Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
№24 сабақ.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
93.02 Кб
Скачать

С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ

КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д.АСФЕНДИЯРОВА

ОРТОПЕДИЯЛЫҚ СТОМАТОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ

ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАРҒА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ

Кафедра - «Ортопедиялық стоматология»

Пән– «Ортопедиялық стоматология» - ПДО 07

Мамандық – 5В130200 « Стоматология»

Тәжірибелік сабақтарға арналған әдістемелік нұсқау

Тақырып №24: Жақ сүйегінің жүре пайда болған ақаулары. Туа біткен және жүре пайда болған таңдай ақаулары. Клиникасы, диагностикасы, ортопедиялық емдеу әдістері

Курс - 5

Цикл -37 сабақ

Алматы, 2016

Тәжірибелік сабақтарға арналған әдістемелік нұсқау ортопедиялық стоматология кафедрасының отырысында талқыланды

«19» 05 2016 жыл №19 Хаттама

Ортопедиялық стоматология кафедрасының

меңгерушусуі, м.ғ.д., профессор К.Д.Алтынбеков

1. Тақырып №24: Жақ сүйегінің жүре пайда болған ақаулары. Туа біткен және жүре пайда болған таңдай ақаулары. Клиникасы, диагностикасы, ортопедиялық емдеу әдістері

2. Мақсаты:

  1. Білімді төмендегі сұрақтар бойынша қалыптастыру:

  • жүре пайда болған жақ сүйектерінің кемістіктерінің жіктелуі;

  • туа біткен таңдай жарықтарының жіктелуі;

  • таңдай сүйегінің жүре пайда болған жарықтарының жіктелуі;

  • жақ сүйектерінің туа біткен кемістігі бар науқастарды тексеру алгоритімі;

  • таңдайдың туа біткен жарықтары бар науқастарды тексеру алгоритімі;

  • таңдайдың жүре пайда болған жарықтары бар науқастарды тексеру алгоритімі;

  • жақ сүйектері мен бет аймағының жарақаттануында қолданылатын ортопедтік аппараттар мен тіс протездерінің жіктелуі;

  • жақ сүйектері мен таңдайдың жүре пайда болған кемістіктері бар науқастарды ортопедтік емдеудің ерекшеліктері;

  • жақ сүйектері мен таңдайдың туа біткен кемістіктері бар науқастарды ортопедтік емдеу ерекшеліктері.

  1. Операционалды дағдыларды қалыптастыру:

  • науқастың шағымын анықтау және талдау;

  • анализді жинау;

  • тексеріп қарауды жүргізу және оның нәтижелерін талдау (интерпретация);

  • аймақты лимфа түйіндеріе сипап тексеру және оны интерпретациялау;

  • қызметтік тексеруді өткізу (әңгімелесу);

  • рентгендік тексеру нәтижелерін сипаттау;

  • бет әлпетінің жеке бөліктерінің антропометриялық мәліметтерін интерпретациялау;

  • ауыз қуысын ашудың дәрежесін анықтау;

  • тістемнің түрін анықтау;

  • бет әлпеті ассиметриясын анықтау;

  • кемістіктің сипатын анықтау.

  1. Коммуникативті дағдыларды дамыту:

  • жаңа терминдер мен түсініктерді өндіру жолымен: «жақ-бет ортопедиясы», «ортопедтік аппараттар», «жақ сүйектері мен таңдайдың жүре пайда болған және туа біткен кемістіктерінде қызметтік кемшіліктер», «ортопедтік стоматологиядағы эстетикалық қалыпты көрсеткіштер», «жақ сүйекиері мен таңдай кемістіктері бар ауруларда жүргізілетін қызметтік сынамалар», «оқтан болған және оқтан басқа заттан болған жарақаттар».

  1. Төмендегі сұрақтар бойынша құқықтық компетенцияны қалыптастыру:

  • стоматологиялық бағыттағы науқасты тексеру протоколы;

  • дәрігер ортопед-стоматолог есеп-тіркеу құжаттары, оның жұргізу және сақтау ережесі;

  1. Студенттердің тақырыпы меңгеру уәждемесін (мотивациясын) дамыту: «жақ сүйектерінің жүре пайда болған кемістіктері, таңдайдың туа біткен және жүре пайда болған кемістіктерінің клиникасы, диагностикасы және ортопедиялық емдеу әдістері».

3. Оқыту міндеттері: жақ сүйегінің ақауларында емдік аппаратарды қолдану ортопедиялық

емнің негізі болып табылады.