Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ақпараттық мәтінді аудару.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
281.09 Кб
Скачать
  1. метафораның толық берілуі. Бұл тәсіл бірінші тілдегі метафоралық бірліктердің екінші тілде балама ережесімен сай болса ғана қолданылады.

  2. қосу және түсіріп тастау.Егер екі тілдегі метафоралық бірліктердің бір – бірінен ерекшелініп айырмашылықтар болса пайдаланылады. Сонда мағына жасауда экспликация (қосу) немесе импликация (алып тастау) тәсілдері пайдаланылады.

  3. алмастыру екі тілдегі метафоралық элементтердің лексикалық не ассоциативтік сәйкестіктер сай келмеген жағдайда пайдаланылады.

  4. құрылымдық өзгеріс тәсілі екі тілдегі метафора беру жолдараның грамматикалық тұрғыдан сай келмегенде.

  5. дәстүрлі сәйкестіктер метафоралардың фольклордық, бибилиялық, антикалық мағынада негізделген метафораларды аударуда, яғни екі тілде олардың әр түрлі тәсілдер арқылы беру кезде.

  6. Метафоралық негіздегі сөздердің параллельдік атауы.

Көбінесе бұл тәсіл ашық метафора негізінде құрылған мәтіндерді тіларалық талаптар бойынша түпнұсқа мәтінде қолданылған метафоралық бірліктерді алмастыру немесе құрылымдық өзгерістер керек болғанда, және сол мәтінде берілетін ақпарттың бейнесін сақтау керек болған жағдайларда пайдаланылады.

Сонымен, экспрессивтік қызметті беретін құрал - метафора деп аталынады. Демек, газет публицистикалық стильде жоғары жиілілкті, оқырмандар арсында әдетті нәрсеге айналған стереотиптік метафоралар кездеседі. Сонымен қатар, «динамикалық эквивалентілікті» және түпнұсқа оқырманның сезімін ояту үшін аударма оқып отырған оқырман сезімін еске ала оытырп, бірінші тілдегі жоғалып кеткен бейне екінші тілде сөйлейтін адамға жаңа да қызықты болып көрінуі мүмкін. Мысалы, келесі сөйлемге көңіл аударайық:

1. Both Tories and many right – wing Labor leaders have been surprised by the swelling tide of working class opinion, embodied primarily in the trade unions, which said “No” to the Common Market.

Swelling tide – ағылшын тілі үшін әдетті бейне болса, қазақ тілі үшін, осы бейнеде құрылған метафора қолданысы орынсыз болар еді. Ең біріншіден opinion сөзінің мағынасын ашып алу керек. Осы үзіндіден Англияның Жалпы Нарығының пікіріне қарсы шыққан ағылшын жұмысшыларының батыл ой – пікірлері туралы ой қозғалады. Енді қазақ тілінде осыған сәйкес келетін стереотиптік метафораны табуға тырысайық.

1. Англияның Жалпы Нарыққа қосылуына қарсы косерваторларды сияқты, оң қанатты лейбористерді де жұмысшы классының қуатты пікірлер толқыны қатты толықты, ең біріншіден профсоюздерді.

Әрбір метафора негізінде жататын бейнені алмастыру мәселесі, оның қосымша едәуір мағыналық өзгерістер қиындата түсреді.

2. But he is soaring into this world of fantasy because in the real world his policies are getting such a bashing from the working people.

Бірақ ол аспанда ұшуды қалайды, өйткені жерде оның саясаты жұмысшылар тарапынан қатты қарсылықты кездестіреді.

Қазақ оқырманы үшін әдетті бейнеге сай біз soaring into this world of fantasy «аспанда ұшу» сөз тіркесіне ауыстырдық. Өйткені ағылшын тіліндегі this world of fantasy, the real world сөз тіркесіне қарама – қарсы қойылады. Сөйлемде «ойдан шығарылған дүние» туралы еш сөз қозғалмағандықтан «шын дүние» де туралы сөз ету өз мағынасын жояды. Ол үшін басқа қарама – қарсылықты («аспан» мен «жерді») қолданылу керек. Сондықтан да бір бейне алмастырылуы екінші бейнені алмастыруды талап етеді. Мұндай өзертуді экспрессивті – стилистикалық адаптация деп атауға болады. Экспрессивті – стилистикалық адаптация қажеттілігі, ашық метафораларды аудару кезінде пайда болады [27,301б.].

Ал егер В.С. Виноградовтың ұсынған аударма тәсілдеріне тоқталсақ, мынадай әдіс – тәсілдерді көруге болады: 1) транскрипция; 2) калька;

3) гипо–гиперонимикалық;4)жақындатылған;5)перифрастикалық (сипаттамалы, дескриптивті, экспликативті) аудармадар. [28,240б.].

3.2 Саяси метафораларды қазақ тілінен ағылшын тіліне аудару ерекшеліктері

Адекватты аударма деп түпнұсқаның тек қана мәні мен мазмұнын бермейтін аударма, сонымен қатар түпнұсқадағы стилистикалық бояуы бар экспрессивті – эмоционалдық қасиетін беретін аударманы айтады. Бірақ аудармашы жұмысында стилистикалық мәселелерді туғыздыратын кездер да болады. Стилистикалық мәселелер мынадай түрлерін жатқыздыруға болады: а) лексико – стилистикалық; ә) грамматико – стилистикалық; б) және тілдің жеке жанрларын беруде туындайтын аударма сұрақтары. Бірақ стилистикалық құралдарды беруде аудармашы жалпы принциптерімен шектелмей көп таралған, қолданысқа жиі түсетін стилистикалық әдіс – тәсілдерді аудару жолдары, мен ерекшеліктерін білуі керек. Көп жағдайларда бейнелілік пен мәнділік лексикалық бірліктердің стилистикалық тәсіл ретінде қолдану арқылы жүзеге асады [18,286с.].

Сондықтан да, лексико – стилистикалық тәсілдерді беру аудармашыдан шығармашылық ыңғайды, түпнұсқада пайдаланған стилистикалық құралдың ол үшін маңыздығын, және екі тілде бұл стилистикалық тәсілдерді салыстырып, салғыстыра алатын қабілеттерді талап етеді.

Ал біздің жұмыс барысында зерттелінген газет лексикасындағы қоғамдық – саяси лексика сөздік құрамдағы сандық әрі сапалық толығулардың айнасы. Газеттегі хабар, шетел жаңалықтары, проблемалық мақалалар сынды белгі жанрлар қоғамдық - саяси лексика элементтері көп қолданылатын мәтіндерден құралады. Оның үстіне газет атаулының басты қызметі – ақпарат жеткізу мен үгіт – насихат жұмыстары негізінен қоғамдық – саяси лексикаға жататын сөздер тобы арқылы іске асатындықтан, ол газеттің төл лексикасы саналады.

Ал сөздердің эмоционалды және экспрессивті ерекшеліктері олардың стилистикалық қолданыс аясын анықтап, стиль түріне қатыстылығын нақтылауға көмектесіп отырады. Газеттегі сөздер ауыспалы коннотациялық мағынада, кезеңдік сипатта қолданылады, себебі: «в результате необычной предметной отнесенности слова, вызванной потребностью дать характеристику, а не простое название предмета» екендігінен шығады. Бұл жерде де өзге тілдік категориялар сияқты бағалауыштықты қажеттілік тударатындығын байқауға болады.

Мерзімді басылымдар құрылымындағы сөздердің мағыналық компоннентінде бағалауыштыққа қажеттіліктің туындауы қоғамдық – әлеуметтік , саяси жағдайлармен тығыз байланыста қаралғанда ғана сыры ашылатын күрделі процесс. Публицистикада эмоционалдық, экспрессивтік және стильдік бояулар құбылысты, ұғымды жай ғана бағалаумен шектелмейтіндігі, оны әлеуметтік бағалауыштықпен ұштастыра білдіретіндігінің бір ұшығы осы айтылғандармен байланысып отырады.

Газет бетінде сөздердің эмоционалдық және экспрессивтік ауыспалы коннотациялық мағынада қолданысы ең алдымен стильдік құралы – метафора арқылы жүзеге асады. Метафораның эмоционалды – экспрессивті мән тудырудағы қызметін анық аңғаруға болады. Өйткені метафораның өзге салалардағы, атап айтқанда, сөзжасам мен терминжасамдағы қызметтері ғылыми тұрғыдан барынша терең қарауға сұранып тұрған мәселе екені байқалады.

Метафора қызметінің ауқымдылығын мына дәйексөз арқылы бағамдауға болады: «То, что метафора – вездесущий принцип языка, потверждается простым наблюдением. В обычной связной речи мы не встретим и трех предложений подряд, в которых не было бы метафоры. Даже в сторгом языке точных наук можно обойтись без метафоры лишь ценой больших усилий. В различных отраслях знаия: в эстетике, политике, социологии, этике, психологии, теории языка и т.д. – наши основные трудности связаны я выяснением того, как мы используем метафору ы как наши по видимости устойчивые слова изменяют свои значения»[20,228б.].