Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
№21 сабақ.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
94.04 Кб
Скачать

С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ

КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д.АСФЕНДИЯРОВА

ОРТОПЕДИЯЛЫҚ СТОМАТОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ

ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАРҒА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ

Кафедра - «Ортопедиялық стоматология»

Пән– «Ортопедиялық стоматология» - ПДО 07

Мамандық – 5В130200 « Стоматология»

Тәжірибелік сабақтарға арналған әдістемелік нұсқау

Тақырып №21: Жоғарғы жақ сүйек сынықтары, клиникасы, диагностикасы, ортопедиялық емдеу әдістері

Курс - 5

Цикл -37 сабақ

Алматы, 2016

Тәжірибелік сабақтарға арналған әдістемелік нұсқау ортопедиялық стоматология кафедрасының отырысында талқыланды

«19» 05 2016 жыл №19 Хаттама

Ортопедиялық стоматология кафедрасының

меңгерушусуі, м.ғ.д., профессор К.Д.Алтынбеков

1. Тақырып №21 Жоғарғы жақ сүйек сынықтары, клиникасы, диагностикасы, ортопедиялық емдеу әдістері

2. Мақсаты:

  1. Төменгі сұрақтар бойынша білімді қалыптастыру:

  • жақ сүйек-бет аймағы жарақатын емдеу кезінде ортопедиялық шендеуіштер мен аппараттарды қолдану;

  • жақ сүйек-бет аймағы жарақатының және оның асқынуының нақтамасы;

  • шендеуіштер мен аппараттардың құрылымын таңдау;

  • ортопедиялық емнің дұрыс жүргізілуі.

  1. Операциональді дағдыларды қалыптастыру:

  • шағымдарын анықтау және нақтылау;

  • анамнез жинау;

  • тексеру жүргізу және оның қорытындысын талдау;

  • аймақтық лимфа түйіндерін сипап тексеру және алынған мәліметтерді талдау;

  • рентген зерттеудің қорытындысын талдау;

  • шендеуіштер мен аппараттарды дайындау және қолдану;

  • жақ-сүйек аймағы жарақатын нақтамалау;

  • алғашқы дәрігерге дейінгі көмек көрсету;

  • тіркеу-есеп беру құжаттарын толтыру.

  1. Коммуникативті дағдыларын дамыту:

  • жаңа терминдер мен түсініктемелерді енгізу жолымен: «Вербальді және вербальді емес коммуникация», «Жоғарғы жақ-сүйек құрылымының анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктері», «Жақ сүйек-бет аймағы зақымдануының этиологиясы, патогенезі», «Жақ сүйек-бет аймағының оқтан пайда болған және оқтан емес жарақаттардың клиникалық көріністері», «Жоғарғы жақ сынықтарының асқынулары», «Бет-сүйек аппараттарының жіктемесі», «Жақ сүйек-бет аймағының жарақаттары бар науқастарды емдеу ерекшеліктері», «Жоғарғы жақтың сынығын ортопедиялық емдеу әдістері»;

  • стоматологияның ортопедиялық профилінде науқасты тексеру үрдісіндегі вербальді және вербальді емес коммуникациясы.

  1. Төмендегі сұрақтар бойынша құқықтық компетенцияны қалыптастыру:

  • ортопедиялық стоматология профиліндегі науқасты тексеру хаттамасы;

  • ортопед-стоматологтың тіркеу-есеп беру құжаты және оны енгізу мен сақтаудың ережелері.

  1. Студенттердің тақырыпты меңгеру уәждемесін (мотивациясын) дамыту:

  • жоғарғы жақ сүйек сынықтары, клиникасы, нақтамасы, ортопедиялық емдеу әдістері.

3. Оқыту міндеттері: Бет жақ аймағының жарақаттарының этиологиясын, патогенезін, диагностикасын, клиникасын білуді қалыптастыру. Сынықтарда қоланылатын шендеуіштермен емдеу көрсеткіштерін, емдік аппараттарды жасау әдістерін білуді қалыптастыру. Бірінші дәрігер алды көмек көрсетуді.