- •Тәжірибелік сабақтарға арналған әдістемелік нұсқау
- •Алматы, 2016
- •Коммуникативті дағдыларын дамыту:
- •Төмендегі сұрақтар бойынша құқықтық компетенцияны қалыптастыру:
- •Студенттердің тақырыпты меңгеру уәждемесін (мотивациясын) дамыту:
- •4. Тақырып бойынша негізгі сұрақтар:
- •Сабақтың хронометражы (академиялық 6.0 сағат есебінде)
- •6. Әдебиеттер:
- •7. Қорытынды бақылау:
-
С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ
КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д.АСФЕНДИЯРОВА
ОРТОПЕДИЯЛЫҚ СТОМАТОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ
ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАРҒА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ
Кафедра - «Ортопедиялық стоматология»
Пән– «Ортопедиялық стоматология» - ПДО 07
Мамандық – 5В130200 « Стоматология»
Тәжірибелік сабақтарға арналған әдістемелік нұсқау
Тақырып №22: Төменгі жақ сүйек сынықтары, клиникасы, диагностикасы,
ортопедиялық емдеу әдістері
Курс - 5
Цикл -37 сабақ
Алматы, 2016
Тәжірибелік сабақтарға арналған әдістемелік нұсқау ортопедиялық стоматология кафедрасының отырысында талқыланды
«19» 05 2016 жыл №19 Хаттама
Ортопедиялық стоматология кафедрасының
меңгерушусуі, м.ғ.д., профессор К.Д.Алтынбеков
Тақырып №22: Төменгі жақ сүйек сынықтары, клиникасы, диагностикасы,
ортопедиялық емдеу әдістері.
2. Мақсаты:
Білімді төмендегі сұрақтар бойынша қалыптастыру:
жақ сүйек-бет аймағы жарақатын емдеу кезінде ортопедиялық шендеуіштер мен аппараттарды қолдану;
жақ сүйек-бет аймағы жарақаттарын және оның асқынуларын нақтамалау;
шендеуіштер мен аппараттардың құрылымын таңдау;
ортопедиялық емнің дұрыс жүргізілуі.
Операциональді дағдыларды қалыптастыру:
шағымдарын анықтау және нақтылау;
анамнез жинау;
тексеру жүргізу және оның қорытындысын талдау;
аймақтық лимфа түйіндерін сипап тексеру және алынған мәліметтерді талдау;
рентген зерттеудің қорытындысын талдау;
шендеуіштер мен аппараттарды дайындау және қолдану;
жақ-сүйек аймағы жарақатын нақтамалау;
алғашқы дәрігерге дейінгі көмек көрсету;
тіркеу-есеп беру құжаттарын толтыру.
Коммуникативті дағдыларын дамыту:
Жаңа терминдер мен түсініктемелерді енгізу жолымен: «Вербальді және вербальді емес коммуникация», «Төменгі жақ-сүйек құрылымының анатомо-физиологиялық ерекшеліктері», «Жақ сүйек-бет аймағы зақымдануының этиологиясы, патогенезі», «Жақ сүйек-бет аймағының оқтан пайда болған және оқтан емес жарақаттардың клиникалық көріністері», «Төменгі жақ сынықтарының асқынулары», «Бет-сүйек аппараттарының жіктемесі», «Жақ сүйек-бет аймағының жарақаттары бар науқастарды емдеу ерекшеліктері», «Төменгі жақ сынығын ортопедиялық емдеу әдістері»;
стоматологияның ортопедиялық профилінде науқасты тексеру үрдісіндегі вербальді және вербальді емес коммуникациясы.
Төмендегі сұрақтар бойынша құқықтық компетенцияны қалыптастыру:
ортопедиялық стоматология профиліндегі науқасты тексеру хаттамасы;
ортопед-стоматологтың тіркеу-есеп беру құжаты және оны енгізу мен сақтаудың ережелері.
Студенттердің тақырыпты меңгеру уәждемесін (мотивациясын) дамыту:
төменгі жақ сүйек сынықтары, клиникасы, нақтамасы, ортопедиялық емдеу әдістері.
3. Оқыту міндеттері: Бет жақ аймағының жарақаттарының этиологиясын, патогенезін, диагностикасын, клиникасын білуді қалыптастыру. Сынықтарда қоланылатын шендеуіштермен емдеу көрсеткіштерін, емдік аппараттарды жасауәдістерін білуді қалыптастыру. Бірінші дәрігер алды көмек көрсетуді.
