- •Мазмұны
- •Ақпаратты мәтіндерді аудару
- •Метафора туралы түсінік
- •Метафора түрлері
- •Ақпараттық мәтіннің құралы – метафора
- •Ағылшын тіліндегі газет және публицистика стильдегі ерекшеліктері
- •2.2 Қазақ тіліндегі газет және публицистика стилінің ерекшеліктері
- •2.3 Газет мәтіндегі адресат факторы
- •Газет және публицистика стиліндегі саяси метафора алатын орыны
- •Концептуалды функция.
- •2) Ықпал ету функциясы.
- •Бағалауыштық функциясы.
- •4) Номинативті функция.
- •5) Модальдік фукнциясы.
- •Ақпаратты компрессиялау функциясы.
- •7) Бейнелеуіш функциясы.
- •8) Ақпараттық функциясы.
- •9) Түсіндіру немесе ұғындыру функциясы.
- •10) Жарнамалық функциясы.
- •11) Эвфемистік функциясы.
- •3 Саяси метафора аударуының ерекшеліктері
- •3.1 Метафора аудару әдіс – тәсілдері
- •1. Транскрипция мен транслитерация.
- •2. Калька тәсілі.
- •3. Сипаттама (түсіндерме ) аударма.
- •4. Жақындатылған аударма.
- •5. Трансформациондық аударма.
- •Метафоралық негіздегі сөздердің параллельдік атауы.
- •3.2 Саяси метафораларды қазақ тілінен ағылшын тіліне аудару ерекшеліктері
- •Қорытынды
- •Пайдаланған әдебиеттер тізімі
2. Калька тәсілі.
Бір тілдегі лексикалық бірліктердің, екінші тілде оларға сай келетін сөздермен сөз тіркестері арқылы беру – калькалау деп аталынады. Калькалау аударылатын тілде түпнұсқа тілдегі лексикалық бірліктерді қайталайтын жаңа сөзді және сөз тіркесті жаңғыртуда негізделінеді. Сонымен қатар, калька тәсілі тілдік бірліктің сыртқы нысанын, ішкі мазмұнын дәл, сол қалпында аудару дегенді де білдіреді.Мысалы, аудармашы superpower, mass culture, green revolution сияқты сөздерді аударғанда осы тәсілді яғни калькалауды пайдаланылады, олар «сверхжержава», «массовая культура», «зеленая революция» болып беріледі. Кейбір кездерде калькалатын сөздің орын тәртібі өзгеріп те келеді, мысалы, first – strike weapon – оружие первого удара, land – based missile – ракета наземного базирования. Сонымен қатар, калькалау мен транскрипция тәсілімен бірге қолданылады: transnational – транснациональный, petrodollar - нефтедоллар, miniskirt – мини – юбка деп аударылады.
3. Сипаттама (түсіндерме ) аударма.
Бұл тәсіл толық сөз тіркесі көмегімен қазақ тілдегі лексикалық бірліктің мағынасын ашып, белгіленген негізгі лексикалық бірліктің көрінісін ашады. Сипаттама аударманың өзгешелігі – ол баламасыз лексика бірлігімен белгіленіп, көрінісітің мәнін толығымен ашады. Сондықтан да кейбір зерттеушілерде бұл тісіл түсіндірмелі деп аталады. Бұл лексика – грамматикалық трансформация шетел тілінің лексикалық бірлігі оны суреттейтін сөз тіркесімен ауыстырылады. Аударма тілінде толық түсіндірмесі немесе анықтамасы беріледі.
Аудармашылар, сонымен қатар, жұмыс барысында екі жолдың үйлесуін жиі қолданылады, яғни транскрипция мен сипаттама аударманы. Бұл транскрипцияға сай әдіс көрінісінің үнемделуін және қысқалығын байланыстыруы және сипаттама аударма арқылы берілген бірлктің семантикасынашуы болып табылады.
4. Жақындатылған аударма.
Қазақ тіліндегі лексикалық бірліктерінің шет тілдегі лексикалық бірлігі сәйкес келетін мағынасының жақын болуымен ерекшелінеді. Жақындатылған аударманың өзектілігі – оқырманға түсінікті болуы, яғни аударма баламасы ретінде «туған» деген түсінік беріледі. Бірақ бұл тәсілді абайлап қолданылған жөн, өйткені оның негізінде белгілі бір дәлдәілік орнатылған. Бұндай лексикалық бірліктердің жақын баламаларын «аналогтар» деп те атауға болады. Мысалы, know – how - өндіріс құпиясы. Аудару барысында «аналогтарды» қолдану – нәрсенің немесе көрініс мінездемесінің дұрыс еместігін көрсетуі де мүмкін.
5. Трансформациондық аударма.
Кейбір жағдайларда аудармашы сөйлемнің синтактикалық құрылысын қайта құру, бастапқы сөз мағынасының лексикалық ауыстырылуын орындауға міндетті болып келеді. Мысалы, glimpse, to have/ to catch a glimpse of smth. - деген айтуларда қолданылады және аудармағы етістіктің қолданылуы сөйлемнің синтактикасын қайта құруын талап етеді.
Ал В.Н.Коммисаров аударма трансформацияларының үш түрін бөледі:
1) лексикалық трансформация; 2)грамматикалық трансформация; 3) стилистикалық траснформация. Соның ішіндегілердің бірі, лексикалық трансформациялардың мынадай түрлерін бөледі: аударма транскрипциялары мен транслитерация, калькалау, лексико – семантикалық алмастырулар (нақтылау (конкретизация), жалпылау (генерализация), және модуляция). Бұл классификациядағы бірінші екі тәсілге тоқталсақ, келесі әдіс – тәсілдерге көңіл бөлейік.
Лексико – семантикалық алмастыру тәсіл.
Түпнұсқа тілдегі лексикалық бірлктердің аударылатын тілдегі лексикалық бірліктерге сәйкес келмейтін, бірақ логикалық өзгеріске ұшыраған басқа бірліктеріді қолдану арқылы жүзеге асады. Лексико – семантикалық алмастырулардың негізгі түрлерінің бірі болып:
а) нақтылау
б) жалпылау
В) модуляция (мағыналық өріс) әдістері жатады.
Экспликация немесе сипаттамалы аударма.
Бұл тәсіл лексико – грамматикалық трансформация, түпнұсқа тілдегі лексикалық бірліктердің аударылатын тілде экспликация арқылы, яғни сөздің ұлғайған немесе кішірейтілген мағынасында беріліуін айтады. Бұл тәсіл арқылы түпнұсқада баламасы жоқ сөздің мағынасын беруге болады. Мысалы, conservatist - табиғатты қорғаушы адам, whistle – stop speech – сайлау алдындағы кандидаттың агитациялық сөздері. Бейнелі аударманың негізгі кемшіліктерінің бірі оның көп сөздігінде.
Компенсация.
Бұл тәсілде түпнұсқадағы аударма бірліктерінің мағыналық элементтерінің қолданылмауы, бірақ аударылатын тілде әр түрлі тілдік құралдар арқылы беріліп, түпнұсқадай сол оырнда емес, басқа орында қолдануды айтады.
Тұрақты метафоралық сөз тіркестердің ұлттық ерекшелігі мен бағытталғынын әр түрлі дәрежеде көрсететіндіктен, аудармашы үшін бұл тіркестердің бір бөлігі оларға тек жақындатылған аударманы, ал келесі бөлігі тура мағынада қолданылуы да мүмкін. Бірақ сонымен қатар метафораны аудару үдерісі екінші тілдегі метафоралық тіркестердің баламаларының барымен жеңілдетіледі. Бұл әрекетте аудармашы алдында тек қана баламалардың арасынан сол аударылатын тілдегі метафоралық тіркеске үлкен дәрежеде сай келетін тіркесті тауып алу болып табылады [25, 250б.].
В.С.Виноградов және А.В.Федоров гипонимикалық (негізі грек түбірінен құрастырылған ағылшын тілдегі hyponimy) тәсілді белгілейді. Бұл тәсілге балама мен түпнұсқа сөзінің арасындағы байланысты орнатып, түр – түсінігін береді. Мысалы, кополь (кактус түрінің бірі) – кактус, кебарго (ағаш түрі) – ағаш деп аударылатын кезде осы тәсіл қолданылады.
Л.К.Латышев «аударма тіліндегі жаңа терминін құруда иллюстрация тәсілін ұсынады. Бұл тәсіл негізінде «тікұшақ (вертолет) терминін» мысалға алып, бұл сөзді геликоптер шетел терминін алмастырған болатын. Сонымен қатар Л.К. Латышев мынадай тәсілдерді бөледі: транслитерация; калька; жақындатылған аударма; ұлттық ерекшелігінің элиминициясы; сипаттамалы аударма [26, 136б.].
Сонымен, жоғарыда айтап кеткендей бейнелеуіш стилистиалық құралдардың бірі – метафора болып табылады. Ежелгі дәуірден бастап адам, әлем бейнесін әртүрлі бейнелеуіш құралдар арқылы сөз еткен. Бұл өзгерістер тілде өз орындарын тауып, түрлі табиғатты болып келіп, қазіргі заманға дейін стандарттан ауытқитын форма болып сақталынатын тілдік бірліктер, яғни метафоралық бірліктер болып табылады. Пиввуева мен Двойнинаның метафораларды аударудың жалпы заңдылықтары мен әдіс – тәсілдерін былай көрсетеді.
Көптеген жағдайларда ашық метафоралардың құрылымдық өзгереістерді талап етеді. Бұл әдіс аударма мен түпнұсқа тілдері, сөздік және грамматикалық өзгерістерді талап етсе ғана қолданылады.
Құрылымдық өзгерістер ағылшын тіліндегі кең таралған эпитеттік метафора аударуда кездеседі. Бұл эпитеттік метафора атирибутивтік не субстантивтік, немесе олардың қосымдысы арқылы, құрылымдарымен беріледі. Мұндай жағдайларда метафоралық тіркес мүшелерінің орын ауыстыруы арқылы немесе қосу және алып тастау қолданылады.
Кей жағдайда метафора аудару кезінде дәстүрлі ассоциялардың сай келмеуін есте сақтаған жөн. Мысалы, көптеген жағдайда ағылшын тілдегі метафоралық мағынада қолданатын «black» сөзі сөзбе – сөз аударылуы мүмкін: black day – қара күн; black deed – қара жұмыс және т.б. Бірақ метафораны эпитет қызметінде қолданыста аудару кезінде ағылшын және қазақ тілдерінде айырмашылықтар пайда болады, сол кезде бейнелі алмастыру тәсілі қолданылады. Мысалы, black sheep, black frost.
Метафоралық бірліктерді аударуда фольклордық метафора үлкен орын алады. Әсіресе, эмоционалды – бағалауыш ақпарат беретін түс, көлем, жас мағынадағы метафоралар аударуда.
Сонымен бірге, дәстүрлі сәйкестіктер, метафоралық тіркестіктердің аударылатын да, аударатын тілдерге ортақ бір тілден ауысып келгенде де, әртүрлі тәсілдермен беруге болады. Аударылатын тілдегі метафоралардың өзгеруі тек қана тілдік айырмашылықтарға тәуелді болуы заңды нәрсе емес. Сонымен қатар, мәдени – қоғамдық түсініктері мен метафоралық тіркестердің басқа аяларда пайдаланумен ерекшелінеді. Айырықша белгілердің көрінісі жарнамалық мәтіндерде көруге болады. Бұнда метафора қолданысы тек қана бөлшек бола алады да, сонымен бірге негізгі бейнелеуіш құрылым ретінде қолданылып, метафоралық бірліктің өзгеруі бүкіл мәтіннің өзгеріске ұшыратуы да мүмкін.
Метафора аударуда еркше мәселені туғыздыратын жағдай – метафоралық бірліктердің екі тілде әртүрлі берілуімен көрсетіледі. Мұндай жағдайда өзгерістер аса көлемді болуы мүмкін, яғни, сол стилистикалық бірліктің толық алмастырылуымен аяқатлады. Мысалы, аударылатын мәтіндегі метафора аударатын мәтінде мүлде басқа стилистикалық тәсіл арқылы берілуі да мүмкін. Пиввуева мен Двойнина метафора аударуда мынадай тәсілдерді қолдануға ұсынады:
