- •Мазмұны
- •Ақпаратты мәтіндерді аудару
- •Метафора туралы түсінік
- •Метафора түрлері
- •Ақпараттық мәтіннің құралы – метафора
- •Ағылшын тіліндегі газет және публицистика стильдегі ерекшеліктері
- •2.2 Қазақ тіліндегі газет және публицистика стилінің ерекшеліктері
- •2.3 Газет мәтіндегі адресат факторы
- •Газет және публицистика стиліндегі саяси метафора алатын орыны
- •Концептуалды функция.
- •2) Ықпал ету функциясы.
- •Бағалауыштық функциясы.
- •4) Номинативті функция.
- •5) Модальдік фукнциясы.
- •Ақпаратты компрессиялау функциясы.
- •7) Бейнелеуіш функциясы.
- •8) Ақпараттық функциясы.
- •9) Түсіндіру немесе ұғындыру функциясы.
- •10) Жарнамалық функциясы.
- •11) Эвфемистік функциясы.
- •3 Саяси метафора аударуының ерекшеліктері
- •3.1 Метафора аудару әдіс – тәсілдері
- •1. Транскрипция мен транслитерация.
- •2. Калька тәсілі.
- •3. Сипаттама (түсіндерме ) аударма.
- •4. Жақындатылған аударма.
- •5. Трансформациондық аударма.
- •Метафоралық негіздегі сөздердің параллельдік атауы.
- •3.2 Саяси метафораларды қазақ тілінен ағылшын тіліне аудару ерекшеліктері
- •Қорытынды
- •Пайдаланған әдебиеттер тізімі
2.3 Газет мәтіндегі адресат факторы
Қандай шығарманы алсақ та онда адресант пен адресат бар. Сондықтан да дискурсты адресант адресат мәтін қабылдаушы деп тұтас сипатта қарастыру керек. Адресант мәтін құрастырғанда үнемі қабылдаушыны ескеріп отырады.
М. Пеше «адресант – хабарлама – адресат» түріндегі «ақпараттық» моделді қарастырғанда оның құрылымын былайша жіктеуді ұсынады: адресант, адресат, референт (хабарлама контексті), адресант пен адресатқа ортақ тілдік код, адресанттан адресатқа бағытталған тілдік жүйелік. Ақпарат теориясы шеңберінде осы құрылымдық моделді ұсына отырып зерттеуші «ақпаратты» жеткізу туралы хабарламаны немесе адресант пен адресат арасындағы «семантикалық әсерді» білдіру үшін дискурс терминін қолдануды жөн көреді.
Сөйлеу актілеріне қатысушылар өзара рөл алмасып отырады. Ол рөлдердің басым бөлігі сөйлеуші мен адресат еншісінде болады. Коммуникативтік тұрғыдан алғанда ситуация (сөйлеуші – хабарлама - тыңдаушы) астарында тұлғааралық және әлеуметтік қарым – қатынастарда коммуниканттардың мінез – құлқын көрсететін күрделі жүйе жатады. Мұнда алуан түрлі рөлді атқарушы ең маңызды фактор ретінде зерттеушілер адресатты бөліп көрсетді.
Жоғарыда сөз болған дискурс мәселесін публицистикалық стильде жазылған мәтінге қатысты алғанда оның сөйлеу актісінен ерекшелендіретін бірнеше белгі сипттары байқалады. Мәселеге осы қырынан келгенде жазбаша формада (газет мәтіні) жүзеге асырылатын коммуникацияның бірнеше бөліктерінен тұратын күрделі құрылымын былайша сипаттауға болатындығы анықталды:
мәтінді түзуші, яғни адресант кім? Ол нақты а) бір адам – жеке тұлға немесе ә) ақпарат беруші топ юолуы мүмкін.
мәтінде не жеткізіліп отыр? Мұнда а) ақпарат мазмұны; ә) оның жеткізілу тәсілдері; б) мәтіннің лингвистикалық ерекшеліктеріне назар аударылады.
мәтін қандай арнамен жеткізіліп отыр? а) бұқаралық коммуникацияның түрлері; ә) техникалық байланыс құралдары; б) сөзжасамның ауызша немесе жазбаша формасында екендігі басты назарда болады.
осы құрылымдағы аса маңызды бөлік – адресат, яғни мәтіннің кімге арналғандығын анықтау аталмыш факторды өз ішінен былайша топтастыруды қажет етеді: а) аудитория; ә) әлеуметтік топ; б) индивид; в) әлеуметтік лингвистикалық сипаттама.
мәтін нендей мақсатпен жазылып отыр және одан күтілетін нәтиже қандай болмақ? а) ақпарат алу мақсатымен; ә) мәтіннің қабылдану дәрежесі (толық, шала); б) ақпартты бейімдеп алу (адаптация); в) мәтіннің лингвистикалық ерекшеліктерін бейімдеу.
Автор мен адресатты кең мағынасында алғанда қандай да бір мәдениетті туындатушы мен қабылдаушы ретінде түсінілетін, бір – бірінен ажырағысыз күрделі екі ұғым деп тануға болады. Бірі қандай да бір идеяны туындатып, мәтінге айналдырса, екіншісі, сол идеяны меңгеріп, мәнге айналдырады. Адресантты жасампаз, шебер бір нәрсені жасаушы шығармашылық тұлға десек, адресатты сол туындыны түсінетін, терңінен ұғынатын қабылдаушы деуге болады.
Зерттеушілер аталмыш мәселеге қатысты авторға да, адресатқа да тән болатын субъективті және объективті факторлардың өзара сабақтасып отыратындығын атап көрсетеді. Яғни психологиялық тұрғыдан алғанда адресант ойында (қиялында) қашан да қандай да бір адресаттың болатыны сөзсіз.
Газет мәтінін жазу барысында автордың қандай тәсілді қолданғанына қарамастан оның көздеген мақсаты, яғни аудиторияға тізбек болған ықпалы біртекті болмайды. Мәтіндегі ақпаратты оқырман қауымның қалай қабылдайтынын алдын ала кесіп айтуға да болмайды, оны болжау да қиын. Бір сөзбен айтқанда, мәтіннің прагматикалық эффекті әр оқырманға қатысты әр түрлі сиптта болады. Осыған орай публицистикалық мәтіндер авторлары өз мақалаларын жазу барысында нақты басылымдарға арналған оқырман қауымның өзіндік ерекшеліктерін ескере отырып сол аудиторияға анағұрлым жақын, солардың таным – түсінігіне лайық әдіс – тәсілдерді таңдайды. Бұл құбылысты рецепиенттің қабылдау мүмкіндігін, аялық білім көлемін, баяндалатын мәселеге қатысты біліктілік дәрежесін, тағы да басқа қабілеттерін ескеру, яғни мәтінді рецепиентке бейімдеу деп тануға болады.
