Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ақпараттық мәтінді аудару.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
281.09 Кб
Скачать

Мазмұны

КІРІСПЕ……………………………………………………………………….3

1 АҚПАРАТТЫҚ МӘТІНДЕРДІ АУДАРУ……………....……………5

1.1 Метафора туралы түсінік……………………………………………….5

1.2 Метафора түрлері……………………………………………………….9

  1. АҚПАРАТТЫҚ МӘТІННІҢ ҚҰРАЛЫ – МЕТАФОРА……………11

    1. Ағылшын тіліндегі газет және публицистика стилінің ерекшеліктері.13

    2. Қазақ тіліндегі газет және публицистика стилінің ерекшеліктері……16

    3. Газет мәтіндегі адресат факторы……………………………………….22

    4. Газет және публицистика стиліндегі саяси метафора алатын орыны.24

  2. САЯСИ МЕТАФОРА АУДАРУЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ……….31

    1. Метафораны аудару әдіс – тәсілдері……………………………………31

    2. Саяси метафораны қазақ тілінен ағылшын тіліне аудару ерекшеліктері…………………………………………………………………….37

ҚОРЫТЫНДЫ………………………………………………………………39

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ………………………………40

КІРІСПЕ

Аударма адам қызметінің, іс-әрекетінң бір түрі. Ал іс-әрекет- субъектінің болмысқа қарым- қатынасын белгілейтін ұғым. «Аударма» - көп мағыналы сөз. Ол, біріншіден, бір тілді екінші бір тілде сөйлету үдерісін білдірсе, екіншіден, осы тілде айтылғанның, жазылғанның келесі тілге қалай жеткенін, яғни іс- әрекеттің нәтижесін, өнімін білдіреді.

Аударма әдебиеттің тілі – бір тілден екінші тілге ауыстырылған семиотикалық таңба-белгілердің жиынтығы емес; коммуникативтік мақсаты бар тұтас құрылым. Аударма әдебиеттің тілі де төл тілдегі нұсқалар сияқты ақпарат беру, эмотивті (қабылдаушыға әсер ету) қызметтерін атқарады [1, 215б]. Осыған қоса аударма әрқашан да стилистика ұғымымен өзара байланысты болып келеді.

Стилистика деген стиль туралы ұғым. «Стиль» сөзі әдебиетке де байланысты қолданады. Ал тілге қатысты стиль белгілі бір тілдегі лексикалық, грамматикалық және фонетикалық тәсілдердің қолданылу прициптерін қарастырады. Мағыналық дәлдік, мәнерлілік сөздерді нақты қолдана білумен, дұрыс орналастырумен, мәнерліліктің тәсілдерін білумен тығыз байланысты.Сонда стилистика сөздердің қолданылу заңдылықтарын сөз бен сөздің экспрессивтік тұрғыдан дұрыс пайдалану принциптерін зерттейді, яғни белгілі бір ойдың талғамдылықпен берілуін талап етеді.

Тіліміздегі қай стильдің болса да негізгі арқауы – сөйлеудің ауызшы және жазбаша формалары, ол формалар тілдік единицалардың сұрыпталып қолданылу нәтижесінде дамып жетіледі. Қоғамдаға қатынас түрінің әр түрлілігіне байланысты тілдің пайдаланылуы да әр түрлі болады. Осыдан келіп әр түрлі мағыналық реңкі бар тілдік құралдар қолданылады. Тілдік құралдар үнемі өзгеруде, жетілуде болады. Өйткені, тіл де, стиль де тарихи категориялар болып табылады.

Ал аударма саласы – мәдениет пен әдебиеттің көне мүлкі, үлкен дүниесі. Ол туралы айтылатын сөз, қойылатын проблема қашан да туындай бермек [2,142б.]. Қазіргі қоғамның жаңа бағытта дамуы, Қазақстан республикасының тәуелсіз мемлекетке айналуы, ел өміріндегі, оның барлық саласындағы түбегейлі өзгерістер, ана тілімізге мемлекеттік тіл дәрежесінң берілуі – бүгінгі қоғамымыздың жаңа үрдістердің бірі. Жаңарған қоғамның жаңалықтары қазақ тіліне жаңа міндеттер жүктеп отыр. Қазақ тілінің қызмет аясының кеңеюын көрсететін басты белгі – мерзімді баспа.

Ғасырдан астам баспасөз ұлттық дүниетанымның күшті тәрбие құралы ретінде өзінің жемісті қызметін жалғастырып келеді. Қоғамның үні, жариялылықтың жаршысы қызметін атқарушы мерзімді баспасөз ешқашан өзінің маңызын, рөлін төмендеткен жоқ [3,27б.].

Жұмыс өзектілігі бірнеше факторлармен анықталады: біріншіден, Қазақстан Республикасы мен Ұлыбритания және Америка Құрама Штаттары сияқты шетел мемлекеттері арасындағы қарым-қатынастарының ұлғаюы, соның ішінде, саясат аясындағы жұмыстың зәру болуы.

Екіншіден, тілдер арасындағы бұқаралық ақпарат ерекшеліктерін дәйектеу қажеттілігі, соның ішінде, негізгі ақпарат құралдарының бірі – газет беттерінде.

Зерттеу объектісі – газет және публицистика стильдердегі саяси метафора қолданысы.

Зерттеу мақсаты – қазақ және ағылшын газет беттеріндегі саяси метафораны аудару ерекшеліктерін айқындау.

Жұмыс мақсатына сәйкес келесі міндеттер туындайды:

  • метафора туралы жалпы түсінік беру;

  • метафораның түрлерін анықтау;

  • қазақ және ағылшын тілдегі мерзімді басылымдардың ерекшеліктерін көрсету;

  • саяси метафораның қазіргі қазақ тілі мен ағылшын тілдеріндегі публицистикалық жанрында алатын орынын анықтау;

  • саяси метафораның қазақ тілінен ағылшын тіліне аударылу ерекшеліктерін салыстырмалы әдіс негізінде қарастыру.

Жұмыс жаңалығы қазақ және ағылшын тілдегі мерзімді баспасөз арқылы қабылдаушыға ықпал ету әдісі ретінде саяси метафораның салыстырылып-салғыстырылуы жаңа ғана өріс алумен анықталады.

Теориялық және практикалық маңыздылығы зерттеу барысында саяси метафораның тілдік сипаты теориялық мәселелері қарастырылады. Метафораның қазақ тілі мен ағылшын тілдегі бейнелілік, ұқсастық қасиеттерінің тілдік, тілден тыс табиғаты зерделінеді. Тілдік метафораның қызметіне қарай түрлерінің ерекшеліктері, мағына түзудегі маңызы және бағалауыштық мәселелері көрсетіліп сараланады.