- •Мазмұны
- •Ақпаратты мәтіндерді аудару
- •Метафора туралы түсінік
- •Метафора түрлері
- •Ақпараттық мәтіннің құралы – метафора
- •Ағылшын тіліндегі газет және публицистика стильдегі ерекшеліктері
- •2.2 Қазақ тіліндегі газет және публицистика стилінің ерекшеліктері
- •2.3 Газет мәтіндегі адресат факторы
- •Газет және публицистика стиліндегі саяси метафора алатын орыны
- •Концептуалды функция.
- •2) Ықпал ету функциясы.
- •Бағалауыштық функциясы.
- •4) Номинативті функция.
- •5) Модальдік фукнциясы.
- •Ақпаратты компрессиялау функциясы.
- •7) Бейнелеуіш функциясы.
- •8) Ақпараттық функциясы.
- •9) Түсіндіру немесе ұғындыру функциясы.
- •10) Жарнамалық функциясы.
- •11) Эвфемистік функциясы.
- •3 Саяси метафора аударуының ерекшеліктері
- •3.1 Метафора аудару әдіс – тәсілдері
- •1. Транскрипция мен транслитерация.
- •2. Калька тәсілі.
- •3. Сипаттама (түсіндерме ) аударма.
- •4. Жақындатылған аударма.
- •5. Трансформациондық аударма.
- •Метафоралық негіздегі сөздердің параллельдік атауы.
- •3.2 Саяси метафораларды қазақ тілінен ағылшын тіліне аудару ерекшеліктері
- •Қорытынды
- •Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Метафора түрлері
Метафора тілдің әр түрлі стилінде әр қилы қолданылады. Мысалы, метафора көркем әдебиеттің негізгі құралы болып табылады. Бірақ көпшілік ғылыми әдебиет пен оқулықтарда, іс – қағазадары мен документтік материалдарда өте сирек қолданылады. Өйткені, бұларға образды сөйлеу, астарлап айтудан гөрі ойдың тура, дәл айтылуы қажет. Ал бұған қарағанда, метафораны ауызекі сөйлеу мен газет тілінде жиі қолданамыз. Мысалы, ауызекі тілімізде «тойды» деу орнына «ар жағына құс қонды», «жылауы жақын» демей- ақ, «тостағаны кірледі» деп айта береміз. Сол сияқты «шай кесіліп қалды», «жол аяқ», дегеніміз де – метафора. Немесе «жуу», «көгілдір Дунай», «төбесі тесік» деген жаргондар да метафоралы сөйлеу үлгісімен жасалған. Қандай қарапайым адам болмасын, әңгіме үстінде де сөз сұрыптап, барныша бейнелеп, суреттей сөйлеуге үйір болады. Тура сөзге қанағаттанбай, бұрып асталауға, бейнелеп, мәнерлеп айтуға әуес келеді. Бұл тілімізге тән, жалпы заңдылықа іспеттес. Метафора, коммуникативтік қызметіне сай, тілдің әр саласында да кездесіп отырады. Бұл ретте тіліміз – метафоралар қоймасы. Тіпті «кез келген тіл – көмескіленген метафоралар сөздігі»
(В. Пизани, Этимология, М., 1956).
Метафора әсіресе дәстүрлі метафоралар, сөйлеу тілінде қолданыла береді. Ал әңгіме үстінде тілімізде дағыдылы қолданылмайтын, белгілі бір шешеннің қалам тартысына тән метафораларды араластыруан сөз ауырлап, әңгіменің эффектілігі әлсіреп кететін сияқты. Бірақ бұл алайда ой күрделендіру метафораның табиғатына тән екендігі ескерсек, оны қабылдау процесінің күрделі болуы да заңды.
Профессор П. Анохин былай деп жазады: «Метафора есть результат генерализующихся, быстро воспламеняющихся на большом пространстве мозга процессов, однако удерживаемых в пределах тонких элементов сходства и не дающих беспорядочного течения высшей нервной деятельности» («Литературная газета», 1940, 27окт.)
Кейінгі кездерге дейін қазақ филологиясында, тіпті орыс тілі мен әдебиетіне байланысты көптеген зерттеулерде де метафораны «сөздің ауыспалы мағынада қолданылуы», «ауыстыру» немесе «троп» деп түсіндіру – метафораның мәнен емес, жасалу техникасын (жолын) ғана көрсету.
Кез келген шығармада метфораның екі түрі кездеседі: бірі – бүкіл халыққа түсінікті тұрақты ауыс мағына алған, дәстүрлі қолданылып келе жатқан метафоралар, екіншісі - әлі жалпы халықтық сипат ала қоймаған, жеке бір тілмардың жанынан шығарған метафоралар. Олар көбіне әдебиетте қолданылатын және лингвистикадағы метафора деп ажыратылып, екеуі екі ғылым объектісі ретінде қаралуда. Кейде орыс тіл білімінде бұларды «тілдік метафора» (языковая метафора) және «стильдік метафора» (стилистическая метафора), «дәстүрлі метафора» (традиционные или лексикологические метафоры) және «поэтикалық» (соңғысын «старая метафора» жеу бар), «ауыс мағына»(переносное значение) деп бөліп қарау кездеседі. Бақытжан Хасановтың айтуынша, метафораны тілдік не әдебиеттік деуге болмайды. Метафора екеуіне ортақ. Әдебиеттік не тілдік метафоралардың арасында қойылған дуал немесе шекара жоқ.
