Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ақпараттық мәтінді аудару.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
281.09 Кб
Скачать
    1. Газет және публицистика стиліндегі саяси метафора алатын орыны

Метафора тек қана оқырмандардың көңілін аудартпай қоймайды. Оның саясаттағы рөлі көркемдікпен қана шектелмейді. Масс – медиа саяси аядағы әлем суретін көрсетуде метафораны көп қолданылады. Сол себептен саяси мәтіндерге, мақалаларға сіңіп кеткен метафоралық құрылымдар оқырман назарына үйреншікті нәрсе болып кетті. Ал ол оқырманның ойына емес, бірақ оның психикалық компоненттеріне ықпал ететін құралға айналған. Демек, саяси аясы мен бұқаралық ақпарттар құралында қолданылатын метафоралар түсінік беретін құралдардың бірі болып табылады. Осы жұмыс барысында А.Кусаинова жасаған диссертациялық жұмысқа жазылған автореферат негізге алынып, саяси метафораның функционалдығын көрсетеміз.

Газет беттегі автордың сөздері коммуникативті қоғамдық - мәнді болуға тиіс. «Сөйлеу адресаты» газет тілінің ерекшеліктері мен ережелерін анықтайтын фактор, сонымен қатар газет мәтінін құрайтын стильдік ерекшеліктерді құрайтын талаптарды, шектеушіліктер. Бұқаралақ қарым – қатынастың бір түрі ретінде Г.Я. Солганик, газет тілінің негізгі және жалпы заңдылықтарды анықтады олар мынада сипатталады:

1 газет метариалдары жалпыға тиімді болу керек;

2 газет тіліне басқа стиль элементтерінің қолданысы тән;

3 газет беттерінде экспрессия мен стандарт тенденциялары қолданылады;

4 газет – публицистикалық стильге автордың бағалауыштық қасиеті тән;

5 газет тілінің ерешелігін «бейнелеуіштік» қасиеті анықтайды.

Газет – публицистикалық стильде қолданылатын тілдік құралдар келесі талаптарға жауап беруге тиіс. Публицистикадағы тілдік құралдарға зат немесе құбылыстар қарым – қатынастарының нақтылығы, айқындылығы мен қабылдау қасиеттері тән. Тілдік құралдар қолдынысы алғашында мәтіннің коммуникативті талаптарымен дәлелдеденіп, тек қана мәтіннің бағалауыштық және көркемдік жағын емес, сонымен бірге автордың ойын, оның беретін ақпараттың заттық – логикалық ерекшелігін де көрсетуі керек. Публицистикалық мәтіндегі сөздік бейне өз көркемдігін, дәлдігін сақтап, сөз етіп отырған оқиғаның айқындығына сай болып келеді. Публицистикалық мәтіндегі сөздік бейне оқырманға түсінікті болу керек.

Газет – публицистикалық стильде бейнелеуіштік қасиетті құру үшін, әр түрлі стильдік құралдар қолданылады.Олардың ішінде метафора көп қолданысқа түсетін құралдардың бірі болып табылады.

Тілдің құрылымдық бөлігі болғандықтан саяси метафора жалпы метафораға тән семантикалық – құрылымдық қасиеттерін қайталайды. Сонымен қатар, саяси метафора құрылу табиғаты мен қолданылу аясына және тілдік ареалына сәйкес бір қатар ерекшеліктермен сипатталады.

Қазіргі кездегі саяси метафора ерекшелігі, зерттеу объектісі ретінде бұл құбылыс үш гуманитарлы ғалымның қиылысында жатыр: когнитивті лингвистика, дискурсивті зерттеу мен риторика. Олардың әр біреуі, өз кезегінде, саяси метафора зерттеуіне өз үлестерін қосып, оның қызмет ету аясы мен оның толық ашылуына жол береді. Когнитивті лингвистика саяси метафораның ойлау қабілітімен байланысы мен адам түйсінунің жүйесімен анықталады, дискурсивті зерттеу оны, яғни саяси метафораны, саясат пен әмірліктің құралы деп алады, риторика оны сөйлеу үстіндегі ықпал ету құралы ретінде қарастырады. Осы үш түсінікке байланысты саяси метафора тілдің, ойлау қабілетінің, қоғам мен мәдениеттің өнімі ретінде қарастыруға рұқсат береді.

Социолингвистика аясында ғалымдарды, тілдің әмірлікке күрестегі алатын орыны мен оның мәтін мен тіл қолданысында шағылысу сияқты сұрақтар қызықтырады. Саясат тілі – ерекше тіл, абстракциялармен, эвфемизмдермен толы тіл болып табылады.

Д.Н.Яцутко пікірінше саяси метафора атауы арқылы біз адресаттың саяси бірліктердің жаман не болмаса, жақсы ойды туғыздыратын ықпал етуші құрал деп түсінуіміз керек.

Саяси метафораның бұқаралық ақпарттар құралдарда, соның ішінде периодикада келесі негізгі қызметтер байқалады: