- •Мазмұны
- •Ақпаратты мәтіндерді аудару
- •Метафора туралы түсінік
- •Метафора түрлері
- •Ақпараттық мәтіннің құралы – метафора
- •Ағылшын тіліндегі газет және публицистика стильдегі ерекшеліктері
- •2.2 Қазақ тіліндегі газет және публицистика стилінің ерекшеліктері
- •2.3 Газет мәтіндегі адресат факторы
- •Газет және публицистика стиліндегі саяси метафора алатын орыны
- •Концептуалды функция.
- •2) Ықпал ету функциясы.
- •Бағалауыштық функциясы.
- •4) Номинативті функция.
- •5) Модальдік фукнциясы.
- •Ақпаратты компрессиялау функциясы.
- •7) Бейнелеуіш функциясы.
- •8) Ақпараттық функциясы.
- •9) Түсіндіру немесе ұғындыру функциясы.
- •10) Жарнамалық функциясы.
- •11) Эвфемистік функциясы.
- •3 Саяси метафора аударуының ерекшеліктері
- •3.1 Метафора аудару әдіс – тәсілдері
- •1. Транскрипция мен транслитерация.
- •2. Калька тәсілі.
- •3. Сипаттама (түсіндерме ) аударма.
- •4. Жақындатылған аударма.
- •5. Трансформациондық аударма.
- •Метафоралық негіздегі сөздердің параллельдік атауы.
- •3.2 Саяси метафораларды қазақ тілінен ағылшын тіліне аудару ерекшеліктері
- •Қорытынды
- •Пайдаланған әдебиеттер тізімі
2.2 Қазақ тіліндегі газет және публицистика стилінің ерекшеліктері
Әдеби тілдің функционалдық стильдері өзінің бүгінгі күйіне, деңгейіне белгілі бір даму жолдары арқылы келеді. Сондықтан кез келген функционалдық стиль тек синхронды тұрғыдан емес, диахронды тұрғыдан да сипатталуға тиіс. Қазақ әдеби тілндегі публицистикалық стильдің алғашқы белгілері, ерекшеліетері 19 ғасырдың екінші жартысында қалыптаса бастады. Оның қалыптасуына қазақ даласында дүниеге келген «Түркістан уалаятының газеті» (1870-1883 ж.ж.) «Дала уалаятының газеті» (1883-1902 ж.ж.) басылымдары себепші болды. Бұл басылымдардың стиль қалыптастыруындағы маңызы мен мәнін ғалымдар Р. Сыздықова мен Б. Әбілқасымов жоғары бағалады. Қазақ әдеби тіліндегі публицистикалық стильдің қалыптасуына ұлттық баспасөздің маңызы зор болғандығын айта отырып, публицистика стиль өзінің табиғи бастауын шешендік сөздерден, Абайдың қарасөздерінен, Ыбырай Алтынсарин жазған газеттерден алғандығын да жоққа шығаруға болмайды. Қазақ әдеби тіліндегі публицистика стилінің жеке функционалдық стиль түрі ретінде қалыптасуына 20 ғасырдың басындағы мерзімді баспа сөз («Айқап» журналы, «Қазақ» газеті және т.б.) себепші болса, оның жан – жақты дамуы, әдеби тілдің толыққанды функционалдық стиліне айналуы кеңес дәірінде жүзеге асты. Кеңес дәіріндегі қазақ баспасөзі жақсы дамыған, тілі жетілген, тиражы көбейген бұқаралық ақпараттар құралдарының негізгі түріне айналды. Бұл салада алғашқы қазақ мерзімді басылымдары тілін зерттеген Б. Әбілқасымовтың, кеңес дәірі баспасөз тілінің ерекшеліктерін сипаттайтын С.М. Исаевтың зерттеулері жарық көрді. Қазақ әдеби тілінің әрбір функционалдық стилі өзіндік ерекшеліктерге ие болады. Осы ерекшеліктері арқылы олар бір – бірінен дараланады. Әр стильдің өзіндік белгілерін, қасиеттерін, ерекшеліктерін танып, білудің қазақ тіл білімінде ерекше мәні бар.
Публицистика (латынша: publicus – көпшілік, әлеумет) – қоғам өмірі үшін маңызды мәселелерді талқылау деген ұғымда жұмсалады. Публицитсикалық стиль қоғамдық талапқа сай жазылған шығармалардың негізінде қалыптасады. Белгілі бір тілде публицистиканың өз алдына бөлек стиль болып қалыптасуы қоғамдық сананың өскенін, артқанын көрсетеді. Тілдің басқа стильдері сияқты публицистикалық стиль де бірыңғай болып келмейді. Бірқатар лингвистер публицистикалық стильдің жазбаша түріне саяси тақырыпқа жазылған газет, жорналдардағы мақалалар, памфлет, очерк т.б шығармаларды, шешендік сөздерді публицистикалық стильдің ауызша түріне жатқызып жүр [19, 256б.].
Публицистикалық стильдің өзіндік белгілері оның атқаратын қызметіне, тілдік единициаларды қолдану мүмкіншіліктеріне, лексикалық сипатына, грамматикалық құрылысына, текст құру ерекшеліктеріне сәйкес айқындалады. Публицистикалық стильге тән негізгі қызмет – ақпарат, үгіт- насихат және ықпал ету. Оның осы қос қызметі үнемі бірлікте жүзеге асады және публицистика шығармалар тілінің лингвистикалық ерекшеліктерімен тығыз байланысты болады [3, 27б.].
Қазіргі кездегі өркендеп дамыған бұқаралық ақпарат құралдары оқылатын (визуальды) мерзімді басылымдар, тындалатын (аудиальды- радио), әрі тындауға, әрі көруге болатын (аудиовизуальды – теледидар, деректі кино) болып үш түрге бөлінеді. Бұлардың коммуникативті құрылымдарындағы кейбір айырмашылықтары болмаса, атқаратын функционалдық қызметтері ұқсас [20, 228б.].
Публицистиакалық шығармалар тілінің төмендегідей көрсетілген негізгі ерекшеліктер болады:
1) берілген материалдың деректілігі және ресми деректермен сәйкестігі;
2) берілген материалдың қалың көпшілігіне түсініктілігі;
3) берілген материалдың оқырманға әсерлілілгі. Публицистика стильдің хабарлау және ықпал ету қызметтері басқа функционалдық стиль түрлерінде де кездесіп отырады. Мысалы, ықпал ету функциясы публицистикалық стильге де, көркем әдебиет стиліне де тән. Бұл тұрғыдан мынадай белгілер оларды әрі біріктіреді, әрі оқшаулайды. Біріктіретін белгі жазушы да, журналист те өзінің шығармалары арқылы оқырман санасына әсер етуге ұмтылады. Ал оқшаулайтын белгі- автордың оқиғаға өз көзқарасы. Атвор- публицистің көзқарасы ашық, бірден беріледі де, жазушы көзқарасы көркем шығарманық композициялық құрылсынан кейін пайда болады. Яғни, публицистикалық стильде ашық субъективтілік басым келеді. Мұның өзі журналист пен оқырман арасында үнемі байланыс жасауына негіз жасайды. Бұл байланыс әсер етудің негізгі жолы ретінде қабылданады. Хабарды жеткізуде де публицистикалық стиль көркем әдебиет стиліне ұқсамайды. Көркем шығармадағы оқиға қаламгердің шығармашлық әлемінен сұрыпталып өтсе, публицистикалық шығармаларда деректер документалды беріледі [3,27б.]. Публицистика – ақиқат өмірдің сырлы суреті, оның арқауы – шындық [21,118б.]. Публицистикалық стиль- әдеби тілдің функционалдық стильдер ішіндегілердің ең күрделісі. Оның күрделілігі шағын стильдердің (подстиль) көптігінде және жанрлардың әртектілігінде. Публицитикалық стиль: 1) газет стилі; 2) лозунг стилі; 3) радио тілі; 4) теледидар тілі; 5) сөйлеуші шешен стилі;6) публицистикалық әдебиет тілі сияқты стильдерге бөлінеді. Алайда ос ышағын стильдер арасындағы ең негізгісі, публицистикалық стильдің барлық ерекшеліктері мен белгілерін өз бойына сақтайтыны – газет стилі. Кейде публицистикалық стильді газет – публицистика стилі деп беру де газет тілінің жоғарыдағы белгілеріне байланысты. Сондықтан публицистикалық стильдің өзіндік ерекшеліктері мен белгілерін анықтауда мерзімді баспасөз материалдарын жұмыс барысында қолданысқа алдық [3,27б.].
Газет мерзімді баспасөздің негізгі түрлерінің бірі болып есептелінеді. Газет деген сөз Венецияның ескі күміс тиыны «газетта» деген сөзден қалыптасты. Газеттің тарихы 16 ғасырда басталады.
Газет елдің қоғамдық – саяси, экономикалық, өндірістік, мәдени оқағалары, өмір құбылыстары мен фактілері оперативтік түрде хабарланады. Газеттер – жаңа адам тәрбиелеудің айрықша құралдарының бірі [21, 118б.].
Газет немесе публицистикалық стильде баяндаудың үш түрі кездеседі: оқиғаның 1-ші жақтың жекеше түрінде баяндалуы; 1-ші жақтың көпше түрінде баяндалуы; автордың 3 жақтан баяндауы. Осы баяндаудың әрқайсысы газет стилінде үлкен стилистикалық қызмет атқарып, оның жанрлық еркшеліктеріне сәйкес қолданылады.
Газет стилінің өзіндік ерекшеліктерінің бірі – оны ауыз екі стиліне жақындығы. Бұл байланыс газет стилінің барлық деңгейінде көрініс табады. Газет стилінің бұл ерекшелігі оның қалың бқарамен тығыз байланыста болуын көрсетеді. Газет стилі әдеби тіл мен ауыз екі стилінің арасында дәнекер қызметін атқарып, олардың жақындасуына игілікті әсерін тигізеді. Бұл процесті әдеби тілдің демократиялануы деп аталады.
Газет стилі әдеби тілдің нормалық жүйесіне қатысы жағынан да ерекшелінеді. Бұл стильде әдеби нормадан ауытқу жиі кездеседі. Газет стилінің әдеби тілдің нормасына қарым – қатынасы екі жақты:
1) газет стилі қалың бұқара тілінің нормалауына әсерін тигізеді;
2) газет стилі арқылы әдеби тілімізде жаңа стилистикалық нормалар қалыптасады. Сонымен қатар газет стилі әдеби тілдің функционалдық стильдерімен тығыз байланысты болып келеді. Әдеби тілдің функционалдық стильдерімен тығыз қарым – қатынаста болуы олардың саралануының кейіннен пайда болған құбылыс екндігін растайды. Бұл байланыс бір функционалдық стильге тән амал - тәсілдердің екіеші бір стильге қатысты пайдалану, бір функционалдық стильдің екіншісіне әсер етуінен, соның нәтижесінде әдеби тілдің функционалдық стильдер жүйесінің дамуынан байқалады. Бір стильге тән тілдік ерекшеліктердің екінші стильге ауысып, өнімді қолданылуы стильаралық диффузия деп аталады. Мысалы, соңғы кездегі көркем әдебиет стилінде газет стиль дәстүрін қолданып жазылған шығармалардың бар екндігі анықталып отыр. Бұл құбылыс Р.Сыздықова публицистизм құбылысы деп таниды. Қазақ әдеби тілінің публицистикалық стилі – иерархиялық сатысы жағынан жоғары, өзіндік функционалдық, лексика – грамматикалық ерекшеліктері бар, әдеби тілімізде үлкен қызмет атқаратын доминант стиль [22,114б.].
Публицистикалық стильдің лексикалық сипаты – қазақ тілі стилистикасында әлі терең зерттелмеген тың мәселердің бірі. Публицистикалық стиль тіліміздегі сөздік құрамның белгілі бір бөлігін үнемі пайдаланылып отырады. Мерзімді баспасөз беттерінде дәстүрлі қолданыс табатын, әдеби тілдің осы лексикалық қабаты стилистика ғылымында газет лексикасы атауына ие болды. Газет лексикасының өзіндік ерекшеліктері публицистикалық стильдің негізгі қызметімен тығыз байланысты болып келеді. Публицистикалық стильдің қоғамдық қызметі оның лексикасының бағалауыштық сипатта келуін қажет етеді. Газет, яғни мерзімді баспасөз, қоғамның қоғам ұстаннып отырған саясаттың, сол саясат негізінде туындайтын идеологияның жаршысы болғандықтан, оның беттерінде жиі қоладнылып отыратын лексиканың бір түрі – қоғамдық – саяси лекиска. Осы ерекшеліктерге сәйкес публицистикалық стильдің лексикасын мынадай топтарға бөліп қарастырылады:
1) қоғамдақ – саси лексика;
2) бағалауыш лексика;
3) бағалауыш емес лексика;
Мерзімді баспасөз беттерінде жиі кездесеп, публицистика стиль лексикасының бір тармағы ретінде қарастырылған қоғамдық – саяси лексиканы Р. Барлыбаев зерттеген. Қоғамдақ – саяси лексика газет лекискасы сияқты бағалауыштық сипатта болып келеді. Публицистикалық стильде қолданылатын қоғамдақ – саяси лексикаға әлеуметтік бағалылық тән болып, оның өзін жағымды бағалауыштық сипаттағы қоғамдақ – саяси лексика деп бөлінеді. Мысалы, ұлттық жаңару, ұлттық сезім, саяси тәуелсіздік, парасаттылық т.б. сөздер жағымды бағалауыш лексикаға, тоталитарлық құрылыс, авторитарлық жүйе кесімді жалақы, жасырын жұмыссыздық т.б сөздер жағымссыз лексикаға жатады. Қазақ тіліндегі қоғамдық – саяси лексика синхронды сипатта келеді. Мензімді баспасөз бүгінгі қоғамның тыныс – тіршілігін білдіргендіктен, оның лексикасы да «өміршең» сөздерден тұрады. Соңғы жыддар көлемінде публицистикалық стильде қолданылып жүрген қоғамдақ – саяси лексика түбегейлі өзгеріске ұшырады. Кеңес дәуірі баспасөзінде жиі қолданылған социалистік жарыс, совет, авангард, партиялық басшылық сияқты көптеген сөздер бүгінгі баспасөзде қолданудан шығып қалды. Ал сол кезеңдегі қоғамдық – саяси лексиканың жағымды бағлауыш сөздер тобын құрайтын социализм, коммунизм, партия, марксизм сияқты жоғары патетикалық мағынадағы сөздері өз актуалдығын жоғалтып, оның орнына доминанттық – партиялық жүйе, әмршіл - әкімшіл жүйе сияқты жағымсыз бағалауыш қасиетіне ие болды. Бүгінгі қоғамдық – саяси лексиканың кеңестік қоғамдық – саяси лексикасынан басты айырмашылығы олардың құрамындағы интернационал сөздердің қүрт азайып, жаңа сөздердің көбеюінде.
Публицистикалық стильдің синтаксистік сипатын тану тек осы стиль үшін ғана құнды емес, қазақ тідінің синтаксистік жүйесі үшін де маңызды. Публицистикалық стильдің синтаксисы ауыз екі стилінің синтаксисіне жақын келеді. Көркем әдебиет стилінің синтаксисы экспрессивті, ғылыми стильдің синтаксисы логикалы, ал публицистикалық стиль синтаксисы риторикалы сипатта олатындығы анықталды. Публицисткалық стиль тілімізідегі синтаксистік құралдардың бәрін бірдей пайдалана бермейді. Оның синтаксистік сипаты түрлі синтакситік құрылымдар мен құраладрдың осы стильдің түрлі деңгейлеріндегі қолданысы, ол құрылымдардың актив және пассив түрлері, публицистикалық стиль снтаксисінің басқа функционалдық стиль жүйесінен айырмашылығы, олардың қолданылу жиілілігі мен атқаратын стильистикалық қызметі сияқты мәселелер және синтаксистік стилистиканың құрамдас бөлігін құрайтындығы анықталды.
Мерзімді баспасөз беттеріндегі түрлі жанрда жазылған публицистикалық текстерде жай сөйлемдердің құрмалас сөйлемдерге қарағанда жоғары жиілікте келетіндігін көрсетеді. бұл ерекшелік публицистикалық стиль синтакисінің ауыз екі синтаксисіне жақын болуынан туындайды. Оның басты себебі публицистикалық текст синтаксисінің қабылдауға ыңғайлы, оқырманға жеңіл, түсінікті берілуінде. Жай сөйлемдер ақпарат хабарларда, шағын хабарламаларда, ақпарат – шолуларда басқа жанрларға қарағанда жиі, мол қолданылады. Оқиғаны тез, түсінікті және қарапайым тілмен беру осы жанралр синтакасисінің жай сөйлемдердің келуін талап етеді. Ауыз екі стилінің әсері публицстикалық стильдің жай сөйлемдер жүйеісн ғана қамтып қоймай, оның синтаксистік жүйесінің барлық деңгейіне әсер етеіндігі анықталды. Қалың бұқараға әсер ету, көпшілік қауыммен қарым – қатынаста кері сияқты публицисткалық стильдің негізгі қызметі ауыз екі стиліне тән синтаксистік құралдарды жүйелі пайдаланылуының басты себебтерінң бірі болып есептелінеді. Сонымен жай сөйлемдердің публицистикалық стильде қолданылуының мынадай ерекшеліктері анықталды:1) публицистика жанрының ерекшеліктеріне сай қолданылуы;
2) туындыгер публицистің өзіндік стилдік шеберлігіне сай қолданылуы.
Сұраулы сөйлемдер публицистикалық шығармаларда айтылар ойды, хабаоды ұтымыды жеткізудің негізгі құралдарының бірі ретінде өнімді қолданылады. Сұраулы құрылымдар өзінің негізгі қызметі – сұрау мағынасынан басқа, тексті дамыту, оқырман мен туындыгер арасын байланыстыру, оқырманға әсер ету, баянадалған оқиғаға оқырман назарын аударту, текстің көркемдік, стильдік бояуын күшейту, туындыгердің өз көзқарасын білдіру сияқты қызмет атқарып, бірнеше құрылымдық түрде келеді. Осы кезге дейін сұраулы құрылымдар сұрақ – жауап, хабарлау – сұрақ – жауап, хабарлау – сұрақ түрінде қолданылса, соңғы кездегі баспаөз тілінде оның сұрақ – хабарлау түрі кездесетіні байқалды. Бұл құрылым бойынша текст сұраулы құрылыммен басталып, дами береді [12,384б.].
Публицистикалық стильде үлкен стилистикалық қызмет атқаратын экспркссивті синтаксистің негізгі көркемдеуші құралдардың бірі – лексикалық қайтамалар. Бұл стилистикалық фигураның қазақ тілінің функционалдық стильдердегі қызметіне әлі күнге дұрыс назар аударылып, көңіл бөлінбей жүр.
Негізінен, лексикалық қайтамалардың көркем әдебиет стилінді қолданылу ерекшеліктері мен стилистикалық қызметі Қ.Жұмағалиевтің, Р.Әміровтің, М.Серғалиевтің, Р.Досжанованың зерттеулерінде қарастырылды.
Лексикалық қайтамалардың бірде лексемалардың, бірде сөзформалардың, ал енді сөйлемдер мен күрделі синтаксистік құрылымдардың қайталануы арқылы келуі бұл фигураның түрлі атаумен берілуіне себеп болса керек. Лингвистикада лексикалық қайталманың екі маңызды қызметі белгілі: семантикалық байланыс қызметі және стилистикалық көркемдегіш қызметі. Оның осы қос функциясы көркем шығарма тілінде де, публицистика тілінде де көрініп отырады. Публицистика стильде қолданылатын лексикалық қайталымдарды мынадай түрлерге бөледі: 1) айтылған ойға түсінік беретін лексикалық қайталамалар; 2) айтылған ойды нақтылап түсетін лексикалық қайталамалар; 3) айтылған ойға күшейту мәнін үстейтін лексикалық қайталамалар; 4) салыстырмалы қызмет атқаратын лексикалық қайталамалар. Публицистикалық текстің желісін үзбей байланыстырып, оқиғаны сатылы дамытып отыратын бірізді үлкен стилистикалық қызметті публицистикалық стильде лексикалық қайтамадан артық ешбір көркемдегіш құралдың атқара алмайтындығы анықталды.
Сонымен публицистикалық стильдің синтаксисінде жиі қолданылатын, грамматикалық құрылымдар табиғатын танудың мынадай екі жақты маңызы бар екндігі анықталды: 1) ол құрылымдарды бүгінгі публицистика стильдің өзіндік синтаксистік ерекшеліктері деп таныған жөн; 2) қазіргі қазақ тілі синтаксистік жүйесінің публицистикалық стиль арқылы дамитыны деп есептеу керек [3, 27б.].
