Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ақпараттық мәтінді аудару.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
281.09 Кб
Скачать
    1. Ағылшын тіліндегі газет және публицистика стильдегі ерекшеліктері

Аударма тәсілдерінін бейнелегенде, әрбір тәсілдің ерекшлелігін еске алу керек. Аса ерекшелінетіндер жазбаша және ауызшы аударма тәсілдері. Егер біріншісінде мәтіннің ерекшелігін, оның стилі мен мазмұнын сақтау талап етілсе, екіншісінде аудармашының шет тілдегі сөз тіркесін есте сақтай отырып, оның аудармасын айту талап етіледі.

Жазбаша аудармада, ең біріншіден, мәтіннің жанрлық – стилистикалық және жанрлық ерекшлеліктері анықталады:

  1. ғылыми – техникалық аударма (ғылыми – техникалық мәтіндері мен қағаздарын аудару);

  2. қоғамдақ – саяси аударма ( қоғамдық – саяси мәтіндерді ауару);

  3. көркем аударма ( көркем мәтіндерді аудару);

  4. әскери аударма (әскери тематикадағы мәтіндерді аудару);

  5. юридикалық аударма (юридикалық мәтіндерді аудару);

  6. тұрмыстық аударма (ауызекі – тұрмыстық мәтіндерді аудару);

Бізге керегі қоғамдық - саяси аудармаға жататын жанр - газеттік – ақпараттық материалдар. Сонымен қатар бұл жанр «газеттік – публицистикалық әдебиетте» аталына алады.

Салыстырмалы зерттеудің нәтижелері бойынша ағылшын және қазақ газеттік – ақпараттық материалдар арасында аса көрнекті айырмашылық бар екенін көреміз. А.Д. Швейцердің пікірінше жеке жағдайларға байланысты қолданылатын тілдік құралдар азды – көпті қатал ережелер арқала құрылыуы мүмкін. Салыстырмалы зерттеу нәтижесінде ағылшын және қазақ газеттерінің мақала атауларының арасында көптеген айырмашылықтар бар екені анықталды. Ағылшын мақала атауларында көбінесе етістік негізінде жасалған тіркестер қолданылады, және де бұл тіркестерде be етістігі түсіріліп тасалынады. Өткен шақта болған әрекеттер әдетте осы шақтағы етістіктер арқылы беріледі. Келер шақта болатын әрекеттер инфинитив көмегімен беріледі. Ал қазақ газеттерінің беттерінде атаулы тіркестер мен етістіктің осы да, өткен да, болар шақтар қолданады [22, 114б.].

Функционалдық стильдер жүйесі әрдайым даму үстінде келеді. Қысқа уақыт мерзімі ішнде жаңа хабарды жеткізу әрекеті коммуникативті міндет сипатында және тіл арқылы іске асады. Газет тілінде, сөзсіз, оны көркем, ғылыми, ресми іс – қағазалар мен ауыз екі стильдерінен айыратын, өзіне ғана тән ерекшеліктері бар [16,127б.]. Олар әр түрлі деңгейде ерекшелінеді: кейбіреулердің шекараларын анықтау мүмкін емес. Осы қиындықтар әсіресе газет немесе публицистикалық стильде кездеседі.

И.Р. Гальперин «Очерки по стилистике английского языка» атты кітабында газет стиліне үлкен тарау арналған. Газет стилінің ішінде автор екі өзге түрлерді ажыратады:

  1. газет хабарлар стилі, мақала атауы мен хабарландыру. И.Р.Гальперин пікірінше осы аталған стиль түрі газеттің негізін қалыптастыруда қызмет етеді;

  2. газет мақалаларының стилін әр түрлі публицистикалық стильдер құрайды, соның ішінде шешендік және эссе стильдері де кіреді [12, 384б.].

Ал М.Д. Кузнец пен Ю.М. Скребнев газет стилінің ерекшеліктерін өзге стиль түрі ретінде бөлуді дұрыс деп санамайды. Олардың пікірінше бұл кезде стиль жанрмен түсінігімен ауыстырылады [17, 249б.].

Қоғамдық қарым – қатынас жағдайы да газет стилі үшін ерекше. Газет – ақпарат беру және оқырманға ықпал ету құралы. Ол әр түрлі жастағы оқырмандарға есептеліп, өзін оқытқыздыра алып, көндіретін құрал. Оқырман газет оқуына көп уақыт бөлуге келмейді, сондықтан газеттегі ақпарат қысқа да нұсқа беріліп оқырманға эмоционалды әсет ете алатын құрал. Әдетте газетті поездің ішінде, тамақ ішкен кезде, метрода, жұмыстан кейінгі дем алыс уақытында, қысқа дем алыс ауқытты толықтыру үшін оқиды. Осыдан болатын шығар, газет ақпаратын тез, қысқа түрде, негізгісін бері қажеттілігі туады. Шағын мақала болса да, оны аяғына дейін оқырман оқымаса да, газает оған эмоциналдық әсер ете алуы керек [12,384б.]. Осының бәрі газет мәтінінің стиль қалыптастырушы факторлар мен функцияларын анықтайды:

а) ақпараттық;

ә) ағартушылық;

б) тәрбиелік;

в) ұйымдастырушылық;

г) гедонистикалық (сауықтыру);

Осы функциясының барлығы да ақпарат беруде стилистикалық із қалдырады. Бірақ газет функциясының негізгісі болып – ақпараттық әсер ету болып табылады. Негізгі акценті әсер ету аспектісі, газет материалдарының бәріне тән нәрсе [16, 127б.].

Ағылшын және американ газеттерінің стилистикалық суреті әр түрлі. Сити және Уолл Стрит публицистикалық ұйымдардын бастап көшедегі басылымдармен аяқталады. Ағылшын газет басылымдарына тән келесі ерекшеліктер бар:

  1. ауызекі сипаттағы;

  2. жаргонизмдер мен перифраздар және т.б. әдістер арқылы материалды бейнелеу сипаты;

  3. лауазым және үндеулердің ресмилігі;

  4. мақала атауларының ерекше сипаты;

  5. қызыл жолдың ерекше бөлінуі.

Енді жоғары аталған ерекшеліктерге тоқталайық. Ағылшын және американ газеттерде түйінді, маңызды мәтіндерде ауызекі сөз тіркестерін пайдаланылады. Ал бізідің газет беттерімізде ақпарат өте қатаң. Американ және ағылшын баспасөздерінде мемелекеттік және шетел қайраткерлерімен өз құрбыларындай үндесуі тән. Мемелекет басшылры мен минитсрлері газет беттерінде аттарын атау арқылы көрсетіледі, мысалы, Old Conrad (Adenauer), Bob Kennedy (Robert Kennedy), ал олардың ата – тектері қысқартылады: Mac (Mackmillan), Ike (Eisenhauer), т.б. Осы ауызекі формалар ағылшын және американ газеттерге әбден сіңіп кеткен ерекшелік, және де ешқандай эмоционалды әсет етпей бейтарап қала береді. Егер оны қазақ тіліне аударғанда сақтасақ, оқырманға әлдеқайда үлкен әсет етеді. Сонымен қатар, түпнұсқаның стилистикалық бояуы бұзылады. Өйткені, ағылшын және американ оқырманға үйренішті әсер қазақ не орыс оқырманы үшін алаңғасарлық болып саналады. Демек, егер ағылшын тіліндегі мәтін ақпараттық жанрда болса, онда қазақ не орыс тілдеріне аударылу кезінде де сол ерекшелігін сақтап түпнұсқаға тән қасиеттерін сақтауы керек.

Екінші ерекшелікті қарастырсақ, біз ағылшын және амеркан газет беттеріндегі қарапайым ақпартты беру кезінде оны көркейтіп, жаргонизмдер мен перифраздар сияқты көркемдегіш құралдарды пайдаланылады. Қазақ не орыс тіліне аудару кезінде де стилистикалық ерекшеліктерді сақтау ниетінен бұл тәсілдер түсіріліп аударылмайды.

Үшіншіден, ақпарат беруде ауызекі сөз тіркестерін пайдаланумен қатар, оған қайшы келетін құбылыстар да бар. Ағылшын және американ газет материалдарында саяси қайраткердің лауазымын аталуы міндетті шарт. Егер, саясеткердің аты тегінсіз, не болмаса лауазымсыз аталса оның алдына Mr. (Mister) немесе Mrs. (Mistress) қойылады. Осы лауазымдардың бәрі тек қана формальды мәнде пайдаланылады. Және де аударма кезінде бұл атаулар түсіріледі. Бірақ ресми құндылықты құжаттарда Mr. және Mrs. лауазым атаулары сақталып, қазақ тіліне мистер және миссис боп аударылмай, «мырза» мен «ханым» болып беріледі.

Төртіншіден, газет мақалаларының атаулары үш негізгі факторлармен анықталынады: біріншіден, мақала атауының негізгі қызметі оқырман зейінін таратып, оның қызығушылығын арттыру; екіншіден, мақала атауы берілген ақпаратттың негізгі ойын беруі немесе фактілерін бөліп көрсетуі керек; және де үшіншіден, мақала атауы көндіре алып, басылымның негізгі ойына сендіруі керек.

Соңғы ерекшелікке келетін болсақ, ағылшн және американ газеттерде әр бір жаңа сөйлем қызыл жолдан теріледі, мүмкін ол техникалық тәртіптен шығар. Әрине аудармашы түпнұсқа сөйлемдерді жаңғыртпай бұл тәртіпті бұза алады [18, 286б.].

. Олар оқырманды мақалаға деген қызығушылықты шақыру керек және де мақалада берілген ақпараттың қысқартылған түрде мазмұнын жеткіздіреді. Ақпарат берудің зер жинау сипаттамасы оқырманға қызықты мақаланы таңдауына мүмкіндік тудырады. Осыған байланысты оқырман мақалада берілетін негізгі идеяны мақала атуына қарап қызықтысын таңдайды.