирманың ұзақ мерзімдік келісім-шарттық қатынастары. Ол кәсіпкер өз тауарларын сату құқығын немесе лицензиясын шектеулі сауда кәсіпорындарына тік кооперация арқылы ұсынатын өткізу жүйесі. Экономиканың қазіргі заманғы жағдайы мен оның интернацианалдандыруы бизнестің біріккен нысанын қалыптасуының ұйымдық-экономикалық негізін әзірлеу қажеттілігімен шарттастырылады. Атап айтсам, бұл тенденция өндірістік және қаржылық көрсеткіштердің төмендеуі жағдайында, әр өндіруші тұтынушы назарын өздерінің өнімдеріне аударту арқылы қызмет атқарушы кәсіпорындарға тән сипат алуда. Осындай себептерге байланысты, бизнесті ұцымдастырудың франчайзингтік нысанының қалыптасуы мен дамуы ұйымдық-экономикалық тетіктерін дайындаудың басым бағыты болып саналады. Мұндай қажеттілік елдегі кәсіпкерлік қызмет жағдайларымен байланысты. Қазіргі таңда көптеген адамдардың арман-мақсаты франчайзингтің арқасында шынайлыққа айналуда.

Бүгінгі франчайзинг — өздерінің арман -мақсаттарына берілген және оны іске асыруда франчайзинг иесінің атауымен, өзінің меншікті бизнесін құштарлы түрде бастаушы дербес тұлғаларға кең мүмкіншілік беретін жан-жақты реттелген өнеркәсіп. Франчайзинг құбылыс ретінде өз істеріне берілген, жігерлі және талантты адамдар үшін ерекше шектеусіз мүмкіншіліктерді ұсынады. Бизнесті ұйымдастырудың франчайзингтік нысаны қарапайым әрі тиімді. Оның негізгі мәні — бір компанияның немесе франчайзердің өзінің тауарлық белгісін, атауын (бренд) белгілі бір анықталған шартта басқа бір кәсіпорынға немесе франчайзиға қолдану құқығын ұсыну.

Франчайзинг – жеңілдік, кәсіпкерлік , жалғасымды іскерлік ынтымақтастық нысанындағы үрдісте, ірі компания, жеке дара кәсіпкерге немесе кәсіпкерлер тобында өнімді өндіруге , тауарлар сауда –саттығында және осы компанияның сауда маркасымен белгілі бір шектелген аумақта өзара шартпен анықталған бір мерзімде және белгілі бір шарттағы қызеттерін ұсынады. Франчайзинг — бизнесті жүргізудің ең тиімді түрі. Қазіргі таңда шағын және орта бизнесті дамытуда франчайзингтің орны үлкен болып табылады. Бұл құбылыс экономиканың көтерілу деңгейіне де өз үлесін қосады. Дамыған мемлекеттердің экономикасындағы кәсіпкерліктің қарқынды дамуында франчайзингтің рөлі жоғары.

Франчайзи шартта белгіленген тауарлар партиясын, шығыс материалдарын немесе өзге өнімдер және қызметтер сатып алуға міндетті. Сондықтан франчайзингтің басым ерекшелігі ол франчайзер үшін шағын болса да, бірақ өз өнімдерінің кепілді тұрақты сату көлемі болып табылады. Егер табыс тұрақты болса, онда оны болашаққа жоспарлап жаңа бағыттар дамытуға болады.Сонымен қатар, қарапайым бизнес қатысушылардың бірқатар ауыртпалық шығындық қиындықтары (персоналды оқыту және іріктеу, сапасын бақылау және т. б) франчайзерге ауыртпалық түсірмейді. Сонымен қатар, франчайзингтік желіні дамыту арнайы қаржы салымдарын қажет етпейді және онымен қоса бренд үшін тамаша жарнама болып табылады. Франчайзи үшін артықшылықтар Франчайзи үшін артықшылықтарТексерілген бизнес-жүйесін пайдалану Өз франшизасын нарықта ұсынудан бұрын, франчайзер өз бизнес-жүйесін жетілдіріп және барлық бизнес-процестерінің тиімділігін дәлелдеу тиіс. Сонымен қатар франчайзингтік желіні тиімді дамыту үшін франчайзердің флагмандық кәсіпорыны болуы тиіс, соның негізінде бизнес клондау жүргізіледі. Сондықтан франшизаны сатып алу кезінде кәсіпкер тексерілген және қазірдің өзінде өзінің тиімділігін дәлелдеген бизнес- модельдің иегері болады.

1.1Франчайзингтің қалыптасуы және оны тиімді қолданудың жолы.

Тауар сатудағы және қызмет көрсетудегі әдістер мен франчайзинг бизнесінің ерекшеліктерін қолдану арқылы айналысуға болады. Көптеген елдерде франчайзинг бизнестің прогрессивті әдісі болып табылады және табысқа жету үшін тәуекелге дайын кәсіпкерлер үшін өте тиімді.

Франчайзинг - « franchize» деген сөзінен шыққан, аударғанда жеңілдік, арнайы құқықтық мағынасын білдіреді.

Бұны жәй тілге аударғанда мына түсінікті береді: кәсіпкер жаңа техника мен технологияны авторлардың рұқсатымен пайдалана отырып, дер кезінде үйреніп, күнделікті тірлігіне қолдануына мүмкіндік алады. Бір жақ екінші жаққа белгілі функцияларды орындауға рұқсат беруін- франчайзингілік лицензия деп атайды.[1]

Тәжірибелі кәсіпкерлер өзінің тәжірибесін, білімін нарық жағдайын ұсына отырып, белгілі бір нәтижеге жетуі мүмкін. Сондықтан франчайзинг атаулы бизнес, ақапарат пен тәжірибені қолдануға оңтайлы жағдайларды туғыза отырып, техника мен технологияны қолдануға кететін шығындарын азайту арқылы шығарылған тауарлар мен көрсетілген қызметтердің нарықтық бағасын төмендетуге мүмкіншілік береді. Бұл жүйені күнделікті өмірде қолдана білу бүгінгі күннің өзекті мәселелері болып табылады. Мысалы , франчайзингілік жүйені «Макдональдс» немесе «Дока-пицца» (Ресей), «Coco Cola» (АҚШ) және көптеген фирмалардың қол жеткізген оң нәтижелі еңбектерін ауызға тиек қылып айтуға болады. Білімнің, тәжірибенің, қаржылық қорлардың және сақтандыру жүйелерінің деңгейінің төмен болуына қарамай Қазақстанда франчайзингтің тәжірибесін қолдануға тырысатын кәсіпкерлер саны көптеп табылады. Сондықтан франчайзинг Қазақстанда тек бөлек фирмалар қолданып, басқалармен өз тәжірибесін қоладнуға дайын емес. Сонымен қатара франчайзинг заңдылық базасын және лицензиялауды қажет етеді. Республикада осы жаңа дүниелерді үйрету үшін рұқсат алуға мүмкіншілік жоқ. Франчайзингілік заңдылықтың үлгісі ретінде Жапонияның, АҚШ-ның заңдарын алуға болады. Франчайзинг ұғымы Жалпы мағынасында франчайзинг — тауар таңбасын немесе коммерциялық белгілерін жалға беруді білдіреді. Франшизаны пайдалану шарттары франчайзер (франшизаны ұсынған адам) және франчайзи (франшизаны алатын адам) арасында регламенттеледі. Шартының мазмұны әртүрлі болуы мүмкін: қарапайымнан өте күрделіге дейін, құрамында өте ұсақ егжей-тауар белгісін пайдалану ережелеріне дейін өзгешеленеді. Әдетте келісім-шартта франшиза пайдаланғаны үшін аударымдар сомасы реттеледі (ол тіркелген параметрлеріне белгілі бір кезеңдегі құрамдас сату пайызы болуы мүмкін). Талап аударымдарды болмауы да мүмкін, бірақ бұл жағдайда франчайзи франчайзерден белгілі бір тауар саны, жұмыс немесе қызметтер сатып алуға міндеттенеді.

Зингер тігін машиналарының сату және қызмет көрсету жүйесі қазіргі заманғы франчайзинг жүйесінің прототипі болып саналады. Әлемге әйгілі "Singer Sewing machine company" компаниясының негізін қалаушысы Исаак Зингер қазіргі заманғы франчайзингтің негізін салушысы болды. 1851 жылдан бастап Зингер фирмасы франшиза тапсыру үшін жазбаша шарт түрінде дистрибьюторлармен бітім жасауды бастады. Шартта Америка Құрама Штаттарының белгілі бір аумақтарда тігін машиналарының сату және жөндеу құқығы белгіленген.

Ұйымдастыру кезінде әлемдегі ең бірінші толыққанды франчайзингтік жүйе Зингер фирмасы бәсекеге ең қабілетті бағалар қолдайтын тігін машиналарының жаппай өндірісін қамтамасыз етті. Дегенмен, бұл ретке келтірілген қызмет бүкіл АҚШ аумағында қызмет көрсету және машиналар жөндеу жүйесін ұйымдастыруға мүмкіндігін бере алмады. Осыған байланысты франчайзингтік жүйесі құрылған. Оның ішінде қаржы-тәуелсіз фирмаларға ұсынылатын айрықша құқықтар белгілі аумақта тігін машиналарын сатуға және қызмет көрсетуге мүмкіндік берілген. Өз мәні бойынша алғашқы франшиза қолданыстағы дистрибьюторлік келісімдерге қосымша дилерлер (франчайзи) машиналарға қызмет көрсетуге міндетті болды [2].

1920 жылдан бастап АҚШ-та стандартты тауарлық франчайзинг дами бастады. Франчайзинг қағидаты бойынша ірі көтерме сауда жеткізушілер бөлшек сауда дүкендер иелерімен өздерінің қарым-қатынастарын дамыта бастады. Көтерме сатушы (франчайзер) кіші бөлшек сауда ұйымдарына көптеген қосымша жеңілдіктер алуға мүмкіндік берген, сонымен қатар сауда-саттық фирмалардың маркасын пайдалануға және бұл ретте өз тәуелсіздігін сақтауға ырзалығын білдірген [3].

1930 жылы орын алған АҚШ экономикасындағы дағдарыстан кейін мұнай өндіретін компаниялар франчайзингті меңгере бастады. Осылай тәуелсіз франчайзиге тиесілі алғашқы бензин колонкалар желісі пайда болды. Әдеттегідей, май құю станциялары ұсақ жергілікті кәсіпкерлерге жалға берілді.

Классикалық тауарлық франчайзинг тек 1950-інші жылдары түрін өзгерте бастады. 1945 жылы Рэй Крок, болашақ Мак Дональдс компаниясының негізін қалаушысы, АҚШ батысында San Bernardino атты облысында орналасқан бір шағын мейрамхананың танымал болуының себептеріне қызығушылық танытты. Нәтижесінде ол табысты мейрамхананың иелеріне жолығып, көп ұзамай ұқсас мейрамханаларды сатып алу немесе сату құқығына лицензия алды. 1955 жылы Рэй Крок Мак Дональдс Систем Инк компанияның негізін салды. Ол франчайзингтің қазіргі түріндегі бизнес форматының (Business Format Franchisings) негізін салушы болып табылады, яғни франчайзиге франшизамен бірге тұтас бизнес жүргізу жүйесі беріледі [4].

Үлкен фирмалар технологияның «ноу-хау»-дың иелерінің өзінің әріптестеріне көмек көрсетуде ұйымдастырылған қолданылған іс-қимыл- фрачайзинг деп аталады. Мысалы, франчайзинг сауда және қызмет көрсету сферасында қазіргі кезде кең құлаш жайып отыр. Франчайзиді жеңілдік көмек ретінде алу үшін төмендегі талаптар шешімін табуы қажет:

1. Берілетін тауарлар мен қызметтерге мүмкін болатын заңдылықтардан қорғау үшін сақтандыру әдістері қолданылуы қажет, яғни кепілдік керек.

2. Франчайзердің сауда маркасын қолдану белгілері бір ережелер мен нормалардың талаптарына сай жүргізілуі қажет.

3. Франчайзер (сатушы) өзінің сауда маркасын белгілі бір келісілген территорияның аумағында ғана жүргізуге рұқсат етеді.

Кәсіпкерлік бизнесте франчайзингілік іс әрекеттер үлкен және шағын компаниялардың арасында жүреді. Сонымен қатар негізгі келісім шартпен бірге субфранчайзінгілік келісімдер болуы мүмкін. Бұл келісімдер франчайзерлер рұқсатымен франчайзингке тән талаптардың орындалу негізінде басқа тұлғаларға қайта берілуігне рұқсат етеді.

Франчайзингтің мынадай түрлері болады:

1. Франчайзерлердің дистрибьюторы ретінде франчайзердің тауарлық маркасын қолдана отырып тауарды сатуын тауарлық франчайзинг деп атайды.

2. Франчайзердің өндіретін өнімге қолданатын технологияны пайдаланып, тауардың маркалық атауын пайдалану- өндірістік франчайзинг деп аталады

3. Франчайзерлердің атынан сатуға немесе қызмет көрсетуге болатын мүмкіншілікті пайдалану- іскерлік франчайзинг деп аталады.

Франчайзингтің көптеген түрлері болады және оның ішінде ең көп тарағандары:

а) аймақтық франчайзинг;

б) дамушы франчайзинг;

Жоғарыда көрсетілген фрачайзингтің басқа франчайзинг түрлерінен айырмашылығы- франчайзинг келісім-шарттың ұзақтығымен, қарым-қатынастардың деңгейі мен және жарнамалардың төлем деңгейімен анықталады. Қажетті мөлшерде қаржының жеткілікті болмауынан және белгілі мөлшерде жұмыс күштерінің жеткіліксіздігінен франчайзер өзінің іс-қимылын ұйымдастыру үшін, тиімді аймақтық франчайзингті таңдап франчайзерден көмек сұрайды.

Негізгі франчайзи аймақтық дилерлік жұмысты ұйымдастыру барысында франчайзерледен болашақ табыстан роялти негізінде өз үлесін келісім шартта көрсетіп алуы қажет. Субфранчайзинг кезінде франчайзи франчайзерлермен шектелген қарым-қатынаста болады. Мысалы, «Дока-пицца» фирмасының жаңа қондырғысы мен технологиясын немесе ТВ сервистік қызмет қөрсету аймақтық франчайзинг пен субфранчайзинг арқылы іске асырылып отырады.

Авторлық құқығы бар тұлға қолданудан пайда болған табыстан емес франчайзингтің түсімінен өзіне тиесілі бөлігін алады. Сонымен қатар франчайзингтен табылған табыстар келісімдегі өлшемдерге сәйкес франчайзингке қатысатын субъектілерге бөлініп беріледі. Франчайзингтің негізгі ерекшелігі сапалы тауар немесе қызметі ғана емес, франчайзингке қатысушылардың кәсіпкерлік деңгейі нақтылығымен анықталады және олардың қарым-қатынастары келісім-шарт негізінде құрылуы қажет.

Бизнесті ұйымдастыру кзінде жарнама өте үлкен рөл атқарады. Жарнаманың шығыны өте көп болады. Сондықтан франчайзерге келісім-шарт кезінде кететін шығынның көп бөлігін франчайзи жарнама жұмысы атқарады. Сонымен қатар франчайзер үшін маркетингтік зерттеулер жүргізіп, маркетингтік ақпараттарды жинайды. Франчайзи франчайзерден қажетті кеңесті алып нарықты зерттеуді , бизнесті басқарудың басқа да аспектілерін және ақшалай көмек алуға мүмкіндігі болады.

Франчайзингілік бизнестің негізгі ерекшеліктерін моральдік талаптар жатады. Франчайзердің жетістікке жеті ілтипаттылығымен, шыншылдығымен, ашықжарқындылығымен анықталады. Тек қана ақшаға сатылаитын франчайза (комек) көпшілік жағдайда қажетті нәтижеге жеткізе бермейді. Арамдыққа негізделген франчайзингтің болашағы жоқ. Сонымен қатар франчайзинг әрқашанда комерцциялық тәуекелге байланысты, сондықтан бір адамның қолынан келген франчайзингілік іс-әрекет екінші бір адамның қолынан келмеуі мүмкін.

В.Довгань «Бизнес жолын кеңейтуші- франчайзинг» деп аталатын өз шығармасында: фирмалардың жартысы франчайзингілік жұмыстарын 2-3 жылдан кейін тоқтатуға мәжбүр болады, ал 5 жылдан соң банкроттар саны 70-ке жетіп, бұл бұл франчайзингілік іскерлік қызметте өте нашар көрсеткіш болып табылалады, АҚШ-та статистика бұған қарама-қарсы, франчайзинг жүйесінде жұмыс істейтін тек 4 фирмалар ғана жыл сайын жабылады. Бұл фирмалар, негізінен, өз себептерімен жабылғандар. Мысалы, қайта құру, басқа бизнеске көшу, жұмысын тоқтату.т.б. [5]

Халықаралық франчайзингілік асоциация өз мүшелері арасында банкроттарды аз мөлшерде тіркейді. Жапониядағы фрначайзнгтің қалыптасуы және даму үрдісі өте баяу қарқынмен жүргізілуде.

Кесте 1-Жапониядағы фрначайзнгтің қалыптасуы және даму үрдісі

Жылдар

1985

1986

1987

1988

1989

1990

1991

1992

1993

1994

1995

Өткізу

Көлемі%

332

331

332

32

32

33

33

32

33

34

334

Ескерту-6. “Кәсіпорын экономиясы” Р.Қ.Ниязбекова ,Б.А.Рахметов Алматы- 2014

1-кестеге сүйене отырып, Жапонияда франчайзингтің тез дамуы халықаралық нарықтарды тез меңгеруге мүмкіндік береді. Франчайзингілік белсенділіктің құрлықтар мен аймақтарда әртүрлі деңгейде талралғандығымен анықталады. Даму қарқындарының өзгешеліктері елдегі іскерлік климатын , азамттардың ұлттық психологиялық ерекшелігін, ақшаны табу, жұмсай білу қабілетін және мемлекеттің құқықтық саяси жағдайын көрсетеді [6].

Сонымен қатар франчайзингілік бизнес басқа аймақтардан қосымша адамдарды фирмаға жалдау мүмкіншіліктерімен анықталмайды. Бұл өзіндік ерекшелігі бар бизнес. Көп қаражат қажет етпейтін және авторлар франчайзердің көмегін керек ететін белгілі талаптардың негізінде жүзеге асатын үрдіс . Бұл талаптар франчайзингілік басты компаенияның франчизаны сатқанда басқару (жоспарлау, ұйымдастыру, ынталандыру, және бақылау) мәселелерінде, кадрларды оқытуда, жарнама шығындарын азайтуда және көптеген жеңілдіктерді беру кезінде жүзеге асырылады. Сондықтан франчайзингілік бизнестің оң ерекшеліктерін қолдана отырып, коммерциялық табысқа жету үшін мүмкіндіктер іздеу керек.