- •Мазмұны
- •Ақпаратты мәтіндерді аудару
- •Метафора туралы түсінік
- •Метафора түрлері
- •Ақпараттық мәтіннің құралы – метафора
- •Ағылшын тіліндегі газет және публицистика стильдегі ерекшеліктері
- •2.2 Қазақ тіліндегі газет және публицистика стилінің ерекшеліктері
- •2.3 Газет мәтіндегі адресат факторы
- •Газет және публицистика стиліндегі саяси метафора алатын орыны
- •Концептуалды функция.
- •2) Ықпал ету функциясы.
- •Бағалауыштық функциясы.
- •4) Номинативті функция.
- •5) Модальдік фукнциясы.
- •Ақпаратты компрессиялау функциясы.
- •7) Бейнелеуіш функциясы.
- •8) Ақпараттық функциясы.
- •9) Түсіндіру немесе ұғындыру функциясы.
- •10) Жарнамалық функциясы.
- •11) Эвфемистік функциясы.
- •3 Саяси метафора аударуының ерекшеліктері
- •3.1 Метафора аудару әдіс – тәсілдері
- •1. Транскрипция мен транслитерация.
- •2. Калька тәсілі.
- •3. Сипаттама (түсіндерме ) аударма.
- •4. Жақындатылған аударма.
- •5. Трансформациондық аударма.
- •Метафоралық негіздегі сөздердің параллельдік атауы.
- •3.2 Саяси метафораларды қазақ тілінен ағылшын тіліне аудару ерекшеліктері
- •Қорытынды
- •Пайдаланған әдебиеттер тізімі
3 Саяси метафора аударуының ерекшеліктері
3.1 Метафора аудару әдіс – тәсілдері
Аударма үдерісі немесе аударма тар мағынада аудармашының жүзеге асырған мәтін болып табылады. Аударма үдерісі кемінде екі жол арқылы пайда болады: 1) аудармашының түпнұсқа мәтінін ұғынуы; 2) сол мәтінді аударуға сай келетін, аударма тәсілін анықтау болып табылады. Осы екі жол соңында түпнұсқа мәтіннен аударылатын мәтінге өту үдерісі жүзеге асырылады [25,250б.]. В.С. Колесникованың айтуынша, жазушы мен адресат арасындағы болатын байланыс үрдісінің өзара ерекшеліетері болады. Дискурс қатысушылары бір – бірінен уақыт пен кеңістікте алыстаған.
Оқырман мен жазушының арасындағы тағы да бір лингвокреативтік мәселе туындайды. Ол жазушы ойының, сезімінің, көңілінің хабарлағыш қызметін атқарады. Ал аудармашы түпнұсқа мәтіндегі әртүрлі бейнелуіш құралдарды аударуымен өте жиі кездеседі. Әрбір мәтін құрылысында тіл функциясының ерекше бірлігін құрайтын әртүрлі троптарды, тіл фигураларын және тағы басқа құралдардан құралады. Стилистикалық құралдарды бір тілден екінші тілге аудару арқылы эмоционалды – эстетикалық ерекшелігін сақтайтын өзгерістерді талап етеді.
Бейнелеуіш стилистикалық құралдардың бірі – метафора. Ежелгі дәуірден бастап адам, әлем бейнесін әртүрлі бейнелеуіш құралдар арқылы сөз еткен. Бұл өзгерістер тілде өз орындарын тауып, түрлі табиғатты болып келіп, қазіргі заманға дейін стандарттан ауытқитын форма болып сақталынатын тілдік бірліктер, яғни метафоралық бірліктер болып табылады [27, 301б.].
Ал аударма трансформациясы дегеніміз – түпнұсқа бірліктерінен аударылатын мәтін бірліктеріне ауысуға көмектесетін құбылысы. Аударма трансформациялары мазмұндық және бейнелік тілдік бірліктер арқылы жүзеге асатындықтан, олар формальді – семантикалық болып сипатталады. Аударма трансформациялары статикалық көз қарасиа емес, яғни түпнұсқа тіліндегі сөздер мен сөз тіркестер ара қатынасында емес, аударма тәсілінің бірі ретінде динамикалық көз қараста қарастырылады. Ол арқылы аудармашы бір тілден екінші тілге аудару кезінде аударылатын тілде сөз тіркестерінің болмайтын немесе сол мәтінге сай келмеген жағдайда қолданылады. Жалпы алғанда аударматануда сөздер мен сөз тіркестерін аударуда келесі әдіс – тәсілдер қолданылады.
1. Транскрипция мен транслитерация.
Түпнұсқадағы мәтін бірліктерін аударылатын тілдегі бірліктерді әріптердің көмегімен жүзеге асыру. Транскрипция арқылы шет тілді сөзді дыбыс формасын берсе, транслитерация оның графикалық формасын береді. Қазіргі кезде аударма тәсілдерінің бірі болып транскрипция, оның ішінде транслитерацияның элементтерін сақтаумен берілетін тәсіл болып табылады. Тілдердің фонетикалық және графикалық жүйелері әр түрлі болып келетіндіктен түпнұсқа мәтіндегі сөздерді аударылатын тілде берілу ережелері мен заңдылықтары басқа немесе жақындатылған болып келеді.
Сонымен бұл тәсіл бойынша сөздер тілдің артикуляциялық ережелеріне сәйкес аударма тілдің фонетикалық құралдарының көмегімен басқа тілге сол күйінде енеді. Бұл тәсілдер шет тілдегі жалқы есмідерді, географиялық атауларды, әр – түрлі компаниялардың, фирмалардың, кемелердің, газет – журналдардың және таға да басқа атауларын беру тәсілдеріне пайдаланылады. Мысалы, absurdist - абсурдист, kleptocracy – клептократия, skateboarding – скейтбординг. Ағылшынша – орысша аудармаларда көбінесе аударманың транскрибтау тәсілі транслитерация элементтерімен беріледі. Негізінен, айтуға келмейтін дауыссыз дыбыс пен редуцияланған дауысты дыбыстарды беру кезінде қолданылады (Dorset - Дорсет, Campbell- Кэмпелл).
