- •Мазмұны
- •Ақпаратты мәтіндерді аудару
- •Метафора туралы түсінік
- •Метафора түрлері
- •Ақпараттық мәтіннің құралы – метафора
- •Ағылшын тіліндегі газет және публицистика стильдегі ерекшеліктері
- •2.2 Қазақ тіліндегі газет және публицистика стилінің ерекшеліктері
- •2.3 Газет мәтіндегі адресат факторы
- •Газет және публицистика стиліндегі саяси метафора алатын орыны
- •Концептуалды функция.
- •2) Ықпал ету функциясы.
- •Бағалауыштық функциясы.
- •4) Номинативті функция.
- •5) Модальдік фукнциясы.
- •Ақпаратты компрессиялау функциясы.
- •7) Бейнелеуіш функциясы.
- •8) Ақпараттық функциясы.
- •9) Түсіндіру немесе ұғындыру функциясы.
- •10) Жарнамалық функциясы.
- •11) Эвфемистік функциясы.
- •3 Саяси метафора аударуының ерекшеліктері
- •3.1 Метафора аудару әдіс – тәсілдері
- •1. Транскрипция мен транслитерация.
- •2. Калька тәсілі.
- •3. Сипаттама (түсіндерме ) аударма.
- •4. Жақындатылған аударма.
- •5. Трансформациондық аударма.
- •Метафоралық негіздегі сөздердің параллельдік атауы.
- •3.2 Саяси метафораларды қазақ тілінен ағылшын тіліне аудару ерекшеліктері
- •Қорытынды
- •Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Ақпараттық мәтіннің құралы – метафора
«Стиль» термині тіл ғылымында тар мағынада – тілідің атқаратын қоғамдық қызметтері ыңғайында ғана танылса, әдебиеттану ғылымында бұл мәтін кең мағынада жұмсалады. Бірақ тіл ғылымында ол терминді өзгеше кең мағынада жұмсайтындар да бар. Солардан айыру үшін әдеби тіл жайындағы стилистика ғылымында ол сөз тіл қызметінің орайындағы стиль «функционалдық стиль» деген тіркес құрамында, тар мағынада жұмсалады. Ол мәтін кейде «жұмыс стилі», «сурет салу стилі», «ән – күй стилі», деген сияқты құрамда дараланып, «тәсілі» деген мағынады жұмсалады.
Әдеби тілдің стильдік тармақтарының болуы – оның басты сипатының бірі. Тілдің коммуникативті қызметінің аясы кеңейіп, баспасөздің де құралына айналғанда, оған басқа да ерекше «міндеттер» жүктеледі. «Міндеттер» - деп отырғанымыз – баспасөз, жазба әдебиет тілінің қоғамдық қызметі. Стиль дегеніміз – тілдің қоғамдық қызметінің әр қилы орайында тілдік тәсілдердің белгілі мақсатпен жинақталған жүйесі. Сондай тілдік жүйелерден оның стильдер топтары құралады. Олардың бәрі бір дәуірде, бір кезеңде пайда болмайды, пайда болғандары бір қалыпта қатып қалатын жүйелер емес, үнемі даму процесінде болатын тарихи категориялар [14,472б.]. Әдеби тілдегі стильдік дифференция – оның өмір сүруінің заңдылығы. «Тілдік стильдердің көп түрлілігі жалпыхалықтық бірлігіне еш нұқсан келтірмейді. Керісінше, бұларсыз тілдің жалпыхалықтық сипатын тану мүмкін емес еді». Жан- жақты дамыған әдеби тіл өзінің стильдік тармақтарынсыз, функционалдық стильдерінсіз өмір сүруі мүмкін еме. Әдеби тілдің әр бір функционалдық стилі белгілі бір қызметке бағытталады. «Стиль – ол белгілі бір қатынастың түрінде тілдік единициаларды сұрыптап пайдалану арқылы ойды жеткізу мәнерінің көрінісі». Демек, стиль - ойды, хабарды жеткізудің бір әдсі. Әдеби тілдің функционалдық стильдері әдебиеттің жанр түрлеріне сәйкес пайда болып;1) көркем әдеиет стилі;2) публицистикалық стиль; 3) ғылыми стиль; 4) ресми стиль; 5) ауызша стильдер болып бөлінеді [3,27б]. Жұмыс барысында функционалдық стильдерінің бізге керегі публицистикалық стиль. Оның қоғамдық қызметі – идеологиялық, күнделікті баспасөз газет – журнал тілі. Оның ауызша формасы – радио, теледидар, және үгіт – насихатшылар тілі – қазіргі әдеби тілдің жүгі ауыр, елеулі саласы. Сондықтан оның сөздік құрамы да, жазу стилі де өзге стильдер тілінен өзгеше келеді. Мерзімді баспасөзде халық өмірінің алуан түрлі мәселелерін, шетел жаңалықтарын сөз ететіндіктен, оның тіл жұмсау әрекетінде әр алуандық болумен қатар, біріөзділік күшті болады. [14,472б.]. Егер қазақ тілінің стилистикасында публицистикалық стильде газет, яғни мерзімді баспасөз стилі оның бір түрі болып келсе, англистика мен русистикада газет және публицистика стильдерді жеке функциоаналдық стильдер ретінде белгілеп көрсетеді. Оның себебі олардың атқару қызметтеріне байланысты болады: газет стилінің негізгі мақсаты ақпарат, хабар беру; публицистика мақсаты – көндіру, іс - әрекет етуге шақыру, шындыққа баға беру болып табылады.
Сонымен қатар, публицистикалық және шешендік стильдерді жеке функционалдық стиль ретінде бөлуге болмайды сияқты пікір бар. Өйткені адамдар әр дайым шешендік стиль көмегімен қарым – қатынаста болмайды. Және де, газет беттерінде тек қана ақпараттық мақалалар болмайды, сонымен бірге: бір мәселені қзғайтын, алғы мақалалар, шолулар, бір ғана хабар беру мақсатын көздемейтін түсндірмелі мақалалар. Егер газет жазуы тек қана ақпараттық маұалалармен шектелсе, «таза» газет және публицистика жанраларына бөлу мәселесі қазірде өзекті болар еді. Мысалы, мынадай жағдай Англияда 17 ғасырдың аяғында 18 ғасырдың басында газеттер мен журналдар арасында қатаң функционалдық айырмашылықтар болған кезді атап өтуге болады. Бұл кезде газет беттерінде тек қана ақпарат пен күн жаңалықтары аталып кететін, ал журналдарда, керіснше, ешқандай хабар бермей тек қана оларға толықтыру ретінде тусндірмелер берілген. Ал бұл құбылыс екі стильді айыруда маңызды орын алады.
Газет жаныры үш улкен топқа бөлінеді: ақпараттық, аналитикалық және көркем – публицистикалық. Басқа классификацияларда газет жаныры тек ақпараттық және аналитикалық топтарды көрсетеді. осы жүйе арқылы бөлу топтардың ақпараттылығы мен оқырманға әсер ету критериелерін көңілге алады. Газет жанрлары «ақпарат берудегі оның орындылығы, факттілерді, оқиғаларды, құбылыстарды беру жолдары» [16, 127б.].
Сонымен, хабар беруге бағытталған ақпарттық жанрларға шағын мақала,репортаж, интервью, түсндірме колонкасы (колонка комментатора), тілші мақаласы (қорресподенция), есеп мақалалары жатады. Ақпараттық жанрлардың мәнерлілігі құрылымдарда оқырман тез қабылдай алатын синтаксистік құрылымдардың қолданысымен сипатталады. Ақпараттық жанрда суреттегіш құрылымды синтаксис кездеспейді.
Аналитикалық жанрларға мақалалар, шолулар, рецензиялар, хаттар. Олар терең талдау мен үлкен масштабты ақпаратты жалпылауға арналған. Оларға ақпараттық жанр синтаксисінен басқа экспрессивтік синтаксис те қолданылады.
Көркем – публицистикалық жанрларға очерктер, фельетон, памфлет сияқты ақпарат мақалалары сай.
Сонымен, стильдік тармақтар мен жанрлары қоғам өмрінің салараында жиі қолданыла жүріп, қалыптасқан тілдік құралдар жүйесіне айналды.
